Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Дүниежүзілік сауда

м бақылау жасап отыру арқылы ішкі және көпжақты деңгейде транспаренттілік қамтамасыз етіледі.
Адал бәсекеге жәрдемдесу
ДСҰ шектеулі және қорғаныс мақсатында тарифтерді қолдануға рұқсат беруіне байланысты «еркін сауда» ұйымы бола алмайды. Ол адал, ашық және өзгертілмеген бәсекеге арналған ережелер жүйесі болып табылады.
Демпинг пен субсидиялар жөніндегі ережелер сияқты, дискриминацияламау ережесі де сауданың әділетті жағдайларын қамтамасыз етеді.
ДСҰ-ң ауыл шаруашылығы жөніндегі келісімі ауыл шаруашылық өнімдерінің саудасы кезінде адалдықты қамтамасыз ету үшін қолданылады. Интеллектуалды мүлік жөніндегі келісім идеялар мен өнертабыстар арасындағы бәскелес жағдайларды жақсартады. ДСҰ-ң т.б. адал және реттелген бәсекеге жәрдемдесу мақсатында жұмыс істейтін ережелер жұмыс істейді.
Экономикалық реформалар мен дамуды ынталандыру
ДСҰ мүшелерінің төрттен үш бөлігін нарықтык емес жүйелерден өтпелі кезеңде тұрған, экономикалық реформаларды өткізгелі жатқан және дамушы мемлекеттер кұрайды. 1986- 1993 ж.ж. Урувай раунды өткен 7 жыл ішінде 60- тан астам осындай мемлекеттер сауданы либеризациялау бағдарламаларын жүргізді.
Кейбіреулері оны СТЖК- не ену шегінде жүргізсе, қалғандары өз бетімен жүргізді. Уругвай раундында бұрынғыға қарағанда, өтпелі экономикасы бар және дамушы елдер едәуір белсенді қатысты.
Мұндай жағдай сауда жүйесі тек өндірістік дамыған елдерде болды деген ойды жоққа шығарады. Бұл дамушы мемлекеттерді СТЖК-ның кейбір келісімдерінен босату керектігіне көзқарасты өзгертті. Уругвай раунды аяқталган кезде дамушы мемлекеттер дамыған мемлекеттерге жүктелетін міндеттемелерге дайындығын көрсетті. Сонымен қатар оларға ДСҰ- ң қиын міндеттемелеріне бейімделудің өтпелі мерзімі беріледі. Бұл алдымен ең кедей және ең нашар дамыған елдерге қатысты еді. Сонымен қатар министрлер деңгейінде қабылданған дамушы елдерге жеңілдіктер беру жөніндегі келісім экспорттаушы тауарларды нарықтарға жеңілдікпен енгізуге және бұл елдерге техникалық көмек көрсетуге шақырады.
СТЖК- де қабылданған дамушы елдерге байланысты келісімдер ДСҰ-да да, өз күшін сақтап қалды. Мысалы 1994 ж. СТЖК — ның 4 бөлімінде 1965 ж. қабылданған өндірістік елдерді дамушы елдерге көмектесуге ынталандыратын және жасалған жеңілдіктер үшін келееім сөздер кезінде жеңілдіктер күтпеуге шақыратын 3 бап қалдырылған. 1979 ж. Гокиолық раунд аяқталған кезде қабылданған екінші шара Жалпы преференциялар жүйесі негізінде дамыған елдер дамушы елдерге нарықтарға ену жөніндегі жеңілдетулерге негізделен.
Ашық сауданы жақтайтын себептер
Көпжақты сипатта негізделген ашық экономиканың экономикалық себептері қарапайым және саудаға тән ойға қонымдылықпен ерекшеленеді.
Барлық елдердің, оның ішінде ең кедейлерінде де, ресурстар болады. Мысалы адамдық, өндірістік, табиғи және қаржылық ресурстарды ішкі және сыртқы нарықтарға бәсекелесуші тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін қолданады. «Салыстырмалы артықшылықтар» елдердін өз активтерін ең тиімді жолмен қолданып, ең тиімді өндіру жолдарын қарастырады. Әлемдік нарықта қызмет атқару аясы кеңейіп, тұтынушылардың ең үлкеи санына жол ашылады. Яғни либералды сауда саясаты тауарлар мен қызметтердің шектелмеген ағымын мүмкін қылады да, жоғары сапалы, бағасы тиімді өнімдерді өндіру аркылы табысты жоғарылатуға көмектеседі.
Алайда саудадағы табыс өзгермейтін сипатқа ие емес. Нарықтың өзгеруі мен жаңа технологияларды енгізуге байланысты арзан және сапасы жоғары тауарлар өндірісін әртүрлі компаниялар қамтамасыз ете алады. Алайда ашық экономиканың ынталандырушы сипатына байланысты олар дамып, басқа аймақтарда бәсекелестік сипатқа ие болады.
Импорттан қорғау мен әрдайым мемлекеттік субсидиялармен қамтамасыз ету рентабельсіз компаниялардың нарыққа ескірген өнім ұсынысына әкеледі. Нәтижесінде бұл компаниялар жабылып, жұмыс орындары жойылады. Егер басқа үкіметтер осындай саясатты шет елде жүргізсе, әлемдік экономиканың белсенділігі төмендейді. ДСҰ-ның басты мақсаттрының бірі-осы протекционизмге көшу әсеріне жол бермеу.

2.3.ДСҰ СТЖК- нен калай ерекшеленеді
Дүниежүзілік сауда ұйымы-СТЖК ісін жалғастырушысы емес, керісінше оны толығымен орнын басып, басқа сипатқа ие болады. Келесі ерекшеліктерді атап көрсеткеніміз жөн:
- СТЖК ешбір ұйымдық негізі жоқ, көпжақты келісім, ережелер жиынтығы еді. Ол 40 ж. халықаралық сауда ұйымын кұру талпыныстарының нәтижесінде пайда болған. ДСҰ өз кезегінде тұрақты мекеме болып табылады, және оның өзінің секретариаты болады.
- СТЖК «уакытша негізде» әрекет еткен еді, бірақ әрекет етудің 40 жылдың ішінде тұрақты ұйым ретінде қабылдауға шешім қабыданды. ДСҰ шеңберіндегі міндеттемелер барлық жақты және тұрақты болып келеді.
- СТЖК ережелері тауарлар саудасына қолданылады. ДСҰ тауарлар саудасынан басқа, қызметтер саудасын және интеллектуалды мүлік құқықтарының саудалық жақтарын қарастырады.
- СТЖК көпжақты мекеме болғанымен, 80 жылдарға қарай шектеулі мүшелер саны кіретін келісімдер саны арта түсті. ДСҰ барлық келісімдері көпжақты болады және барлық мүшелердің міндеттемелерін қарастырады.
- СТЖК -нің ескі жүйесіне қарағанда, ДСҰ мәселелерді шешу жүйесі жылдамырақ және автоматтандырылған болып келеді, яғни онын қауіпсіздік деңгейі жоғарырақ болып келеді.
2.4. ДСҰ құрылымы
Ұйымның барлық уәкілдерін біріктіруші ең жоғарғы орган- Министрлер копференциясы. Конференция сессиялары екі жылда бір реттен кем емес жиналады да, Уругвай раундының мәселелері бойынша шешім қабылдайды. Бірінші конференция 1996 ж. желтоқсанда Сингапурде өткен; екіншісі 1998 ж. мамырда Женевада СТЖК/ДСҰ елу жылдық қызметі нәтижесінде қол жеткізілген нәтижелер жөнінде қорытынды жасалды; 2001 ж. Доха (Катар) өткен Министрлер конференциясынан кейін көпжақты келісімдердің жаңа раунды басталды; келесі конференция 2003 ж. Канкун (Мексика) өткен.
Мииистрлер конференциясы Сауда мен даму жөніндегі комитетті, Төлем балансының тепе-теңдігін қамтамасыз ету мақсатында шектеулер бойынша комитет, Бюджет, қаржы, әкімшілік бойынша комитет, Сауда және қоршаған орта бойынша комитеттерді тағайындайды.
Министрлер конференциясы ДСҰ Басты директорын тағайындайды. Казіргі кездегі ДСҰ Басты директоры-Супачай Панитчпакди. Басты директор ДСҰ-ң Секретариатының қызметкерлерін тағайындайды да, Министрлер конференциясында қабылданған кұжаттарға қатысты олардың міндеттері мен қызмет ету шарттарын анықтайды.
Сессиялар арасында қажет туындаған жағдайда (жылына 8-10 рет) ағымдағы сұрақтарды шешу үшін ДСҰ барлық мүшелерінің уәкілдерінен тұратын Жалпы кеңес шақырылады. Жалпы кеңес Дауларды реттеу органының және Сауда саясатын бақылау органынын қызметін бақылайды. Жалпы кеңестің қол астында Тауарлармен сауда жкөніндегі кенес, Қызметтер саудасы жөніндегі кеңес, Интеллектуалды меншік құқығының саула аспектілері жайындағы кеңес және т.б. қызмет етеді. Қызметтер және тауарлар саудасы жөніндегі кеңес шеңберінде Келісімдер жөніндегі комитеттер және келісімшарттар топтары кұрылған. Кеңсетер мен комитеттердегі мүшелік ДСҰ-ң барлық мүшелеріне ашық.
Шешімдерді қабылдау. ДСҰ-да жалпы шешімге келу негізіндегі шешім қабылдау жүйесі қолданылады. Жалпы шешімге келе алмаған жағдайда шешім дауыстар басымдылығымен қабылданады. Тауарлар, қызметтер, интеллектуалды мүлік, қабылдаған міндеттемелерден босатылу шешімлері дауыстардың 3/4 қабылданады. Мүшелер құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайтын өзгертулер мен жаңа мүшелерді қабылдау дауыстардың 2/3- мен қабылданады.

2.5. ДСҰ — ның секретариаты және бюджеті

ДСҰ секретариаты Женевада орналасқан. Оның кұрамына Басты директор Супачай Панитчиакди басқаратын 500 қызметкер кіреді. Секретариаттың міндеттеріне келісімдер мен келісімдерді орындаумен байланысты ДСҰ уәкілді органдарына қызмет көрсету жатады. Ол дамушы елдерге техникалық көмек көрсету үшін міндетті болады. ДСҰ экономистері мен статистиктері сауда және сауда саясаты жөнінде анализ жасайды, ал юристер ДСҰ ережелерін анықтаумен байланысты мәселелерді шешеді. Секретариаттың басты қызметіне жаңа мүшелерді қабылдау келісімдері мен үкіметтерге кіру жөнінде кенес берумен байланысты. ДСҰ-ның бюджеті 134 млн. Швецар франкын құрайды, кұрамына 146 ел мүше болып кіреді. (7)
ДСҰ-на кіру процедурасы өзара байланысқан үш үрдістерден тұрады:
1. кіруші елдің сыртқы сауда режимін және оның ДСҰ-ның сауда келісімдеріне сәйкестілігін қарастыру.
Бұл келесідей жүзеге асырылады: ел өзінің сыртқы сауда режимі туралы меморандум дайындайды, ол сұрақ- жауап үрдісінде қарастырылады, одан кейін Жұмыс тобының баяндамасы дайындалады да, қосылу шарттары болатын қосылу туралы протокол дайындалады. Қосылудың бұл бөлігі ДСҰ-ның барлық мүшелерінің қатысуымен көпжақты негізде жүзеге асырылады, бірақ кейбір сыртқы сауда режимі туралы мәселелер ДСҰ-ның бөлек мүшелері мен қосылушы ел арасында екіжақты негізде өтуі мүмкін.
Қазақстанның қосылуы жөніндегі келісім сөздер жүргізген кезде келесі мәселелер жөнінде көптеген сұрақтар туындады:
— баға құрылудың нормалары мен тәжірибесі;
- салық салу жүйесі;
- бөлек экономика секторларындағы субсидиялар, мысалы ауыл шаруашылығында;
- шет елдік инвестициялар режимі;
- төлем балансы;
- импорттық кеден тарифы;
- қорғау шаралары және т.б. ұлттық өндірушілерді қорғау шаралары;
- импорттық лицензиялау;
- экспортты реттеу;
- мемлекеттік сауда келісімдері;
- импортты тауарларды стандарттау мен сертификациялау жүйесі, санитарлық және фитосанитарлық шаралар;
- валюта айырбасы жөніндегі операциялар;
- сыртқы саудаға қатысты мақалалар мен статистика;
- интеллектуалды мүлікке құқықтарды қорғау жүйесі.
2.Тауарлар саудасы жөніндегі келісім сөздер. Бұл келісім сөздер қосылушы елмен басты сауда серіктестерімен екіжақты негізде жүзеге асырылады. Мұндай тарифтік төмендетулер, ауыл шаруашылығындағы арнайы т

12345След.
скачать работу

Дүниежүзілік сауда

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ