Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикалық маңызы мен мәні



 Другие рефераты
Еліміздегі коммерциялық банктердің несиелік операцияларының бүгінгі таңдағы жағдайы Коммерциялық банктердің активті операцияларының жіктелуі “Экономикалық теория» қандай ғылым? Ол нені зерттейді? Экономикалық теорияның пәні туралы көзқарастардың эволюциясы. ХХ-ғасырдың аяғына қарай ҚР-да рыноктық экономикаға өтпелі кезеңнің басталуы.

Коммерциялық банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады.  Өз қызметiнiң үрдiсiнде,  олар ақша нарығында тауар болатын,  жаңа талаптар мен мiндеттемелердi жасады. Клиенттердiң салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа мiндеттеме жасаса , ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қояды.  Осы жаңа мiндеттемелер мен талаптарды жасау үрдiсi қаржылық делдалдықтың негiзiн құрайды. Несие берушi қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметiнiң қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.

Коммерциялық банктер – нарықтық экономикада несие жүйесiнiң негiзгi буыны. Олардың мiндетi ақша айналымы мен капитал айналымының үздiксiз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсiп мекемелерiн, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруащылығына қор жинау үшiн жағдай жасау болып табылады. Қазiргi коммерциялық банктер қаржы делдалы ретiнде ақша капиталын салааралық және аймақаралық қайта бөлудi қамтамасыз етiп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Ендi коммерциялық банктер туралы кеңiрек танысу үшiн олардың қызметтерiн қарастрырайық:

Ақша қаражатын шоғырландыру және тарту қызметi – банктердiң ежелден атқаратын қызметтерiнiң бiрi.  Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшасын банкке тарту, бiр жағынан, олардың иесiне процент түрiнде табыс түсiрсе, ал екiншi жағынан банктiң несие операцияларын жүргiзуiне негiз қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлi экономикалық және әлеуметтiк қажеттiлiктерге жұмсалуы мүмкiн.

Коммерциялық банктердiң  атқаратын келесi қызметi — несие беруде делдал болу. Бос ақша қаражат иесi мен қарыз алушының арасында тiкелей несие қатынастарының туындауына кедергi болатын жәйттер: ұсынылатын капитал көлемiнiң қарызға қажеттi көлемге сай келмеуi, капиталдың айналыстан босау мерзiмiнiң қарыздарға қажет мерзiммен сай келмеуi. Коммерциялық банктер қарыз берушi мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдалы ретiнде осы кедергiлердi жояды. Банктiк несие экономиканың әр түрлi секторларына берiлiп , өндiрiстiң кеiеюiн қамтамасыз етедi.

Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесiнсiз тұрақты экономика болуы мүмкiн емес. Сондықтан банктiң келесi қызметi шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргiзудiң ролi зор. Кәсiпорындар арасындағы есеп айырысудың негiзгi бөлiгi қолма-қол ақшасыз жүредi. Банктер делдал ретiнде клиенттердiң тапсырысы бойынша шотқа ақша қабылдап, ақшаның түсуiн және берiлуiн есептейдi.

Коммерциялық банктердiң ерекше қызметi құралдарын шығару  арқылы айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту немес азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттiк және несиелiк қызметтерiне тiкелей байланысты. Депозит екi түрлi жолмен: клиенттiң банкке ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктiң несие беруi арқылы жүргiзiледi.

Коммерциялық банктер акция және облигация түрiндегi бағалы қағаздарды шығарып және орналастыру эмиссиялық – құрылтайшылық қызмет атқарады. Банктердiң жинақтарды өндiрiстiк мақсатқа жұмсайтын мүмкiндiгi бар. Сөйтiп бағалы қағаздар нарығы несие жүйесiн толықтырып, әрi онымен тығыз байланыста жұмыс iстейдi. Ұзақ мерзiмдi инвестиция тарту мақсатында кәсiпорындар акция және облигациялар шығарады.

Банктер сенiмхат бойынша клиенттердiң мүлкiн басқару қызметiн де атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметтi атқаруға құқығынан айрылғандардың мүлкiн уақытша басқару; iзбасарларының мүддесi үшiн өлген адамның мүлкiн басқару; пайда табу мақсатымен капиталды басқару және т.б. қызметтер көрсету болып табылады. Ал компанияларға көрсететiн қызметтерi : банктiң облигациялар бойынша кепiлшi болуы; нарыққа шығарылған акцияларды және трансферттердi тiркеу үшiн өкiл болуы; корпорацияның зейнетақы қорының қаржысын басқарушы болуы және т.б. қызметтер атқарады.

Экономикалық мағлұматтарды өзiне жинақтауы банктердiң клиенттерiне кеңес беру қызметiне мүмкiндiк туғызады. Банктер төмендегiдей кеңес бередi: шот ашу ; есеп-несиелiк және кассалық қызметкөрсетуден бастап, ақша және тауар нарықтарында операциялар жүргiзуге дейiн нұсқау бередi.

Осы аталған қызметтердің негізгі бөлігі, яғни несие беру қызметі, есеп айырысу – делдалдық қызметтері, бағалы қағаздар шығару және оларды орналастыру қызметтері  коммерциялық банктердің активті операциялары негізінде жүргізіледі.

Елiмiздегi банктiк жүйе екi деңгейлi екенiн бiлемiз, яғни соның екiншi деңгейiндегi коммерциялық  банктер  халық шаруашылығы мен  Ұлттық  банк  арасындағы негiзгi  қаржы  делдалы  болып  табылады . Қазiргi  кезде  коммерциялық  банктер  өз  клиенттерiне  200-ге  жуық  әр  алуан  операциялар  мен  қызметтер  көрсете  алады. Мұндай  кең  көлемдi  операциялар  коммерциялық  банктерге  өз  клиенттерiн  сақтай  отырып  қолайсыз  жағдайдың  өзiнде де  пайдалы  жұмыс жасауға  септiгiн  тигiзедiгіне байланысты .

Банк  қызметiн – банк пен  клиент  мүддесi  үшiн   белгiлi  бiр  iс  әрекеттрдi  орындауын  сипаттауға  болады. Қазiргi  кезде негiзгi  дәстүрлi қызметтерге  бұрынғыша  салымдар  тарту  мен  қарыздар  беру  жатады. Банктер  өз пайдаларының  көп  бөлiгiнiң  осы  операциялар  бойынша  пайыздық  операциялардан  алады .

Коммерциялық  банктер  желiсi  ақша  нарығының  қалыптасуына  ықпал  етедi, ал  заңды  және  тұлғалардың  мемлекетке  уақытша  бос  ақша  қаражаттарының  болуы  және  экономика мен  халықтың  қысқа  мерзiмдiк  қажеттiлiктерiн  қанағаттандыруға  пайдалану  ақша  нарығының  экономикалық  негiзi  болып  табылады.

Коммерциялық  банктер  негiзiнен өз  клиенттерiнiң  шаруашылық  қызметтерiне  қызмет  көрсетумен байланысты  несиелiк  есеп  айырысу  және  қаржылық  операциялардың  барлық  түрiмен  айналысады. Бұл операциялар коммерциялық банктердің активті операцияларының мәнін ашады.

“Қазақстан Республиксындағы банктер және банктiк қызмет туралы” Заңға сәйкес коммерциялық банктер мынадай операцияларды орындай алады:

  1. клиенттер мен банк корреспонденттердiң шоттарын жүргiзу және оларға кассалық қызмет жүргiзу;
  2. қайтарымдылық, мерзiмдiк және төлемдiк шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзiмдiк несиелер беру;
  3. инвестицияланатын қаражаттар иелерiнiң немесе иемденушiлердiң тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
  4. заңда көрсетiлген тәртiппен бағалы қағаздарды шығару;
  5. төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргiзу;
  6. банктiк операциялар бойынша брокерлiк қызметтердi  көрсету, клиенттердiң тәуекелi бойынша олардың агенттерi ретiнде әрекет ету;
  7. коммерциялық мәмiлелердi қаржыландыру;
  8. клиенттердiң тапсырмалары бойынша сенiмдiк операцияларды (қаражаттарды қарау, орналастыру және бағалы қағаздарды басқару)
  9. лизингтiк операцияларды жүзеге асыру және тағы басқа опреациялар.

Активтік операциялар бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдалануға ерекшелігін сипаттайды.

Коммерциялық банктердің активті операцияларының негізінде экономиканың шаруашылық салаларын қаржылармен қамтамасыз ету, олардың ынталы түрдк қызмет етуін қалыптастыру, елдің заңды немесе жеке тұлғаларының есеп айырысу қызметтерін жүргізу, экономикада делдалдық қызметтер атқару, халықты немесе басқа да ұйымдарды несиелендіру операциялары болып табылады. Бұл операциялар өз кезегінде коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикадағы маңыздылығы мен мәнін айқындайды.

скачать работу


 Другие рефераты
Видеоустройства персональных ЭВМ и их основные характеристики
Әбілқайыр әулетінен шыққан өнерпаздар
Религии мира
Маркетинговый план


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ