Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Еңбекақының түрлері мен нысандары



 Другие рефераты
Каспий бассейніндегі теңіз порттарының қызмет етуінің Қазақстандық және халықаралық тәжірибесі Арнайы экономикалық аймақтардың пайда болуы және қалыптасу мақсаттары Еңбекақы есебі Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытын пайдалану есебі

Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі және қосымша деп аталатын екі түрге бөлінеді.

     Негізгі еңбек ақы -  жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқаратын қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төмендегі аталғандар жатады:

     1.  Мерзімді және кесімді еңбекақы.

     2.  Сыйлықтар мен сыйақылар.

     3.  Үстеме сыйлықтар.

     Қосымша еңбекақыға — еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады. Бұндай төлемдер қатарына:

     1.  Жұмысшылар мен қызметкерлердің  еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер.

     2.  Жұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарды атқарғаны үшін төленетін төлемдер.

     3.  Жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы тамақтандыру үшін берілетін үзілістерге төленетін төлемдер.

     4.  Жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төленетін төлемдер.

     5.  Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсіз жұмыстың тоқтап қалған  уақытына төленетін төлемдер.

     6.  Тегін көрсетілген немесе тегін берілетін қызметтер мен заттың құны.

     7.  Жоғары немесе арнаулы оқу орындарында және басқа да мамандығын көрсету курсына жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлемдері.

     8.  Әскери жиындарға қатысқаны үшін сондай ақ демалыс күндері кезекшілік атқаратын адамдарға төленетін төлемдер және тағы да басқалар жатады.

     Өндіріс пен құрлыста халық шаруашылығының басқа да салаларында еңбекақы есептеудің және оны төлеудің мерзімді және кесімді деп аталатын екі нысаны қолданылады.

     Мерзімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеген уақытына, сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнм өндіргені немесе өндірмегеніне қарамастан, яғни оның жұмыста болған уақытына төленеді. Мерзімдік еңбекақы өндірген өнімі мен істеген жұмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес болып есептелетін  инженерлік техникалық жұмыстағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуге енгізделген.

     Кесімді еңбекақы -  жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатына қолданылады. Еңбекақы есептеудің және төлеудің кесімді түрін қолданғанда жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті еңбекақы, оладың өндірген өнімінің көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған яғни белгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады. Кесімді баға белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп белгіленеді.

скачать работу


 Другие рефераты
ЭЕМ-нің құрамы
Коммерческо-посреднические организации рынка
Гипотезы о природе шаровой молнии
Үстеме шығыстарды бөлу ставкаларын есептеу және пайдалану


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ