Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ер Жәнібек

жетерсің” дегені ежелгі қонысы Алтай тауын айтқаны. Бұл жерге 550 жылдан кейін Абақ керейлер осы Жәкеңнің салмақты саясатының арқасында қайта қоныстанды. Алғаш бала Жәнібекті батасын беріп, жауға аттандырған да осы Қазыбек би екен. Тағы бір қалмақтармен болған қақтығыста елмен бірге жауға аттанбақ болған Жәнібекті нағашы атасы Қазыбек тоқтатып: “Қарағым, елің өрде жатыр, олар сені құттының басы, елдігінің оты деп ойлайды. Жассың жауға шаппа. Жазым боларсың. Қасымда бол” дейді. Сонда бала Жәнібек, “Желкілдеген тудан, жер қайысқан қолдан қалатын, мені от айналған көбелектей көрдіңіз бе?” – деп шығып кетіпті.

Сонда Қазыбек би мынаның көк бөрісі ұстаған екен, батамды берейін деп шақырып алыпты:

 

                           Жол басқарсаң, жолың киелі болсын,

                           Ел басқарсаң, қолың киелі болсын.

                           Көк бөрің қолдасын, – деп бата беріпті.

 

Осылай Жәнібек батырдың алғашқы сайысы қалмақ батыры Сәдірмен болған жекпе-жегі. Бұл туралы  “Ер Жәнібек” жырында:

 

                           Жәнекеңнің мінгені,

                           Бөктергелі көк дөнен.

                           Келе жатқан Сәдірге.

                           Қарсы бір тұрды көлденең, – деп жырланса, ендігі бір қиссада:

 

                           Жәнекең жаудың алды жекпе-жегін,

                           Кешпеді ата-баба қаны тегін.

                           Асқынған, Сәдір сұмды қанға бояп,

                           Дариғай-ай, қайтты алғаш кеткен кегім, – деп жырланады.

 

Жәнекең батырлығының сыртында ел басқарған би болып, не бір дауға түсіп, нашарға теңдік әперіп отырған. Атақты жазушы М.Әуезовтың қолжазба қорында сақталған, бертінде “Абай” журналына жарияланған мақалада: “Абайдың атасы Өскенбай керей Ер Жәнібек батырдың қызы Ермектен туады. Кішкентай кезінде Өскенбай қатты ауырып, оның амандығы үшін бір құрсақтан туған Мырзаханды Өскенбайдан айналдырып садақа етпек болады. Ермек бәйбіше: баладан баланың артықшылығы жоқ, қойыңдар дейді. Осы оқиғаға куә болған Жәнібек батыр: егер Мырзахан адам болса, осы Өскенбайдың арқасында адам болар. Өскенбайдың көзінде біздің тұқымға тартқан от тұрған жоқ па?” депті. Сол сияқты тарих ғылымдарының докторы А.Тоқтабаевтың мына бір естелігінде ескерген жөн сияқты: “Ұлы Абайды кемсітпек болған ауылдың қужақ шалдары: Абай сенің атаң шөккен түйеге міне алмайтын момын деседі. Осы даналық саған қайдан қонған – дейді. Сонда Абай қазақта әрі шешен, әрі би, әрі батыр екі адам болған. Бірі кіші жүздегі Сырым Датұлы, екіншісі менің үлкен нағашым керей Ер Жәнібек. Осы нағашымнан қонған қасиет болар, – деген екен”.

Жәкеңнің қартайған кезінде іргелі ру Найманның тұмасы Шынқожа батыр бірде Керейдің сегіз азаматын мерт етіп, есе бермей кетсе керек. Бұған күйінген Жәнібек батыр Шынқожаның ауылына келіп, қазақша құшақ айқастырып тұрып:

 

                             Ашамайлы Абақпен егізімді,

                             Қайтып қиып өлтірдің сегізімді.

                             Шығарайын деп келдім лебізімді, – деп Шынқожаны құшақтаған бойы қысып-қысып жіберген көрінеді. Құшағынан әзер босанған Шынқожа құн беріп, екі жақ разы болыпты.

Ер Жәкең Қаракерей Қабанбай батырдың майдандас серігі болған. Тағы бір тарихи деректе “Қабанбайдың ең бір жақсы көрер батырлары Керей Жәнібек пен Бәсентиін Малайсары болған” деп атап өтеді.

Үмбетай жырау Абылай ханға Қанжығалы Бөгенбай батырдың қазасын естірту жөнідегі толғауында орта жүздің бес тірегі деп мыналарды айтып өтіпті:

 

                             Аруағыңа болысқан,

                             Әділ билік қылысқан.

                             Қашпаған қандай ұрыстан,

                             Керейде батыр Жәнібек,

                             Қаз дауысты Қазыбек.

                             Қу дауысты Құттыбай,

                             Қаракерей Қабанбай,

                             Қанжығалы Бөгенбай,

                             Абылай сенің тұсыңда,

                             Сол бесеуі болыпты-ай.

 

   Тарихшы Құрбанғали Халид “Абылай ханның дәуірінде әскер басы болған адамдар, Қабанбай, Алтынбай, Ақтанберді, Еспенбет, Матай Шөңкей батыр, Керей Жәнібек, Қанжығалы Бөгенбай, Бәсентиін Малайсары, Борақбантай батырлар” деп жазған (“Тауарих хамса”). Бір күндері Қабанбай батырдың інісі Қарақұрсақтың ауылын қырғыздар шауып, Қабекең сауын айтыпты, бұл туралы “Қабанбай батыр” жырында:

 

                  Жатушы ек елімізде сары қазы жеп,

                  Шабатығын қырғызға біз не қылып ек.

                  Намысын Қабанбайдың әперем деп,

                  Керейден іздеп кепті Ер Жәнібек, –деген жолдар бар. Жәнібек батыр өмірінің соңғы жылдары қоныс кеңейтіп, Алтайға қарай елді көшірген. Бұл көштің тағдыры көп жылдан бергі ел арманы болса керек. Осылай ел арманын арқалаған Жәнекең былай деп толғаныпты:

 

                     Күлтелі күрең тұрғанда,

                     Ер азаматым тұрғанда,

                     Көптігіне бағынбаймын.

                     Атаным сай, атым сай,

                     Балтам да сай, тесем сай,

                  &n

12345След.
скачать работу

Ер Жәнібек

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ