Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ерлік пен елдіктің киесі

тты. Сол тұста тамалар да шығысқа қарай ойысып, одан әрі Ноғай Ордасы мен Дешті Қыпшақтың киген кебін кисе керек. Бір тобы қазандықтардың, екінші тобы Кавказға ығысқан ноғай, қыпшақтардың, үшінші тобы башқүртқа айналған ноғай, қыпшақтардың, төртінші тобы қазақтарға келіп қосылды. Бүйтіп, бірнеше ұлттардың құрамында жүретіндей көп халық бір әулеттен емес, бір рулы ел, бір тайпадан ғана шыға алса керек. Ендеше, Алтын Орда мен Ресей тарихында айтулы орын иемденген Нәрік балалары – Тама деген кісінің шөбере-шөпшектері емес, Тама деген тайпаның билеуші шонжарлары болса керек.

Өйткені, Қазан хандығында ақсүйек қауым, қарашы, ұлан және сейіттер ғана саясатқа араласқан. Қарашылар ханға да ықпал ете алған. Ұландар – әскери тап, сейіттер – дін адамдары боп аталған. Шора орыс құжаттарында «князь» деп көрсетіледі, Шах-Әлінің бірден-бір қамқоршысы боп көрінеді, орыс падишасына елшілікке келумен қоса, інілерін де елшілікке жібереді. Әдетте мұндай «қарашы» атақ әр рудың ең атақты әулеттерінің ең үлкеніне ауысып отырған. Ендеше, Нәрік әулеті тамалардың сондай текті атасы болса керек. Ол тұста Қазан хандығында «қараша» атану көбіне-көп Шырын, Барғын, Арғын және Қыпшақ тайпаларының үлесіне тиген. Соған қарағанда, ол кезде тамалар әлгіндей тайпалық одақтардың біреуінің құрамында іргелі орын иемдене алатындай, немеее дербес ру ретінде де хан сарайына ықпал ете алатындай көп қауым болғанға ұқсайды. Олай болса, Таманың, оның баласы Қарабураның XVғасырда тууы мүмкін емес. Өйтсе, одан туған балалар үш атаға жетпей жатып, хан орданы билеп-төстейтіндей ықпалға ие боларлық дәрежеде кәбейе алмас еді.

Ендеше, әкесі Тама мен баласы Қарабураның қай шамада дүниеге келуі мүмкін? Егер біз аталмыш аймақта Дон, Днепр, Днестр, Азау, Сибаш, Кавказ, Тамань, Танаис деген топонимдердің сонау скиф-сак замандарынан бар екенін және олардың кейбірі этнонимге, немесе этнонимнен (ел атауынан) топонимге (жер-су атауына) айналып кеткен сездер екенін ескерсек, әлгі тұспалымыздың жаны жоқ еместігіне көзіміз жете түсер еді. Бір кезде Кавказасып, Таяу Шығыстан келген тайпалар мұздың терістікке шегінуіне байланысты климаттық өзгерістер тұсында далалыққа айналған аймақтарда аңшылықты тастап, малшылыққа көшті. Мал санының көбеюі суат және өріс іздейтін тұрақты көші-қондар маршруттарын қалыптастырды. Жыл маусымына байланысты өзгерістер бойлық бойынша көші-қонды қалыптастырды. Бұл – әсіресе, Евразияға айрықша тән құбылыс. Егер біз жылқының күнгей Европа жазықтарында қолға үйретілгенін ескерсек, атты көшпенділер Азау мен Атырауды айналып, Қазақстан мен Орта Азия, сол арқылы Сібір мен Алтайға өткенін байқар едік. Бүгін Дон даласында жүрген малшылар ұзамай Сібір мен Алтайдан барып бір-ақ шығып жүрді. Олар бір қоныстан бір қонысқа үйреншікті кәсіптерімен қоса үйреншікті дәстүрлерін де алып барды. Тіпті жаңа аймақтардың жер-суына да өздеріне тән атты қойды. Сол топонимдерге қарап-ақ көшпелілер миграцияларының аралық кездері мен бағыттарының қандай болғанын анықтауға болады. Олар орта жолда жергілікті этностармен араласып, жаңа ұлт, жаңа нәсілдерге айналады. Соған қарамастан ежелгі этнонимдер мен топонимдерді сақтап қалады.

Қазіргі алшын руына кірегін көптеген рулар біздің тұсы-мыздың бірінпгі мыңжылдығында көбіне-көп Алтай жағында жүрді. Бірақ, одан бұлар тек осы арада қалыпгасты деген қоры-тынды шықпайды. Олардың кейбірінің атаулары сонау Стра-бон заманынан Шығыс Европа топонимдеріне тән атаулар болуы көп жағдайды аңғартқандай. Демек, олардық ата-баба-лары немесе қүрамдас бөліктерінің кейбіреулері өткен замандарда аталмыш өлкелерден табиғи миграция жолынан ауысын келуі ықтимал. Дәл сондағыдай климаттық өзгерістер енді кейін қарай көшуге мәжбүр етегіні де түсіністі. Алтайдағы алшын рулары бір жағынан табиғаттың, екінші жағынан тарихтың дүмпуінен V–VIIғасырдан бастап батысқа қарай жылыса бастады. Әуелі Жегісуға келіпірге тепті. Сондағы жергілікгі тайпалармен ықпалдасып, жаңа одақ құрады. Шығыстан кидандармен, қарлықтармен бірге ығысып келген тамалар мен табындар Жегісуға келіп, үйсіндермен бірге жаңа мемлекет құрамына кірді. Ол жөніндегі мәліметтер Казақстан емес, башқұрттың құрамындағы тама, табындар шежіресінде жақсы сақталынған. Олар өздеріміздің түп атамыз үйсін Майқы би деп есептейді. Шыңғысханды хан сайлағанда қазіргі қазақ руларынан үйсін Майқы би мен қоңырат Саңғыл би қатысыпты дейді. Сол кездегі үйсін одағында шығыстан көшіп келген тамалар мен табындар да болса керек. Сол кездеүйсіндерге Шыңғысхан берген елді – Жетісуды башқұрт табындары мен тамалары да отандары санап, үйсін тамамыз, үйсін табынбыз деп жүрген. Сол кездегі ұрандары – «салауатты» көп уақытқа дейін ұран тұтқан. Кейін олар Қарахан мемлекетінің құрамына кірген. Оған башқұрт табындардың шежіресі куә. Башқұрттағы қара табындар ататегін былай таратады: Майқы биден Елек би туады, Елек биден Бура (боғра) би туды, одан Қара хан туады. Қара Ғазиз табындардың атасы болып табылады. Ал тарихта Қарахан Жетісуда түркілердің жаңа мемлекетін құрады. Одан Бура (боғра) хан туады. Оның ұлы Елек хан XIғасырда пұтқа табынатын түріктерді мұсылманға кіргізеді. Кейін табындар қыпшақтарға араласып, Қара теңіз бойына көшіп барады. Ар жағында олар да Алтын Орда мен Дешті Қыпшақ киген көпті киеді.

Дәл осындай жағдайлы башқұрт тамьяндар шежіресінен де ұшырастыруға болады.Олар да шыққан тегіміз Майқы би, шыққан жеріміз Жетісу, бұрын үйсін тамьян болғанбыз деп есептейді. Ендеше, олар да сол кезде табындар кірген мұсылман дініне кіргізген билеушілерді ата-бабаларына сайып, пір тұтты ғой.

Әлбетте...

Ендеше, Таманың XVғасырда тууы еш мүмкін емес қой. Қара Ғазизден қара табындар тарады деген қисынның тамалардың да этникалық санасына өз салқынын тигізбеуі мүмкін бе?

Мүмкін емес. Тамалардың ұранының Қарабура болуы – соның айғағы. Біздіңше, Қарабура – тамаларға мұсылман дініне кіріп, Қарахан мемлекетінің құрамында болған кезден қалған ұран. Содан кейін олар қыпшақтармен, қаңлылармен, печенегтермен араласып, Қырым, Қаратеңізге көшті. Соңдарынан келген монғолдармен араласып, әуелі Алтын Орда құрамына, сосын одан қалған жұрнақ мемлекеттердің құрамында болды. Алтын Орда мен Дешті Қыпшақ ыдырағанда тамалар да ноғай, башқұрт, татар, қазақ, қарақалпақ, өзбек, қырғыз халықтарына сіңіп, тоз-тоз тарап кетті. Әр халықтың құрамына қандай күйде кірсе, содан бергі ата-бабаларын нақтылап тарата алады да, одан арғы тегін әр қилы аңыздарға айналдырып жібереді.

Қарабура – Таманың баласы болуы мүмкін бе? Мүмкін емес. Өйткені, тамалар Xғасырдан бұрын да бар этникалық атау. Ал, Қарабура – адам болсын, жоқ тек ұран ғана болсын, мейлі X–XIғасырларды дүниеге келген Қарахан мемлекетіне байланысты құбылыс. Көшпелілер мұсылмандініне кіруіне байланысты және одан кейінгі оқиғалардың әсерімен ежелгі ұрандары мен еншілерін, таңбалары мен айырым белгілерін өзгертіп отырған. Оған қандай мемлекеттің құрамыңда қандай маңызға ие болғаны әсер еткен. Бір мемлекетте тақтың оң жағынан орын тиіп, санның жілігі бұйырған тайпаға екінші мемлекетте тақтың сол жағынан орын тиіп, қолдың жілігі бұйырары ықтимал. Пұтқа табынатын кезде мифтік аруақтарды пір тұтқандар дінге кірген соң әулиелер мен әулие әлуеттес билеушілерді, кейін өз руынан шыққан көрнекті қайраткерлерді пір тұтқан.

Ескі аңыз бойынша, Шыңғысты ақ киізге көтеріскен үйсін Майқы биге, хан: «бұдан былай ұраның – салауат, құсың – бүркіт, ағашың – қарағаш, таңбаң – сүргі болсын», – депті. Қоңырат Саңғыл биге: «ұраның – қоңырат, құсың –қыран, ағашың – алма ағаш, таңбаң – ай болсын», – депті. Ал сол, үйсіннің ұраны кейін «Бақтияр», бірде «Қабылан», «Сиқым», «Ребек», «Жаныс», «Төлеген», «Ботпай», «Шымыр», «Қойкелді», «Қарасай», «Жауатар», «Бәйтерек», «Айрылмас» деп атақты бабалардың аттарымен алмастырылды. Қоңырат та «Алатау», «Мүлкамал» деп ұрандатты.

Ендеше, Қарабура жәй ұран ғана болса, ол ұран, қайталап айтамыз, тамалардың Қарахан мемлекетінің құрамында болып, мұсылман дініне кіруіне байланысты сол кездегі падишалардың құрметіне берілген болып шығар еді.

Егер тарихта болған нақты адам болса, онда оған мұндай есім әлгіндей заманда дүниеге келуіне байланысты берілген боп шығады. Демек, ол X–XIғасырларда туған болып табылады. Кейін ерекше қасиеттерімен көзге түсіп, өз тайпаластарының әуелі піріне, артынан ұранына айналуы мүмкін. Мәселен, «Қабанбай», «Ағатай», «Бекет», «Қарасай», «Баймұрат», «Бақтыбай», «Дәуімшар», «Қойкелді» деген ұрандар осылай пайда болды ғой.

Бұл реттен келгенде де Қарабура Таманың өз кіндігінен тууы қандай мүмкін болмаса, нақты деректерге қарағанда XVғасырларда өмір сүрген Нәріктің де Қарабурадан тууы еш мүмкін емес. Өйткені, Нәрік XVғасырда Қаратау бойынан соңынан ызғындай рулы ел ертпей, салт басты сабау қамшылы көшіп барып, Қазан хандығының шонжары бола салмайды. Ал, XVғасырда Еділ бойындаөмір сүріп, Қаратауға келіп дүние салған дейін десек, онда Қарабура Қожа Ахмет Иасауидың жаназасын шығаруы еш мүмкін емес.

Ендеше, тамалардың ұранына айналып, көне Созақта күмбезі тұрған Қарабура Қарахан мемлекетінде туып, Қара мен Боғра хандардың құрметіне осындай атқа ие болғанперзент болса ғана, түркі дүниесіне дін таратушылардың алғашқы легіне ілесіп, есімі Қожа Ахмет Жасауимен бірге атанатындай сый-құрметке ие болуы мүмкін.

Тарихқа сүйенсек, Алтын Орда маңғыттары Қаратау бойындағы Баба Түкті Шашты Әзізді әулие тұтып, Маңғыстауда да, Еділ бойында да осылай атанатын киелі орын тұрғызып, басына барып түнеген. Тіші кейбіреулері арғы бабамыз Қожа Ахмет Баба Түкті Шашты Әзіз деп, Түркістандағ

1234
скачать работу

Ерлік пен елдіктің киесі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ