Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ғакаш Зәкиұлы Бияшев



 Другие рефераты
Генетикалық ұғымдар Генетикалық тіл Биотикалық фактор Биологиялық эволюция және адам

Қазақ ССР Ғылым Академиясының Академигi Ғ.З.Бияшевтiң ғылыми, педагогтiк және қоғамдық қызметiнiң қысқаша очеркi

    Ғакаш Зәкиұлы Бияшев – қазақтың көрнектi ғалымы, генетик, селекционер, жалпы биология, генетика және ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы саласындағы жетекшi мамандарының бiрi, қант қызылшасы, мақта, дәндi дақылдар генетикасы мен селекциясы бағытындағы көптеген ғылыми жұмыстарды ұыймдастырушы әрi инициаторы. Ол 1906 жылы Орал облысы, Жәнiбек ауданындағы Қамысты ауылында туған.

Оның бiлiмге құштарлығы мен табиғатқа деген сүйiспеншiлiгi болашақ өмiрiне жол сiлтегендей едi. 1928 жылы Ғақаш Зәкиұлы Орта Азия мемелекеттiк университетiнiң ауыл шаруашылығы факультетiне (қазiргi С.М.Киров атындағы Ташкент ауыл шаурашылық институты) оқуға түседi. Университеттi ойдағыдай аяқтаған Ғ.З.Бияшев Бүкiлодақтық мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында (Ташкент қаласы) аймақтық тәжiрибе станциясының инспекторы қызметiне шақырылды, сосын Аққабақ орталық тәжiрибе станциясының ғылыми секретары болып ауысады. Сонымен қатар ол бұл кезде аспирантураға сырттай оқуға түсiп, топырақтың физикалық қасиетi мен ондағы су режимiнiң топырақ құрылымына, сондай-ақ оның бiтiмiнiң тығыздылығына тәуелдiлiгiн анықтау мәселелерiмен айналысады. Топырақ қабатының су ұстау қабiлетi өңдеушi агрегаттардың көлемiне емес, топырақ бiтiмiнiң тығыздылығына байланысты екендiгiн ең бiрiншi Ғ.З.Бияшев анықтайды. Бұл мәселенiң шешiлуi Орта Азия жағдайында практикалық егiн шаруашылығы iсi үшiн маңызды роль атқарады.

1936 жылы Ғ.З. Бияшев аспирантураны ойдағыдай аяқтап шығып, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты дәрежесiн алу үшiн «Егiстiк жер қабаттары құрылымының, агрегаттар көлемi мен топырақ бiтiмi тығыздылығының топырақтың су ұстау қабiлетiне тигiзетiн әсерi» деген тақырыпта диссертация қорғады. Бұл ғылыми жұмыс профессор А.А. Роденiң «Топырақтағы су» (Почвенная вода. М.,1952) кiтабындағы мәлiметке кiрген.

1942 жылы оны Қазақ ССР егiн шаруашылығы Халық комиссариатына қарасты Оңтүстiк-батыс басқармасының бас агрономы және басқарма бастығының орынбасары етiп тағайындады. Соғыстың осынау ең ауыр жылдарында мамандардың алдына майдан мен тылды азық-түлiкпен жеткiлiктi қамтамасыз ету мiндетi қойылды. Ғакаш Зәкиұлы бiр жылдан соң В.Р.Вильямс атындағы қазақ егiн шаруашылығы институтына қайтып оралды.

Ғ.З.Бияшев 1940 жылдан қант қызылшасын зерттеу жұмыстарымен айналысады. Бұл дақыл 1930 жылдарға дейiн негiзiнен елiмiздiң РСФСР мен Украина сияқты суғармалы емес аймақтарының өсiрiлiп келген едi. Қантқа деген сұранымның өсуiне байланысты жаңа аудандарда, оның iшiнде Қазақстанда да қант қызылшасын себу қолға алына бастады. Республика үшiн соны жаңалық болып табылатын бұл техникалық дақылды өндiрiске енгiзу үшiн, ең алдымен, оны күтiп, өсiру жүйесiн үйрену қажет болды. Ғакаш Зәкиұлы өзiнiң зерттеулерiн қант қызылшасының биологиялық дамуына арнады және осы негiзде күтiп, баптаудың тәсiлдерiн ойластырып табады. Қант қызылшасының биологиялық ерекшелiктерi мен қазақстанның климат жағдайына сүйене отырып, ғалым республиканың суармалы аудандарында бағалы дақылдан мол өнiм жинауға болатындығын көрсеттi. Ол бұл тұрғыда қант қызылшасын өсiруге негiз салғандардың материалдарын жинастыра отырып зерттеп, қызылша өсiретiн аудандарға ауыспалы егiс үлгiсiн ұсынды, қызылшалық алқапты өңдеудiң жүйесiн белгiледi, жалпы суландыру режимiнiң тиiмдi жағдайларын және қосымша суғарудың өзi жер қойнауындағы су деңгейi мен атмосфералық жауын-шашын мөлшерiне тәуелдi екенiн анықтады, тыңайтқыштарды пайдалану мен дақылды ертерек себудiң тиiмдiлiгiн көрсеттi. Осыған орай Ғакаш Зәкиұлы жаңа географиялық аймақтарда қызылша өсiрудiң проблемаларын шешiп, оның егiстiк алқаптарын кеңейтудiң перспективасын белгiледi. Ғ.З.Бияшев зерттеулерiнiң нәтижелерiн пайдалану Қазақстанда қант қызылшасының жалпы түсiмiн арттыруға ықпал еттi.

1945 жылы Ғ.З.Бияшевтi «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен қажырлы еңбегi үшiн» медалiмен және қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Құрмет грамотасымен наградтайды. 1947 жылы ол ауылшаруашылық ғылымдары докторы дәрежесiн алу үшiн «Қазақстандағы қант қызылшасы дақылы» атты тақырыпта диссертация қорғады.

Ғ.З.Бияшев 1948 жылдан С.М.Киров атындағы қазақ мемлекеттiк университетiнiң «Дарвинизм және генетика» кафедрасын меңгердi. «Дарвинизмнiң» жалпы курсын, кейiннен «Мәдени дақылдардың пайда болуы» деген арнайы курс оқытты, генетика мен селекция саласы бойынша жас мамандар даярлауда ауқымды жұмыстар атқарды. Сондай-ақ қант қызылшасының генетикасы бойынша өзiнiң алғашқы зерттеулерiн де осы кезде бастайды. Ғакаш Зәкиұлы шәкiрттерi, әрiптестерiмен бiрлесе отырып, өз жұмысында сол кезде жаңадан дүниеге келген генетиканың соңғы әдiстерi: полиплоидия, эксперименттiк мутагенез, кейiннен индухт әдiсiн, сондай-ақ өздiгiнен тозаңданатын желiлердi будандастыру негiзiндегi (гетерозис) түраралық гибридизация әдiстерiн пайдалана бастады. Сөйтiп, ол қазақстанда генетика iлiмiнiң туып қалыптасуына жол ашты.

1957 жылы Алматыда ауылшаруашылық ғылымдарының Қазақ Академиясы құрылып, Ғакаш Зәкиұлы оны ұйымдастырушылардың бiрi болды. Ғ.З.Бияшев ауыл шаруашылығы ғылымдары Қазақ академиясының өсiмдiк шаруашылығы бойынша вице-президент болып сайланды.

Қант қызылшасының жаңа сорттарын шығаруда ғалым өзiнiң шәкiрттерiмен (И.А.Әбуғалиев, К.Н.Набокин, Ш.Н.Илялетдинов) бiрлесе отырып генетиканың қазiргi заманғы әдiстерiн пайдалана бiлдi. Айталық полиплоидия тәсiлiнiң көмегiмен қант қызылшасының бiр ұрықтылар тобына жататын Белоцерковская, Ялтушовская және Киргизская-8 дейтiн үш сортынан триплоидтi формалар алынды. Осы жұмыстың қорытыныдысы ретiнде «Казахский полигибрид-24» атты жаңа сорт шығарылып, ол Алматы және Талдықорған облыстарында аудандастырылды.

Жаңа сорттар шығарумен қатар, гетерозистi будандар алу жұмысы да жүргiзiлдi. Нәтижесiнде белгiлi бiр жерде сынаудан өткiзiлiп, жоғары бағаға ие болған бес номер (оның iшiнде екi будан бар) аудандық сорттар сынау алабына тексеруге берiлдi.

Әртүрлi пестицидтердiң ауыршаруашылық дақылдарына әсерiн зерттеу нәтижесiнде ауыл шаруашылығанда пестицидтердi пайдалану бойынша әдiстер мен ұсыныстар ендiрiлдi, қауiптi пестицид — мутанттарды анықтау үшiн скрининг жасалынды, азықтық дақылдардың сорт — популяцияларына пестицидтердiң әсерi зерттелдi.

Ғакаш Зәкиұлы ғылыми кадрлардың өсуiне үлкен қамқорлық жасай бiлдi. Ол үш ғылым докторын, 18 ғылым кандидаттарын даярлады. Бұлардың көбi бүгiнде республикамыздың ғылыми мекемелерi мен жоғары оқу орындарында жұмыс iстейдi.

скачать работу


 Другие рефераты
Фосфор и его соединения
Аксиология
Развитие музыкальных способностей детей идущих в школу
Внутренний конроль основных средств


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ