Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Еліміздегі коммерциялық банктердің несиелік операцияларының бүгінгі таңдағы жағдайы



 Другие рефераты
Салықтың даму тарихы Салықтың экономикалық табиғаты. Салық ұғымы және маңызы Коммерциялық банктердің активті операцияларының жіктелуі Коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикалық маңызы мен мәні

Коммерциялық банктердiң екiншi басты қызметi – экономиканы және халықты несиелендiру. Сонғы жылдары екiншi деңгейдегi банктердiң несиелеу үлесi артуда, оған әсер етiп отырған негiзгi себеп ол Ұлттық банктiң банктiң проценттiк пайызына ставкасының түсуiмен байланысты болып отыр.

Экономика саласындағы екiншi деңгейдегi банктердiң кредит салымдары 2005 жылы қыркүйек айында 1974,7 млрд. теңгені құрады. Мұның ішіндегі 1000,2 млрд. теңге ұлттық валютада, ал қалған 974,5 млрд. теңге шетел валюталарында орын алды. Сонымен қатар экономикада ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелердің өсімі бірдей орын алуда. Ұзақ мерзімді несиелердің жалпы құрамы 1329,6 млдр. теңгені, ал  қысқа мерзімді несиелердің мөлшері 645 млрд. теңгеге өсті.  Елдегі несие қатынастарының өсуі әсіресе ұзақ мерзімді несиелер экономиканың шикізат өндіріс саласында, ипотекалық-құрылыстағы несиелерді және ірі көлемдегі коммерциялық қызметтер негізінде орын алуда. Ал қысқа мерзімді несиелер (микрокредиттер) халық тұтынатын өнімдерді несиелеу, шағын бизнесті несиелеуде және кепілдік заттар беру арқылы қысқа мерзімді қарыз ақша тартуда көрініс табуда. Сонымен қатар банктер арқылы шағын бизнеске берілген несиенің үлесі 339,5 млрд. теңгеге жетті.

Банк кредиттерiнiң жалпы көлемiндегi ең көп үлесi саудада – 27,5%, өнеркәсiпте – 25,5%. Ауыл шаруашылығына берiлген кредит үлесi өткен аймен салыстырғанда 6,8%-ға өстi. 2005 жылдың 1 маусымына банктердiң шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерiне берген кредиттерi жалпы кредит салымдарының 21,1% құрайды. Оның көбiсi Алматы қаласында шоғырланған 59,4%.

Жоғары суреттен көріп отырғанымыздай коммерциялық банктердің басты қызметтері болып табылатын депозиттік салымдар мен экономиканы несиелеу үлесінің ара салмағын көре аламыз. Жалпы коммерциялық банктердің жылдар өтуіне байланысты салымдық операцияларына қарағанда несиелік операцияларының асып бара жатқандығын, ал бұл өз кезегінде банктің ресурстық тапшылығын тудыратындығын білеміз. Талдау бойынша 1999 және 2000 жылдары банктердің салымдары несие көлемінен айтарлықтай артық болған, ал елімізде осы уақытқа дейін жүргізіліп келген ақша-несие саясатының, Үкімет саясатының, Ұлттық банк саясаттарының негізгі бағыты экономика мен шаруашылықты несиелендіруді жедел дамыту негізінде, ұлттық экономикада несиелік қатынастарға қолдау көрсеткенін ескерсек 2001 жылдан бастап коммерциялық банктердің несиелерінің үлес салмағы асып кетіп отыр.

Сонымен қатар 1997 жылғы 8 сәуірдегі №100 «Коммерциялық банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеудің минималды мөлшері туралы» ҚР Ұлттық банкінің басқармасының Қаулысына сәйкес екінші деңгейлі банктер шағын бизнес саласын банктік несие портфелінің кем дегенде 10%-ын несиелеуі міндетті. Сондықтан да екінші деңгейлі банктердің жүргізіп жатқан несие саясатының арқасында да соңғы жылдары шағын және орта бизнес субъектілеріне берілген несиелер көлемінің қарқыны өсіміне қол жетіп отыр. Сондай-ақ Елбасымыздың Жолдауына байланысты ұлттың ЖІӨ-дегі шағын бизнестің үлесін алдағы жылдары 60%-ға дейін жеткізу шараларына қол жеткізудің  басты жолдарының бірі шағын және орта бизнесті несиелендіруді одан  әрі дамыту болып табылады.

скачать работу


 Другие рефераты
Финансы
Мерчандайзинг
М.И. Голянищев-Кутузов-Смоленский
Импорттық операциялардың құжатталуы


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ