Биология дамуының қысқаша тарихы жөнінен анықтама
nbsp;
1900 ж. — тұқым қуалау заңдылықтарының екінші рет ашылуы. (К.Корренс, Э.Чермак, Г. де Фриз).
1900 — 1901ж.ж. — шартты рефлекс туралы ұғым қалыптасты (И.Павлов).
1901 ж. — адам қанының тобы анықталды (К.Ландштейнер).
1908 ж. — популяциядағы тұқым қуалау заңы ашылды (Г.Харди, В.Вайнберг).
1910 ж. — ашу мен тыныс алудың бір процесс екендігі дәлелденді (С.Костычев).
1910 ж. — филэмбриогенез — макроэволюция теориясы қалыптасты (А.Н.Северцев).
1911 ж. — ісік тудыратын вирустар (“Раус саркомасы”) ашылды (Ф.Роус).
1914 ж. — тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы қалыптасты (Т.Морган).
1920 ж. — нейросекреция ашылды (О.Леви).
1920 ж. — тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі гомологтық қатарлардың заңы қалыптасты (Н.Вавилов).
1923 ж. — фотосинтездің тотығу-тотықсыздану реакциясы екені дәлелденді (Т.Тунберг).
1924 ж. — жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуының теориясы қалыптасты (А.Опарин, Дж Холдеин, С.Фокс, С.Миллер, Г.Мемер).
1924 ж. — гормондардың көмірсулар метаболизміндегі қызметі анықталды (А.Усай).
1924 — 1926 ж.ж. — рентген сәлесі мен химиялық заттардың мутациялық процеске әсері анықталды (Г.Меллер, Г.Кадсон, Г.Филиппов).
1926 ж. — В.Вернадскийдің “Биосфера” деген еңбегі жарық көрді.
1929 ж. —табиғи пенициллин бөлінді (А.Флемминг).
1931 ж. — электрондық микроскоп жасалды (Е.Руска, М.Кнолль).
1937 ж. — органикалық қышқылдардың метаболизмдегі циклі ашылды (Г.Кребс, Ф.Липман).
1940 ж. — биогеоценоз теориясы қалыптасты (В.Сукачев).
1941 ж. — өсу факторы синтезін гендер реттейтіні дәлелденді (Д.Бидл, Э.Татум).
1941 ж. — фотосинтездегі оттектің көзі Н2О екендігі дәлелденді (М.Тейц, Э.Рубен, А.П.Виноградов).
1943 ж. — спонтандық мутацияның болатындығы дәлелденді (С.Лурия, М.Дельбрюк).
1944 ж. —ДНҚ-ның генетикалық рөлі дәлелденді (О.Эвери, С.Маклеод, М.Маккарти).
1945 ж. — ұлпалар мен мүшелерді трансплантациялау (тасымалдау) кезінде иммунологиялық қабылдамау дәлелденді (П.Медавар). &
| | скачать работу |
Биология дамуының қысқаша тарихы жөнінен анықтама |