Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Еңбек ресурстары және жұмыс күшінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы



 Другие рефераты
Оукен заңы және жұмыссыздық деңгейін мемлекеттік реттеу Жұмыспен қамту, жұмыссыздық нысандары және түрлері Кәсіпкердің сатып алушы алдындағы жауапкершілігі Фирма және кәсіпкерлік

Адамзат қоғамын зерттеудегі экономика теориясы, адамның бір мезгілде экономикалық игіліктер өндіруші әрі тұтынушы болып табылатындығы туралы аса маңызды қағидаларды негізге алады. Адам техника мен технологияларды жасап қана қоймай, оны пайдалану әдістерін анықтайды. Өндірістің жаңа құралдары өз кезегінде еңбекті жаңартады.

Еңбек өнімділігі кұрылымының екі жағы бар: жұмыс күші немесе еңбекке қабілеттілік және тұтыну күші немесе тұтынуға қабілеттілік. Еңбек — жұмыс күшінің қызметі, ал тұтыну — тұтыну күшінің қызметі. Осыдан адамда еңбекке қабілеттілікті, сондай-ақ тұтынуға қабілеттікті калыптастыру қажеттілігі туады. Қазіргі экономика жүйесінде адам рөлін сипаттағанда бірқатар ұғымдар пайдаланылады: «экономикалық адам», «адам ресурстары», «адам капиталы», «кәсіпкер», «жұмыс күші», «өндірістің жеке факторы», «еңбек ресурстары» т.с.с.

Экономикалық адам — бұл таңдау бостандығы бар,жеке мүдделері мен мақсаттарын жүзеге асыруға ұтымды шешім қабылдайтын,нарықтық экономиканың басты шығармашылық субъектісі,еңбек ресурсы.

Еңбек нарығы қызметінің тетігін (механизмін) талдауда, төрт тұжырымдамадан тұратын көзқарас өмір сүреді:

1.  Еңбек нарығының классикалық моделі, мұнда толық жұмыспен қамтамасыз етілуі нарықтың экономикалық нормасы      болып      табылады,      ал      экономикаға мемлекеттің   араласпауы   ең   жақсы   экономикалық саясат    болып    табылады.     Бұл    моделдің    негізгі теориялық ережелері:

ұсыныс    меншікті    ішкі    сұранысты    туғызатын болғандықтан, жалпы артық өндіру мүмкін емес;

•    жұмыстың  көп  кезінде  өндірілген  өнімді  сатып алуға      жұмсайтын      каржылардың      жеткіліксіз деңгейін жоққа шығарады;

•     егер жалпы қаржы деңгейі жеткіліксіз болса, онда баға  және  жалақы  сияқты  реттеу тетіктері  іске қосылады,  бұл  өндірістің  нақты  өнім  көлемінің қысқаруына,      жұмыссыздыққа      және      нақты табыстың төленуіне жол бермейді;

•  еңбек нарығындағы бәсеке ішкі жұмыссыздықты жоққа шығарады,  өйткені  нарықпен  белгіленген жалақы ставкасымен жұмыс істегісі келетін адамға жұмыс табу оңай болады;

•    мемлекеттің экономикаға көмегі артық, тіптен зиян деп те айтуға болады.

2.     Еңбек    нарығының    неоклассикалық    моделі,    еңбек нарығында,   басқа   да   нарықтар   сияқты   баға   тепе-теңдігі негізінде әрекет етеді және еңбек нарығының негізгі    реттеушісі,       жұмыс    күшінің   бағасы   деп ұйғарады. Себебі:

•    еңбек немесе еңбекақы бағасымен жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысы реттеледі, олардың тепе-теңдігі сақталады;

• жұмыс күшінің бағасы нарық қажетіне икемделу арқылы осы еңбек қызметінің нарықтық сұранысын көрсетеді. Еңбек қызметінің нарықтық ұсынымы баға арқылы барлық жұмыскерлер санын көрсетеді.

Кез келген    баға арқылы еңбек қызметінің сұраныс көлеміне (санына) әсер ететін негізгі факторлар:

•    еңбек қызметінің баға деңгейі;

•    еңбек   қызметінің   көмегімен   өндірілген   өнімге сұраныс;

•    еңбекке          ұсынылатын          комплиментарлық ресурстардың бағасы мен көлемі;

•    еңбектің  шекті   өніміне   әсер  ететін  техникалық өзгерістер;

Әрбір мүмкін деген баға    арқылы еңбек қызметінің ұсыныс көлеміне (санына) әсер етуші негізгі факторлар:

•    жұмыскерлердің   өз   еңбегін   сатуға   дайындығы және саны;

•    туу, өлу және миграция деңгейі;

•    еңбек ету қабілеттілігі;

•    жалдамалы еңбектің баламалы құны;

•     жалақыдан басқа да табыс көздерінің болуы. Еңбек   нарығында   өзіндік   (спецификалык)  тауар  -

жұмыс күші функциясы — еңбек сатылады және сатып алынады. Адамдардың дарыны мен қабілеті қаншалықты саналуан болса, бұл функция да соншалықты сан-алуан. Сонда да еңбекті сандық және сапалық сипаттамасы бойынша келесі түрлерге бөлуге болады: білікті және біліксіз, қарапайым және күрделі; ер, әйел және балалар еңбегі. Төлем деңгейіне қарай олар жынысы, жасы, ұлты және аумақтық белгісімен қатаң сараланған. Бір деңгейлі жұмыскерлер — Германияда — немістер мен түріктер, мұнайшылар — Қазақстанда — немістер, ағылшындар, қытайлар және қазақтар. Олардың әрқайсысы әртүрлі еңбекақы алады. Бұл мысалдар еңбек нарығы функциясы тетігінің қолдануымен түсіндіріледі.

•    мемлекеттің ең төменгі жалақы деңгейін белгілеуі, кәсіподақтар айқындамасының күшті болуы, босаған орындар туралы ақпараттардың жоқтығы нарықтағы теңсіздікті күшейтеді,

•     еңбек нарығын теңдестіру үшін орталық банктің есептік мөлшері, орталық банк шоттарында коммерциялық банктердің міндетті қор (резервтер) мөлшерінің болуы сияқты тетіктерді пайдалану тиімді.

Сонымен, еңбек нарығының икемділігі нарықтық бағалар тетігі арқылы іске асырылған, жетілдірілген бәсекемен сипатталады, мұнда не жекелеген жұмыс берушілер, немесе жекелеген жұмыскерлер нарықтық ахуалға тұтасымен ықпал ете алмайды, жалақының тең ставкалары нарыққа қатысушылардың жалпы өзара келісімдерімен анықталады.

Еңбек нарығында қазіргі кезеңде жұмыс күшінің жаппай қозғалуы болуда, оның сапалық және сандық құрамы үнемі өзгеріп тұрады. Бұл мәселелер жұмыс күшіне сұраныстың өзгеруін туғызады, яғни өндірістің ұлғаюы, оның дамуы, құрылымдық өзгерістер жоғары білікті маман жұмыскерлерді талап етеді.

Еңбек нарығы — бұл динамикалық, өзгермелі нарық. Бұл ірі сегменттер мен ұсақ секторлардың, жұмыскерлердің белгілі санаттарының (категорияларының) және жекелеген экономикалық агенттердің сұранысы, ұсынысы, еңбек бағасы мен байланысты. Онда адам ресурстарының ірі, орташа, ұсақ бөлімдерінің үздіксіз айналысы жүреді, жұмыскерлердің елеулі бөлігі тұрақты түрде халықтың экономикалық белсенді құрамына кіреді, одан шығады, жұмысқа тұрады, қайтадан жұмыстан шығады т.с.с.

Сонымен, еңбек нарығында белгілі ағын қалыптасады: жұмыс күші құрамынан шыққандар; жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысқа байланысты ұлғаяды немесе азаяды;

•    еңбек         нарығында         тепе-теңдік         болса, жұмыссыздықтың болуы мүмкін емес;

•    жұмыссыздықтың    себебі,    жұмысшылардың    аз жалақыға еңбек етуден бас тартуы;

•  кәсіподақтар   ықпалы,    мемлекеттің   жалақының төмен  ставкасын  белгілеуі,  акпараттың  болмауы нарықтың   негізгі   «жетілдірілмегендігі»   ретінде қарастырылады.

3.     Еңбек нарығының кейнстік моделі — тұрақты және мықты  тепе-теңсіздік  жағдайындағы  еңбек  нарығы. Оның негізгі ережелері:

•     экономикада толық жұмыспен  қамтамасыз  етуге кепілдік   беретін   ешқандай   тепе-теңдік   тетігінің болмауы;

•    толық жүмыспен қамту кездейсоқ, ол заңды емес;

•    еңбек нарығына пайыздық ставканың өзгеруі және жалақы мен бағаның арақатынасындағы икемділік көмегімен әсер ету мүмкіндігі жоққа шығарылады;

•    жұмыс     күшінің     бағасы     еңбек     нарығының реттеушісі болып саналмайды;

•    еңбек нарығын реттеу рөлі мемлекетке беріледі, ол жиынтық сұранысты азайтып, не ұлғайтып, еңбек нарығындағы теңсіздікті жоя алады т.б.

4. Еңбек нарығының монетаристік моделі экономи-каны тұрақтандыру  және жұмыспен қамтамасыз етудің ақша-несие әдістерін жоғары қояды, сондықтан:

•    нарық шаруашылығының ішкі жүйесі тұрақтылық пен өздігінен қалпына келтіруге ұмтылады;

• нарықтық шаруашылықтағы барлық үйлеспеуші-ліктер мен орындамаушылықтар сыртқы араласудың нәтижесі;

•     мемлекеттің араласуы, нарыктық шаруашылық фрикциондык және құрылымдық жұмыссыздықты толықтырады, ал өрлеу кезеңінде ол болмайды.

Жұмыссыздық ретінде әдетте, статистикалық зерттеу кезінде жұмыссыз болған, бірақ жұмысты белсене іздеп жүрген және жұмысқа тұруға дереу дайын а

12
скачать работу


 Другие рефераты
Информатика
Строение Солнца
Аудит в банке
Куприн


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ