Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Арнайы экономикалық аймақтардың пайда болуы және қалыптасу мақсаттары



 Другие рефераты
«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймақ аумағындағы қызметтерді ұйымдастыру Каспий бассейніндегі теңіз порттарының қызмет етуінің Қазақстандық және халықаралық тәжірибесі Еңбекақының түрлері мен нысандары Еңбекақы есебі

Нарықтық экономиканың қалыптасуы мен дамуы экономикада оффшорлық орталықтардың пайда болуына әкелді. Соңғы 10 жылдықта аталмыш орталықтардың қаржылық активтері айтарлықтай өсіп, экономикасы дамыған елдерде ғаламдық бизнеске айнала бастады.  1970 жылдары оффшорлық аумақтарға шетелдік капитал салымдары 6,7 млрд. долларды құраса,  1983 ж олар  50 млрд. долларға жетті және осы жағдайда АҚШ капитал салымдарының жалпы көлемі бүкіл әлемде 227 млрд. долларға жетті. Айта кету керек, бұл жерде  1970 ж. АҚШ – тың типтік типтік трансұлттық компаниясы елден тыс жалпы пайданың 10-20 пайызы көлемінде табыс тапты, ал бұл көрсеткіш 1995 ж шет елдік филиалдар есебінен 50 пайызға дейін жетті. [7]

Дүниежүзілік экономикалық бағыттың либералдануына, сөйтіп қарым-қатынастардың жаһандануына байланысты арнайы экономикалық аймақтар құру идеясы әлемнің дамыған және дамушы елдерінде кең таралып отыр. Шетел тәжірибесі көрсетіп отырғандай, өндірісті әртараптандыру, жұмыспен қамту, экономикалық, ғылыми-техникалық даму мақсаттарындағы АҚШ-тың – “Силикон-Веллс”, Ирландияның – “Шеннон”, Бразилияның – “Манаус”, ҚХР-дың шет аумақтарындағы және РФ-ның “Липецк” арнайы экономикалық аймақтары дамуы жағынан артта қалған өңірлерде құрылған.

Экономиканы әртараптандыру, жоғары технологиялық және экспортқа бағытталған өнімдер шығару, инвести­ция тарту, жаңа өнімдер түрлерін игеру мақсатында Президент Жарлығымен 2002 жылғы 26 сәуірде Маңғыстау облысында “Ақтау теңіз порты” арнайы эко­номикалық аймағы құрылып, ол 2015 жылға дейін қызмет етуге тиіс болатын.

Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде 17 жылдан бері халықаралық экономикалық бірлестік жетегінде бола отырып сыртқы экономикалық қызметті құқықтық реттеу аясындағы интеграциялық процестерден шет қала алмады, яғни оффшорлық бизнес механизмдерінің бір бөлігі отандық заңдылықтарда көрініс тапты.

Оффшорлық белгілерді қарастырмастан бұрын оффшорлық белгілері бар оффшорлық қызмет субъектілеріне сипаттама берейік.[42]

Оффшорлық қызмет субъектілері – арнайы территориялық бірлестік заңдылықтарына сәйкес құрылған салық салудың жеңілдетілген режиміне негізделген және ұйымдастыру-құқықтық міндеттемелерді орындаудың жеңілдетілген режиміне сай қызмет ететін тұлғалар, бұлар көбінесе корпоративтік құрылмыдағы заңды тұлғалар.  Сәйкесінше салық салудың жеңілдетілген режимі «резидент емес» немесе басқаша жеңілдік статустарына сай инкорпорация территориясында шаруашылық қызметін шектеп жүргізуімен сипатталады.  Ұйымдастыру-құқықтық міндеттемелерді орындаудың жеңілдетілген режимі тіркеу, басқару, валюталық бақылау және оффшорлық қвызмет субъектісінің есептілігімен сипатталады.

Оффшорлық қызмет түсінігіне ең жақын мазмұндағы сәйкестік отандық тәжірибеде Арнайы экономикалық аймақтар арқылы қарастырылады.

Арнайы экономикалық аймақтардың пайда болуы туралы идеялар ағылшындық П. Халла мен С. Хоуль, сондай-ақ американдық С. Бутлер есімдерімен байланысты, олар әртүрлі кризистік жағдайларды мемлекеттің араласуы ірі өнеркәсіптік орталықтарды экономикалық төмендеуден сақтай алмайды деген пікірді жақтаған. Олар экономикалық және саяси әсер теудің дәстүрлі шаралары ретінде осы аумақтарда қызмет етуші кәсіпкерлерге жеңілдіктер қарастырады. Классикалық оффшорлық аумақтарда бірінші қадам салық жеңілдіктьерін беру және ел территориясында әрекет ететін басқа да әкімшілік-валюталық шектеулерді алу болды.

Өткен күн тұрғысынан қарағанда әлемдік шаруашылықта арнайы экономикалық аймақтардың пайда болуы әлемдік экономиканың ғаламдану процесімен байланысты жаңа экономикалық көзқарастар мен тенденцияларды қалыптастырды. [25]

Енді арнайы экономикалық аймақтардың дамуыныі тарихи аспектлерін қарастырайық:

Арнайы экономикалық аумақтардың дамуы өткен жүзжылдықтың 70 жылдарынан басталады, көптеген елдерде шаруашылық жүргізудің жеңілдетілген жүйесі арқылы экономикалық өсу байқала бастады.

Арнайы экономикалық аймақтардың құрылу мақсаты:

  • Инвестиция тартуға жағымды жағдайларды қалыптастыру;
  •  Аудандарды дамытуды жеделдету;
  •  Нарықтық инфрақұрылым мен кәсіпкерлікті дамыту жағдайларын қалыптастыру;
  •  өндіріс пен сауда, қазіргі жетілген технологияларды, әлемдік озық тәжірибелерді пайдалану.

Арнайы экономикалық аймақ – капиталды инвестициялау және экономиканы дамыту үшін жағдай туғызатын шетел және отандық кәсіпкерлерге ерекше экономикалық жеңілдіктері бар ұлттық-мемлекеттік шектелген аумақ бөлігі. Арнайы экономикалық аймақтар ішкі сауда, жалпы экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық мәселелерді шешу үшін құрылады.

Арнайы экономикалық аймақтар алғашқы сатыда жеңіл және тамақ өнеркәсібіне бағытталды, бұл салалар капитал салымдарын айтарлықтай қажет етпейді және нәтижесін тез көрсетеді.  Сонан соң арнайы эконмикалық аймақтардың дамуы басқа салалардан да көріне бастады, оның ішінде шикізаттық сектор да көрініс тапты. Айта кету керек, құқықтық режимдегі айырмашылық елдің басқа аймақтарымен салыстырғанда аталған аймақтарда басқаша. Бұл айырмашылықтар жеңілдіктерде, елдің қалған территориясындағы шектеулерде, мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын құқықтық реттеуден көрінеді.

Арнайы экономикалық аймақтардың мамандандырылуына сай көптеген арнайы экономикалық аймақтарға тән құқықтық реттеудің төмендегідей механизмдері бар::

  • Белгілі жағдайларға сәйкес белгіленген мерзімде инвесторларды толық және ішінара салықтан босату;
  • өнім шығару, құрылғылар мен шикізаттар тасымалын кедендік төлемдерден босату, бұл принцип қазір кеңірек қолданылады, арнайы экономикалық аймақтар кедендік территория ретінде қарастырылмайды.
  • Либералдық валюталық режим, шетелдік инвесторлар табысына валюталық және салықтық шектеулердің жоқтығы;
  • Тіркеу, есептілік және басқа да нысандардың  жеңілдетілуі;
  • Сәйкес өкілеттілік шеңберінде аймақта арнайы басқару органдарын құру;
  • Ғимарат пен жерді жалдауға, әртүрлі қызмсеттерге жеңілдетілген тариф; -Аймақтағы іскерлік белсенділікті қамтамасыз ету үшін сәйкес инфрақұрылымды қалыптастыру.

Еркін кеден аймағы — бұл тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі  талаптардан басқа, импортталатын тауарлардан акциз алуды қоспағанда, кедендік баждар, салықтар алынбастан, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан шетелдік және қазақстандық тауарлар арнайы экономикалық аймақтың тиісті аумақтық шекараларында орналасатын және пайдаланылатын кедендік режим.[16]

Еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастыруға рұқсат етілетін тауарлар. Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына қол жеткізу үшін  қажетті тауарларды, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, арнайы экономикалық аймақ аумағына еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастыруға рұқсат етіледі. Арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына қол жеткізу үшін  қажетті тауарлардың тізбесі Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес бекітілетін арнайы экономикалық аймақ туралы ережемен белгіленеді. Еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарлармен жүргізілетін операциялар.

Еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған  тауарлармен операциялар арнайы экономикалық аймақ туралы ережемен белгіленген тізбе бойынша жасалады. Тауарлардың еркін кеден аймағының кедендік режимінде болу мерзімі.  Арнайы экономикалық аймақ жұмыс істеген жағдайда тауарлар мерзімдері шектелместен еркін кеден аймағының кедендік режимінде бола алады.

Арнайы экономикалық аймақ таратылған жағдайда, қайта өңдеу жөніндегі операциялар жүргізілген және арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына жету үшін пайдаланылған тауарларды қоспағанда, бұрын еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарлар Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалған арнайы экономикалық аймақты тарату рәсімдерін жүзеге асыру мерзімі ішінде өзге кедендік режимге мәлімделуге тиіс.

Арнайы экономикалық аймақтарда Қазақстан Республикасының кеден заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар. Кеден  органдары арнайы экономикалық аймақ аумағындағы еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарларды кедендік бақылауды жүзеге асырады.

Арнайы экономикалық аймақтардағы тауарлардың есебін жүргізу
Арнайы экономикалық аймақтарда қызметін жүзеге асыратын тұлғалар еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарлардың және олармен жүргізілген операциялардың есебін жүргізеді және кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті  орган белгілеген тәртіппен кеден органдарына олар туралы есептеме ұсынады.[16]

Кедендік баждар, салықтар алу және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану
1. Шетелдік тауарларды еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастыру кезінде импортталатын тауарлардан акциз алуды қоспағанда, кедендік баждар  және салықтар алынбайды және тауарлар қауіпсіздігі жөніндегі талаптардан басқа, тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды. Көрсетілген тауарларды арнайы экономикалық аймақтың аумағынан Қазақстан Республикасының кеден аумағының қалған бөлігіне әкету кезінде мәлімделген кедендік режимнің шарттарына сәйкес кедендік баждар және салықтар алынады және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылады.

2. Еркін кеден аймағының кедендік режимінің  шарттары  мен талаптарын сақтай отырып, қазақстандық тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігінен арнайы экономикалық аймақтың аумағына әкелу, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтың аумағынан Қазақстан Республикасының қалған кедендік аумағының бір бөлігіне әкету кезінде  кедендік баждар және салықтар алынбайды және тарифтік еме

1234
скачать работу


 Другие рефераты
Витамин ТӘРІЗДЕС заттар
Первые эмансипированные женщины
Клещи
Основные схемы возбуждения ЭЭЛ


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ