Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Биологиялық ырғақтар. Тіршілік формалары. Биотикалық қатынастар



 Другие рефераты
Тірі ағзалардың бірлестіктері. Биоценоз, биотоп, биогеоценоз, экожүйе. Қоректену тізбегі – Сукцессия Популяция. Демографиялық құрылысы, популяция саны және оның табиғаттағы айналымы Тіршілік етуші негізгі орта және оларға ағзалардың адаптациялануы (бейімделуі) Ағза және орта факторлары және олардың ағзаға әсері

Дәріс мақсаты: Тіршілік формасының классификациясын ағзаға әсер етуші экологиялық факторлардың мәнін түсіндіру.

Тақырып сұрақтары:

1. Өсімдіктер мен жануарлар ағзасына өмір сүру ортасының әсер ету жолдары.

2. Биологиялық ырғақ дегеніміз не (сыртқы ырғақтар, ішкі ырғақтар)?

3. «Өмір формалары» деген ұғым нені білдіреді?

 

Тірі табиғаттың өзіндік ерекше қасиеттерінің бірі ондағы өтетін жағдайлардың қайталануында.Жер бетіндегі барлық өмір, жасушадан бастап биосфераға дейін, белгілі бір ырғаққа бағынады. Табиғаттағы ағзада өтетін билогиялық ырғақтар мына түрлерге бөлінеді:

Сыртқы (экзогенді) – қоршаған ортадағы  өзгерістердің қайталануы және ішкі (эндогенді) – ағзаның  өз өмір әрекетіне байланысты.

Сыртқы ырғақтар Жердің өз осінен айналуына қарай Күн мен Айға байланысты. Осыған байланысты остен айналуда өзгереді: жарық режимі, температура, қысым және ауаның ылғалдылығы, атмосфералық қысым, электромагнитік кеңістік, теңіздің  қайта толуы мен азаюы.

Ағзадағы барлық ішкі ырғақтар бір-бірімен байланысты, бір жүйеге кіріктірілген және ақырында ағзаның жағдайына байланысты ауыспалы болып келеді. Ағза өзінің физиологиялық фунциясын атқара отырып, уақыт оздырады. Сондықтан да уақыт – тірі ағзаға әсер етуші экологиялық факторлардың ең негізгі элементі болып саналады.

Тіршілік формалары. Биотикалық қатынастар

        Тірі ағзалардың, соның ішінде, жан-жануарлар мен өсімдіктердің сыртқы қоршаған ортасына бейімделуіне морфологиялық адаптацияның атқарар рөлі ерекше, яғни, ондай ерекшелікке өмір сүрген ету ортасындағы  тіршілік үшін күресудегі және  тіршілік іс-әрекетін ұтымды жалғастыруда өте қажет болып табылатын сыртқы құрылысы жатады.

Өсімдіктердің тіршілік формасының классификациясы (Раункиер бойынша).

1. Фанерофиттер — өсімдіктің жер үстіндегі топырақтан жоғарығы бүршіктерінің жаңаруы (30 см–ден жоғары).

2. Хамериттер – топырақ үстінен 20-30 см-ден жоғары  бүршіктердің жаңаруы.

3. Гемакриптофиттер – топырақ үстіндегі бүршіктердің жаңаруы немесе топырақтың дәл үстіндегі бүршіктердің  жаңаруы. Көбінесе олар өсімдік астына орналасады.

4. Криптофиттер – топырақтың ішіндегі (геофиттер)  немесе су ішіндегі гелофиттер мен гидрофиттер) бүршіктердің жаңаруы.

5. Тероафиттер – жылдың  өсуге  қолайсыз кезеңінен кейінгі тұқымнан шығып жаңару.

Жануарлардың тіршілік формаларының классификациясы (сүтқоректілер) (Формозов А.Н. бойынша).

1. Жерүсті формалары.

2. Жерасты (жер қазушылар).

3. Ағашта өмір сүретіндер.

4. Ауада тіршілік етушілер.

5. Суда тіршілік етушілер.

Бұлардан басқа да классификациялары бар.

Биотикалық қатынастар.

Тірі ағзалардың  бір – біріне  әсер етуші іс — әрекеттерінің  қосындысын ортаның биотикалық факторлары деп атайды. Ағзаны қоршап тұрған  тірі  денелердің барлығы оның  биотикалық ортасын құрады.

Биотикалық қатынастардың екі үлкен топқа  бөлуге болады:

 

1.Түрішілік.                                             2.Түраралық.

Топтық әсер.                                            Аменсализм.

Массалық әсер.                                       Комменсализм.

Түрішілік бәсеке.                                    Түраралық бәсеке.

 

Бірлестік                                                    Мутуализм (симбиоз)

Коннибаллизм                                           Нейтрализм

Жыртқыш – жәбирленуші түріндегі бірлестік

Паразит – қожа түріндегі қатынастар

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

1. Ұзақ уақыт температураның төмендеуіне шыдау үшін, бұл дараларды  тіршілік жағдайларына дайындау қажет. Бұндай дайындықтар бірнеше этаптардан тұрады және суық түспей басталады. Неліктен, бірден түскен суықты төменгі температураға бейімделген болса да, барлық жануарлар мен өсімдіктер көтермейді?

2. Таблицаны мынаны қолдана отырып толтырыңдар:

а) география курсынан алған табиғаттағы тәуліктік және маусымдық өзгерістер заңдылықтары туралы білімдеріңді қолдана отырып;

б) табиғаттағы бақылау (біржасушалы өсімдіктердің тіршілігі мен жойылуы, құстардың келуі мен қайтуы. Қыстап шығуға бейімдеушілік және т.б.).

Биологиялық ырғақтар

Климаттық жағдайлардың өзгеруі

Жағдайлардың өзгеруіне бейімдеушілік

 

 

Өсімдіктерде

Жануарларды

Тәуліктік

 

 

Маусымдық

 

 

3. Таблицаны толтыру:

Ағзаның маусымдық дамуына бақылау

Ағзаның маусымдық дамуына бақылау жұмыстарына мысалдар

 

Мысалдарда қандай факторлардың негізі қаланған Шаруашылық маңызы
өсімдіктерде жануарларда
       

4. Таблицаны толтыру:

Ағзалардың маусымдық ырғаққа бейімделушілігі

Маусымдық өзгерістер Мысалдар Қандай абиотикалық факторлар шешуші маңызды рөл атқарады Маусымдық өзгерістерді реттеуші жалпы бейімдеушілік
Өсімдіктердің өсуінің басталуы, ояну, жануарлардың қыстық ұйқыдан оянуы (көктем)      
Жедел өсу, түлеу, көбеюге әзірлік және т.б. (көктем).      
Өсімдіктің өсуінің баяулауы, қорлық заттардың жинақталуы, түлеу, және т.б. (жаз). Тыныштық кезеңнің келуі: өсімдіктерде өсудің тоқтауы, жапырақтардың түсуі, жануарларда қыстық ұзақ ұйқыға кету (күз, қыс).      

Әдістемелік нұсқаулар:

1. Әдебиеттермен жұмыс.

2. №4 практикалық жаттығулардың сұрақтарына жауап әзірлеу.

3. Мына төмендегі тапсырмаларды орындап, жазбаша жауап бер, таблица толтыру.

Ұсынылатын әдебиеттер: (3, 4, 5, 10, 13, 22, 23, 39).

скачать работу


 Другие рефераты
Селюэл Финли Бриз Морзе
Роль темперамента в поведении человека
БҚО табиғат ресурстары
Бугалтерский учет в оптовой торговле


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ