Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Диалектика және оның алтернативасы



 Другие рефераты
Дүниенің болмысы, оның мәні және материя туралы түсінік Память Сана проблемасының философияда қойылуы Таным. Ғылыми таным

1.     Диалектиканың заңдары мен категориялары туралы түсініктің қалыптасуы.

2.     Қарама – қарсы бірлігі мен күрес заңы.

3.     Мөлшерлік және сапалық өзгерістердің өзара ауысу заңы

4.     Терістеуді – терәстеу заңы.

 

   Диалектиканың түсінігі грек тілінен аударғанда ойлау әңгіме жұргізу өнері. Философияда әртүрлі түсініктерде қолданып отыр. Диалектиканың қағыдасы әр тақырыпты дамыту пікірталас өнері. Диалектика болмысты, бүкіл әлемдік құбылыстарды табиғатты, қоғамды және адамның ой – санасын өзгерісте, қозғалыста, дамуда және өзара байланысты қарастыратын философиялық ілім. Ол бүкіл дүниеге тән байланыстар мен дамудың жалпылама, әмбебеп заңдылықтарын зерттейді. Сонымен бірге диалектика адамды және оны қоршаған ортаның біртұтастығын әрі өзгермелілігін басшылыққа алатын ойлау тәсілі де болып табылады. Көне

грек философиясында диалектиканың алғашқы стихиялық формасы дүниегекеліп, қалыптасты. Қозғалыстының түп табиғатын аңғаруға ұмтылу Элат мектебінің өкілдерінен – ақ байқалған болатын. Сократ қарама – қарсы пікірлерді қарастыра отырып ақиқатқа жетуді, яғни айтыса білуді, дәлелді, дәйекті сөз жүесімен  қарсыласты жеңуді диалектика деп ұғынды.

  Қайта өрлеу және Жаңа заман дәуірлерінде философия мен жаратылыстану ғылымдарында диалектиканың дамуына Д. Бруно, Н. Коперник, Н. Кузанский, Р. Декарт, Б. Спиноза сияқты ойшылдар үлес қосты.

  Диалектиканың екінші тарихи формасы неміс класикалық философиясында идеалистік негізде қалыптасты. Бұл ағымның аса көрнекті өкілдері Кант, Фихте, Шеллинг, Гегель дүниеге деген метафизикалық көзқарасқа жалпы даму идеясын қарама – қарсы қойды. Диалектиканы дамытуға, әсіресе, Г. Гегельдің қосқан үлесі мол болды. Ол бүкіл дүниеде бардың дамуының қайнар көзі абсолюттік идея деп білді. Абсолюттік идея үнемі өзіндік қозғалыста болады, ол дамуының әр кезінде табиғат, адам болмысы түрінде нақты көрініс табады.

  Маркс пен Энгельс Гегельдік диалектиканың “мәнді дәнін”, - даму идеясын ғана сақтап қала отырып, нақты, шынайы материалдық және рухани дүниенің біртұтас даму диалектикасын қалыптастырды. Диалектиканың ең жалпы заңдары объективті дүниеге де, рухани салаға, адам ақыл – ойы мен санасына да ортақ, тұрақты әрі мәнді байланыстарды қамтиды.

   Сонымен диалектика дүниені үнемі өзгерісте, қозғалыста, дамуда қарастырады дедік. Шынында да, қоршаған ортада қозғалыстан тысқары тұрған, байланыстан шет қалған ештеңе жоқ екеніне алдыңғы тарауларда көз жеткізген болатынбыз. Диалектикаға қарама – қарсы қалыптасқан даму концепциясы, танымдық және ойлау тәсілі ретінде метафизикаға көне Грецияда Элаттардың мектебінде пайда болды.

   Диалектикаға қарама – қарсы даму концепциясы және ойлау тәсілі есебінде метафизиканың негізгі белгілері мыналар: біріншіден, метафизика  тұрғысынан алғанда объект бөлшектердің механикалық жай қосындысы ретінде қаралады.

  XX ғасырдың басында орыс философы В. И. Ленин “Философиялық дәптерлер” деген конспектілерінде диалектика мен метафизиканы дамудың екі түрлі концепциясы әрі философиялық ойлау жүйесінің екі түрлі концепциясы  әрі философиялық ойлау жүесінің екі түрлі тәсілі ретінде салыстырмалы түрде қарастыра отырып, мынандай тұжырымға келген болатын. Диалектика “өміршең”‚ себебі, ол қозғалыстың,  дамудың өздігінен іске асуын түсіндіре біледі.

   Диалектиканың негізгі емес деп аталатын заңдары дамудың және өзіндік дамудың жеке жақтарын ашып көрсетеді. Оларға мән мен құбылыс, жеке мен жалпы, мазмұн мен түр, себеп пен салдар, мүмкіндік пен шындық, қажеттілік пен кездейсоқтық арасындағы диалектикалық өзара байланыстар жатады.

  Жаңа дәуірдегі категориялар туралы диалектикалық түсінікті идеалистік негізде ұсынған Гегель болды. Оның пікірінше, болмыс пен ойлау тепе – тең және осы тепе теңдіктегі негізгі қорғаушы күш – ойлау.

   Маркс пен Энгельс өздеріне дейінгі философия тарихындағы категориялар туралы ілімдерді сын көзімен тұжырымдай отырып, олар жайында дәйекті диалектикалық – материалистік ілім жасады. Олар адам ойлауының сезімдік – практикалық тегін ашты.

  Сөйтіп диалектика – сыртқы дүние мен рухани жан дүниенің байланыстары мен даму заңдылықтары  туралы теориялық білімдер жүйесі, дүниеге шынайы, нақты көзқарастың түп негізі, ой - өріс әдісі.

  Диалектиканың заңдары мен категориялары үнемі өзара тығыз байланыста болады. Олар басқа ғылымдардың ұғымдарымен салыстырғанда анағұрлым нақтылық жайлы ұғымдар. Мысалы, сан категориясы математикадағы сан, шама, жиын, құрылым, т.б. ұғымдарына қарағанда нақтылы жалпы ұғым. А. Эйнштейн ашқан салыстырмалық теориясында материя, қозғалыс,  кеңістік  және уақыт оның категориялық құрылымын анықтайды. Ендеше, категориялар ғылыми теорияны құру мен дамытуда, жаңа нәтижелерді іздеуде үлкен методикалық рөл атқарады, демек, теория жасаудың диалектикалық – логикалық принциптері болып табылады.

   Логикалық категориялар нақтылы жалпы сипаттама, бірі екіншісіне диалектикалық тұрғыда өтіп, жылжымалы, қозғалмалы қайшылықта болып тұрады. Олар – дам процесінің жеке жақтарын бейнелейтін, негізгі емес заңдар. Диалектиканыңнегізгі және негізгі емес заңдары тығыз байланысты.

   Диалектиканың заңдары және категориялар жүйесі қоғамдық практиканың, мәдениеттің, ғылымның және техниканың өскелең талабына сәйкес үнемі жетілдіріліп, дамытылып, байтылып отырады. Қазіргі ғылыми – техникалық революция жетістіктеріне және тарихтың қазіргі кезеңінің бетбұрыстық сипатына байланысты диалектиканың теориясын жасау мен негіздеу, оның заңдары мен категориялары жүйесін одан әрі жетілдіру – күн тәртібіндегі мәселе.

Оқу-әдістемелік кешен. Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
Атырау мұнай және газ институты

скачать работу


 Другие рефераты
Лингвистическое наследие Е. Д. Поливанова
Роль религии в формировании общественного самосознания
Экологические проблемы в лесной и деревообрабатывающей промышленности
Система баз данных MS Access


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ