Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Денсаулыққа қасақана ауыр, орташа, жеңіл зиян келтіру түсінігі

рақты жоғалту сияқты денсаулыққа келген жеңіл зиян түріндегі зардаптармен; қылмыстық іс-әрекетпен аталған қылмыстық зардап арасындағы себептік байланыспен сипатталады.

Денсаулыққа келген зиянның ауырлығын сот –медицина тұрғысынан бағалаудың ережесінде 10- тармағына сәйкес, денсаулықты женіл жарақаттағандықтың белгілеріне мыналар жатады : денсаулықтың қысқы уақытқа бұзылуы- үш аптада(21 күннен) артық емес мерзімге, жалпы еңбек қабілетін айтарлықтай емес тұрақты жоғалту –10%-ке дейін. Ұрып соғу 106 бап бойынша қарастырайық.

Денсаулыққа келген зиянның ауырлығын сот медицина тұрғысынан бағалаудың ережесінде 10-тармағына сәйкес, ұрып соғу жарақаттың ерекше түріне жатпайды.

 

 

2.2 Денсаулыққа қасақана басқа да зиян келтіру түсінігі

1. Қылмыстық кодексте денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргендік  үшін  ауырлататын мән-жайларсыз (ҚК 103-бабьшың 1-бөлігі), ауырлататын мән-жайларда (ҚК 103-бабының 2, 3-бөліктері) және жеңілдететін мән-жайларда (ҚК 108- бабының 2-бөлігі, 109-бабы? 110-бабы) жауаптылық көзделген.

Денсаулыққа қарсы қылмыстардың ең қауіптісі — ҚК 103 -бабында көзделген қылмыс — денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру болып табылады.

2. Бұл қылмыстың объектісі — басқа адамның денсаулығы.

3. Қылмыстың міндетті нышандары — қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), басқа адамның денсаулығына заңсыз ауыр зиян келтірудің зардабы, сондай-ақ қылмыстық іс-әрекетпен болған зардаптың арасындағы себептік байланыс.

Денсаулыққа ауыр зиян келтіргенде күш жұмсалуы да (ұру,ату, т. б.), психикалық қысым (қорқытып немесе үрейлендіріп жүрек ауруьша ұшырату) жасалуы да мүмкін. Кінәлі әр түрлі құрал-жабдықтарды, табиғат күшін, аса қауіпті көздерді, жануарларды, т. б. пайдалануы мүмкін.

Кінәлі әрекетсіздік көрсету арқылы денсаулыққа ауыр зиян келтіргенде, ол басқа адамның денсаулығына келетін ауыр зиянды тойтарып қалатын, өзі жасауға тиісті, және жасауға мүмкіндігі болған әрекеттерді жасамайды (мысалы, дәрігерлердің науқас адамға уақтылы дәрі бермеуі нәтижесінде оның денсаулығының нашарлауы).

4. Денсаулыққа ауыр зиян келтіру түрінігі әр түрлі нышандармен сипатталады. ҚК 103-бабының диспозициясында берілген мына нышандардың кез  келгені зиянды ауыр деп тануға негіз бола алады, олар:

а) адам өмірі үшін қауіпті зиян;

б) соқыр болып қалу түріндегі зиян;

в) мақау болып қалу түріндегі зиян;

г) керең болып қалу түріндегі зиян;

д) органнан айырылу немесе органның қызметін жоғалту түріндегі зиян;

ж) денсаулыққа өмір үшін қауіпті өзге де зиян келтіру;

з) еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоралтуға ұштасқан зиян немесе кінәліге мәлім кәсіби еңбек қабілетін толық жоғалту;

к) психиканың бүзылуы;

л) есірткімен немесе уытты умен ауыру.

5 Денсаулыққа өмір үшін қауіпті ауыр зиян келтіру түсінігі «Денсаулыққа келген зиянның ауырлығын сот-медициналық тұрғыдан бағалаудың ережелерінде» берілген: «Денсаудыққа өмір үшін қауіпті зиян деп — келтірген кезде жәбірленушінің өміріне қауіп төндіретін немесе өздерінің қалыпты өрбу барысында өлімге алып келетін дене жарақаттарын да, патологиялық жавдайды да санау қажет. Дәрігерлік көмек көрсету нәтижесінде өлімнен алып қалу зиянның өмір үшін қауіптілігін бағаланғанда есепке алынбауы тиіс».

6 Денсаулыққа келтірілген өмір үшін қауіпті зиянга мига зақым келмесе  де бас сүйекті тесіп өткен жарақат; жұлынға зақым келмесе де арқа омыртқаны тесіп өткен жарақат жатады. Денсаулыққа өмір үшін қауіпті зияндардың медициналық критерийлерінің толық тізбесі жогарыда аталған ережеде берілген.

7 Көру, есту қабілеттерін немесе қандай да бір органды жоғалту не органның қызмет қабілетін жоғалту өмір үіпін қауіпті жарақаттар емес, бірақ өздерінің зардаптары жағынан денсаулыққа келген ауыр зиянға жатады. Көру қабілетінен айырылу дегеніміз — адамның екі көзінің де тұрақты соқыр болып қалуы немесе саусақтарды екі метрден аспайтын қашықтықтан ғана санай алатын қабілет (көру қабілеті 0,04 және одан төмен): бір көзінің жанарын жоғалту еңбек қабілетінің үштен бірін (33 %-тен аса) тұрақты жоғалтуга әкеп соғады, сондықтан ол денсаулыққа келген ауыр зиян деп саналады.

8 Сот-медициналық сараптама бет-әлпеттің қалыпқа келгісіз бүзылу фактісін анықтайды, себебі бұл түсінік медициналық емес. Сарапшы қалыпты белгілерге сүйене отырып беттегі жарақаттың сипатын ғана анықтайды, сонымен қатар жарақаттың кейін ешқандай хирургиялық көмексіз біртіндеп тартылып немесе тегістеліп кетуі мүмкін екендігін анықтайды. Егер жарақаттың ізін жою үшін оперативтік ем (косметикалық операция) керек болса, онда беттегі жарақат қалыпқа келгісіз деп саналады. Бұл жарақаттың сол адамның бет-әлпетін бұзатын-бұзбайтындығын алдын ала тергеу органдары мен сот анықтайды.

9 Жалпы еңбек қабілетін тұрақты жоғалту дегеніміз — оның кемінде үштен бірін (33 %) жоғалту. Жарақат алғанда еңбек қабілетін қаншалықты тнрақты жоғалтқаны жарақат зардабы анықталғаннан кейін, объективтік мәліметтерге сүйеніп және Еңбек, халықты әлеуметтік қоргау министрлігі дайындаган еңбек қабілетін жоғалтудың проценттер кестесіне сәйкес белгілеиеді.

10 ҚК 103-бабының 1-бөлігіндекәсіби еңбек қабілетін  оралтқандық жағдай да көзделген, бірақ бұл ретте жалпы еңбек қабілеті сақталуы да мүмкін. Кәсіби еңбек қабілетін жоғалтқанда кінәлі бірінші кезекте жәбірленушінің кәсіби қызметіне қатысты оның денсаулыгына қасақана ауыр зиян келтіреді (мысалы, пианистің саусақтарына зақым келтіреді)[28, 165].

11 Қанша айлығында болса да түсік тастау денсаулыққа келтірілген ауыр зиян болып саналады, егер ол агзаның дара ерекшеліктерімен емес, кінәлінің іс-әрекеттерімен тікелей себептік байланыста болса. Бұл жағдайда сот-медициналық саралтамаға акушер-гинеколог қатыстырылады. Денсаулыққа ауыр зиян келтірудің нышандарына психикалық бұзылуы, есірткімен немесе уытқы умен ауруға ұшырау да жатады. Психикалық аурудың бар-жоғын психиатриялық сараптама анықтайды, бірақ ол ауру айыпкердің заңға қайшы іс-әрекетінен туындауы тиіс. Айыпкердің іс-әрекетінің салдарынан есірткімен немесе уытқы умен ауруға ұшырағандықты да нарколог, токсиколог қатыстырылган сот-медициналық сараптамасы анықтайды.

12 Қылмыстың субъективтік жағы тікелей немесе жанама ниетпен сипатталады. Кінәлі өзінің заңға қайшы әрекетінің салдарынан басқа адамның денсаулырына ауыр зиян келтіретіндігін ұғынады, қоғамға қауіпті зардаптыңболуы мүмкін екендігін немесе қалайда болатындығын алдын ала біледі және соны тілейді (тікелей ниет) немесе оған саналы түрде жол береді не немқұрайды қарайды (жанама ниет).

13 Егер кінәлінің ниеті денсаулыққа ауыр зиян келтіруге бағытталып, бірақ оран байланысты емес себептермен жәбірленушіге орташа ауырлықтағы зиян келсе, онда кінәлінің іс-әрекеті болган зардаптар бойынша емес, ниеттің бағыттылығы бойынша, яғни денсаулыққа ауыр зиян келтіруге оқталғандық деп саралануга тиіс (ҚК 24-бабы және 103-бабының 1-бөлігі).

Қарастырылып отырган қылмыстың себептері мен мақсаты әр түрлі болуы мүмкін (өш алу, бұзақылық, қызғаныш, т. б.).

14 Бұл қылмыс қүрамының сараланған түрлері ҚК 103-бабының 2-бөлігінде  анықталған. Оларға мыналар жатады:

а) екі немесе одан да көп адамға қатысты;

б) адамның қызметтік жұмысын немесе кәсіптік немесе қоғмдық борышын орындаура байланысты оған не оның жақындарына қатысты;

в) кінәліге дәрменсіз күйде екені белгілі, сол сияқты адамды ұрлауға немесе кепілге алуға үштасқан адамға қатысты;

г) аса қатыгездікпен;

д) ұйымдасқан топпен;

е) жолдау бойынша;

ж) бұзақылық ниетпен;

з) әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпендшік немесе араздық тұрғысында;

и) жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатында;

к) бірнеше рет жасалса немесе оны бұрын осы кодекотің 96-бабында көзделген кісі өлтіруді жасаған адам жасаса.

Осы аталған саралаушы нышандардың мазмұны адам өлтіру құрамының саралаушы нышандарын қарастыру кезінде ашылган. Сондықтан ұқсас нышандары, қылмыстық іс-әрекеттің зардабындагы айырмашылыққа баса қайтадан мұқият талдаудың қажеті шамалы. Бірақ кейбір ерекшеліктерге тоқталып кеткен жөн [29, 423].

Жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатында денсаулыққа қасақана ауыр жарақат келтіргенде жәбірленушіні мәжбүрлеп немесе  ол есінен танып жатқанда хирургиялық операция жасап, оның қандай да бір мүшесін не тінін алады. Зардаптың болған-болмағандырына қарамастан, яғни кінәлі жәбірленушінің мүшесін не тінін өз иелігіне алса да, алмаса да бұл қылмыс аяқталған болып танылады.

Екі немесе одан көп адамға қатысты әр уақытта (ҚК 103-бабы 2-бөлігінің «а» тармарымен шатастырып алмау қажет), сондай-ақ әр уақытта да бір адамға қатысты, бірақ әр жолы жаңа туындаған ниет бойынша бірнеше рет денсаулыққа ауыр зиян келтіру ҚК 103-бабы 2-бөлігінің «к» тармағы бойынша сараланады.

Бұл тармақтың екінші саралаушы нышаны ҚК 9б-бабында көзделген кісі өлтірудің бұрын жасалуы. Қасақана адам өлтіруді жасаған кінәлі адам деп ҚК 96-бабында көзделген қылмысты орындаушы ғана немесе оган қатысушы ғана емес соньшен қатар басқа адамның өміріне жасаған қастандығы аяқталмай қалған адам да танылады, еғер алғашқы қылмыстық іс-әрекетінің ескеру мерзімі өтпеғен не соттылығы жойылмаған болса.

ҚК 103-бабы 3-бөліғінде жәбірленушінің абайсызда қаза табуына себеп болған денсаулыққа ауыр зиян келтірғендік үшін жауаптылық көзделғен. Бұл қылмыстық іс-әрекетте өзінше бөлек екі құрам бар — денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және абайсызда кісі өлтіру.

Бұл саралаушы құрамның мәні — жәбірленушінің денсаулыққа ауыр зиян келтіру (өмі

1234
скачать работу

Денсаулыққа қасақана ауыр, орташа, жеңіл зиян келтіру түсінігі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ