Биология дамуының қысқаша тарихы жөнінен анықтама
;
1828 ж. — ұрық ұқсастығының заңы қалыптасты (К.Бэр).
1831 ж. — клетка ядросы ашылды (Р.Броун).
1839 ж. — клетка теориясы қалыптасты (Т.Шванн, М.Шлейден, Р.Вирхов).
1841 ж. — клетка протоплазмасы анықталды (Я.Пуркине).
1845 ж. — алғаш рет бейорганикалық заттардан органикалық қосылыстар (сірке қышқылы)синтезделді.
1853 ж. — сперматозоидтың жұмыртқа клеткасына енгені сипатталды (Ф.Кебер).
1859 ж. — “Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығуы немесе тіршілік үшін күресте қолайлы өскен тұқымдардың сақталып қалуы” (Ч.Дарвин).
1862 ж. — крахмалдың фотосинтез нәтижесінде пайда болатындығы дәлелденді (Ю.Сакс).
1862 ж. — орталық жүйке жүйесінің тежелу құбылысы анықталды (И.Сеченов).
1864 ж. — биогенетикалық заң қалыптасты (Э.Геккель, Ф.Мюллер).
1865 ж. — тұқым қуалау заңдылықтары жарық көрді (Г.Мендель).
1868 ж. — нуклеин қышқылдары ашылды (Ф.Мишер).
1871 ж. — протеиндердің аминқышқылдарынан тұратындығы анықталды (Н.Любавин).
1871 ж. — қанттың спиртке айналуы ферменттердің көмегімен жүретіндігі дәлелденді (М.Манасеина).
1874 ж. — өсімдік клеткасының митозбен бөлінетіндігі анықталды (И.Д.Чистяков).
1875 ж. — тотығу процестері қанда емес, ұлпаларда жүретіндігі дәлелденді (Э.Пфлюгер).
1878 ж. — жануарлар клеткасының митозбен бөлінетіндігі дәлелденді (В.Флемминг, П.И.Перемежко).
1880 ж. — витаминдер ашылды (Н.И.Лунин).
1882 ж. — туберкулез таяқшалары ашылды (Р.Кох).
1883 ж. — иммунитеттің биологиялық (фагоцитарлық) теориясы тұжырымдалды (Н.И.Мечников).
1892 ж. — вирустар ашылды (Д.И.Ивановский).
1898 ж. — алғаш рет мейоз сипатталды (В.И.Беляев).
1899 ж. — бактериофагтар ашылды (Н.Ф.Гамалей). &
| | скачать работу |
Биология дамуының қысқаша тарихы жөнінен анықтама |