| 	   
	   Джибути
 Другие рефераты
 
 
 
	Джибу́ти́ (араб. جيبوتي) — Африканың солтүстік-шығысында, Африка мүйізінде орналасқан мемлекет. Эфиопиямен, Сомалимен және Эритреямен шектеседі. 
	
		
			| 
					 
						Мазмұны
					
						1 Тарихы
						2 Саяси құрылымы
						3 Әкімшілік жіктеу
						4 Экономика
						5 Халқы |  
	Тарихы
	Қазіргі Джибутидің аумағы VII ғ.-да араб сұлтандарының билігіне көшті. XIX ғ.-да аумақты Франция отарлап, мемлекетке ресми түрде Француз Сомали Жағасы атын берді (кейін — афарлар мен иссалардың француздық аумағы). 
	Саяси құрылымы
	Президенттік республика. Президент үкімет басшысы және Қарулы күштердің Жоғары Бас Қолбасшысы. Заң шығару функциясын 5 жылға сайланатын бір палаталы Ұлттық жиналыс атқарады. Атқарушы билікті президентке бағынышты министрлер Кеңесі атқарады. 
	Әкімшілік жіктеу
	Ел аумағы 5 аймақтан және 1 қаладан тұрады. 
	Экономика
	Ел экономикасы көбіне теңізшілікке негізделген. Астанасы Джибути негізі қаланғалы бері Эфиопиямен арадағы негізгі теңіз порты болып табылады. Экспорт: тері, үй жануары, кофе Импорт: тағамдар, сусындар, көлік, мұнай өнімдері, электроника. Саудадағы серіктестері — Франция, Эфиопия, Жапония. 
	Халқы
	Негізгі этникалық топтары — исса, афар және солтүстік сомалилік тайпалар. 
	|  |  |  скачать работу |  
 Другие рефераты
 
 
 |