Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ерлік пен елдіктің киесі



 Другие рефераты
Қазақтың ұлы хандары Жолайырық Особенности пространственного мышления речи у детей с дизартрией Ата жұрт

ЕЛДІК ПЕН ЕРЛІК КИЕСІ

 

тарихнамалық эссе

 

Тәуелсіз даму – өткенді мұхият зерделемей, келешекті кеңінен болжамай, жүзеге аса қоймайды. Сондықтан да қалың жұртшылық бүгінгі ұлттығымыз бен мемлекеттігіміздің тарихи бастауларына айрықша ықылас аударуда. Тек күні кеше ел жолында жан қиған боздақтарымызбен қоса ұлан-ғайыр атамекенімізді қорғап қалған бағзы бабаларымызға, рухани түрлаулығымызды қалып-тастырған ойшылдарымыз бен пірәдарларымызға ризагер ұрпақтың атынан тағзым етіп, құрмет көрсетуде. Ондай қастерлі есімдер мен мубәрак жәдігерліктер кең-байтақ еліміздің қай шалғайында да халық назарынан қақыс қалып жатқан жоқ. Далба тауында атақты Бұхар Қабанбайға Мінәжат орны салынды. Жендеттік пен шолақ белсенділік жер төмпешікке айналдырған Махамбет қабірі ат басын бұрып, іздеп барар зиярат орнына айналды. Еділ бойында Құрманғазы сағанасы еңсе көтерді. Мұндай жан қуантар жақсы құбылыстар, әсіресе, халқымыздың қай ғасырда да қасиетті қара орыны саналған ежелгі Қаратаудың екі бетінде өте көп. Күнгейі біршама көзге ілігіп, зерттеліп келсе, теріскейі енді-енді назарға іліге бастады. Ғалым Мелиоранский Шаш уалаятының бас пірәдары санаған Қызылкөл маңындағы Баба Түкті Шашты Әзіздің күмбезі жаңартылды. Тұран даласында мұсылман дінін таратуда тиянақ бекеті болған Баба-Атаның көне ғимараттары археолог күрегі мен жәдігерлікті жаңғыртатын зерделі құрылысшы қалағын сағынып тұр.

Қыр мен Сыр арасындағы қарым-қатынастың кіндігі болган Көне Созақ шаһары әлі ат басы бұрылмаған тың тұрақ. Ол тек транзиттік сауда бекеті ғана емес, ұлттық мемлекеттілігіміздің бесігі болған саяси орталық. Оның көне топырағына көмілген құпия мен сыр әте көп. Тек кілтін тауып, қаныға білу керек. Сондай бір ыждаһатты зерделеуді талап ететін нысана – Қарабура мазары. Ол туралы ел аузында айран-асыр қалдыратын аңыз көп. Кешегі солақай заманда әулие деген сөзден ат-тонымызды ала қаштық. Олар жайында ойлануға да құлқымыз болған жоқ. Халықтың ғасырлар бойы өшпей келе жатқан ерекше ықыласының сыры неде екеніне де назар аудармадық. Оны біржолата надандыққа, санадағы мешеулікке сайыдық. Ауызша мәдениет өкілдерінің ақиқаттың өзін аңызға айналдыруға мәжбүр болғанын түсінбедік. Өйтпесе, ел өмірінде елеулі маңызға ие болған небір ерекше тұлғалар мен оқиғалар әлдеқашан естен шығып кетер еді.

Халық ондай ұмытылмас тұлғаларды қандай тауқымет тартса да, естерінен шығарған жоқ, Енді соның сырына салихалықпен қарамай, әншейін көп ертегінің бірі ғой деп салғыртсынсақ, тарихи санамыз тайыздана түспесе, молаймайды. Онда біздің этникалық, саяси қалыптасуымыздың, әсіресе, бастапқы кезеңдерінің қыр-сыры қалтарыста қала береді.

Ендеше, ең болмаса, аты ұранға айналып, бір тайпа елдің туына айналған тұлғаларға байланысты ақиқаттарды аңыздан аршып алуға күш салмасақ болмайды. Ол, әрине, бір сәтте жүзеге аса салмайды. Ұзақ уақытты, көп әрекетті қажет етеді.

Бұл, әсіресе, қазір керек. Елдігіміз бен жер-суымызды неше қилы таласқа салғысы келетін кертартпа солақайлық арылмай тұрғанда керек. Кеше неге олай болғанын, бүгін неге бұлай болатынымызды да дәлелдеу үшін өткеннің куәгерлігі керек. Сол бағзының бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ұласып келе жатқан жалғастығы керек.

Бәлкім, халқымыздың: «Ағайын бір – әліде, бір – тіріде», – дейтіні де сондықтан шығар. Өйткені, орасан қуаныш пен орасан қайғы жан-жағыңды еріксіз түгендетеді. Талабың оңға басу үшін тәуекеліңе тәуекел қосар күш керегі даусыз.

Адам ғана емес, тұтас халық та солай. Басына қиын міндет түскенде ол да алды-артын тегіс барлап, жан-жағынан таяныш-тірек іздейді.

Біз қазір де дәл сондай өткелектің өтінде тұрмыз. Тарих бүгінгі ұрпақтың мойнына бабаларымыздың да иығына түсе қоймаған ауыр жүк артып отыр. Абыройлы атқарып шығу үшін өлінің шарапатына, тірінің қолғабысына жүгінбеске шара жоқ.

Азаттық жегенің аузында, жемегенің алдыңда, қарқалазы боп шалқып жүруге емес, болғаның мен болмағыңды, бүгінгің мен болашағыңды өзің қарастырып, өзің қамдастырып жүру үшін керек. Кісіге қол жайып, күніңді басқаға қаратпауың үшін керек.

Азаттықтың дәмін бір татқан оны аңсамай тұра алмайды. Аңсағанына жетпей тынбайды.

Біз бүгін бұрын да азат болған жұрттың ұрпағы болғасын азат болып отырмыз. Сондай дәуренді бастан кешкен бабалардың рухына сеніп, тәуекелге бел буып отырмыз.

Ежелгі Қаратау – халқымызды жаңа бір құбылыс ретінде қалыптастырып, қияға қанат қақтырып ұшырған құтты ұя. Теріскей мен Күнгейдің, Шығыс пен Батыстың ортасындағы қыр арқа қырбық шоқылар жан-жақтан тарам-тарам ағылып келген әр төркін нәсілдердің басын қосып, бір жүйектен дәм, бір жүлгеден нәр татырып, қоян-қолтық араластырып, бір бүтінге айналдырып, қайтадан өрелі іске жұмылдырып, өрісті жолға шығарып отырған. Біздің түп-төркініміз болып есептелетін қай нәсіл де осындай көпті бастан кешкен. Алты жалаулы Алаш атанғанда да осылай еттік. Үш жалаулы Алаш атанғанда да осылай еттік. Үш жалаулы Қазақ атанғанда да да осылай еттік.

Ежелгі Қаратау соны еріксіз еске салады. Оның теріскей бетіндегі ұшан далаға ұласар жердегі ескі Созақ шаһары да соны еске салады. Сол шаһардың ту байлар тұлғасындай қайта бой көтерген Қарабура мазары да соны еске салады.

Қарабура... Әлденеше ғасыр бойы ауыздан түспей келе жатқан есім. Қиналғанда медет болар Қуат. Шамданғанда қайрат бітірер Ұран. Қалай болғанда да, бүгінгі қазақтың ұлт болып ұйысуына ғасырлар бойы нақты үлес қосып келе жатқан нақты құбылыс. Оның халқымыз дамудың жаңа жолына түсіп, күллі адамзатқа танылып, жаңа заманаға көшіп жатқан тарихи кезеңде қайтадан ауызға алынып, кеңінен ұлықталып жатуы да әбден заңды.

Қарабураны мыңдаған жандар тарихи тұлға деп, нақты адам деп, нақты адамдардың нақты баласы деп біледі.

Бірақ оның хатқа түскен өмірбаяны жоқ. Тегі, ортасы, өмір сүрген заманы – бәрі тек тұспалдап мөлшерленеді. Бірақ одан оның тұлғасы аруақтанбаса, әлжуазданбайды, биіктемесе, аласармайды. Оның Қарабура атануы да, Қожа Ахмет Жасауиды ақ жауып, арулаған, демек бір тайпа ел емес, күллі түркі дүниесі мойындарлық рухани Пір саналуы да тегіннен-тегін емес.

Ол бір кездегі бабаларымыздың нақты тарихи тағдырларын еске салады.

Шежіреге айтқызсаңыз, ол – Тама батырдың баласы. Ал, Тама батыр атақты Қырымның қырық батыры дастанының бір тарауы Қарадөң балалары топтамасында, Мұрын жыраудың айтуынша, былайша өрбиді: Қарадөң батыр, оның баласы – Жұбаныш, оның баласы – Сүйеніш, оның баласы – Ер Бегіс, оның баласы – Ер Көгіс, (кеңде Тоғыс деп та аталады), оның баласы – Тама, одан – Тана туады. Жырау бір топтаманы осы арадан үзіп, Нәрікхан мен оның баласы Шора батыр туралы жеке жырлайды.

Ал қазақ аузындағы шежіреде Тамадан – Қарабура, Қарабурадан – Нәрік, Нәріктен – Шора, Шорадан – Есенгелді, Есенгелдіден – Атамшыл, Атамшылдан – Торым, Торымнан – Базарқұл, Базарқұлдан – Көкі, Көкіден – атақты Есет батыр туады. Орынбор губернаторы И. Неплюевтің 1747 жылдың 8 шілдесіндегі Сыртқы істер коллегиясына жолдаған ақпарында Есет тарханның жасы сексенде екені айтылады, ал 1750 жылғы 5 шілдеде берілген Қырғыз Шектінің батыры Бәйімбеттің асына қатысқанына қарағанда жасы тоқсанды тақымдап барып қайтыс болғанға ұқсайды. Бұл мәліметке қарағанда, Есет 1667 жылы туған болып шығады, Оның оныншы атасы болып табылатын Қарабура, шамамен, IVғасырдың орта шенінде өмір сүрген кісі болып шығар еді. Олай болса, қазір бір тайпа елге атау болып отырған Тама сол XIVғасырдың аяқ шамасында немесе XVғасырдың бас шамасында дүниеге келгенге ұқсар еді.

Олай болуы қисынға келе ме?

Бұған тек тарихқа сүйеніп қана жауап таба аламыз. Ал ел аузындағы шежіреде аталатындардан нақты тарихи деректер қалдырған сүйекті тұлға – Нәрік ұлы Шора батыр. Оның есімі жырда да, аңызда да Қазанға байланыстырылып айтылады. Қазақтың Шора батыр және Нәріктің ұлы Шора дастандары қазақтың тама тайпасын бір кезде Қазан маңын жайлаған ел қып бейнелейді. Сондықтан Шора мен Нәрікханның басқа да балалары бар болғаны 114 жыл өмір сүрген Қазан хандығының тарихында өшпес із қалдырған тарихи тұлғалар ретінде бауырлас татар халқы да зор мақтаныш тұтады.

Ендеше, бұл мәселеде көп нәрсенің түйінін шешетін

Қазан қаласын 1177 жылы бұлғарлардың Сайын деген ханы салдырған деп есептеледі. Бұлғар мемлекетінде Сайын деген хан болды деген басқа мәлімет жоқ. Бұл арада да Сайын деген лақап та иеленген Бату сөз болып отыруы әбден мүмкін. Ендеше, бұл қаза Батудың ұлы Сартак үшін салдырылған деген сөздің жаны бар болып шығады. Қайткен күнде де ол 1376 жылы Ақсақ Темір шапқыншылығына ұшырағанға дейін назарға көп іліге қоймайды.

Қираған қаланың қайтадан қалпына келуіне Тоқтамыс ханнан кейін Қыпшақ хандығын біршама қайтадан күшейткен Ұлы Мұхамбет хан көп әсер етеді.

Ұлы Мұхамбет – Мәскеу патшалығын қалтыратқан ең соңғы Алтын Орда ханы. Ол 1444 жылы Нижегород пен Рязаньды шауып, Суздаль түбінде орыс әскерін тас-талқан етіп женді. Ұлы князь Василий Васильевичті қолға түсірді. Бірақ, кейін Алтын Ордадағы ішкі алауыздықтық Ұлы Мұхамбетке орыс падишасымен мәмілеге келуге мәжбүр етті. Патша тұтқыннан босаған кезде Ұлы Мұхамбеттің баласы Қасым сұлтанға Мешер өлкесін тарту етті. Көп уақытқа дейін Қасым хандығы деп аталған жеке ұлыстың астанасы болған Қасымов хандығы деп аталған жеке ұлыстың астанасы болған Қасымов қаласы дүниеге солай келді. Бірақ, Тоқтамыс пен Едіге көбесін күйретіп кеткен Алтын Орда бәрібір қалпына келе алмады. Әр тараптың сыртқы ықпалының ыңғайына жығылған шонжарлар ішкі алауыздықты күшейтті. Қыпшақ даласында ықпалы күшейе бастаған кіші Мұхамбет Ұлы Мұхамбетті жұмбақ жағдайда саясат сахнасынан кетуге итермеледі. Біреулер, оны үлкен ұлы Махмутбектің қолынан қаза тапты деседі. Біреулер кіші Мұхамбет өлтірді десе

1234
скачать работу


 Другие рефераты
Боливия: пути демократизации
Глобализация: миф или реальность?
Қытай саяси жүйесінің қалыптасу тарихы
Қазақстандағы өсімдіктер қорының таралу ерекшеліктері


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ