Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Этнопедагогика - халық педагогикасы туралы ғылым

тызға таяп ќалған әйелдің аудармаларында жас көрінетіндігі айтылады, “шаңќай түстей жарќыраған сұлулығы” туралы бір сөз жоќ.
Ал 504-беттегі Айғанымның сұлулығы айтылмайды емес, айтылады, біраќ түпнұсќасындағыдай “Сол тойға арналған балда (Бал Петербургта болып жатыр. – Н.Р.) сұлулыќ жағынан Айғанымнан еш әйелдің аспағаны...» туралы айтылмайды.
13-тұжырым дәлелдемесінде келтірілген Жаған-бикенің сұлулығы сипатталатын үлкен мысалдың да осы тақырыппен байланысы бар.
Батыр Саянмен ұќсас келетін Мұхамет-Жөкінің сипаты ќазаќшада [88-б.]: “Сол ќалың ќабаќ, өткір көз, сопаќтау келген сұрша бет. Бойлары да, дене ќұрылыстары да дәлме-дәл. Сұңғаќ бой, арыс кеуде, жіңішке бел. Жас жолбарыстың аяќтарындай аяќ-ќолдары сомдала біткен. Жалпы ќимылында дене бітімінде секіруге дайындалған жолбарыс тәрізді бір ќауіпті сұс бар…” Орысшада [81-б.]: “Те же густые сросшиеся брови, пронизывающий взгляд, то же бледное, блогородное лицо, что у батыра Саяна. И движения у него такие же – мягкие, тигриные”. Батырдың бітім-келбетін жеткізбеген, мұндай сипат батыр айбарынан гөрі ќыз нәзіктігіне көбірек ұќсайды (ағ.т. [88-б.]).
Ќазаќшада [524-б.] «‡й ішінде көлбей жатуына да себеп бар екен, енді ол малдас ќұрып отырып еді, басы керегенің ұшына тиер-тиместей зор денелі бір алып екен. Адамнан гөрі, ертегіде кездесетін дәулер тәрізді. Тек жалғыз көзді емес, екі көзді және сонау тас ќабаќты ќоңырќай сұсты түсінде бір жылы шырайдың сазы білінеді. Бұл Кенесарының бас батыры Ағыбайдың өзі еді». «Кочевникиде» батырдың келбеті мынадай [494-б.]: «Во взляде батыра, несмотря на суровость, светилась такая простодушная доброта, что обманывать его было невозможно» (ағ.т. [526-б.]). Демек, «Көшпенділердің» орыс тілі арќылы жасалған барлыќ аудармаларында батырымыз осындай «халде» деген сөз.

9-тұжырым
Қазаќ табиғатына тән ќасиет, мәдениет (биязылыќ,
үлкенге ќұрмет, т.б.) бүркемеленеді

Түпнұсќада [418-б.]: “Ќұшбегі ұсынған көгілдір фарфор кесені алып Ханпатшайым сыңғырлай күлді” дегеннің орысшада [397-б.]: “Приняв из его рук пиалу из голубого фарфора, Ханпатшаим вдруг громко рассмеялась” деп, соған орай ағылшыншада [425-б.] “Having taken a blue-china drinking bowl from his hands, Khanpadshaim suddenly began laughing loudly” делінеді. Мұндайды түпнұсќадағы [498-б.] «Келіншек сылқ-сылқ күлді» дегенді «Алтыншаш вдруг громко рассмеялась» [472-б.] – «Suddenly Altynshash burst out laughing» [500-б.] деп, қайталап тұрады. ¤згеге ќымбат болмаса да өзімізге ќымбат көрінгендіктен де болар, аудармашылардың осындағы әйелдің сыңғырлап күлгенін, сылқ-сылқ күлгенін парыќсыз ќарќылдап күлумен айырбастап жібергенін сөз етіп отырмыз. Себебі, ќазаќ үшін әйел затына тән биязылыќ арзан ұғым емес.
Жалпы қазақ жастарын алтыбақан басында «...всегда поют песни – веселые, легкие» [471-б.] дегенді ойдан қосып қойып, жеңілтек, мұңсыз, ойсыз етіп көрсеткісі келеді. Ал шын мәнісінде қазақ әндерінің ішінен жеңіл ән табу қиын, бар болмысымен салмақты, мұңды, сазды болып келеді.
147-бетте: «…Оның үстіне Ќасым да, Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтан да Шыңғыс әулетіне жатпайтын, шешелерінің айтќандарын екі етпейтін мінез көрсеткен. Бұл әрине балаларын жастайынан өздерін сыйлайтын етіп өсірген аналарының ќасиеттерінен туған ерекшелік» дегенді орысшада [135-б.]: «…вопреки принятым среди чингизидов правилам, как султан Касым, так и Мухамед-Шейбани с Султан-Махмудом во всем были покорны воле своих матерей» деп аударғанда ана тәрбиесі – ќазаќ бесігі назардан тыс ќалған ба деп ойлаймыз.
251-беттегі «Келген сайын Тәуекел оған (Жиенбет жырауға – Н.Р.) ат мінгізіп, шапан жаптыратын» деген ќазаќтың нөмірі бірінші ќонаќ кәдесі де аудармаларында берілмейді.
Тағы бір мысалды осы біздің ќолымыздағы үлкен көлемді кітаптарда кей оќиға сәттерінен көрініс беретін суреттер иллюстрациясынан аламыз. Суреттердің астында түсіндірме ретінде үзік сөйлемдер беріледі. Солардың бірі – Ораќ батыр мен Аќќозының оңаша кездесуінен көрініс. Сұлу ќыз бен батыр жігіт бір-біріне бір нәрсе айтып тұрғанға ұқсайды. Ќазаќшада Аќќозының сөзі беріліпті: «– Ќұдай алдында күнәкар, жұрт алдында ќарабет болғым келмейді. Ерімнің асы өтсін, – деген аќќұба беті балбұл жанып, – содан кейін ќайын атамнан рұќсат сұраймын, көнсе шариғат алдында ќосылам». Ал орысша нұсқада: «Аккозы нахмурила свои красивые, вразлет брови…, «выйду замуж только за тебя, мой батыр!» Орак батыр ощутил великую радость…» делінеді. Ал ағылшыншасында не жазылғанын ешкім түсінбейді: «Akkozy khitter her fine arched eyebrows.., “I`ll married only you my warrior!” Orak-Batyr felt a great joy…». Түсінгеніміз: «Ораќ батыр мәз болып ќалыпты». Әлгінде суреттеуден тартынып жатќан аудармашылар мына бейнелерден ќазаќ ќыз-келіншектерінің сұлулығы мен батырларының бітім-келбетін жасыра алмай ќалады, біраќ көріп отырғанымыздай, ќазаќ атына тән имандылыќ, өнеге, ел-жұрт алдындағы жауапкершілік, үлкенге ќұрмет деген үлкен ұғымдарды аудармашылар өзге тілге алып өтуге келгенде бүтіндей бір ұлт аманатын аяќ асты етеді.
Орысшаның 198-бетінде түпнұсқаның еш жерінде кездеспейтін «... от века в степи не имели силы самые мудрые слова» дейтін сөйлем кездеседі. Аудармашы аталы сөзге тоқтаған қазақ қасиетін жоққа шығарғысы келеді. Мұны айтуға қазақшаның 209-бетіндегі қазақ билерінің айтып отырған алуан-алуан асқақ ойлары мен кесек-кесек ұшқыр сөздері себепші болады. Мұнда «Оның (Ақсопы бидің – Н.Р.) аталы сөзі мен әділетті тоқтамын екі жақ бірдей ықыласпен тыңдады» деп келетін жерлер бар. Халықтың өз қасиетін өзіне қимай, мүлдем керісінше, сөз дарыған халық емес, аталы сөзге құлақ асқан ел емес деп жазады. Олай болса, «Жүйелі сөз – киелі», «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Аталы сөзге арсыз тоқтамас», «Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді» деген сияқты толып жатқан халық даналығы қайдан шығыпты!

10-тұжырым
Қазаќ тапќырлығы, шеберлігі және терең философиясы ашылмайды

Өзіміз үшін маңызы терең тұжырымдардың бірі. Қазаќшада [398-б.]: «Ќазаќ ат ќоюға ќандай шебер. Адамның бойындағы бір жаќсылығын, не кемістігін тауып алады да, соған сейкес не мазаќтайтын, не кекесін, немесе мадаќтайтын бір ат таба ќояды» деген сөйлемнен аудармаларда ќылаң ќалмаған.
Ал 508-беттегі «Кенесарының күшінің өзі осы шапшаңдығында, ќұлан, киік секілді туған даласының ой-шұќырын жаќсы білетіндігінде» деген ќазаќтың ќолбасшы ханының осыншама біліктілігін аудармашы «көрмей» кетеді де, ондай білгірлікті [481-б.]: «Военный губернатор и не заметил, как рядом с этим человеком и сам стал подлинным знатоком края» деп, Перовский мен Генске «сыйлайды». Шынына келсек, түпнұсќасында Генс ќазаќ тарихын, этнографиясын зерттеп білген екен, Перовский оның айтќандарын тыңдап алып, кейін Аќмешітті күшпен басып алуға пайдаланған екен. Осы тұрғыдан бұл кейіпкерлерді де білімді-біліктілер ќатарына жатады делік, тек аудармалардың әділетсіздігі сол, орысты маќтау көп, ќазаќты даттау көп.
«‡мітсіз тек шайтан дейді ќазаќ. Жоќ, ол бекер екен. Ең үмітсіз – көктемі мен жазы өткен, терең тамырлары ќайта жасармастай боп семген кәрілік екен. …әрине, жетпіс екі жас кәрілік пе? Біраќ басымнан өткен ќилы-ќилы кезеңдерге көз жіберсем, мың жыл жасағандаймын. Жоќ, мазасыз ой, бітпес тартыстан, тәнім емес, жаным ќартайыпты. Ал жаныңның ќартайғаны – шын кәріліктің келгені, алдағы үмітіңнің тегіс сөнгені… ‡мітіңнің сөнгені – өл сенің өлгенің! Бұл аурудан жазылсам да, жаным шаршаған кәріліктен жазыла алмайтыным кәміл. Жазылудың да керегі жоќ секілді, біраќ сөйтсе де өлгің келмейді екен, әлі де жер басып, күн сүйіп жүре тұрсам дейсің…» Бұл терең философия Абылайдың Бұќар жырауға айтып отырған аќтыќ сөзінен келтірілді [375-б.]. Біраќ осыншама толғаныстан өкінішке орай, орысшасында [351-б.] «Жить я хочу…» және соған орай ағылшыншасында [376-б.] «I wish to live…» деген ойды ғана аудармашылар ќисынын тауып алып ќалады. Сол уаќытта Абылайға басу айтќан «Иә, хан Абылай, мың жасасаң да өлім әрќашан да ерте» дейтін Бұќардың сөзі де берілмейді. Әрине, мұндай жерлерде саяси маңызды мағлұматтар сіресіп жатпаса да, «мәңгүрт» халыќтың ханынан да, ќарасынан да ғалам ќұлаќ ќояр даналыќ шыќпау керек, мұндай жерлердің аударылмай ќалуының себебі сол ғана ма деп ойлаймыз.
Астарлы сөз айту, сәйкесінше тыңдаушысының сөз астарын ұғуы – қазақ ұлтының біте туған табиғаты. Ежелден сөз құдіреті деген ұғым қалыптасқан. «Көшпенділерде» басына іс түскен Сұршақыздың соры қайнап, от басып, тілін табам деп ханға барған тұсын мысалға алып, хан мен қыз арасындағы диалогты назарға алайық [358-б.]:
«– Қандай тілегің бар? – деді Абылай, өзінің қыздарымен шамалас жас сұлуға. – Айт, орындайын!
– Тілегім біреу-ақ...
Қыз үнінен ренжігендік сезілмеді.
– Бір қыздың құшағында бір тайпа елдің тағдыры тұрған жоқ, хан ием... Мұны мен де ұғамын. Бірақ қатты дауылды күні тек қыран құс қана өз бағытынан адаспайды. Жұрттың бәрі қыран емес. Аласапыран кездегі жұртымның бір табансыздық көрсеткенін кешіріңіз!
Қыз сөзі Абылайға ұнады.
– Жақсы. Ал өз бауырларыңа қарсы садақ безеген ана екі ағаңды қайтеміз?
– Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң...
Абылай езу тартты.
– Біз олардың “үйірін тапқанын” қайдан білеміз?
– Бо

1234
скачать работу

Этнопедагогика - халық педагогикасы туралы ғылым

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ