Тегеран конференциясындағы екінші майдан ашу мәселесі жөніндегі шешімі
Другие рефераты
Тегеран конференциясында соғыс аяқталған соң Германияны бөлшектей отырып, оның XX ғасырда қайта бас көтеру мүмкіндігін болдырмау көзделді. АҚШ президенті Ф. Рузвельт Германия туралы мәселені зерттеу үшін арнаулы құру, оны Лондон комиссиясына беру жөнінде ұсыныс білдірді.
Сондай-ақ Тегеран конференциясында Польша мәселесі қаралды, онда КСРО мен Польшаның арасындағы 1939 жылғы шекараны қалдыру, яғни Германияның біраз бөлігін Польшаға, ал Польшаның шекарасы шығыста «Керзон сызығымен», батысында Одер өзені бойымен өту жобаланды. Польшаны Германия есебінен қанағаттандыру (жерінің біраз бөлігін алу) туралы Черчилльдің пікірі тыңдалған соң Сталин Украинаның жері Украинаға, Белоруссияның жері Белоруссияға берілуі жөн екендігін Львов проблемасын шешу жөніндегі жоспарын карта бойынша нақтылай көрсетіп дәлелдеп шықты.
Үш ел соғыстан кейін бейбітшілік орнату жайында бірлесіп әрекет етуге уағдаласты. Сөйтіп Польша мемлекетінің жері мен халқы Польшаның құрамына Шығыс Пруссия мен Оппельнск провинсиясына қоса отырып, Керзон линиясы мен Одер өзені деп аталатындардың арасында орналасуға тиіс деп шешілді. Шекараны түркілікті жүргізу, мұқият зерттеуді және кейбір пункттерде халықтың мүмкін боларлық қоныс аударуын керек етеді деп, нақтылай түсті. Тегеран конференциясында қабылданған шешімдер соғыс бітісімен батыс елдердің реакцияшыл топтары бұл келісімдерді бұзуы, халықаралық жағдайды шиеленістіруге әкеліп соқты.
Тегеран конференциясында қабылданған үш державаның қабылдаған декларациясының алғашқы мәтіні мынадай мазмұнда жазылды: «Біздер: АҚШ президенті, Ұлыбританияның премьер-министрі және Совет Одағының премьері соңғы төрт күннің ішінде (28/11-1/12-43) Біздің Одақтасымыз- Иранның астанасында кездесу өткізіп, ортақ саясатымызды тұжырымдап белгіледік. Соғысқа қатысты әскери келіссөзде Герман қарулы күштерін жою жөнінде жасаған жоспарларды келістік. Шығыстан, Батыстан, Оңтүстіктен қолданылатын операциялардың көлемі мен мерзімі жайында толық келісімге келдік.
Құрғақтағы Герман армиясын, олардың теңіздегі сүңгуір қайықтарын құртуға әрі әуеден олардың соғыс заводтарын талқандауымызға дүниежүзінде бізге ешқандай күш бөгет бола алмайды. Біздің шабуылымыз аяусыз әрі өрши түсетін болады. Рузмельт, Сталин, Черчилль Тегеранда 1943 жылы 1 Желтоқсанда қол қойылды. «Соғыстың барысында басқа шешімдермен бірге Югославия партизандарына жан-жақты көмек көрсету туралы» келісімге қол жетті.
Сөйтіп Тегеран конференциясында Германия мемлекетімен арадағы соғысты аяқтау үшін жүргізілетін соғыс қимылдары мен оның жерін бөлшектеу, шекарасын белгілеу мәселелері талқыланды.
Тегеран конфреренциясында көптеген мәселелер жөнінде қатты айтыстар аз болған жоқ, бірақ тұтас алғанда конференциял пікір алысудың қорытындысында маңызды оң, шешімдер қабылданды.
Конференцияда келісілген және бекітілген документтердің тізбесі мейлінше кең көлемді проблемалардың талқыланғандығын, конференцияда қабылданған шешімдердің бүкіл халықаралық жағдайды дамыту үшін зор маңызы бола алатынын көрсетті. Ең алдымен Тегеран конфренциясы -Қырым-Потсдам конференцияларының бастамасы болды. Қырым-Потсдам конференцияларына алғашқы табалдырығы болды деп айтуға болады.
Конференцияда қабылданған шешімдердің маңызы зор болды. Әсіресе екінші майданның ашылу мәселесін айта кетсем болады.
Дегенмен үш одақтастың осы конференциялардағы және басқа маңызды кеңестерінің барысында әлеуметтік құрылысы әр түрлі мемелекеттердің бейбіт уақытта да тиімді саяси және әскери ынтымақтасу мүмкіндігі іс жүзінде дәлелденгені ақиқат шындық болып қала береді.
Сонымен, жоғарыдағыларды жинақтап қорыта келгенде, халықаралық қатынастар тарихындағы өте маңызды келісімдердің бірі — Тегеран конференциясының игі бастамасы дәстүрлі жалғасын тапқан дипломатиялық қадам ретінде бағаланады. Осы «үштік» конференциясының түпкі мақсаты екінші дүниежүзілік соғысты әділетсіз түрде бастаған гитлерлік Германияны талқандау, бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті сақтау еді. Іс жүзінде осы Тегеран конференциясы күші адамзаттық игі мақсатты орындай алды деуге толық негіз бар. Конференция барысында негізгі қаралған мәселелелер , әрине, Германия (неміс) мәселесі болды. Гитлерлік Германияға қарсы державаларды біріктірген күш сол кезде бүкіл әлемге төнген қауіп болатын. Демек екінші дүниежүзілік соғыс барысында аталмыш конференциялардың алар орны ерекше және ортақ мүддеден туындаған халықаралық құбылыс еді. Осы конференцияның мақсаты, бағыт-бағдары бірыңғай , біртұтас алып қарасақ та әрбір конференцияның екінші дүниежүзілік соғыс барысында өзіндік алатын орны атқарған функциясы бар. Ғылыми негізде осыған мынадай тұжырым жасауға болады: бірден, алдымен Тегеран конференциясы.(1943ж. 28 Қарашадан — 1 Желтоқсанға дейін) Гитлерлік Германияға қарсы коалициялық бірліктің ортақ күш біріктіруі, екінші майдан ашу мәселесі күн тәртібіне қойылғанымен ішкі мүдделерін жасырып қала алмаған одақтастар істі кешеуілдетіп алған-тұғын. Бірақ мұның өзі зор бастама болды, тіпті соғыс жоспары талқыланып қана қоймай ”Германия мәселесін” алдын- ала келісіп те қойды. Тегеран конференциясы екі басқа жүйедегі державалардың екі басқа қауіпке бірігуінің көрінісі болды. Үштік конференцияда бірімен бірі тығыз байланысты әрбірінің мақсатын екінші тізбекті және сатылы түрде жүзеге асырып отырған. Олай болса, меніңше, Тегеран конференциясынан кейінгі Қырым-Потсдам жүйесі гитлершіл Германияға қарсы әскери-саяси дипломатиясы болып қана қоймай, Германия мәселесін шешуде жетістіктері жоқ емес.
Сондай-ақ, Тегеран конференциясы 2 — Дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германия мемлекетін бөлшектеу, шекара сызығын айқындау мәселелерін шешуде тарихи қадам жасағаны белгілі. Аталған конференция шешімдері орындалды. Өткен ғасырдың 70 жылдары Германия бастаған бірінші үлкен соғыс 1871жылы аяқталды, осы соғыстан кейін небәрі 42 жыл өткен соң 1914 жылы немістер жаңа соғысты бастады. Көріп отырғанымыздай, Германияны қалпына келтіруге қажетті мерзімі қысқара берген. Ал 2- Дүниежүзілік соғыста тізе бүккен Германия 90- жылдары қайта бірігіп, жаңаша бетбұрыс алды. Бұл өз алдына зерттелетін тақырып, алайда Герман халқының айналасы 70 жыл ішінде екі рет Дүние жүзілік соғыс ашып, онысы жеңіліспен аяқталып отырса да ХХ ғасыр соңында олар бірігіп, саяси ұлы өзгерісте жеңіске жетіп отыр. XXІ ғасыр Германияның жетілу ғасыры болмақшы. Ендеше тәуелсіздігі 12 жылдан асып, Ресей Федерациясы мен қазіргі АҚШ терроризмі үдеген, Қытайға экономикалық жағынан тәуелді Қазақстан мемлекетін, қазақ елін дамытуда Германияның жетістігінің сырын түбегейлі зерттеу арқылы пайдалану және оның нақты тәжірибесін игеру артық болмас еді демекпіз.
Жоғарыдағыларды түйіндей келгенде, Тегеран конференциясының тарихи тәжірибесін бүгінгі халықаралық мәселелерді реттеуде қолдансақ ұтарымыз мол болмақ.
Пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімі:
Деректер:
Тегеран-Ялта-Потсдам. (Сб док- в) Изд-во:”Международные отношения”. 1967
Тегеран-Ялта-Потсдам. Сб док- в. //Сост. Ш.П.Санакоев, Б.П.Цыбулевский А. Дәуір
Тегеранская конференция руководителей трех союзных держав. СССР, США и Великобритании. М. 1984.
Крымская конференция руководителей трех союзных держав. СССР, США и Великобритании. Сб док-в. М, 1978
Потсдамская конференция руководителей трех союзных держав. СССР, США и Великобритании. Сб док-в. М. 1980.
Переписка Председателя Совета Министров СССР с президентом США и премьер – министром Великобритании во время ВОВ. 1941-1945 гг. М, 1958г.
Советско- англ отношения во время ВОВ. 1941-1945г. В 2-т. М. 1984.
Советско- герм отношенияво время ВОВ. М, 1983.
Советский союз на международных конференциях периода ВОВ. Том 1-6 М, 1978-80гг.
Көкебаева Г. Халықаралық қатынастар тарихы. (Құжаттар жинағы) А, 1999.
Хрестоматия по истории новейшей истории. Том. 3. М, 1961.
Хрестоматия по истории межд отношений Вып 2. М, 1972.
Документы по внешней политики СССР. Том. 1,2 М, 1959.
Зерттеулер , оқулықтар:
Ялтинская конференция 1945: Уроки истории. / Материалы симпоз Ялта 6-7 февр. Редколл.А.Н.Яковлев и др. Наука. 1985.
У. Черчилль. Вторая мировая война . Сокр пер. С англ. М. 1991.
Майский Н.Н. Воспоминания Советского дипломата М, 1987
Висков С.Н, Кульбанин В.Д. Союзники и Германский вопрос в 1945- 1990 – х гг Киев 1991.
Лютов Н.С, Носков А. М. Коалиционное взаимодействие союзников: опыт и второй мировых войн. М, 1988.
Бережков В. М. Тегеран. М, 1943.
Бережков В. М. Потсдамға жеткізген жол. А, Қазақстан 1982.
Исраэлян В. П. Дипломатия в годы войны (1941- 1945) М, 1985.
Земков Н.Н. Дипломатическая история второго фронта в Европе М, 1982
10. На конференции Большой троики и в кулуарах. М. 1968.
11. История дипломатии. 2 изд. Том3. Под ред А.А.Громыко. М, 1963.
12. История межд-х отношний внешней политика СССР том 2
М, 1987.
13. История межд-х отношний внешней политики. А, 1998.
14. Мәшімбаева С. М. Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945) А, 2003.
Мерзімдік басылымдар:
1. Дипломатическая история открытия второго фронта в Европе (1941-1944) //Международная жизнь. – 1970. — № 3. –е. №97-105; №11. – 108-11.
2.Севостьянов П.П.,Кынин Г.П. Крымская /Ялтинская/ конференция:История и современность//
Новая и новейшая история .- 1985. — №3. – С. 18-29. – Библиогр. :30 назв.
3. Бережков В. М.Ялтинские решения и их противники//
США: экономика, политика, идеология. &
| | скачать работу |
Другие рефераты
|