Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Денсаулыққа қасақана ауыр, орташа, жеңіл зиян келтіру түсінігі



 Другие рефераты
Денсаулыққа жан күйзелісі (аффект) жағдайында зиян келтіру Денсаулыққа қарсы қылмыстарды саралаудың маңызы Денсаулыққа байланысты тағайындалатын жаза түрлері Адам өлтіру: жай және ауырлатылған түрлері

Қылмыстық занда қылмыстың жалпы түсінігі берілген, сонымен бірге Ерекше бөлімде нақты қылмыстар жеке-жеке көрсетілген. Қылмыстық зан қылмыс құрамы деген түсінікті ашпайды. Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз.

Қылмыс құрамынын әрқайсысы оның субъективтік және объективтік белгілерімен сипатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыстың кұрамы да белгілі бір элементтерден тұрады. Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінін жок болуы жуйенің болмауына, яғни қылмыс құрамынын тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапкы компоненттерді айтамыз.

Денсаулыққа қарсы қылмыс құрамының белгілеріне мынадай 4 түрлі элементтер жатады: объект, объетивтік жағы, субъект, субъективтік жағы. Қылмыстың   субъективтік жағы бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы (187-бап) белгілері болып біріншіден, басқа біреудін мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшіншіден, осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын жағдайда жасалса ол ушін 14-ке толған адам жауапқа тартылады.

Осы көрсетілген төрт белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды. Егер адам бөтен адамның мүлкін абайсызда бүлдірсе немесе жойса онда кінәлінің әрекетінде басқа бір қылмыс құрамы болады. Себебі, бұл жерде 187-бапта көрсетілген қылмыстын басты белгісі қылмысты қасақаналықпен істеу жоқ. Әрбір қылмыс құрамының белгілері Ерекше бөлімдегі баптардын диспозициясында ғана емес, қылмыстық заңның, Жалпы бөліміңде оның тиісті баптарында да айтылады.

Ерекше бөлімнін баптарының диспозицияларында әр түрлі қылмыстың көптеген белгілері аталып көрсетілген. Мұның өзінде диспозициялардын қылмыстың ерекшелігін анықтайтын және оны басқа қылмыстардан ажырататын соған тән белгілерінің тізбегін береді. Барлық кылмыстарға жалпылама ортақ немесе нақты қылмыс топтарына тән белгілер Жалпы бөлшнің баптарында анықталады. Мысалы, бөтеннің мүлкін ұрлауды анықтайтын Қылмыстық кодекстің 175-бабының диспозициясыңда осы қылмыстың не субъектісі, не кінәнің нысаны аталмаған.

Бұл жалпылама белгілер Қылмыстық кодекстің 15 және 20-баптарында көрсетілген. Қылмыстық кодекстің 175-бабында ұрлықтың оған тән белгісі — басқа біреудің мүлкін жасырын түрде ұрлау ғана көрсетілген. Осы белгі арқылы ұрлық тонаудан ерекшеленеді. Әрбір қылмыс істелген уақытында көптеген белгілермен сипатталады. Осы белгілердің барлығы да қылмыс құрамына жатпайды. Қылмыс құрамына мұқиятшлықпен таңдап алынған түрлік белгілер ғана қосылады [24, 147].

Түрлік белгілер дегеніміз барлық қылмыстарға ортақ, олардын, қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтығының көрінісі болады. Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген қылмысқа тән белгілер қылмыс құрамына қосылмайды. Соңдықтан олар қылмыс құрамынан тысқары болады да, осыған байланысты оның қылмысты саралау үшін маңызы болмайды. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлағанда (ақша, зат, құжат т. Б. ) немесе ол ұрлыктын қашан болғаны қылмысты саралауға әсер етпейді. Түрлік белгі сол немесе баска қылмыстың міндетті белгілері болып табылады. Осы түрлік белгілердің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамы да болмайды. Мысалы, басқа біреудін мүлкін ұрлаудын, түрлік белгісі — оны жасырын ұрлау. Егер басқа біреудің мүлкін алу жасырын түрде емес, ашық түрде жүзеге асырылса, онда ұрлық емес, басқа қылмыс құрамы — тонау болады. Кылмыс құрамы бір ғана қылмыстық құқықтық нормада — бір бапта көрсетілуі мүмкін. Мысалы, 314-бап — қызмет жөніңдегі жалғандық.

Басқа жағдайларда Қылмыстық кодекстің бір бабында қылмыс құрамының бір немесе бірнеше түрі қарастырылуы мүмкін. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 308-бабында кылмыстың қауіптілік дәрежесіне қарай билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдаланудың үш құрамы көрсетілген: баптын бірінші бөлімінде осы қылмыстың жай түрі, ал екінші, үшінші белігінде осы кылмыстың ауыр немесе оте ауыр түрлері көрсетілген.

Ерекше бөлімнің баптарыңда әдетте аяқталған немесе орындаушының тікелей істеген қылмыстары көрсетіледі. Алдын ала кылмысты әрекеттерде немесе қылмысқа қатысушы адамдардың: ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші әрекеттеріне сол немесе басқа қылмыстын құрамының барлық белгілері болмайды [25, 234].

Мысалы, әйелді зордауға оқталғаңца онымен зорлап жыныстық қатынас жасау орындалмайды иемесе кісі өлтіруге оқталғанда қылмыстың зардабы — адам өлші жок. Бірақ та осы жағдайларда кінәлінің әрекеттерінде Ерекше бөлімдегі аталған баптарда көрсетілген қылмыстың барлық белгілерінің болмауы олардың іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деуге негіз болмайды. Бұл жағдайда да қылмыс кұрамы бар, бірақ ол оның кұрамы Ерекше бөлімнің, сол сияқты Жалпы бөлімнің тиісті баптары көрсетіле отырып белгіленеді. Мысалы  әйел зорлауға оқталғанда кінәлінің әрекетінде Қылмыстық кодекстің 120 және 24-баптарында көрсетілген қылмыс құрамының белгілері бар. Қылмыс кұрамының зандыдықты сақтауда және оны нығайтуда маңызы зор. Зандылықты қатаң сақтау, бұлжытпай жүзеге асыру, тәуелсіз мемлекетіміздін нығаюының негізгі шарты. Зандылық қағидасын сақтау, жүзеге асыру кұқық қорғау органынын қызметкерлерінің қасиетті борышы.

Бұл азаматтардын конституциялық кұкығын, бостандыктарын жүзеге асырудың негізгі кепілі болып табылады. Зандылық талабын дұрыс жүзеге асыру қылмыс істеген адамға заңды дұрыс қолданып, онын әрекетіне заң талабына сай баға беру болып табылады. Қылмыстық занды дұрыс қолданудың маңызды шарттарының бірі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге занды дұрыс қолданып, әрекет немесе әрекетсіздікке қылмыстық заң нормасының талабына сай баға беріп саралау болып табылады. Қылмысты саралау дегеніміз адамның қоғамға істеген қауіпті іс-әрекстін қылмыстық занда көрсетілген нақты қылмыс құрамының белгісі бар бапка дәлме-дәл жатқызу болып табылады, Қоғамға қауіпті іс-әрекет қылмыстық занда көрсетілген нақты қылмыс құрамымен қамтылса, онда ол дұрыс сараланған деп саналады,

Қылмысты саралауда іс-әрекеттің қылмыс құрамының тиісті баптары немесе оның беліктеріне, тармақтарына сай келетіндігі н дәлме-дәл көрсету қажет. Егер адамның іс-әрекетінде бірнеше кылмыстың құрамы болса, онда оның іс-әрекеті заңның бірнеше баптары немесе баптардың бірнеше бәліктері, тармақтары бойынша сараланады. Қаңдай түрде болса да қылмысты дұрыс сараламау, ол зандылықты бұзуға, қылмысқа қарсы күрес жүргізетін органлардың беделіне нұқсан келтірумен байланысты болады.

Мұндай құбылыска жол бермеу үшін қылмыстық занды дұрыс қолданып, істін. Мән-жайын терең зерттей білу, істелген іс-әрекетті дұрыс саралауқажет, сондай-ақ кылмысты қылмыс еместіліктен немесе соған ұқсас басқа қылмыстардан ажырататын белгілерді анықтау керек. Міне, бұл жерде қылмыс құрамының, оның белгілерінің қылмысты саралаудағы, зандылықты сақтаудағы маңыздылығы ерекше болып отыр. Біздіқ құқықтық мемлекетімізде бірде-бір адам, егер оның істеген іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болса, қылмыстық жауапқа тартылуға немесе жазалануға тиісті емес.

Өйткені жана Қылмыстық кодекстін негізгі талабы қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенге, яғни қылмыстық занда көрсетілген, коғамға қауіпті іс-әрекетті қасақана немесе абайсыздыктан істеген кінәлі адамды ғана тарту болып табылады [26, 168].

Сонымен қатар жоғарыда атап айтқанымыздай біз тек қылмыстың құрамы жайлы емес қылмыстың құрамының негізгі түрлері жайлы да тоқталып кетсек.

Жекелеген қылмыс құрамының мазмұнын терең ашу, олардың белгілерін анықтауды женілдету және нақты істелген іс-әрекетті дұрыс саралау мақсатымен қылмыс құрамының түрлері нақты белгілер бойынша өзара бөлінуі мүмкін.

Кылмыстық құқық ғылымында мұндай белінудің негізі (критериясы) болып: біріншіден, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесі, екіншіден, қылмыс құрамының сипатталу тәсілі, үшіншіден, қылмыс құрамының кұрылысы есепке алынады. Іс-әрекетгің қоғамға қауіптілігінің дәрежесі мен мәніне қарай кұрамдар негізгі, жауаптылықты ауырлататын қылмыс кұрамдары және жауаптылықты жеңілдететін қылмыс құрамдары болып бөлінеді. Негізгі кылмыс кұрамы деп іс-әрекеттің белгілі тұрі бойынша оңда негізгі, тұрақты белгілердің болуын айтамыз. Негізгі қылмыс құрамында қылмысты ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайлар көрсетілмейді. Мысалы Қылмыстық кодекстін,96-бабының 1-бөлігіндегі кұрам негізгі кұрамға жатады. Онда кісі өлтірудің жай түрі ғана көрсетілген, ауыр немесе жеңіл түрлері айтылмаған.

Егер қылмыс құрамыңда осы іс-әрекеттің негізгі белгілерінен басқа жауаптылықты жеңілдететін жағдайлар көрсетілсе, онда ондай қылмыс құрамын жауаптылықты жеңілдететін кылмыс құрамы деп айтамыз. Мұндай кылмыс құрамына Қылмыстық кодекстің 98-бабында керсетілген қылмыс құрамы жатады (жан күйзелісі жағдайында болған кісі өлтіру). Негізгі белгілермен бірге жауаптылықты ауырлататын жағдайлар көрсетілген қылмыс құрамы, сараланған қылмыс құрамы (яғни, жауаптылықты ауырлататын құрам) деп аталады.

Сондай-ақ кұрам қатарына 129-баптың 3-бөлігінде көрсетілген адамды ауыр қылмыс істеді деп айыптап жала жабу жатады. Немесе 175-баптың 2-бөлігіндегі ұрлықты ауырлататын жағдайлар: адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, бірнеше рет т. б. Жағдайлар жатады. Қылмыс кұрамының сипатталу тәсіліне қарай құрам жай қылмыс құрамы, күрделі қылмыс құрамы және балама қылмыс құрамы деп бөлінеді. Жай құрам дегеніміз қылмыс құрамының белгілерінің біркелкі болуы, яғни оның бір ғана объектісі, бір ғана объективтік жағы ғана болуы. Бұған мысалы, 125-баптың 1-белігін де көрсетілген адамды ұрлау жатады. Күрделі қылмыс құрамының қылмыс құрамы элементтерінін бірінің күрделенуін айтамыз (объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы). Мысалы, екі объектіге бірдей қол сұғуын (179-бап — карақшыл

1234
скачать работу


 Другие рефераты
Крестьянская реформа 1861г. Ее предыстория
Армения в годы I-ой Мировой Войны
Глобальные проблемы современности
Основные платформы ЭВМ и области их использования


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ