Биология дамуының қысқаша тарихы жөнінен анықтама
nbsp;
1946 ж. — бактериялардағы рекомбинация жүйесі ашылды (Д.Ледерберг, Э.Татум).
1948 ж. — кибернетикалық жүйе мен тірі организмдерді басқару принципінің ортақ екендігі негізделді (Н.Винер).
1952 ж. — өсімдіктердің ауыспалы генетикалық элементтеріашылды (В.Мак-Клинток).
1953 ж. — ДНҚ қос тізбегінің моделі жасалып, құрылымы анықталды (Дж.Уотсон, Ф.Крик).
1955 ж. — рибосома ашылды (Дж.Палладе).
1957 ж. — алғашқы протеин — инсулин химиялық жолмен синтезделді (Ф.Сэнгер).
1960 ж. — хлорофилл синтезделді (Р.Вудворд).
1960 ж. — дене клеткаларының гибридизациясы іске асырылды (Г.Барский).
1962 ж. — геннің белсенділігі арнаулы ген-оператормен реттелетіні анықталды (Ф.Жакоб, Ж.Моно).
1964 ж. — микроорганизмдердің қозғалмалы (транспоронда) генетикалық элементтері анықталды (Э.Кондо, С.Митсухаши).
1964 ж. — информосома ашылды (А.Спирин, М.А.Айтхожин, Г.Георгиев).
1968 ж. — генді химиялық синтездеу іске асырылды (Х.Корана).
1970 ж. — кері транскриптаза ферменті ашылды (Х.Темин, Д.Балтимор).
1972 ж. — алғашқы рекомбинантты ДНҚ алынып, гендік инженерия әдістері ашылды (П.Берг, С.Коэн, Д.Хелинский, Г.Бойар).
1975 ж. — қажетті антидене синтездейтін соматикалық гибридті клетка — гибридома алынды (Ц.Мильштейн, Г.Кехлер).
1977 ж. — ДНҚ тізбегіндегі нуклеотидтердің орналасу кезегін анықтау әдістері қалыптасты (А.Максам, У.Гильберг, Ф.Сэнгер).
1982 ж. — рекомбинантты ДНҚ молекуласының көмегімен организмді фенотиптік өзгерту мүмкін болды (Р.Полмитер, Р.Бринстер).
1985 ж. — ізашар РНҚ-ның артық жерлері бөлініп, протеинсинтездейтін ақпараты қалыптасатын модификация — сплайсинг құрылысы ашылды.
| | скачать работу |
Биология дамуының қысқаша тарихы жөнінен анықтама |