Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

II дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастағы Таяу және Орта Шығыс



 Другие рефераты
Алаш партиясының мұраты — отандық білім мен ғылымды негіздеуші күштер 1925-1933 жылдар арасындағы халықаралық қатынас Тегеран конференциясындағы екінші майдан ашу мәселесі жөніндегі шешімі Екінші майдан ашу мәселесі. ССРО саясаты

ЖОСПАР

1. Араб-Израиль шиеленісі

2. 60-70 жылдардағы Түркия, Иордания

3. Иран мемлекетінің халықаралық қатынастағы саясаты

 

 

Араб-Израиль шиеленісі

XIX ғасырдың 60-70жылдары Таяу Шығыс мемлекетінің сыртқы саясаты өзіндік суреттермен бояуларға ие болды. II дүниежүзілік соғыстан соғыс аяқталғанға дейін дамыған державалардың отары болып, солардың қуыршағына айналған Таяу Шығыс елдері, соғыстан кейін әлсіз экономикасын, қалпына келтіру үшін екі жаққа, көбінесе әліде өз метрополияларына жалтақтады. 60 жылдардан дейін тәуелсіз мемлекеттер құрып, олардың көбі монорхияның қүрылымында болды. өзара біріккен әскери СЕНТО, СЕЯТО одақтары құрылды. Палестина-Израиль. 1960 жылы Таяу Шығыстағы өткір дипломатиялық күрес Израильдің араб мемлекеттеріне агрессиясынан басталды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Таяу Шығыста Ұлыбритания өз үстемдігін сақтай алмады. 1922 жылдан бері Ұлттар Лигасы мандатының негізінде ағылшындар басқарып келген Палестинада да ағылшындарға қарсы баскөтерулер болды. Англия Палестинаның бұдан былайғы тағдыры туралы мәселені БҰҰ талқылауына беруге мәжбүр болды.

1947 жылы    қарашада    БҰҰ    Бас   Ассамблеясы Британ мандатын    жою,    Палестинаның    территориясында    екі:    араб және     еврей     мемлекетін     құру    туралы   қарар  қабылдады. Иерусалим  ерекше  халықаралық режимдегі  дербес  әкімшілігі бар қала болды.

1948 жылы    мамырда  Израиль   мемлекетінің құрылғандығы     жарияланды.     Өзінің     өмір     сүре     бастаған алғашқы   күнінен   бастап   Израиль   Палестина   арабтары   мен араб мемлекеттері жөнінде агрессиялық саясат жүргізді.

1960 жылы Израильдің сыртқы саясаты АҚШ-пен американ-израиль әскери келісімшартын жасауға бағытталды. АҚШ бірден келіспейтіндіктен Израиль ГФР-мен қатынасты жақсартуға ұмтылды.

1963 жылы Израиль ашық түрде тасымалданған американ қару-жарақтары американ-израиль қатынастарына жаңа бетбұрыс әкелді. АҚШ-тан әкелінген қарумен жабдықталған Израиль араб елдеріне (Египет, Сирия, Иордания) экспанциясын күшейтті. Елді басқарған Эшкол үкіметі 1963 жылдың соңында өзіне Иордан өзенінің суын қолдану құқығын алды. Израиль БҰҰ 1948 жылы 11-желтоқсандағы Палестиналық қашқындардың еліне оралуы, компенсация төлеу туралы резолюциясын орындамады. Израильдің мұндай қылығына байланысты араб мемлекеттері өзіндік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ұмтылды.

1963-1965 жылдары болған араб елдері қатысқан конференцияда араб сыйластығын жоймай, Біріккен Араб Әмірлігін құру мәселесі қаралды. 1964 жылы АҚШ-қа ресми сапармен барып, араб мемлекеттерімен шиеленісте АҚШ көмегін алды. Осы жылдың маусымында ЕЭС енді. 1965 жылы Израиль мен ГФР арасында дипломатиялық қатынас орнады. 1966 жылы ГФР-нан 160 млн. доллар көлемінде қарыз алуға байланысты шарт жасалды. АҚШ Израильге «Скай-Хок» атқыш қаруларын жіберді. Парсы шығанағындағы шекара мәселесінен туындаған «кішігірім соғыс» 1966 жылдың ортасында одан әрі өршіді. Осы жылдың күзінде Израиль соғысқа дайындықты бастады. Қараша айында ерлер үшін әскери міндет 26-30 айға өсті. 1966 жылы 13-қарашасында Израиль Иорданияның Саму деревнясына танкілер мен ұшақтарынан оқ жаудырды. Желтоқсанның аяғында шекарадағы израиль-сирия қақтығыстары өсті.

1967 жылы 7-сәуірде Израиль Сирияның Тивернад көлі маңына соққы беріп, соғыс 7 сағатқа созылды. 21-мамырда мобилизация жүргізіп, 5-маусымда таңертең Египетке, бірнеше сағаттан кейін Иордания мен Сирияға бастады. Израиль соғысқа кенеттен тап беру әдісін қолданды. Египетке алғашқы соққысында 500 ұшақ, 8 танкіні қолданды. 6-10 маусым аралығында шабуылын жалғастыра берді. 1967 жылы маусым     соққысы     нәтижесінде     Израиль     Египет,     Сирия, Иорданияға тиесілі жердің 60 мың шақырымын басып алды.

Израиль БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің өрт отын өшіру сөзіне қүлақ асқысы келген де жоқ. 1967 жылы Тивернад көлінің маңында болған соққыға байланысты КСРО Израильдің қауіпті ойын жүргізетін және оның соққы берген территориялары КСРО территориясына жақын жатқанын, егер бір нәрсе болса, саясатының салдары үшін жауапқа тартылатьшын айтып 1967 жылы 10-маусымдағы нотасында Израильмен қатынастарын үзді. Осыдан кейін бұдан басқа тағы алты социалистік мемлекет Израильмен қатынастарын үзді. 1967 жылы 22-қарашада БҰҰ «Қауіпсіздік Кеңесі» Израиль агрессиясына байланысты резолюция қабылдады. Оған екі негізгі талап енді:

1.     Израильдің       басып       алған       территориялардан әскерін әкету;

2.       Таяу Шығыс аумағындағы кез-келген мемлекеттің   территориялық       тұтастығын, тәуелсіздігін мойындау.

Израильдің 1967 жыл5ы агрессиясы оның сионистік ойын Нілден Ефрат өзеніне дейін созылған аумақта Ұлы Израильды құру мақсатын ашып берді. БҰҰ-ның қойған талабын орындамады. Шабуылдардың жаңа лебі, 1967 жылы  көктемінде-ақ басталып кетті. Шабуылдардың нәтижесінде бүкіл Палестина территориясы, Иордан өзінінің батыс жағалауы, Газа аумағы, Иерусалимның араб бөлігін жаулап алынды.

Араб Израиль шиеленісінде палестиналық фактордың мәнінің өсуі. 1964 жылы қаңтарда Каирде араб алғашқы отырысы болды. 1964 жылы 26 мамырда Иерусалимнің араб бөлігінде алғашқы Палестиналық ұлттық конгресс жиналды. Оған палестиналық босқындар орналасқан елдерден келген 338 делегат қатысты. Конгресс ООП құрылғанын жариялап Хартиясы мен жарғысын қабылдады. Аталған құжаттарда палестиналықтар ООП-ң жалғыз мүшелері, ал палестина халқы- ұйымның негізі делінген.

ООП құрылуы палестиналық ұлттық қозғалысының дамуында жаңа кезіңнің негізін қалады. Тұңғыш рет араб әлемінде палестина халқының әлеуметтік проблемасының мүддесін қорғайтын ұйым кұрылды. Араб мемлекеттері басшыларының      екінші      отырысы       1964      жылы      қыркүйекте  Александрияда өтті.

1969 жылы ақпанда Палестина кеңесінің бесінші сессиясында, оның құрамына партизандық ұйымдардың төрағалары енді. Бас төрағасы Ясир Арафат болып сайланды.

 

  ХХ ғасырдың 60-70 жылдардағы Туркия, Иордания

1960 жылы 27 мамырда Туркияда мемлекеттік төңкеріс болып, Ұлттық бірлік комитеті парламентті таратып, Конституция жариялап, Демократиялық партия жетекшілері көрнекті депутаттар, жоғарғы қызметтегі адамдар, президент Джелял Баяр және премьер-министр Аджан Мендерсенмен бірге сотталды.

1960 жылы 28 мамырда генерал Джемаль Гюрсель басқарған Уақытша Үкімет орнады. Жаңа Үкіметтің бағдарламасы елде демократияны, кұқықтық тәртіпті орнатуға арналды. Елді қаржы дағдарысынан шығару үшін 500 млн. лир ақша бөлді.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Туркия, АҚШ және ГФР-мен экономикалық, ғылыми сала бойынша байланыс орнатқан екі ел үшін де Таяу Шығыс елдері шикізат базасы еді және Кеңес Одағына қарсы әскери базасын, атом бомбасын жасау ошақтарына айналдыруға болатын еді. Күйзелген экономикасын көтеру үшін АҚШ кредитор рөлін атқарды. Туркияның Солтүстік Атланта яғни НАТО -ға және Таяу Шығыс елдері құрған әскери СЕНТО одағына енуі қыруар қаржыны қажет етті.

Елдің 60-70 жылдары президенттері Грюсель, Джевдет Сунай, Демирель болды. Батыс елдеріне діни тәуелділікті жою үшін жастардың толқулары да болып тұрды. Демирель үкіметтің сыртқы саясатына байланысты АҚШ және өзге капиталистік мемлекеттермен сақтауға бағытталды. Туркия НАТО-ға қарулы күштерінің саны бойынша екінші орында түрды және әскери мақсатта мемлекет бюджетінің мәнді бөлігін жұмсады. НАТО-ның штабы Измир қаласында орналасқан әскерлерінің ішінде 12 түрік дивизиясы енді. Туркия территориясында американдық әскери- ауа базасы, ракета жіберетін алаңда болды. Социалистік құрылымдағы мемлекеттер де байланысты жақсартуға тырысты.

1963 жылы КСРО — да Түрік делегациясы, 1935 жылы Туркияда КСРО делегациясы болып қайтты.

Келіссөздер теңдік, тәуелсіздікті сайлау, территориялық тұтастығына нұқсан келтірмеу принциптеріне негізделді.

1967 жылы Туркия мен КСРО арасында өндіріс орындарын салуға қажетті жабдықтар, материалдармен алмасуға байланысты шарт жасалды.

1969 жылы Туркия екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ пен әскери одаққа байланысты жасалған келісімшартты қайта қарауға шақырды. Жаңа келісім шарт бойынша базалары ортақ қорғаныс базаларына айналып, түрік офицерлері де база ісіне араласа алды. Таяу Шығыстағы бір мемлекет Ливан 60 жылдан бастап, сауда, банк және туристік орталыққа айналды. Ел экономикасында ауыл шаруашылық және өндіріс те баяу дамыды. Бұл Ливанды сыртқы нарыққа тәуелді етті. Қаралып отырған он жылдықта Ливан Батыс державаларының, әсіресе Англияның қысымына ұшырап отырды. Англия 1961 жылы күзде Таяу Шығыста өзі басшылық ететін әскери одақ қүрғысы келді.

1961 жылы қыркүйекте Сирия- Египет одағының тарауы Ливанға да мәнді салдарын тигізді. Капиталист және социалист болып жеке бірігіп, халық біртұтас мемлекет кұруға, өз экономикасын көтеруде әлсіз болды. Бірі байланысты Батыста дамытуды қаратырса, енді бірі Араб елдерімен байланысты нығайтуға шақырды.

Из

123
скачать работу


 Другие рефераты
Қиял туралы жалпы түсінік
Анализ финансового состояния предприятия
Типы биотических отношений
Вальдорфская школа


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ