Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Еңбекақының экономикалық мәні

рифтік тор — бұл разрядтардың және оған меншіктелінген тарифтік коэффиициенттердің арақатынас мәкілі. Тарифтік тордағы разрядтардың саны және тарифтік коэффициенттер арасындағы алшақтықтар әртүрлі және олар өнеркәсіптің әртүрлі саласында орын иемденген нақты ерекшеліктермен және бөлінісінің дәрежесімен анықталған.
Өнеркәсіптің көпшілік салаларында жұмысшының біліктілігіне тәуелді саналатын, алты разрядты тарифтік торды қолдану ұсынылған.
Мамандарға, қызметшілерге және басшыларға еңбекақы төлеу кезінде лауазымды жалақының жүйесі қолданылады. Лауазымды жалақы қызметкерлердің атқаратын қызметтеріне байланысты бекітілген еңбекақының абсолюттік еңбек мөлшері.
Еңбекақы деңгейі негізінен мына төмендегі факторларға байланысты:
♦ Кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің нәтижесі, оның тиімділік деңгейі;
♦ Кәсіпорынның кадр саясаты;
♦ Аймақта, облыста мамандықтары сәйкес келетін қызметкерлер арасындағы жұмыссыздық;
♦ Мемлекет, кәсіподақ және бәсекелестердің ықпалы (әсері);
♦ Қоғаммен байланысты кәсіпорындардың жалпы хал-ахуалы.
Кәсіпорында еңбекақы жүйесін дұрыс ұйымдастыру, қызметкерлердің еңбектің түпкі нәтижесіне ең қолайлы ынталандыруға, олардың еңбек нарығында бәсекелестік, қабілетін қамтамасыз етуге, тиімділік деңгейін анағұрлым арттыруға жағдай жасайды.
Еңбекақыны үйлесімді түрде үлестеуді ұйымдастырудың мақсаты — кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің жалпы нәтижесінде қызметкер қабілетінің қосқан еңбек үлесіне сәйкес келуін қамтамасыз ету, яғни еңбек өлшемі мен тұтыну өлшемінің арасында сәйкестік орнату.
Еңбекақыны ұйымдастыру

Еңбекақыны ұйымдастырудың негізгі принцптері:
♦ Төлемнің еңбектің саны мен сапасына сәйкес келуін қамтамасыз ету;
♦ Еңбекақының кәсіпорынның салалық немесе аймақтық қатыстылығына, еңбек шарттарына, қызметкердің біліктілігіне қарай саралау;
♦ Нақты еңбекақыны жүйелі түрде көтермелеу, яғни, жалақының номиналды мөлшерін инфляцияға сәйкес арттыру;
Еңбек өнімділігінің өсу қарқыны еңбекақының орташа өсу қарқынынан жоғары болуы.
Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудың негізгі элементтері:
♦ Еңбекақы қорын қалыптастыру;
♦ Еңбекті нормалау;
♦ Тарифтік жүйені сақтау;
♦ Еңбекақы жүйесін және оның негізгі нысандарын анықтау.
Еңбекақы қоры еңбекақының және әлеуметтік сипаттағы төлемдерді қамтамасыз ету үшін белгіленген қаржы көздерінің болуын көздейді.
Еңбекті нормалау ең алдымен еңбектік сапасын бағалауға, сонымен қатар қызметкерлердің кәсіпорын қызметінің жалпы нәтижесіндегі үлестерін есепке алуға мүмкіндік береді.
Тарифтік жүйе нақтылы еңбек түрлерінің өлшемі, ол әртүрлі еңбектің күрделілігі мен орындалу шарттарын бақылап отырудың негізі.
Тарифтік жүйенің негізгі элементтері:
■ Тарифтік кесте кәсіпорынның салалық қатыстылығына және жұмыс разрядын есепке алғанда еңбекақыда саралауды белгілеу;
■ Тарифтік ставка — бірінші разрядты еңбекке тиісті көлемнің абсолютті шамасын уақыт өлшемімен анықтау (күн ,сағат);
■ Тарифті-біліктілік анықтамасы, күрделілігіне қарай әр алуан жұмыс түрлерінің тиісті топтарға жіктелуі;
■ Еңбекақының аудандық көрсеткіштері — әр алуан табиғи-климаттық ерекшеліктеріне қарай өмір құнының өтем айырмашылықтары;
■ Қоса атқарылатын кәсіби қызметке үстеме төлем — қызмет көрсету аясын кеңейтуге, кезектен тыс жұмыстарға, мереке және демалыс күнгі жұмыстарға, зиянды, екінші және үшінші ауысым жұмыстарына және басқаларға тарифтік ставкалар бойынша қосымша төленетін төлемдер.
Еңбекті тарифтеу және тарифтелу разрядының, қызметкерлерге иемденіп кетуі қызметкердің біліктілігіне, ұсынылған талаптарымен көрсетілген.

1.2. Еңбекақыны жоспарлау және реттеу.
Нарық жағдайында тауар ретінде еңбек өнімінің нарығы мойындаған еңбекақы төлемі жұмсалған шығындарға емес, еңбектің нәтижесіне төленеді. Тауарларды өткізуден түскен қаражаттар тауар өндірушілердің еңбегінің саны мен сапасын бағалаудағы және олардың жеке табыстарының негізгі көін бағалаудағы жоғарғы белгі болып табылады. Қазіргі уақытта, Қазақстанда еңбекақыны реформалау (өзгерту), мемлекеттің кепілделген ең қысқа күнелту деңгейін қамтамасыз етумен және ақы төлеудің жоғарғы деңгейінен, шектеулерді жүйелі түрде алып тастаумен байланысты. Еңбек қатынастарын реттеудің нормасы болып тарифтікі келісімнің және ұжымдық келісім-шарттың негізінде жасалған жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың арасындағы, жұмысшылар мен қызметшілердің арасындағы еңбекақы төлеу бойынша келісім-шарттың қағидасы табылуы керек.
Реформада міндетті төлемге жататын мемлекеттік әлеуметтік норматив тәрізді еңбекақының ең аз мөлшері бекітілген. Ең төменгі еңбекақы ең төменгі тұтыну бюджетінің негізінде тағайындалады және әлеуметтік факторларға байланысты сараланады.
Ең төменгі еңбекақының экономикалық мағынасы өнімді еңбектегі және жұмыс күшін ұдайы өндірудегі жұмысшының қабілеттілігін қолдануды білдіреді. 1992 жылдан бастан экономиканың барлық салаларына бірыңғай тарифтік тор еңгізу керек туралы еңбекақыны төлеудің сұрақтарымен Үкімет қанша айналысса да, еңбекақы ұйымдастырудағы кемшіліктердің пайда болуы заң және нормативтік актілердің жоқ болуына байланысты. Әрине, мұнымен барлық мәселе шешіле қоймайды, сондықтан еңбектің мәртебесін көтеретін, мамандардың және ғалымдардың бірлескен күштерінің көмегімен еңбекақының жолдарын дұрыс анықтай аламыз.
Еңбекшілер табысын кепілденген деңгейін қорғауды жүзеге асыратын бірыңғай тарифтік тор еңбекақы төлеу реформасының негізі болып табылады.
Осының нәтижесінде, оның базалық бөлігі болып, халық, шаруашылығының саласындағы әрбір жұмысшыға кепілденген минималдық еңбекақы табылады. Еңбекақының екінші бөлігі (бонустар, өтемдік және тағы да басқа төлемдер) ұйымдарда, кәсіпорындарда және салаларда балдық жүйемен бағаланатын, разрядқа, біліктілік топқа, атаққа және дәрежеге байланысты, жұмысшылардың еңбек стаждарына, біліктіліктеріне, қабілеттіліктеріне және қолда бар ақшалардың мөлшеріне байланысты төленеді.
1993 жылдың 1-қаңтарынан бастап, бірыңғай тарифтік тор халық шаруашылығындағы кызметкерлердің барлық дәрежесіне қосылған болатын.
Бірыңғай тарифтік тордағы бірінші разрядтағы жұмысшылардан бастап, басшылардан аяқталады, қызметкерлерінің разрядтарының тарифтік коэффициенттерінің мәтіні көрсетіледі.
Еңбекақы төлеудің разрядтары
Бірыңғай тарифтік торда 21 тарифтік разряд бар. 21 тарифтік разряд халық шаруашылығында жұмыс істейтін барлық қызметкерлерге таратылады. 21 тарифтік разряд шаруашылықтағы жүргізу нысанына, меншік нысанына және бюджеттік ұйымдарға тәуелсіз барлық кәсіпорындарға арналған:
♦ 1-8 разрядтар бойынша — жұмысшыларға төлем;
♦ 6-15 разрядтар бойынша-сызықтық қызметкерлер;
♦ 4-11 разрядтар бойынша — орта білімді мамандар;
♦ 7-15 разрядтар бойынша-жоғары білімді мамандар
♦ 10-20 разрядтар бойынша — кәсіпорынның басшылары, бөлімдердің, функционалдық қызметтердің басшылары;
♦ 9-21 разрядтар бойынша — ғылыми қызметкерлер.
Жұмысшылардың дәрежесі халық шаруашылығының барлық саласындағы еңбек процесінде орындалған жалпы қызметтердің бағдарына байланысты болған соң, жұмысшылардың дәрежесі бір топта көрсетіледі.
Қазақстан Республикасындағы бюджеттік салаларындағы қызметкерлердің еңбекақыларына арналған бірыңғай тарифтік тор қызметкерлердің дәрежесін, міндетін, разрядтар санын (21) және разрядтарға қатысты тарифтік коэффициенттерін көрсете отырып, әр түрлі топтардағы қызметкерлердің еңбекақысындағы ара-қатынастардың мәтінін көрсетеді.
Тарифтік торға тарифтік коэффициенттердің абсолюттік және салыстырмалы өсуі, разрядтардың саны және диапазон (ауқым) жатады.
Қазақстанда экономикалық реформаны жүргізу кезінде, кәсіпорындарға еңбекақы төлемдерін өздері еркін реттеген. Мемлекеттің бюджет саласындағы қызметкерлерге еңбекақы төлеу бойынша бірыңғай тарифтік тор көрсетілген. Еңбекақы күрделі еңбекті жақсы ынталандыру үшін, кәсіпорындарда жауапкершіліктің деңгейі, орындалатын жұмыстың күрделілігі, қызметкердің біліктілігі және еңбекақының деңгейі арасындағы тікелей байланыстарды орнатқан.
Сонымен Қазақстанның қазіргі жағдайында, еңбекақыны реттеудің және жоспарлаудың сұрақтарын шешуде мына есептерге көңіл аударылуы қажет:
■ Кәсіпорынның нарықтық қызметінің және оның пайдалылығының нәтижесі;
■ Кәсіпорынның кадрлық саясатының есебі;
■ Мамандыққа байланысты қызметкерлердің, арасындағы, облыстар, аймақтар арасындағы жұмыссыздықтың деңгейі;
■ Кәсіподақтардың бәсекелестердің және мемлекеттердің әсерлері;
■ Байланыс саласындағы кәсіпорындардың саясаттары және т.б.
Кәсіпорындарды еңбекақыны төлеуді оңтайлы ұйымдастыру қызметкерлердің қызметін және еңбектің^ нәтижелерін ынталандыруға, өнімнің рентабельділігін және пайдалылығын, дайын өнім және еңбек нарығының бәсекеге кабілеттілігін қамтуға мүмкіндік береді.
Еңбекақы төлеудің оңтайлы үйымдастырылуының мақсаты — кәсіпорынның шаруашылық қызметінің, нәтижесіндегі қызметкердің еңбектік салымы мен еңбекақы төлеу шамасының арасындағы сәйкестілікті қамтамасыз ету,^ яғни тұтыну шамасы мен еңбек шамасы арасындағы сәйкестікті бекіту. <
Көптегенқазақстандық кәсіпорындарда еңбекақы төлеуді үйымдастыруының негізіне мынадай басты қағидалар тиісті: ( tk Еңбектің саны мен сапасына байланысты еңбекақыны жүзеге асыру; (
fk Кәсіпорынның салалық және аймақтың
кажеттіліктеріне, еңбек жағдайына, қызметкердің^ біліктілігіне байланысты еңбекакыны саралау; t^ Нақты еңбекақының ретті жоғарылауы, яғни көрсетілген еңбекақының өсу қарқыны кезінде инфляциядан жоғарылап кетуі;
fk Еңбек өнімділігі өсу қарқынының орташа, еңбекақының өсу қарқынынан артып кетуі.
1.3. Қазақст

12345След.
скачать работу

Еңбекақының экономикалық мәні

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ