Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Дем алу және дем шығару механизмі

әрекет уақыты болып табылады. Соққы толқынының зақымдаушы әректі негізінен артық қысымнан пайда болады. Әуе соққы толқынының, сондай – ақ оның жанама әрекеті кезінде адамдардың ішкі органдары зақымданып, әртүрлі контузия мен жарақат алады. Соққы толқыны әсерінен паналау ғимараттары мен паналау орындары, ал едәуір қашықтықта ойлы – қырлы жерлер қорғайды. Соққы толқынының зақымдауы жеңіл, орташа, ауыр және өте ауыр түрде болады.

Артық қысым 0,2 – 0,4 кг/см шамсында болғанда жеңіл зақымданады. Адамдар әр түрлі жарақаттанып, аяқ –қолын шығарып алады, есту қабілеті бұзылады және жалпы контузия алады.

Артық қысым 0,4 – 0,6 кг/см шамсында болған кезде адам орташа зақымданады, организм едәуір дәрежеде жарақат алып, есту органдары зақымданады, мұрыннан қан кетеді, аяқ –қолының буындары шығып кетеді.
Артық қысым 0,6 -1,0 кг/см шамсында болғанда адам ауыр зақымданады, аяқ – қолы сынып, мұрны мен құлағынан қан кетеді.
Артық қысым 1,0 кг/см – ден жоғары болған кезде өлімге апарып соқтырады.

Азаматтық және өнеркәсіп үйлері мен ғимараттарының қирауы толық, күшті, орташа және шамалы болып келкді. Толық қирау деп үй қабырғалары, шатыры, бағандары құлап жермен – жексен болып қирағанды айтады. Көп қабатты кірпіш үйлер артық қысым 0,5 кг/см болғанда толық қирайды, ал ғимараттар артық қысым 0,6 – 0,7 кг/см жеткенде жермен – жексен болады.
Зор көлемді бүлінуде үйдің қабырғалары мен жабындыларының едәуір бөлігі қирайды, бірақ подвал бөлмелері каркастың бірсыпыра бөлігі аман қалады. Мұндай бүлінуге өнеркәсіптік ғимараттар 0,35 – 0,55 кг/см қысымда, аз қабатты азаматтық құрылыстар 0,25 – 0,35 кг/см, ал көп қабатты үйлер 0,2 – 0,3 кг/см қысымда ұшырайды.

Орташа бүліну қабырғалардың жарылуымен, қабырға мен төбенің жекелеген бөліктерінің құлауымен және қабырғаның ішкі бөліктерінің бүлінуімен сипатталады. Өндірістік құрылыстар 0,25 – 0,35 кг/см артық қысымда, аз қабатты азаматтық үйлер 0,15 – 0,25 кг/см, ал көп қабатты 0,1 – 0,2 кг/см артық қысымда орташа дәрежеде қирайды. Үйлердің барлық үлгісі 0,1 – 0,2 кг/см артық қысымда жеңіл бүлінеді. Жеңіл бүліну кезінде құрылыстың қабырғалары мен төбелері, ішкі қабырғалары сақталады, терезе жақтаулары, есіктері, ішінара үй шатырлары бүлінеді. Тұтас құйылған темір – бетон ғимараттар, металл шатырлы үйлер мен жер сілкінісіне қарсы құрастырмалы құрылыстар соққы толқынының әрекетіне жықсы төтеп береді.
Ядролық жарылыстың жарық сәулесі ультра күлгін, инфрақызыл және көрінетін сәулелерден тұрады. Жарылыстан соң секундтың бөлігіндей уақыт аралығында жарылыс болған ортадағы температура бірнеше миллион градусқа жетеді және бұл кезде өте күшті ультра күлгін сәуле тарайды, сондай – ақ от шарының бірте – бірте сууы нәтижесінде көрінетін сәулелілер күшейеді. Ал от шары жарылыстың жарық шығатың бөлігі болып табылады, ол жарылыс кезінде газ түріндегі заттардың қызуы нәтижесінде пайда болады. Жарфқтың сәуле шығаруына жарылыстың шамамен 35 проценттей энергиясы бөлінеді, оның әрекетінің мерзімі жарылыстың қуатына байланысты секундтың бөлігінен бірнеше секундке дейін созылады.
Жарықтың сәуле шығару ауқымы жарылыстың қуаты мен биіктігіне және атмосфералық жағдайларға байланысты болады. Ол жан – жаққа түзу бағытпен тарайды, мөлдір емес заттардан өте алмайды. Жарықтың сәулесінен елді мекендерде жекелеген, тұтас жаппай өрт пайда болуы мүмкін. Жаппай өрт болған кезде қаладағы үйлер мен ғимараттардың 90 проценттен астамы өртенеді. Жарық сәулесі адамдардың денсін күйдіріп, жанарын зақымдайды, қызарып, ісінеді, сыздап аурады.

1234
скачать работу

Дем алу және дем шығару механизмі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ