Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ерлік пен елдіктің киесі

ді. Біреулер, дәурені өткен билеуші бір кезде өзі тұтқыннан босатқан орыс падишасына барып бас сауғалады деседі.

Не де болса, Ұлы Мұхамбеттен соң Алтын Орданың қайтадан басы құралады деген үміт азайып, оның орнында пайда болған ең үлкен Хандық – Қыпшақ хандығының өзі тоз-тоз боп ыдырай бастады. Кіші Мұхамбет Дон мен Жайық арасына оған шектес Шибан, Түмен хандықтарына ықпал жүргізе алды. Сейдахмет хан Днепр мен Дон арасын, Ұлы Мұхаметтің аталас інісі Хажы Герей Дон мен Қырым арасын биледі. Ұлы Мұхамбеттің үлкен ұлы Махмутектің үлесіне Самарадан Сура өзені аралығындағы өлке тиді. Ол өз ұлысына бір кезде қирап қалған Қазан қаласын астана етіп, қайтадан қалпына келтіре бастады.

Махмутек кенже інісі Қасыммен араз болды. Қасым Мешерде қалып өз хандығын құрды. Қалған бауырларының қысастығынан қауіпсіз болу үшін орыс падишасымен ықпалдасты. Махмутек бар болғаны үш жыл билік құрды. Оның орнына келген Ибрагимді Қазанның түпкілікті тұрғындары ұната қоймады. Қазан шонжарлары Қасымды таққа шақыруды қолай кәрді. Бұл Қазанның саяси өміріне Мәскеу ықпалының араласуына жол ашты. Қайтыс болған Василий Васильевичтің ұлы Үшінші Иван Қазан тағына өз одақтасын апару үшін Ибрагим ханға қарсы соғыс ашты. Екі жылға созылған соғыс Ибрагимді жеңілуге мәжбүр етті. Бейбіт келісім жасалып, Ибрагим Руське қарсы әрекеттерден тиылуға уәде берді. Бірақ, ол араға тоғыз жыл салып, Вятка шабуыл жасады. Тағы да жеңілді, Қазандағы алауыздық қайта қозды. Біреулер таққа Ибрагимнің үлкен ұлы Әлиді, біреулер екінші ұлы Мәмет Әминді қойғылары келді. Ноғай Ордасының араласуымен Әли таққа отырды. Жеңілген Мәмет Әмин Үшінші Иванға барып паналады, Кашир қаласын иеленді. Үшінші Иван әлдеқандай сылтау тауып, 1487 жылы соғыс ашып, Қазанды үш апта бойы қоршауға алды. Әли жеңіліп, берілуге мәжбүр болды. Ол Вологдаға жер аударыдды, таққа Мәмет Әмин отырды. Бұл хан орыс падишасының айтқанынан шықпады. Әйел құмар болды. Соның салдарынан шонжарлармен тіл табыса алмады. Олар 1496 жылы Сібірдің Мамық ханын таққа шақырды. Мамықты Ноғай Ордасы жақтады. Бірақ, Мамық та Қазан диуанымен тіл табыса алмады. Олар Мәскеумен астыртын сөз байласып, қашып кеткен Мәмет Әминнің өзін емес, баласы Әбділ-Латифті шақыртты. Ол үш жыл билік құрды. Бірақ, дүниеқоңыздыққа жол берді. Қазандықтардың шағымы бойынша, Иван Васильевич оны 1502 жылы тұтқынға алып, Белоозеро деген жерге аударып, орнына әкесі Мәмет Әминді қайта қойды. Мәмет Әмин Вологдаға жер ауып кеткен ағасы Әлидің әйеліне үйленді. Ноғай ханшасы қайнысын патшаға қарсы шығуға көндірді. 1502 жылы тұтқынға алып, Белоозеро деген жерге аударып, орнына әкесі Мәмет Әминді қайта қойды. Мәмет Әмин Вологдаға жер ауып кеткен ағасы Әлидің әйеліне үйленді. Ноғай ханшасы қайнысын патшаға қарсы шығуға көндірді. 1505 жылы орыс елшісі мен саудагерлерін өлтіріп, Төменгі Новгородті қоршауға алды. Бұл Иван Васильевичтің өлген көзі еді. 1507 жылы жаңа патша Үшінші Василий қалың қолмен Қазанға аттанды. Мәмет Әмин райынан қайтып, қайтадан мойынұсынды, 1517 жылы Әбділ-Латиф, 1518 жылы Мәмет Әмин өлді. Сүйтіп, Ұлы Мұхамбет ұрпағы атымен тақтан тайды.

Бұл екі арада Түркия күшейді. Ол мұсылман дүниесіндегі ықпалды елге айнала бастады. Қырым хандығын өз жағына шығарып, солар арқылы Қазан билігіне араласуға күш салды. Мәмет Әминнің орнына келген Шах-Әлиге қарсы Қазан шонжарларын азғырды. 1521 жылы оны тақтан тайдырып, орнына Қырым ханының інісі Сахип-Герейді қойғызды. Ол 1524 жылы орнына баласы Сафа-Герейді қалдырып, Қырымға барып келуте кеткенде, орыстар көп әскермен келіп, Қазанды қамайды. Қазандықтар бітімге келуді ұсынып, жас бала Сафа-Герейді өздеріне хан қылып қалдыруды өтінді. Бірақ, көп ұзамай қырымдықтардың алауыздық әрекеттерінің жандана бастағанын байқап, Мәскеу патшасы Сафа-Герей мен шонжарлардың ант беруін талап етті. Қазан қайтадан ереуілдеді. Патша әскері жеңіске жетіп, СафаТерей елден қуылды. Патша бұрынғы хан Шах-Әлидің інісі Жан-Әліні таққа отырғызды. Қазандықтар 1535 жылы оны да қуып шығып, орнына Сафа-Герейді қайта қойды. Сафа-Герей Қазанға ықпалы күшті Ноғай Ордасының аузын алуға тырысты. Едігенің немересі Жүсіптің қызы Сүйінбикеге үйленді. Мәскеу патшасы Иван Грозный ол кезде әлі сәби еді. Анасы Елена Глинская Шах-Әлиді қайта отырғызуға күш салды.

Нәрік ұлы Шора, міне, осы кезде тарих сахнасында шығады. 1545 жылы 29 шілдеде Ұлы князьге Қадыш төре мен Шора Нәріковтің жұмсауымен Галич боярының баласы Васька Бортев келіп, Қазанға әскер жіберуді сұрайды. Ал 1546 жылы 17 қаңтарда патша сарайына Қазандағы елші Игнатий Яхоньтьевтан Рудак Бултаев арнайы хат әкеледі. Онымен бірге Гамет шейх, Абүйірхан, Сейіт және Қадыш пен Шора мырзалар келіп, Сафа-Герейді қуып шыққандарын мәлімдеп, орнына астрахандық Шах-Әлиді таққа отырғызуды сұрайды (Ноғай істері, 4 жазынды, 43 парақ).

Қазандықтар Шах-Әлиді қуана қабылдады. Бірақ, көп ұзамай, қырымдықтардың азғыруымен, қайтадан қудалай бастады. Хан жағында азғантай топ қалды. Әсіресе, Шора Нәрікұлы ханды қастандықтан сақтандырып, бір ұлы жиынның үстінде, жұртқа байқатпай қашырып жібереді. Сафа-Герей үшінші рет көп таққа отырады. Шах-Әлидің жақтастарын қуғындай бастады. 1546 жылы 15 тамыз күні Қазанда Шора, Баубек, Қыдыш және басқаларды өлтіреді. Шах-Әлиге жақтас болған Шора Нәріковтың бауырларықындап қалғандықтан, Қырымға қарсы жорықты кейінге қалдырады. Кейін әлденеше рет барып, Қазан төңірегіндегі елді шапқанмен, Сафа-Герей берілмеді. Үш жылдан соң барып дүние салады. 1549 жылы орнына Сүйінбикеден туған ұлы Өтеміш хан сайланды. Бұл жағдайда қырымдықтар өз ықпалын күшейте түсті. Иван Грозный жорыққа шығуға мәжбүр болды. Қазанның қақ түбінен Свияжск қамалын салып, болашақ жорыққа әзірлене бастады. Қазандықтар орыс тұтқындарын босатып, Шах-Әлиді хан қоюға көнді. Ол да Сүйінбикеге үйленіп, Ноғай Ордасынан көмек дәметуте мәжбүр болды. Алайда, көп ұзамай, қастандық жасады деген сылтаумен, Сүйінбике мен Өтемішті Мәскеуте жіберткізеді. Бұл жағдайды одан сайын қиындатып жіберді. Шах-Әли Свияжскіге қашып, Қазанда астрахандық сұлтан Жәдігер-Мұхамбет хан сайланды. Ол Түркия ықпалындағы билеуші еді. Иван Грозный 1552 жылы маусымда шешуші жорыққа аттанады. Бұл жорыққа 1546 жылы қол астына қашып барған Қазан шонжарларын мейлінше пайдаланғысы келіп, оларға жақсы жағдай жасап баққанды. Алайда, ол есебінен түк шықпады. Сол кездегі «Синод жылнамасында» жазылғандай, «Қазан қашқыны Шапқын төре Руське қызмет етуге қашып келгенде, Ағзам оған Мәскеуден үлкен үй берді. Оңбаған бес жыл қызмет етіп, жылап-сықтап Қазанға қайтаруды сұрады. Қайтып барған соң әйелінің айтқанына еріп, қазандықтар жағына шығып кетті».

Сол тұстағы орыс құжаттарының көрсетуінше, екі ортада әлденеше рет елші боп жүрген Шапқын мырза Қазанды аларда патшаға қарсы соғысады. Сол жылғы 22 тамызда Қазаннан қашып шыққан жансыз Қамай мырзаның айтуынша, Жәдігер патша, дінбасы Күлшәріп-молла, Ноғай Изенеш мырза, Шапқын, Аталың, Ислам, Әлікей Нәріковтер, Түмендік Кебек пен Дербісәлі халықты христиандарға қарсы үгіттеп, ашындырып үлгереді. Бұл тізімдегі Шапқын, Аталық, Ислам, Әлікей деген адамдар Шораның бауырлары болып шығады. Әлгі мәліметте «бұл төртеуі Нәріков» деген фамилияға төртеуі бірдей тіркесе айтылса, басқа мәліметтерде жеке-жеке де айтылады, 26 тамыздағы Қазан Кремлі үшін болған соғыста қазандықтар ержүрек князь Ислам Нәріков, Сүйіншәлі баһадүр және басқа қаһармандарынан айырылды», – деп жазды Карамзин. Әлікей (кейде Алексей) Нәріков туралы да демен, қорғандағылардың жер астымен өзеннен барып су алатын жерін байқап қалып, сол кәрізді қопару арқылы патша 2 қазанда Қазан Кремліне басып кіреді. Астананы қорғаған сайыпқырандар қатаң жазаланады. Аталмыш Нәріковтердің сол шайқаста түгелдей мерт табуы әбден мүмкін. Ал, олардан қалған ұрпақ қайда? Олардың кейбірі басқа түрік халықтарының құрамына, кейбірі орыс дворяндарына кіріп кетуі ықтимал. Ал, бәр-бәрінің қазақ құрамына көп қосылмағаны шежіреде-ақ көрініп тұр. Қазақ шежіресінде Нәріктің Шорадан басқа балалары аталмай-ды. Демек, олардан қалған тұқымдар жүрсе, олардың тегі аталар еді. Ал, Шорадан өрбитін Шотқара, Есенгелді, Жабал, Жөгі ұрпақтары қазақ шежіресінен өз орында-рын тапқан.

Әңгіме, бірақ, бүнда да емес. Орыс қүжаттарына қарап-ақ, мынадай қорытындыға келуте болады. Қазіргі тамалар сонау Алтын Орда заманында белгілі ықпалға ие болған. Соған қарағанда, Шораның үлкен атасы, Нәріктің өз атасы боп саналатын Тама ол кезде де жеке кісі емес, күллі бір тайпа ел болғанға ұқсайды. Өйтпесе, Қазан хандығының өмірінде әлгіндей үлкен ықпалға ие болу үшін, орыс патшасымен тікелей қатынасқа шығып, сол кездегі мұсылман билеушілерінің Қырым хандары, Ноғай Ордасы әмірлері сынды әлуетті әулеттеріне ашық қарсы шығып, астрахандықтар әулетін ашық жақтау үшін тек бір ғана әулеттің емес, ең кемі бір рулы елдің қолдауы қажет еді.

Нәрік балаларының Шах-Әлі мен Жәдігерге жақ болуында да мән бар еді. Қырым хандығы да, Ноғай хандығы да Қазан хандығына өз ықпалын жүргізуге тырысты. Қырымдықтар түрік сұлтандарына арқа сүйесе, ноғайлықтар орыс падишасын одақтас етуге тырысты. Өйткені, ол кезде орыс-ноғай ара-қатынастары кеңінен өрістеген-ді. Ноғай Ордасының үлкен билеушісі, Едігенің немересі Жүсіп Бату балаларына аталық боп, хандарды өз қолдарынан қойған үрдіске басып, Қазанға да өз адамын қойып, «маңғыт ықпалын» нығайта түсуге тырысты. Қырымнан шыққан Сақып-Керей, Сафа-Герейлерді емес, Астрахан әулетінен шыққан Шах-әлі, Жан-Әлі, Жәдігерді қостауында да сондай ой бар-тұғын. Қазан жорығынан соң Астраханды алғанда да, ағасы Жүсіп Жаңбыршыны жақтаса, інісі Алшы, Смайыл өз жиені Дербісәліні таққа отырғызғысы келді. Әркім өз сыбайласын билікке ұмтылдырды. Шораның Шах-Әліні, оның бауырларының Жәдігерді жақтауларына қарағанда, Ноғай ұлысындағы орысшылАлшы Ысмайылды емес, мұсылманшыл Жүсіпті жақтағандарын байқаймыз. Орыс патшалары бұрынғы одақтастарының Қазан мен Астрахан соғысындағы мұндай пиғылын кешірмеді. Астраханды ала сала, Ноғай ұлысына қол салды. Ысмайылды қолдап, Жүсіпті жеңіліске ұшыра

1234
скачать работу

Ерлік пен елдіктің киесі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ