Биологиялық эволюция және адам
Другие рефераты
Бiздiң көгiлдiр планетамыз 3,5 миллиард жыл бұрын пайда болған, көптеген организмдер тiршiлiк ететiн жалғыз аспандық дене. Тiрi табиғатта ерекше орынды алатын приматтар — Ноmо sapiens. Sapiens түрдiң атауы «ойлайтын», «саналы’ деген мағынаны бiлдiредi. Тiршiлiктiң миллиардтаған жылдар бойы дамуындағы жойылған және қазiргi дамып жетiлген миллондаған түрлердiң iшiнде адам -жануарлар дүниесiндегi ақыл-ойы бар және коршаған ортамен байланысын түсiнетiн бiр де бiр түр. Бiрақ, бұл эволюцияның соңы деп айтуға болмайды.
Өкiнiшке орай, бiздiң тұқымдастарымыз-Адамдар тұкымдасы тұралы өте аз бiлемiз. Сондықтан, бiз қәзiргi адамға дейiнгi эволюцияның бұралаң даму жолдарын қарастырып көрейiк. Уакыттың иiрiмдерiне ене отырып, жақсы көрiнiс көре аламыз деп ойламаңыз. Бiздiң қолымызда тек уақыт өзгерткен қаңқалар ғана. Сондықтан да «дәледдер» өте аз және оларды айқындау өте киын, Қысқасы, сүйек материалдарына баға бере отырып, нәтижелер шығару қиын боладыт. Гоминидтер сүйегiнiң жасы 4 миллион жылға жуық. Миллион жылдың мөлшерiн анықтап көреиiк. Миллиметрге бөлiнген өлшем лентасын алайык, оның ер миллиметрi жүз жылға тең деп карастырайық. Сантиметр — мың жылға тең, дециметр — он мың жылға тең (егiншiлiк он мың жыл бұрын пайда болған), метр- жүз мын жылга тең. 4 миллион жылға 40 метр сәйкес, ал әр жүз жылдыққа —1 миллиметр. Бiздiң түрдiң, яғни Hominidae (адамдар) тұқымдасының Pongidae (iрi адамтәрiздi маймылдар) тұқымдасынан айырмашылығы неде? Айырмашылықтар өте көп, оларды атасақ:
I. Тiк жүру;
2. Қыска кол, үзын аяқ;
3. Аяғында үлкен саусағы табанына қарама-карсы емес;
4. Қолында үлкен саусағы алақанына қарама-қарсы;
5. Денесiнде жүн жамылғысы редукцияланған (жойылған);
6. Тер бездерi бүкiл дене бойында;
7. Май ұлпаның жаңа типi, әсiресе балаларда;
8. Бас қаңқасы iрi, ми мөлшерi үлкен;
9. iстерi кiшiрейген, әсiресе азу тiстерi
10. Бет әлпетi жалмак;
11. Таңдай жоғары орналаскан, тiлi жақсы қозғалғыш;
12. Мұрын сүйегi алдыға IIIыққан
Айта кететiн жағдай, жоғарыдағы кейбiр касиеттер сүйек қалдықтарында анық көрiнбейдi. Осыған орай, ата-тегiмiздiң сыртқы көрiнiсiн анық бiле алмаймыз.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|