Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Дүниежүзілік сауда

еді. Жұмыссыздықтың жоғары деңгейі мен кәсіпорындардың көп санын жабу Европа және Солтүстік Америка елдерінің басшылығын бәсекелестермен нарықтарды бөлу жөнінде екіжақты келісімдер жасауға және ауылшаруашылық өнімді сатудағы өз деңгейін сақтап қалу үшін субсидияларға басты мүддесін коюға ынталандырды. Бұның барлығы СТЖК-ң беделі мен тиімділігін төмендетті.
Саудадағы жалпы жағдайдың нашарлауымен қатар, 80 ж. басына карай Жалпы келісім 40-ж. қарағанда. әлемдік сауданың нақты жағдайларын сәйкес емес екендігін көрсетті. Біріншіден, әлемдік сауда 40-ж. салыстырғанда анағұрлым кешенді болып келді, әлемдік экономиканың ғаламдастыру процесі жүргізілді, халықаралык инвестициялар кеңейді, ал СТЖК-ң ережелері тарамайтын қызмет көрсетулер әлем елдерінің кызығушылығын туғызып, әлемдік тауарларды сатумен тығыз байланысты болды. Басқа жақтарда СТЖК тиімсіз болып шыкты: мысалы. ауылшаруашылығындағы тауарларды сатуды либеризациялау еш нәтижеге әкелген жоқ, ал көпжақты жүйенің кемшіліктері кең түрде пайдаланды: жеңіл және киім өнеркәсәбінде СТЖК-ң қалыпты ережелерінен тыс талшықтың әртүрлі түрлері бойынша келісім жасау қаралды. Тіпті СТЖК-ң ұйымдық кұрылымы мен мәселелерді шешу жолдары тиімді болған жок.
Осы және тағы да баска факторлар СТЖК мүшелерін көпжақты жүйені кеңейтудің және тұғырландырудың жолдарын іздестіруге ынталандырды.

1.4. Уругвай раунды- жаңа жүйені жасау
Уругвай раундын жүргізу туралы ой 1982 жылы Женевада өткен СТЖК мүшелері-елдер министрлерінің кездесуінде туған. Мәселерді шешу және келесімге келу үшін төрт жыл мұқият жұмыс жасалды да, 1986 ж. қыркүйекте Пунта- дель- Эстеде министрлер қайта жиналды. Олар келісім сөз кеңістігіне барлық сауда саясатының шешілмеген мәселелерін алды, мысалы интеллектуалды меншік пен қызметтер саудасы. Бұл сауда келісім сөздері үшін жасалған ең ірі мандаттардың бірі еді және оны орындау үшін төрт жыл жұмсалды. (1.45)
1998 ж. қарай келісім сөздер «орта мерзімді шолу» деңгейіне жетті. Ол министрлер кездесуі ретінде Монреаль, Канадада өтті. Нәтижесінде раундтың екінші деңгейінде келісім сөздерді жүргізу мандатынын жасап шығарылуына әкелді. Министрлер алдын- ала нәтижелер бумасы жөнінде келісімге келді. оларға дамушы елдерге көмек ретінде тропикалық жемістер нарығына кіру рұксаты берілді және СТЖК мүшелерінің ұлттық сауда саясаты мен тәжірибесін бақылауға мүмкіндік беретін сауда саясатын бақылау механизмдері жөніндегі мәселелерді реттейтін жүйе жасауға алғашқы қадамдар жасалды.
1990 ж. желтоқсанында Брюссельде өткен министрлер кездесуінде ауыл шаруашылық өнімдер саудасы жөнінде келісімге келе алмауына байланысты раундты жалғастыру шешімі кабылданды. 1991ж. Женевада Пунта-дель-Эстеде қабылған мандаттың әр элементі (нарыққа енуден басқа ) бойынша құқыктық кұжаттары бар «қортынды акті» мәтінінің проектісі дайындалды. Келесі екі жыл бойы келісім сөздер нәтижесі белгісіз болды. 1993 ж. 15 желтоқсанында барлық мәселелер шешіліп, тауарлар мен қызметтердің нарыққа енуі туралы келісім сөздер шешілді. 1994 ж. 15 сәуірде Марракеште, Марокко өткен кездесу кезінде 125 елдің министрлері келісімге қол қойды.
2. Әлемдік сауда жүйесінің негіздері
2.1. Дүниежүзілік сауда ұйымы дегеніміз не?
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) -көпжақты сауда жүйесінің құқықтық және институционалды негізі болып табылады. Ол үкімет саудаға қатысты ішкі заңнаманы қалай жүзеге асыруға міндетті екендігін көрсететін негізгі келісім міндеттемелерін қамтамасыз етеді. Осы негізде дауларды басу. келісім сөздер мен жалпы талдау арқасында елдер арасындағы сауда қарым- қатынастары дамиды.
ДСҰ 1995 ж. 1 каңтарда құрылған. Үкіметтер 1993 ж. 15 желтоқсанында Уругвай раундының шеңберінде келісім сөздерді аяктады да, саяси мүдделілігін 1994 ж. Сәуірде Қорьтынды актіге қол қою арқылы білдірді. «Марракеш декларациясы» Уругвай раундының нәіижелері «әлемдік экономиканы тұғырландырып, бүкіл әлемдегі табыстар, жұмысбастылық, капитал салымдарының өсуі мен сауданың кеңеюіне» әкелгендігін дәлелдеді.
Потенциалды ұйым мүшелері- 152 елдер мен территориялардың ішінен 76- лары ДСҰ-ң мүшесі болып бірінші күні жарияланды. Қалған 50 шақты елдер өздерінің ішкі ратификация шараларын жүргізіп жатыр, ал баска елдер өзінің енуі жөнінде келісім сөздер жүргізіп келеді.
ДСҰ СТЖК- ка қарағанда мүшелер саны жағынан ғана емес, сауда қызметі мен саясатының әрекег ету кеңістігі жөнінен де асады. СТЖК тек коммерциялық тауарлар саудасына ғана қолданылды, ал ДСҰ тауарлар, қызметтер, «идеялар саудасын» немесе интеллекгуалды мүлікті қамтиды.(2,45)
ДСҰ Женева. Швейцарияда орналасқан. Оның негізгі қызметтері:
- бірігіп ДСҰ құрайтын көпжақты және шектеулі мүшелер саны бар сауда келісімдерін жүзеге асыру және реттеу;
- көпжақты сауда келісім сөздері үшін форумдар кызметін жүзеге асыру;
- сауда дауларын реттеу жолдарын іздестіру;
- ұлттық сауда саясатын бакылау;
- ғаламдык экономикалық саясатты жүзеге асыруға қатысатын басқа халықаралық ұйымдармен қатынасу;

2.2. Сауда жүйесінін принциптері
ДСҰ келісіміне 29 бөлек құқықтық мәтіндер кіреді. Бұл қосымша министрлер деңгейінде қабылданған. ДСҰ мүшелерінің міндеттемелерін түсіндіретін 25 қосымша шешімдер және келісімдермен тұғырландырады. Осы келісімдерді біріктіріп, көпжақты сауда жүйесіне айналдыратын нақты принциптері бар.(1,16)
Дискриминациясыз сауда
50 жыл бойы СТЖК-ң негізгі ережелері мүшелер мен импортталатын және ел ішінде өндірілетін тауарлар дискриминациясына рұқсат берген жоқ. 1 бапта аталған «ең жағымды ел» ұғымына сәйкес, барлық мүшелер басқа кез-келген елдің өніміне жасайтын сауда жағдайларына мүше елдер өніміне де жасауға міндетті. Яғни еш ел басқа елге қарсы дискриминациялық немесе ерекше жағымды жағдай жасамауы тиіс: барлығы бірдей жағдайда тұрып, сауда шектеулерін азайтумен байланысты артықшылықтарға бірдей дәрежеде ие болуы тиіс.
1 бапта бірқатар салдары бар, мысалы кеден одактары мен еркін сауда зоналарына байланыстылары. Алайда ең жағымды ел режимі дамушы және т. б. экономикалық әсері аз елдер, елдер жағымдырақ сауда жағдайларын қолдана алады.
«Ұлттық режим» деген атпен белгілі дискриминацияламаудың екіші нысаны нарыққа сырттан енген тауарлар ішкі өндірісте өндірілген эквивалентгі тауарлармен бірдей сауда жағдайларына ие болуы тиіс. Бұл СТЖК-ң 3 бабында қарастырылған.
Қайта қаралған СТЖК мәтінімен қатар, ең жағымды ел мен ұлттық режимге байланысты ДСҰ-ң бірқатар келісімдері бар. Интеллектуалды мүлік құқықтарының сауда аспекгілері келісіміне сәйкес, интеллектуалды мүлікті қорғауға байланысты ЕЖЕ және ұлттық режим міндеттемелеріне кірмейтін жағдайлар қарастырылған. Қызметтер саудасының жалпы келісіміне (ҚСЖК) сәйкес. қызметтерді тасымалдаушы мүше елдерге ЕЖЕ режимін ұсыну. Алайда ол белгілі жағдайда, ДСҰ мүшелері бастапқыдан лсындай режимді ұсына алмайтын жағдайларда орындалмайды. Осындай босату туралы шешім қабылданған кезде, ол 5 жыл өткеннен кейін қайта қаралуы тиіс және қызмет ету мерзімі 10 жылдан аспайды.
Басқа дескриминацияламауға байланысты келісімдерге шыгу тегі туралы ережелер келісімі; жүктегенге дейінгі қарау бойынша келісімдер; капитал салымдары саласындағы саудамен байланысты келісім; санитарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану туралы келісімдер кіреді.
Нарыктарға болжалынатын және өспелі кіруге рұксат.
Көпжақты сауда жүйесі аркылы үкімет инвесторларға, кәсіпкерлерге, кызметкерлерге. тұтынушыларға капитал салымдарын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын жасауға ыиталандыратын экономикалық жағдайды қалпыптастыруға тырысады. Мұндай жағдай компаниялардың капитал салу және алға ұмтылу мүддесі болған жағдайда тұрақты және болжанатын бола алады.
Нарықтарға кауіпсіз және болжанатын кіруге рұқсат алу тариф және кедендік баждар арқылы жүзеге асырылады. Квоталар заңсыз болып табылғанымен, тарифтер заңды болады да. үкіметтер оларды отандық өндірісті және табыс жинауларын қорғау үшін қолданылады. Алайда олар реттеуге ұшыратылады. Мысалы олар дискриминациялы емес және «байланған» болып табылады. Байлану дегеніміз- нақты тауар бойынша тариф деңгейі ДСҰ үшін міндеттеме болып табылады және ол негізгі сауда партнерлерінің келісімінсіз арттырыла алмайды. Көп жағдайларда кедендік одақтың кеңеюіне байланысгы кейбір аймақтарда тарифтер артып кетеді, осыған байланысты компенсациялық келесім сөздерін жүргізу керек болып табылады.
Тарифтердің 5 жылға арналған төмендетілуі дамыған елдердің өнеркәсіптік өнімдеріне 40 % төмендетуіне әкеледі, бұл орташа 6,3 % 3,8 % дейін және дамыған елдер бажсыз режим қолданатын импортталатын өндірістік тауарларға 20 44% дейін күрт өсті.
Барлық бейтарифтік импорттық шектеулерді «тарификациялау» ауылшаруашылығы нарығының болжамдалу деңгейін жоғарылатты. Ауылшаруашылық өнімдерінің 30 % квоталық және импорттық шектеулердің объектілеріне айналды. Қызметтер саудасы кезінде тарифтер қолданылмаса да, болжанатын шартгарды қажет етеді. Осыған байланысты мемлекет өзіне қызметпен байланысты қызметті реттеу міндеттемелерін алды. Бұд міндеттемелер тарифтерге байланысты міндеттемелермен қатар міндетті ұлттық схемаларда болады және әрі қарайғы қызметтер туралы келісім сөздер раундтары кезінде кеңейтіледі.
ДСҰ басқа келісімдері алдын-ала түсінікті болғысы келеді, мүше елдердің ережелерді өз қажетіне байланысты өзгертуді болдырмауға тырысады. Сауда шарттарына әсер ететін, мүшелер тұрақсыз дискриминациялық және протекционистік саясатты жүргізу ниеті мүмкін болатын саясаттың әр аймағында ДСҰ міндеттемелері әрекет етіп, оларды шектейді.
Сауда шарттарының түсінікті болуы ішкі заңдар, тәжірибелер мен нұсқаулар транспарентті болуы тиіс. ДСҰ көптеген келісімдерінде транспаренттілік туралы сөз болады. олар ұлттық денгейде ресми жарналарда жоспарларды көпшілікке жария етуі керек. Сауда саясатын бақылау механизмі арқылы ұлттық сауда саясатына әрдайы

12345След.
скачать работу

Дүниежүзілік сауда

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ