Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Баймұратов Нұрлыбек (1887 — 1969 жж.)



 Другие рефераты
Бөкеев Оралхан (1943-1993 жж.) Бейсенова Шәрбану (1947 жж.) Дидахмет Әшімханов (1950) жазушы Әукебаев Есет (1921-2008 жж.)

Нұрлыбек Баймұратов 1887 жылы желтоқсанда Бесқарағай ауданы Балапан деген жерде туған.

Нұрекеңе өлең он жасында дарыпты. Сол кездегі тәжірибелі Абайдың хатшысы болған ақын Ахметшәріп баланың бойында булығып шыға алмай тұрған өнердің барын бірден байқайды. Баланы бір айдай қасына ертіп, білгенін үйретеді, ақындық жолға баулиды.

Алғашқы ұстазынан осылай тәлім алған ақын 15 жасынан ақындық жолын ұстана бастайды. Нұрлыбектің балалық, жастық шағы жетімдік, жоқшылық құрсауында өтті. Соған мойымай домбыраны серік етіп, дархан еліне еркелеп өсті. Әр ақынның өзін танытатын бір кезеңі болады. 1922 жылы Семей қаласында ақын Иса Байзақовпен айтысады. Кезінде М. Әуезов бұл айтысты аса жоғары бағалаған.

Баймұратовтың тұңғыш баспасөзде жариялаған шығармасы — » Қала сұлуы » атты поэма. Ол 1925 жылы Семейде шығатын «Таң» журналында жарық көрді.

Ақынның республика жұртшылығына танылып, тасының өрге домалаған екінші кезеңі –1939 жыл. Осы жылдың 21-27 маусым күндері Қазақстан жазушыларының Алматыда өткен 11-ші сьезінде делегат ақын суырып салма шумақтарымен ұлы жиынды құттықтаған. Сол сьезд үстінде Нұрлыбек- СССР жазушылар одағына мүшелікке қабылданады.

Нұрлыбек — айтыс өнерін жете меңгерген тұлға, бұған ақынның көптеген атақты айтыстары куә.

1939 жылдары » Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері» атағы берілген. Ол 1943 жылы қарағандылық М. Жапақовпен, 1944 жылы Т.Көбдіковпен айтысты. Б.Момышұлы, М. Ғабдуллин, Т. Тоқтаров сынды халқымыздың қас батырларын жырға қосты. Соңынан Ер Төлеген атты дастан жазды. Азамат соғысының оқиғаларын суреттеген «Қанды жорық» атты дастаны 1962 жылы кітап болып шықты

Ақынның өмірінде жазықсыз жала жауып, тар қапасқа қамап, азап тартқызған күндері де аз болмаған.
Қазақтың біртуар марқасқа ұлдары М. Әуезов, Ж. Аймауытов, Ә.Қашаубаевпен қоян-қолтық араласып, халқына қызмет көрсеткен қазақ перзенті 1969 жылы 8 қарашада 82 жасында дүние салды.

1992 жылы Башкөл совхозының орталығы Жаңа Николаевкада ақынның мұражайы ашылды, ескерткіш орнатылды.

скачать работу


 Другие рефераты
Салауатты өмір сүрудің негізгі принциптері
1991 жылғы тамыз төнкерісі
Жергілікті халық өкілдер жиналысы
Опустынивание


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ