Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары

адамның Құдайдың өзіне парапарлығын байқаган. Күнбе-күн үлкен тасты таудың басына шығарып, қайта- қайта төменге домалаған тасқа бара жатқан шағында ол көкке көз жіберіп, Құдайдың әділетсіз жазасына қанша қиналса да, өзінің көнбегенін көрсетеді…
Бүгінгі өмірде ғылым мен техниканың, гуманитарлық пәндер- дің дамуына қарамастан (humanitas — латын сөзі, адамгершілік, адамзат), мифтерге сену, олардың жаңа түрлерін тудыру осы уақытқа шейін жалғасып келе жатыр. Мысалы, адамдардың ғарыштағы басқа саналы пенделерге кездесуге деген бітпес іңкэрі неше түрлі аспаннан ұшып келген тарелкалар жөнінде, ондагы жандардың адамга ұқсас екені, жер қызының ғарыштан келген жігітке гашық болғаны жөніндегі мифтерді атап өтуге болады. Сонымен бүгінгі таңда, сонау мыңцаған жылдар өткен замандағы сияқты, қазіргі мифтің мазмұнынан біз жоғарыда көрсетілген антропоморфизациялауды байқаймыз.
Әсіресе қазіргі замандағы әлеуметтік-экономикалық қиын- дықтар, адамның рухани өмірінің өзегін құрайтын құндылықтардың күрт өзгеруі қогам өмірі жөнінде, билік басында отырған адамдар, олардың отбасылары, өмір салты жөнінде неше түрлі мифтерді тудырып отыр. Әрине, оларды тудыратын — халық, бұл мифтерде адамдардың жақсы өмірге деген іңкэрі, өмірдегі болып жатқан көп эділетсіздіктерді қабылдамауы байқалады.
Уақыт өте келе мифологияның шеңберінен дін бөлініп шықты, сонымен қогамға дүниеге деген көзқарас, дүние сезімінің жаңа түрі келді. Дін де мифологияға ұқсас синкретикалық табиғатымен, сонымен қатар Дүниені фантастикалық бейнелеуімен ерекшеленеді.
Сонымен қатар бұл құбылыстардың негізгі айырмашылық- тары: мифте шынайы өмір мен қиял бір-бірімен араласып жатса, дінде «бұл Дүние» мен «о Дүние» бір-бірінен анағұрлым алшақ жатыр. Өйткені егер бүл Дүниедегінің бэрі де өтпелі, кемшілікті, өз- өзіне жеткіліксіз болатын болса, о Дүние — мәңгі, әсем, бақытты, жетілген т.с.с.

Дінде ең құдіретті жасампаз — Құдай — табиғаттан жогары және бөлек тұр. Оны гылыми жолмен танып-білу мүмкін емес, ол адамға аян арқылы беріледі де, адамның жан дүниесінде терең сенім сезімін тугызады.
Сенім дегеніміз — белгілі бір қоғамдагы уагыздалатын пікір- лерге, нәрселерге берілу, олардың шындығын тексеру, я болмаса дәлелдеуді қажет етпеу. Осы тұргыдан алғанда сенімді екіге бөлуге болады. Олардың бірі — гылыми сенімдік. Оган қазіргі адамдардың гылым мен техниканың жетістіктеріне, олардың болашақта адамзат өмірін түбегейлі өзгертетіне сену. Оны философияда сциентизм ия болмаса технократизм дейді (scientia — латын сөзі, білім, ғылым, techne — грек сөзі, өнер, жасай білу, шеберлік, cratos — грек сөзі, билік).
Сенімнің екінші түріне адамзаттың күнделікті тәжірибесінен, я болмаса гылыми деректерден шықпайтын, тіпті оган қайшы келетін қиялдарга нандыру және соларды адамның өз-озіне нандыруы жатады. Міне, осы соңғы сенімдік түрі қайсыбір діннің негізін құрайды.
Діннің негізінде Құдайдың өз еркімен адамдарга пайғам- барлар арқылы берген белгілі бір тұжырымдары жатады. Олар адамдардың іс-әрекетін, жүріс-тұрысын, ойлау өрісін анықтайтын абсолютті қағидалар (absolutus — латын сөзі, шектелмеген, сөзсіз).
Мұндай қағидалардың жиынтығы діни көне құжаттарды қүрайды. Оларга Құран, Тэурат, Талмуд, Інжіл т.с.с. киелі кітаптарды жатқызуға болады. Бұл кітаптарда Құдайдың құдіретті күшін көрсететін неше түрлі табигат заңдылықтарына бағынбай- тын, оларды бұза алатын ғажайып оқиғалар жазылган. Солардың ішіндегі ең гажабы — адамның рухының, жан дүниесінің өлместігі.
Құдайдың құдіретті күшін мойындай отырып, қайсыбір дін берген өмір сүру нормаларын әрқашанда қоғамдағы адамдардың толық орындамай, бұзып отыратынын көрсетеді. Діннің заңдарын бұзган адам күнәға батады, бірақ ол өзінің ізгі істерімен болашақта Құдайдың кешіріміне жете алады.
Діни сенімнің қайнар көзі — адамның дүниені сезімдік- құндылық тұргыдан игеруінде, ал Дүниеге деген ақыл-ой, парасат арқылы келген көзқарастарға дін қарсы келеді.
Ғасырлар бойы жиналып келе жатқан гылыми деректер жагалай ортадағы білім мен ақыл-ойдың негізіндегі жасалған күр- делі өзгерістер діннің өрісін тарылтып, оның гылымга жақын түр- лерін тудырады. Негізінен, біз оларды пантеизм және деизм дейміз (pan — грек сөзі, бәрі, theos — құдай, deus — латын сөзі, құдай).

Пантеизм дегеніміз Құдайды табиғаттың ішінде еріту, табиғаттың өзін Қудай ретінде түсіну. Мұндай Құдайга деген көзқарастың шеңберінде «табиғатты жарату» мәселесі құр босқа қалып қояды.
Деизмді алатын болсақ, онда Құдай мойындалғанмен, оның рөлі тек Дүниені өзінің құдіретті күші арқылы жаратумен таны- лады. Жаратылған Дүние әрі қарай өзіне тән ішкі заңдылықтары арқылы өмір сүре береді, оның болашақ дамуына Құдай кіріспейді.
Діннің дүниеге келуінен бастап, оның негізгі қағидаларына күмәнданган атенстік козқарастар да туды (atheos — құдайсыз, құдайға қарсы, грек сөзі). Бүгінгі заманда Дүниеге деген атеистік көзқарас ұстаган адамдардың саны да аз емес.
Діннің бүгінгі адамзатқа аса тартымды жағы ол тек қана жагапай ортаны түсіну емес (гылымның жетістіктері бүл қажеттікті анағұрлым жақсы орындайды), ол — оның адамзаттың рухани тәрбиешісі, адамдардың бір-бірімен байланыстары, қарым- қатынастарын ретке келтіруші қызметі. Ягни дін қоғамдагы мораль саласын өзіне тартып, бойына сіңіріп, өзінің жүйесінің ажырамас бір бөлігіне айналдырып, оның қағидаларын өз мүддесіне жаратады (mores — латын сөзі, әдет-ғұрып). Сонымен қайсыбір дін мыңдаған жылдар бойы қоғам өмірінде қалыптасқан жалпы адамгершілік нормаларды (norma — латын сөзі, басшылықтың бастамы, тэртіп, нұсқа) діни моральдық қагидаларға айналдырады. Моральдық борыш, жауапкершілік, тиістілік дінде Құдай алдындағы адам- ның борышы, парызына айналады. Адамның жүрегіндегі сүйіс- пеншілік сезімі нақтылы қоршаған адамдардан гөрі, Құдайға деген сүйіспеншілікке айналады. Осының арқасында моральдық құнды- лықтар Қүдайға сенудің негізінде адамның жүрегіне, жан дүние- сіне тезірек кіріп, оның жүріс-тұрысына зор эсерін тигізеді. Атеис- тік багыт ұстаған адамга қоғамдағы моральдық нормаларды өзінің рухани өміріне кіргізу үшін олардың мазмұнын талдап, оган керек пе, жоқ па, соны өзінің білімі, парасаты арқылы саналы, дәлелден- ген сенімге айналдыруы керек. Ал бұл жол — өте қиын жол.
Сонымен қатар діннің ішінде жалпы адамзаттық құндылық- тардан басқа, соларга қайшы келетін нормалар да болуы мүмкін. Мысалы, Иса пайғамбардың: «Мен сендерге бейбіт емес, қылыш әкелдім», — деген қагидасы бар. Ал ислам дініндегі «жихад», «газауат» деген нормалар дінге сенбегендерге қарсы күреске шақырады. Адамзат тарихында талай діни согыстар болып өтті. Қазіргі Балқан елдеріндегі, Израилъ мен Ирактағы қақтығыстардың негізінде де діни, этникалық қайшылықтар жатыр.
Құдайдың құдіретті күшіне сенушілік ертелі-кеш соған табынуга әкеліп соғады. Дінге табынушылықтың негізінде эртүрлі діни мекемелер мен ұйымдар пайда болады (шіркеу, мешіт, синагога жэне т.б.).
Діннің пайда болып даму жолында біршама себептер бар.
Біріншіден, дін мифологиялық санага қараганда, адамның абстрактылық ойлау қабілетінің анағұрлым биік дәрежеде дамуын талап етеді (о дүние, мәңгілік, шексіздік, эсемдік, ізгілік жэне т.б. ұғымдардың пайда болуы).
Екіншіден, адамның реалдық Дүниедегі, эсіресе қогам өміріндегі себептік-салдарлық, қажеттік жэне кездейсоқтық т.с.с. байланыстар мен қатынастарды сезініп, соларды түсінуге деген өшпес іңкэрі. Бірақ олардың мэнін дұрыс түсіне алмаганнан кейін, адамдар табиғаттагы заңдылықтарды неше түрлі қүдіретті күштерге теңеп, соларға табыну арқылы оларды адамга керек багытта өзгертуге ықпал жасауға болатынына сенді.
Үшіншіден, адамның элеуметтік өмірдегі зардап шегуі, езілуі, зорлық-зомбылықтың жақсылық пен ізгілікке қараганда басымды- лығы оның көкейінде бұл Дүниедегі өзінің өміріне қанағаттанбай, әрдайым шынайы құндылықтарды армандап, оның әлемін о Дүниемен теңеуге әкеліп соқты.
Төртіншіден, адамның өз өмірінің уақытшалығы, әрдайым оның өлместікке деген қиялын оятып, оның мэңгілік, кемеліне келген бақытты Дүние болуы керек деген ойын тугызды.
Басқа қогамдагы сан алуан қүбылыстар сияқты дін де тарихи өзгерістерге түсіп, өзінің әртүрлі багыттарын тудырды. Бүгінгі таңда жер бетінде үш негізгі дүниежүзілік діндер бар. Хрнстиан дініндегі негізгі идея — эсхатология (eschatos — соңғы, грек сөзі, logos — ілім) тарихтың, Дүниенің соңында Мессияның (құтқарушы) екінші келуі, тірі жэне өлген адамдарды таразыға салып, біреулерін тозаққа, екіншілерін мәңгі жүмаққа аттандыру. Христиан дінінің негізгі қағидасы — сүГііспеншілік жэне оны уагыздауда осы дін өте биік ягни, жай адамның мүмкіншілігінің шеңберінен шығып кететін дэрежеге дейін көтеріледі (өздеріңнің жауларыңды да сүйіңдер!).
Ислам діні де осы Дүниені жаратқан бір Құдайды — Алланы, оның қүдіретті күшін мойындайды. Бүл діннің негізгі ерекшелігі — Құрандагы жазылған қағидалар адам өмірінің барлық жағын үйле- сімді түрде ретке келтіріп отыруга тиіс. Сондықтан Ислам діні қоғамның мемлекеттік істеріне, саясатқа белсенді ықпал жасауға тырысады (Ауганстан, Пэкістан, Иран). Ислам діні басым елдерде, шариғаттың негізінде өмір сүретін исламдық құқықтық мемлекет орнату идеясы көптеген адамдардың мақсатына айналуда.
Ислам дінінің негізгі қағидасы — мейірімділік, қайыршыға, кемтар адамдарга қол ұшын беру (садақа), зекет төлеу (адамның өз еркімен элеуметтік салаға кемінде жылдық табысының 2 пайызын беріп отыруы), т.с.с. міндеттері бар. Бұлардың бэрі де ислам дінінің әлеуметтік-демократиялық жақтарының үлкен ықпалын көрсетеді.
Үшінші дүниежүзілік дін — Буддизм. Бұл діннің негізгі ерекшелігі — оның этикалық-практикалық багыттануы (ethos — грек сөзі, эдет-ғұрып, prakticos — грек сөзі, белсенділік, іскерл

123
скачать работу

Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ