Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ер Жәнібек

айтамын.

Артымда белгі қалса екен деймін, қызығыңды көрсетіп, алдыңда алса екен деймін. Саған тілек тілесем, әмісе жолы болса екен деймін. Оқ алдыңнан тисе, анаңның ақ сүтін ақтағаның! Оқ артыңнан тисе анаңның қарызын жүктегенің! Әуелі қосыңды тап, онан соң досыңды тап, сен үшін тіленбеген не қалсын?! Жолың болсын! Бақытың жансын, - деп ықыласын береді. Шеру тартып кеткен қолдың соңынан күні-түні жүріп, қуып жеткен Жәнібек керей елінің қолбасшысына жолығып, сарбаздардың бірі болып қосынға қосылады.

Анасы айтқан ақылия сөз күндер өткен сайын Жәнібектің есінен мығым орын иелей береді.

Бір күні қолбасы батырдың қасында сапысын суырып, жау бүйректі қиялай турай отырып осы сөздің мәнісін сұрағанда, қолбасы тақиясын желкесіне қарай сиырып қойып, былай деп шешеді.

- Анаң ана екен ғой! Ана болғанда дана екен ғой! Оқ қайтпас қас батырдың алдынан тиеді, қашқан жанның артынан тиеді, елсіз ер болмайды, ер серіксіз болмайды!

Ақылды ананың сөзін тоқсан толғап ойланған Жәнібек өзін өмірдің өріне салып, халқымыздың ұлттық намысына, елдің иелік ұқығына арнайды, жоңғар шапқыншылықтарыны қарсы алғашқы сайыста-ақ өзін бүкіл қазақ-мұңғылға таныта бастайды.

 

ЖӘНІБЕК БАТЫРДЫҢ АБЫЛАЙДЫҢ ОҢ ТІЗЕСІНЕН ОРЫН АЛУЫ

 

Жоңғар шапқыншылықтарының қазақ даласын жаулауға мол дайындықпен, басым күшпен келген қолына қарсы аттанған Абылай басқарған қазақ қолы да қатты шайқасады. Сан жеңіліп, сан шегініп, сан жеңіп, ілгерлеудің бірінде қазақ қолы тағы шайлығып, қаша соғысады.

Өкшелей қуған жауды тосқауылдап, төтеп беріп келе жатқан қолдың ішінде Абылай да бар болады. Алды жөңкіле қашқан сарбаздардың артын соғысқа бастап кіру қиынға соғады. Оның үстіне неше күндік сайыстан қаржалған тұлпарының да аяқ алысы шабандай түседі. Осыны байқаған Жәнібек бір бүйірден ұшыртып келіп, Абылайдың алдын кес-кестеп тұра қалады да:

-Алдияр тақсыр! Атыңыз қаржалған екен, менің атыма мініп, сарбаздардың алдын тоқтатыңыз. Өйтпегенде қуған дұшпан құтқармайды. Жалғыз соғысып жау алған жанды атам қазақтан көрген емеспін, - дейді.

Бала жігіттің сөзін лайықты көргенімен, ат ауыстыруды намыс санаған Абылай:

- Атың шалымды көрінеді, менің атымнан сен барып тоқтат, - дейді.

- Тақсыр-ай, - дейді оның қатарына келген бала жігіт, - мен сен бола алмаймын, ақыратын айбатым, көпке жүретін салауатым жоқ, жаудың алдын бөгеп соғысуға қайратым ғана бар!

Қарулы қолды, жалынды сөзді жас жігітке жалт бұрылған Абылай оның сөзіне иланса да, намысын жібермей жаумен жалғыз алысуға тағы да дайындалып:

- Жас екенсің шырағым, жау басым, жазым боларсың, - дей бергенде ашуына мінген Жәнібек қылышын суырып алып:

- басыңды жауға кестіріп, қанжығасына байлатқанша, өзім кесіп әкетейін, - деп тап береді. Көзінен от ұшқындап, сөзінен ерліктің екпіні есіп тұрған жас жігіттен жасқанғанын, әлде жау жаламда жанжалды жайсыз көргенін немесе қашқан қолды тоқтат деген кеңесін орынды санағанын кім білсін, әйтеуір Абылай тұлпарын Жәнібекке беріп, бала жігіттің көк дөненін мініп, шегінген қолдың алдын тосуға бет түзейді.

Абылай кетісімен тосқауылдап соғысқан сарбаздардың бәрі ат басын бұрады, тек Жәнібек қана бірер жолдасымен кежігулеп, қаша соғысып, жаудың қара үзіп шыққан екі батырымен алма кезек жекпе-жекке шығады, екеуінің басын кесіп, қанжығасына байлағанда қуған жау қолының беті де қайтады. Жеңіс тапқан Жәнібек жолдастарын ертіп қалың қолдың соңынан келсе арт жағынан хабар тапқан ел абылайшаларын* тігісіп, жатып қалған екен. Жәнібек Абылайдың қасқа тұлпарын хан шытырының маңына байлап, өз қосын іздеп табады да, дем алады.

Ерте оянған Абылайға тотқауыл-тосқауылдары қанжығасында айдарынан айқастырып матаған екі батырдың басы бар қасқа тұлпардың байлаулы тұрғанын айтады, арғымақты алдына әкелдірген Абылай:

- Жарайды! Жарайды! Бекер адамның басы емес! Жаудың да тауы құлап, еңсесі түсіп тоқтаған екен ғой! Мына көк дөненнің иесін тауып әкеліңдер! - деп бұйырады. Абылайдың тотқауылдары ат иесін іздеп жүріп, абақ керейдің қосынан тапқанымен керейдің қосбасылары:

- Ханға сәлем айт! Батыр ұйықтап жатыр, әлі оянған жоқ – деп жауап беріп қайтарады.

Екінші рет Жәнібекті шақыра барған тотқауылдар айғайға «батырдың үш түрлі тілегі бар екен, соны орындаса барады» деген қос басыларының жауабын апарады. Мұны естіген Абылай:

- Бәсе солай болар. Жау жағадан алған күн ерлерден ұйқы қалған күн емес пе? – деп қасындағы ақылшы санаттары мен бас батырларына «сендер не дейсіңдер?» дегендей сұрақ сала қарайды. Жаңа оқиғаға құлақ түріп, жүрек жұтты ерлікті аңыз етіп, жас батырды көргісі келген топ:

- Жарлық сізден тақсыр, бірлікті қорғап, батырды қолдаймыз, - деседі. Кәмшат бөркін алшита киген Абылай:

- Келсін мұнда, айтсын тілегін! – дейді.

Тотқауылдан бұл сөзді естіген Жәнібек керейдің қосбасыларын ертіп, Абылайдың алдына келіп:

- Алдияр тақсыр! – деп тағзым етеді.

Санаты мен сардарын қасына алып, алтын тонын желбегей жамылған Абылай:

- Жау жаламда ер қанаты атыңды көлденең тартып ең, мен жасақтың алдына кеткенде жауды тосатыныңды қабағыңдағы қара бұлттай ашуыңнан танып ем, артта қалатыныңды, жауды алатыныңды біліп ем. Жауымның сағын сындырып, сол ойымнан шықтың. «Хан алдының әділдігі – елінің ұйытқысы» - деуші еді бұрынғылар, арман тілегіңді айт, айтсаң арылтып айт, - дейді.

Абылай Жәнібектің ерлігіне ерекше сүйінеді. Екінің бірінде бола бермейтін мұндай ерлікті көргенде қолын жинап соның алдында жар салып батырды мадақтау хандардың ежелгі салты ғой. Әрі ержүрек қолбасы әрі өз заманының саясатшысы Абылайдың батырларды жұрт алдына дәріптеуі тікелей өз жан дүниесінің сүйініші болса, тағы бір жақтан тұрақты жасағы жоқ көшпенді елдің хандары қажетті жасақты әр рудан жинатып алып, жайшылықта батыратып жіберіп отыратын, бұл жұмысты Қабанбай, Бөгенбай, Малайсары, Өтеген секілді батырларға сүйеніп істейтін. Саны аз, салауатты осы азаматтар әр рудың алтын діңгегі ғана емес, ел билеген Абылайдың хан ордасының да алтын діңгегі еді.

Бұлан мен Балқанның арасында кіндік кесіп кір жуып, қай жерінің жазы шықса сол жерді мекендеп келе жатқан халықтың ішкі алауыздығы мен дау-шары да осы адамдардың кеңесімен бітетін. Сондықтан, Абылай хан өзінің хандығын бекемдеу үшін Жәнібек секілді адамдарды іздеп тауып, қолға ұстайтын, олардың ерлігін асырып, төрт қыбылаға шашатын. Мынау ретте де бар санаты мен қолбасы сардарының алдында жас батыр Жәнібектің әз ісін көптей көріп, мадақтап шығады.

Жас жігіттің ерлігі, Абылайдың оған көрсеткен сый құрметі ертең-ақ жалпақ қазақ елінің түкпір-түкпіріне тарайды, ерлік талай жастың ой-қиялын жебеп, жігерін ұштайды. Абылай хан сол үшін де ер азаматтың майдандағы абыройын асырып, барлық қолдың алдында жариялап, оның ата-мекенін қорғап көрсеткен ерлігін дәріптейді.

- Батырым, - дейді Абылай Жәнібектің ата жөнін сұрап болғаннан кейін арқасына қағып, - үш тілегім бар дейсің, сол тілегіңді айт.

- Тақсыр, - дейді Жәнібек, -біз абақ керей деген ел едік, ер Қосайдың елінде Сарыарқаның белінде, өр Алтайдың төрінде, қазаққа қорған боламын деп хан Шыңғыстың жолын кескен, сауытын жырытқан ел едік. Амал-айласы асқан Шыңғыс қапияда ханымызды өлтіріп, иесіз қалған елімізді торғайдай тоздырып, шаңырағымызды шағып, ошағымызды сындырып, күл төккен топырағымыздан қуған, сол тозғаннан қазірге дейін еңсе көтере алмай келеміз. Енді сіздің заманыңызда ел қатарына келіп, оң тізеңізден орын алсақ дейміз.

Сонда зерделі жігітті байымдаған Абыалй хан:

- Сендей ер туған елге оң тізесінен орын бермеген ханда әділдік бола ма? Тағы бір тілегіңді айт дейді.

- Абақ деген елім деп оң тізеңізден орын бергеніңіз рас болса, сарбазымызды жиып, сардарымды сайласам деймін, найзамды өткір қайрап, жау алдында ойнасам деймін.

Абылай Жәнібекті арқаға қағып, ел бастайтын ер азаматының сөзіне сүйініш білдіріп:

- Тілегің Алла алдында қабыл болсын! Үшінші тілегіңді айт? – дейді.

- Анамыз Абақ желкілдеген желегі, ту көтерген ел еді. Енді сардар сайлап, жасақ жасағанда түскен төбеме, шыққан тауыма қадайтын туымды белгілеп беріңіз, - дейді Жәнібек. Қалың қолдың алдында Абылай үш құлаш қара тамақ найзаға сапталған, ені төс жара, қызыл сары жібек шашақты қытай ақ торғынынан жасалған үлкен туды ұсынады.

Ақ боз атқа мініп, сауытының сыртынан ақ жымылып тұрған Жәнібек туды қолына алады. Абақ керей: «Тар жол тайғақ кешуде жанымызды құрбандыққа берсек те Жәнібектің алдынан кесе өтпейміз» деп ант береді.

 

АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ЖӘНІБЕКТІ СЫНАУЫ

 

Жас батыр Жәнібектің жау алдындағы қайраты аңыз болып, ел ішіне тез жайылады да, Абылай хан оны жете сынамақ болады, сол ойдың орайы бораны күркіреп, жаңбыры сіркіреп бір күннің түніне тура келеді.

Жорыққа аттанған Абылайдың қалың қолы нөсерлі қою қараңғы түнді жамыла иендегі ағаш бейіттен бірер шақырым өтіп барып түседі. Күз аспаны сағымша құйылып, бір ашылып, бір түнеріп, нөсер бірде құйып, бірде толастайды. Қолын тоқтатып, шатырын тіккен Абылай Жәнібекті шақыртып алып:

- Мына жігіттер су соқты болып малшынып, жол соқты болып шалдыққан көрінеді. енді бүгесінен жатып шігесінен кетуге бейіл секілді, - дейді. «Хан шынымен-ақ қайрандап қалғаны ма?» деп ойлаған ақ еділ жанды, аңғал батыр:

- Қан майданда өлсек шаһид дер еді, қарап жатып өлгеннің не жөні бар? Бірақ, түн қараңғы, отын табар жер қинайды бізді, - дейді шын қайрандап.

- Ендеше отын іздеп таба алмассың, бағанағы жолдағы ағаш күмбезді қоапарып алып кел, - дейді Абылай.

Екі жолдасына бір түйені жетелете жөнелген Жәнібек аялдамай бейіт басына жетіп келіп, күмбе

Пред.678910
скачать работу

Ер Жәнібек

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ