Денсаулыққа жан күйзелісі (аффект) жағдайында зиян келтіру
Другие рефераты
Қылмыстың объективтік жағы денсаулыққа кенеттен пайда болған жан күйзелісі (аффект) жагдайында жасалған, жәбірленушінің тарапынан зорлық жасауға, қорлауға немесе ауыр тіл тигізуге, не жәбірленушінің өзге құқыққа қарсы немесе моральға жат әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) байланысты, сол сияқты жәбірленушінің ұдайы құқыққа қарсы немесе моральра жат мінез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психикалық зақым келтіретін жағдайда қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірумен сипатталады. Бұл қылмыс жеңілдететін мән-жайларда адам денсаулығына қарсы жасалған қылмыстарға жатады.
Жәбірленушінің осы қылмыстың жасалуына себеп болған құқыққа-қарсы және моральға жат мінез-құлқы қылмыстық жауаптылықты жеңілдетуге негіз болады.
ҚК 108-бабы бойынша саралау үшін жәбірленушінің кінәліге немесе оның жақындарының қарсы бағыттауы мүмкін құқыққа қарсы және моральга жат мінез-құлқының аталған диспозициясындағы нышандарының біреуі болса жеткілікті.
Кінәлінің қылмысты кенеттен пайда болған жан күйзелісі жағдайында жасағандығын мойындау шарты, бұрын қарастырылған ҚК 98-бабықца көзделген қылмысты жасау кезіндегі аффект жағдайымен сәйкес келеді. Кінәлінің қатты жан күйзелісі кенеттен болғанда ішкі психологиялық процестер белсенді жүреді, ол теуіп сыртқа шығады, аз уақытқа адам өз әрекетін басқара алмай қалады, тіптен ақылын жоғалтуы да мүмкін. Орташа ауырлықтағы зиян ҚК 104-бабы қарастырылғанда талданған.
Қылмыстық іс-әрекеттің субъективтік жагы тікелей немесе жанама ниет (кенеттен туындаған) нысанындағы кінәмен сипатталады. Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру ҚК 111-бабы бойынша сараланады. Қылмыстың субъектісі - жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.
ҚК 108-бабының 2-бөлігінде осы мән-жайларда денсаулыққа қасақаыа ауыр зиян келтіргендік үшін жауаптылық көзделген. Денсаулыққа ауыр зиян келтіруге түсініктеме ҚК 103-бабының талдамасында берілген. Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргенде жасалран қастандық қогамға қауіптілік сипаты мен дәрежесіне қорғану әрекеті көрінеу келмейді, нәтижесіңце қастандық жасаушыға жөназ қажетсіз зиян келтіріледі, Қажетті қорғаныс шегінен шықпай ауыр зиян келтіру деп танылады.
ҚК Жоғарғы Сотының Пленумы өзінің 1996 жылғы 20 желтоқсандағы № 11 қаулысымен өзгертулер енгізген 1994 ЖЫЛРЫ 23 желтоқсандағы «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына жасалған қастандық үшін жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы» № 7 қаулысында былай көрсетті: қастандықтың қауіптілігі қорғанысқа көрінеу сәйкес келмей, қастандық жасаушының денсаулығына еш қажетсіз қасақана ауыр зиян келтірілсе, ол заңда қажетті қорғаныс шегінен шығу деп танылады.
Қылмыс объектісі — заңға қайшы қандай да бір әрекет жасаған адамның
денсаулығы. Қылмыстың объективтік жағы денсаулыққа ауыр зиян келтіретін әрекет жасаумен және сол әрекетпен болған зардаптың арасьшдағы себептік байланыспен сипатталады. Денсаулыққа келтірілген ауыр зиянның нышандары ҚК 103- бабына берілген талдамада қаралған. Қажетті қорғану әрекеттері жәбірленуші тарапынан қоғамға қауіпті қастандық болған кезде жасалуға тиіс (шабуыл жасау қаупі анық болған және қастандық аяқталса да оны қорғаушы білмей қалған жағдайдан басқа реттерде).
Бұрынғы қылмыстық заңда қастандықтан қорғану кезінде шабуыл жасаушыға орташа дәрежедегі келтіргекдік үшін жауаптылық көзделген болатын.
Қазіргі қолданылп жүрген Қылмыстық кодексте қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде қастандық жасаушының денсаулығына орташа ауырлықтагы зиян келтіру қылмыс болып табылмайды.
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей және жанама нысандағы кінәмен сипатталады. Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде абайламай ауыр зиян келтіргендік үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылмаган. Бұл жағдайда ҚК 66- бабын ескеру қажет, онда қоғамдық қауіпті қылмыстан болған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынаы қажетті қорғану шегінен асқан адамды қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкіндігі көзделген.
Бұл қылмыстың себептері мен мақсатында криминалдық сипат бар. Ондағы себеп — заңды мүдделерді қорғау ниеті, ал мақсат қогамға қауіпті қастандықтан қорғану;
Қылмыстың субъектісі — жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|