Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары



 Другие рефераты
Болмыс философиясы. Материя Философия, оның пәнi және қоғамдағы ролi Антикалық философия Софистер мен Сократтың философиясы

I тарау. Мәдениет аясындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны
§ 1. Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары
Адам басқа тіршіліктерге қарағанда ерекше пенде: ол өзін бүкіл Дүниеден бөліп алып, оған қарсы қоя алады. Менің осы Дүниедегі орным қандай? Мен бұл өмірге не істеу үшін келдім? Адамды Құдай, я болмаса «Үлы мәртебелі Табиғат» неге жаратты? Бұл Дүниені адам танып, түбіне жете алар ма екен? Мені жағапай қоршаған табиғат неге шексіз, әртүрлі және сондай әсем? Ертең-ақ бүл әсем Дүниені өлер шағымда қалайша қиып кетемін? Егер мен бұл Дүниеге уақытша ғана келсем, онда бұл өмірдің мәні неде? деген осындай және мыңдаған басқа сұракгар адамның ойына оқтын-октын келеді. Әрбір адам өзінің ой-өрісі, өмірден алған тәжірибесі, жалпы мәдениетінің деңгейіне қарай бұл сауалдарға жауап беріп, өзіне тән дүниеге деген көзқарас қалыптастырады.
Алайда қайсыбір Дүниеге деген көзқарасты философияға жатқызуға болмайды, өйткені соңғыға тек қана абстрактілік ой-өріс дамуының негізінде Дүниені үгымдармен бейнелеу түрі жатады (abstractio — латын сөзі, ой арқылы заттың, құбылыстың әртүрлі жактарын бір-бірінен бөліп алып қарау). Олай болса, философия — Дүниеге деген дамыған көзқарас түрі.
Тарихи дүниеге деген көзқарастың тұрпайы түрі алғашқы қауымдық қоғамның шеңберінде Дүниеге келеді. Оны біз мифология дейміз (mithos — грек сөзі, баян, аңыз, logos — грек сөзі, ілім деген магына береді).
Миф — табиғат, қоғам және адам жөніндегі алгашқы тұрпайы фантастикалық түсініктер (phantasia — грек сөзі, қиял, елес). Алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік дамудың тым төмендігі, адамның табиғаттың әртүрлі күштеріне қарсы тұра алмауы, сонымен қатар өзінің өмірге деген қажеттіктерін өтеу жолындағы сол табиғат құбылыстарын сезіну және түсіну іңкәрі — мифтердің Дүниеге келуінің қайнар көзі болып табылады.
Әрбір хапық өзінің дүниеге келу жолында әртүрлі мифтерді ойлап шығарды. Дүниенің пайда болуы мен тәртібі, жақсылық пен жамандық, көркемдік пен түрсіздік, адам өмірінің мәні мен құндылығы т.с.с. сұрақтардың жауаптары халықтар аңыздарында әртүрлі дәрежеде берілген. Ол жағалай қоршаган табиғаттың ерекшелігіне және соған сәйкес қалыптасқан халық тіліне байла- нысты болса керек.
Бірақ тереңірек қарасақ, әртүрлі халықтардың дүниеге қойған сұрақтары, ізденістерінің бір-біріне ұқсас жақтарын да көруге болады. Олар: Дүние қалай пайда болды? Кім адамды тудырды? Адам неге өледі? Адамдардың сөйлейтін тілдері неге әртүрлі? Аспан мен жер неге бір-бірінен бөлінген? т.с.с.
Әрине, бұл сұрақтарға берілген жауаптар бүгінгі адамдарды қанағаттандырмайды, оған ол тұрпайы болып көрінеді, өйткені мифтерде табигаттың қүбылыстары сиқырлы күштер арқылы түсін- діріледі. Мифтер — адамзаттың «балалық тарихындагы» туынды- лары. Сол кездегі адамдар мифтердегі айтылатын сиқырлы күштер- ге өзінің ықпалын тигізе алатынына кэміл сенді. Сонымен олар жагалай қоршаған ортаны, табиғаттың зор күштерін қнялдық жолмен түсінуге жэне игеруге тырысты.
Жалпылай келе, эртүрлі халықтардың мифтерін бслгілі бір топтарға бөлуге болады. Мифтердің ең үлкен бөлігінің бірі космо- гоннилық (cosmos — грек сөзі, әлем, genesis — грек сөзі, дүниеге келу, пайда болу) аңыздар. Оларда көбінесе Дүниенің алғашқы жагдайы хаос (chaos — грек сөзі, шексіз шашылган бытыраңқы дүние) арқылы көрсетіледі. Сиқырлы құдіретті күштің іс-әрекеті арқылы хаос жер мен көкке бөлініп, Дүниеге тэртіп келіп, әртүрлі табиғаттың құбылыстары дүниеге келеді.
Дүниеге деген жалған көзқарас ретінде мифтің қандай ерекшеліктерін атап өтуге болады?
Біріншіден, миф алгашқы пайда болған қогамдық сананың формасы ретінде өзінің ішінде болашақта дүниеге келетін өнер. дін, саясат, мораль сияқты құбылыстардың элементтерін бойында сақтайды. Сондықтан мифті галымдар қогамдық сананың синкре- тнкалық түрі деп есептейді (synkretismos — грек сөзі, қосылған, араласқан, бөлінбеген деген магына береді).
Екінші ерекшелігі — мифтегі адам мен табиғаттың бірлігі, жагалай қоршаган ортаны антропоморфнзациялау, адамның өзін- дік мэндік қасиеттерін бүкіл табиғатқа таратуы, табиғатгың құбы- лыстары мен заттарын олардың адам сияқты жаны, ойы, сезімі, іңкэрі бар деп түсінуі. Мысалы, жерге нәр беретін аспаннан жауган нөсердің мифте Құдайлардың жыныс қатынасынан шығатыны жөніндегі қияли ойлары.
Үшіншіден, мифте элі ғылыми ұғымдар жоқ, онда қоршаган орта, әлеуметтік қатынастар көркем соз арқылы бейнеленеді.
Әлемнің пайда болуы жөнінде кейбір Шығыс халықтарының аңыздарында антропоцентрлік көзқарас та кездеседі (antropos – грек сөзі, адам, centrum — латын сөзі, орта, әртүрлі қатынастардың бір жүйеге қосылатын нүктесі). Бұл мифтер: «Дүниеден бұрын алғашқы еңгезердей адам болған, ал ол өлген кезде оның денесінен Дүние жаратылады», — деген пікір айтады.
Көне заманда күн мен ай, аспан мен жүлдыздар жөніндегі аңыздар адамдардың омірінде кең орын алган. Күннің сәулесінің жер бетіндегі тіршіліктің өміріне тигізетін шешуші рөлі сол заманда-ақ анықталып, Күн Құдайы негізгі табынатын құдайлардың біріне айналган. Сонау көне заманда пайда болған дөңгелек күнге ұқсатылып жасалған. Мысалы, біздің ертедегі бабаларымыз аспанға (тәңір, қытайша — тян) табынып: «Жер мен тіршілікті, адамды жаратқан — сол аспан Құдайы», — деп есептеген.
Жагалай қоршаган ортадагы өзгерістер, қайталау үрдістері, жыл маусымдарының, күн мен түннің ауысып отыруы, жер сілкіну, дауыл, топан су, т.с.с құбылыстар көне мифтерде жүлдыздар мен планеталардың орналасуымен, солардың ықпалымен түсіндірілді. Аспандагы жұлдыздардан тұратын фигуралар жердегі ахуалды, болашақта болатын оқиғаларды анықтайды, — деп есептелді. Бүгінгі асгрологиялық болжамдар (astron — грек сөзі, жүлдыз) сол көне замандағы пайда болган мифтерге сүйенеді.
Көп халықтардың мифтерінде ерекше орынды эйел Құдай алады (қазақтың Үмайы, гректердің Деметрасы, т.с.с). Әйел Қүдай — құнарлықтың, жер бетіндегі тіршіліктің әміршісі. Ол — аңшыларга сәттілік әкелетін, жер мен мал шаруашылығында мол өнім тудыр- татын Құдай.
Әлемдегі Қүдайлар мен адамдардың қарым-қатынастарына арналган мифтердің де орны бөлек. Ертедегі халықтардың мифте- рінде эрбір табиғат құбылысын тудыратын өз Құдайлары болды. Мысалы, үнді халқы өз мифологиясында 3000-нан аса Құдайлардың бейнесін жасады. Құдайлар грек мифологиясында да өте көп.
Біріншіден, Құдайлар — мэңгілік жандар, ал адам болса уақытша Дүниеге келеді. Өйткен себебі — Қүдайлар алғашқы мәңгі- лік табиғат заттарынан жаратылган, ал адам болса ол — бір миф- терде Құдайлардың саздан жаратқан пендесі, екіншілерде — Құдайдың сөзінен пайда болған. Бірақ, дегенмен қайсыбір миф адамга егер сол адам өзінің ізгі өмірімен, тазалығымен құдай- лардың мейірімін тугызса кішкентай да болса мэңгілік өмір сүру мүмкіншілігін қалдырады.
Екіншіден, аспандағы Құдайлардың өмірі жердегі адамдардың өміріне өте ұқсас. Құдайлар да адамдар сияқты күледі, жылайды, қуанады, өкінеді, ғашық болады, т.с.с. Оны біз мифтегі социо- морфизациялаудың нәтижесі деп түсінуіміз керек (societas — лат. сөзі, қоғам, morphe — грек сөзі, форма, түр).
Әрине, мифтердің пілдей бөлігі — батырлар хиқаялары (Қобы- ланды, Шора, Алпамыс, т.с.с.). Батырлар — бұрынғы заманда өмір сүрген бабалар, олар өздерінің өжеттігімен, зор күш-қуатымен ерекше бейнеленеді. Олар өздерінің гажап істерімен халыққа жаса- ган ізгі жақсылықтары арқылы адамдарды неше түрлі қиындық- тардан аман-есен алып шығып, бақытты өмірге жетелейді.
Мифологиядағы тагы бір ерекшелік — ол адамның жан дүние- сін, сезімдерін ерекше Құдайдың іс-әрекетінен шыгаруы. Бұл сонау көне заманда пайда бола бастаған діннің, адамның өз ішкі рухани өміріне үңіліп, таным жолына қоя бастағанының кепілі болып табылады. Мысалы, грек мифологиясындагы кейіпкерлер ғашық сезіміне шомылса, ал Афродита: «Ғашықтық — Құдайдың ісі», — деп түсінеді. Егер еске түсіру Құдайы — Мнемосина көмек берсе, адам есіне өткен оқиғаларды түсіреді, егер Муза Құдайлары көмектессе, онда адамга шабыт бітіп, ол өнерде шыгармашылық туындыларын жасайды.
Сонымен мифология, қай халық болмасын, оның мәдение- тіиің түп нұсқасы ретінде бүгінгі заманға дейін сақталып, қазіргі жазушылар мен күйшілердің, мүсіншілер мен өлеңшілердің шабыт қиялын оятып, шығармашылығына зор әсерін тигізеді. Жэне эр заманның өкілдері мифтегі мазмұнға өз уақытына сәйкес бага беріп, осы уақытқа шейін ашылмаган сыр іздейді. Мысалы, Прометей жөніндегі мифті алсақ, ол Зевсті алдап, адамдарға от әкеліп, онын қалай пайдапану керектігін түсіндіріп, әртүрлі қол-өнерге үйретті. Өз еркіне көнбегені үшін Зевс оны Колхидадағы биік таудың тасына шынжырлап тастады. Күндіз үлкен бүркіт келіп, оның бауырын шұқып жейді, ал түнде оның бауыры бұрынғы қалпына келіп үлгіреді, келесі күні бүркіт тағы да ұшып келеді… Тарихтагы Ренессанс дәуірінен бастап осы уақытқа шейін Прометей кейпі өнер адамдарының, философия, эдебиет қайраткерлерінің шығарма- ларында эртүрлі ойларды туғызып отыр (renaissance — француз сөзі, қайта туу). Солардың басымы — Прометейді адамды сүюдің, риясыздықтың, ізгіліктің, ержүректіктің нышаны десе, соңғы кездегі адамзаттың экологиялық дагдарысқа келіп тірелуі, рухани азгындауы Прометейдің кейпіне кейбіреулердің керісінше қарап, оны Құдайдың көрсеткен алғашқы жолынан тайдырушы, тәкаппарлықтың белгісі деп түсінуде.
Келесі гректің Сизиф жөніндегі мифін алсақ, (Sisyphus — латын сөзі, адамның аты), онда оған берілген Құдайдың жазасы: үлкен тасты домалатып, таудың басына шығарып орнату керек. Бірақ ол тас таудың басында орнықпай төменге қарай домалап кетеді. Ал Сизиф болса тағы да төменге түсіп, оны жоғарыга итеру- ге тиіс… Бірақ XX ғасырда өмір сүрген француз ойшысы А.Камю, бұл гректің мифінен

123
скачать работу


 Другие рефераты
Сказки А.С. Пушкина
Лев Толстой
Компромисс в международной политике
Тоқа Шоңманұлы


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ