Зимбабве Республикасы
Другие рефераты
Зимбабве, (Zіmbabwe), Зимбабве Республикасы – Оңтүстік Африкада орналасқан мемлекет. Замбиямен, Мозамбикпен, Ботсванамен және Оңтүстік Африка Республикасымен шектеседі. Жер көлемі – 390,8 мың км2. Халқы – 12,6 млн. адам (1998). Негізгі тұрғындары – африкалықтар (шона, матабеле, тонга, т.б. халықтар), 100 мыңға жуық еуропалықтар да тұрады. Ресми тілдері: ағылшын, шона тілдері. Халқының көпшілігі (60%) дәстүрлі діни сенімдерін, кейбір бөлігі (30%) христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы – Хараре қаласы (1,4 млн. адам). Ел 8 провинцияға бөлінеді.
Зимбабве – президенттік республика. 1980 жылы қабылданған Конституциясы (кейін ішінара түзетулер енгізілген) бойынша жалпыхалықтық сайлауда 6 жылға сайланатын президент Мин. Каб-н тікелей өзі басқарады (1987 жылы Р. Мучабе). Заң шығарушы орган – бір палаталы Ұлттық ассамблея 150 депутаттан тұрады. Олардың 120-сын халық сайлайды, 12-ін президент тағайындайды. Бұған қоса провинцияларды басқаратын 8 губернатор мен 10 тайпа көсемі парламент мүшесі болып табылады. Ұлттық мерекесі – 18 сәуір (Тәуелсіздік күні). Ақшасы – Зимбабве доллары. [1]
Мазмұны
-
1 Табиғаты
-
2 Тарихы
-
3 Экономикасы
-
4 Пайдаланған әдебиет
|
Табиғаты
Зимбабве жері биіктігі 800 – 1500 м Матабеле және Машона жоталарында орналасқан. Ең биік жері – Иньянга тауындағы Иньянгани шыңы (2596 м). Елдің солт-нде Замбези өзені, оңт-нде Лимпопо өзені ағып жатыр. Жерінің солт. бөлігі субэкваторлық, оңтүстік тропиктік климаттық белдеулерде орналасқан. Ең жылы ай – қантардағы орташа температура 21 – 27°С, ең суық ай – шілдеде 10 – 17°С. Жылдық [[[жауын-шашын]] мөлшері оңтүстік-батыста 300 – 700, ал шығыста 2000 мм-ге дейін. Замбези өзенінің орта ағысында аса ірі Кариба бөгені бар. Саванналы ормандарда Виктория – Фола ұлттық саябағы орналасқан.
Тарихы
Зимбабве жерін адам баласы ерте замандардан бастап қоныстанған. 1 – 2 ғ-ларда мұнда банту тайпалары (қазіргі шона халқының арғы аталары) келіп қоныстанған. 12 – 17 ғ-ларда қазіргі Зимбабве мен Мозамбик аумағында Мономотона мемлекеті салтанат құрды. 1693 жылдан бастап шона тайпасының көсемдері билік басына келді. 19 ғ-дың орта тұсында елдің басым бөлігі матабеле тайпасының көсемі Мзиликазидің басшылығымен бір орталыққа бірікті. 1880 жылдың аяғында елді ағылшын отаршылары толықтай басып алып, Оңтүстік Родезия (С.Родес есімді отарлаушы және ауқатты адам құрметіне) деп атады. Ұлыбритания 1923 жылы Оңтүстік Родезияға “Англияның өзін-өзі басқаратын отары” құқығын беріп, ол 1953 – 63 жылы Родезия мен Ньясаленда федерациясы құрамында болды. Ұлт-азаттық қозғалыстың күшеюіне байланысты ағылшындар федерацияны таратып, Солтүстік Родезия (Замбия) мен Ньясаленданың (Малави) тәуелсіздігін мойындады. Ал Оңтүстік Родезияда билік аз санды еуропалықтардың қолында қалып қойды. Олар жергілікті тұрғындардың тең құқын мойындамай, нәтижесінде 1966 жылы екі жақ арасында қарулы қақтығыс орын алды. 1976 жылы Зимбабве патриоттық майданы құрылуына байланысты қарулы қақтығыстар әрі қарай шиеленісіп кетті. Елдегі азамат соғысын тоқтату үшін 1979 жылы қыркүйек-желтоқсанда Лондонда Ұлыбритания үкіметінің тікелей ұйымдастыруымен қарсылас жақтар атысты тоқтату, болашақ тәуелсіз мемлекеттің конституциясын жариялау, сайлау өткізу жөнінде өзара келісімге келді. 1980 жылы ақпанда сайлау өткізіліп (елдің қазіргі президенті Р.Мучабе жеңіске жетті), 1980 жылы 18 сәуірде елдің тәуелсіздігі жарияланды. Осыдан кейін барып ішкі жағдай бір қалыпқа түсті. [2]
Экономикасы
Зимбабве – Африкадағы экономикасы жақсы дамыған елдердің бірі. Жан басына шаққанда жылдық ұлттық табыс мөлшері – 2280 АҚШ доллары көлемінде. Жылдық ішкі жиынтық өнім – 4,8 млрд. доллар көлемінде, жыл сайынғы өсім – 2,1%. Өнеркәсіп өнімдері ел экономикасының 34%-н құрайды және ол тау-кен өндірісі (90%-і экспортқа шығарылады), металлургия, тамақ, жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, химия, т.б. салалардан тұрады. Ауыл шаруашылығы ұлттық байлықтың 15%-н құрайды, әрі ел өзін азық-түлікпен толық қамтамасыз етіп, артық өнімдерін экспортқа шығарады. Зимбабве экспортқа алтын, темекі, металл, мақта шығарады, сырттан машиналар, құрал-жабдықтар, энергия көздерін әкеледі. Негізгі сауда серіктері: Оңтүстік Африка Республикасы, Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Жапония, көршілес Африка мемлекеттері. Зимбабве 1980 жылдан бастап БҰҰ-на мүше, Британ достастығына, т.б. халықар. ұйымдарға кіреді. Қазақстан мен З. арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнаған, бірақ екі ел арасында мәдени-экономикалық байланыстар дамымаған. [3]
Пайдаланған әдебиет
-
↑ «Қазақ Энциклопедиясы»,4 том 3 бөлім
-
↑ Африка. Энциклопедический справочник, М., 1986.
-
↑ Новейшая история Африки, М., 1968;
| | скачать работу |
Другие рефераты
|