Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Этнопедагогика - халық педагогикасы туралы ғылым

сатып көріңіз. Егер сізге ерсе, өз айыбын өздері жуғаны.
– Ал ермесе ше? – деді Абылай.
Қыз қуанып кетті.
– Онда мейліңіз. Қандай жігіттің тағдыры болса да, өз елінің тағдырынан қымбат емес».
Орысшасына қараңыз [337-б.]:
Ты что-нибудь хочешь от меня? – спросил хан.
– У меня одна только просьба...
– Говори!
– Не убивайте моих братьев!..
– Что же, кто остался в живых, пусть живет...
– Они ошибись, не послушались вас... Тепер они никогда больше не станут этого делать!
– Да, это так! – усмехнулься Аблай».
Өзге тілдерге өз бояуында жетпеген диалогпен бірге қыз баланың ер азаматтың тілін тапқан қазақ әйеліне тән шеберлігі кете барады, бір ғана «Қандай жігіттің тағдыры болса да, өз елінің тағдырынан қымбат емес» деген сөзінен оның өжеттігін, еліне сүйіспеншілігін және ер азаматты елі үшін ерлікке қанаттандыра алатын асыл қасиеттерін ұғуға болатын еді. Диалог – байқағанға, кәдуілгі қанішермен болып жатқан әңгіме! Әңгіменің бір түрден екінші бір түрге түбірімен ауысып түсуіне де бірден-бір себеп – Абылайдың «олар» жасап отырған «имиджін» ұқыптылықпен сақтау. Ал аяқ асты болып, сақталмай кеткен осыншама кереметті жасап отырған І.Есенберлиннің өзіндік қолтаңбасының обал-сауабы кімге?!
Осы бір мысалдың өзі бірнеше тұжырымға дәлел.

11-тұжырым
Халықтың «Мәдени мұрасына» нұқсан келеді

Бірінші кітаптағы [36-б.]: «Ер Тарғын» қиссасында «бұл – өз өмірінде толғау айтып тоғыз ханды түзеткен кісі» деп келетін бүкіл қазақтың қамын ойлап өткен Сыпыра жыраудың ұрпағы Арғынның ардагері сексеннен асқан қарт Қотан» деген сөйлем аудармада [33-б.]: «А противостоял ему почтенный старец Котан-жырау из аргынов, и это накладывало особый отпечаток на состязания. Из древнего рода певцов и прорицателей был котан (кіші әріппен жазылған – Н.Р.), и еще отец его Сыпары-жырау (Сыпыра жырау – Н.Р.) горевал о судьбе своего народа, на который свалились неслыханные бедствия...» деп аударады. Ер Тарғын» қиссасы туралы айтылмайды.
«Алмас Қылышта» 187-бетте «Тарихи Рашиди» екі рет аталады. Бірінде: ««Тарихи Рашидида»: «Кім де кім өзгеге ажал азабының шербетін қанша ішкізсе, өзі де сол удан соншалық ішеді» деп айтқандай...» дегенді «Заговоренный меч» [172-б.]: «Вот как говорили об этом историки: «Кто заставляет пить до дна чашу шербета предсмертной агонии, тот напьется сам этой отравы...»» деп береді. Екінші кездескенде шежіренің аты: «Оның (Қасым ханның – Н.Р.) Дәшті Қыпшақтың елдік, жауынгерлік даңқын «Тарихи Рашиди» айтқандай, Жошы ханнан кейін бүкіл шығысқа жайған әулетті шағы еді» деген сөйлеммен келеді. Халық мұрасының бір бөлшегі саналатын Мұхаммед Хайдар Дулатиден қалған шежіре атын аудармашылар бір рет те атамайды.
«Жанталастың» 242-бетінде «Бұқар жырау да осы оқиғаға арналған «Тас қамал» атты дастанын шығарып еліне қайтты. Әттең не керек, асыл мұрасын сақтап әдеттенбеген көшпелі ел бұл асылын да бізге жеткізе алмады» деген сөйлем бар, мұндай сөйлемді «Отчаение» мен «Dispair» аудармайды. 243-бетте “Тас қамал” дастаны қайта кездеседі. Дастан кездесетін абзацты түгел алсақ: «Көне заманда өткен арғы бабаларының жазу, сызу таңбалары әлдеқашан ұмытылған. Тек ел көкейінде олардың қайғылы армандары ғана қалған. Кім біледі, халық мұны да ұмытар ма еді, қайтер еді, тек зар жақ жыраулары ұмыттырмаған. Сөйтіп, ел шежіресі ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған. Халықтың жырауларды төбесіне көтеріп құрмет тұтатын себебі де, сірә осыдан болса керек. Бұқар жырау да солардың бірі. Сауран қорғанысы жайында жазған “Тас қамал” дастаны кейін сан ұрпаққа тарады. Осы дастаннан ұрпақтардың тағы бір білгені: жоңғар шабуылы басталмастан бұрын орыс саудагерлерінің әкеп сатқан мушкеттері мен оқ-дәрілері Сауран бекінісінің жауға берілмеуіне себепкер болғаны». Осы орыс тіліндегі аудармада [232-б.]: «Забыто древнее искусство письма в его народе, но жива и несокрушима память. На ней держится все, и поэтому столь почитается искусство жырау. Он певец, он рассказчик и хранитель всего того прошлого, без чего не бывает народа. В разных краях необозримой Казахской степи уже поют стихи из его сказания об осаде джунгарами древней каменной твердыни – Саурана. Уже прибавлены новые слова, а многие и не знают, что это его сказание. Да беззаветная стойкость таких, как Науан-батыр, помогла отстоять Сауран. А еще помогли порох и мушкеты привезенные русскими купцами. Если бы каждый казахский город имел такие мушкеты, то можно было бы поспорить с шуршутскими пушками...» болып беріледі. Мұны салыстырмалы түрде біз «столь почитается искусство жырау», «необозримая Казахская степь» деген сөздері үшін аударманың ең керемет тұстары деп санаймыз. Әйтсе де, мұндағы «Көне заманда өткен арғы бабаларының жазу, сызу таңбалары әлдеқашан ұмытылған» дегенмен «Забыто древнее искусство письма в его народе» деген сөз тең емес. Орысшасында халықта ұмытылып кеткен көне жазу өнерінің кімдікі болғаны айтылып тұрған жоқ, өз ата-бабаларымыздың жазу өнері деген сөз керек бізге! Ал Бұқар жыраудың «Тас қамал» дастаны аты аталмай «...поют стихи из его сказания об осаде джунгарами древней каменной твердыни» болып ерітіліп жіберіледі (ағ.т. stone citadel [251-б.]).
Үшінші кітаптан да мысал алуға болады, «Наурызбай-Ханшайым» қиссасы [435-б.], орысшасында да [413-б.], ағылшыншасында да [443-б.] аталмайды.
Мұндай келеңсіздікке бүтін ұлттың «Мәдени мұрасына» немқұрайлықпен қарау нәтижесінде ғана жол беріледі.

12-тұжырым
Қазаќтың батыр халыќ екені көмескі суреттеледі

“Ќұс ұшып өте алмас шексіз сар далада халыќтың ќаны телегей-теңіз боп тағы төгілгелі тұр-ау! Ќазаќ халќының алдында бір ғана жол бар. Ол – ќан майданда баяғы бабаларынша аянбай шайќасу. Сол шайќаста жан беру, не ел болып елдігін саќтап ќалу. Басќа жол жоќ” дейтін ќазаќшадағы [244-б.] ел ќорғау үшін батыр туған бабалар жолын көрсететін ќазаќ үшін аса маңызды ұстанымның аудармасы [234-б.]: “О, сколько крови еще прольется на родной земле!” деумен бітіпті.
241-бетте Науан ұстаның ерлікпен ќаза тапќаны туралы: “…Бұќар жырау өзіне таяу ќамал шетінде кіндік тұсына жау найзасы ќадалған Науан ұстаны көрді. Жүгіріп ќасына барды. Найзасын суырып алайын деп еді, сұп-сұр боп кеткен ұста оның ќолын кейін итерді.
– Тимей-аќ ќой, деді даусы әзер шығып, – бәрібір өлемін. ¤кінбеймін… жоңғардың ќұрығанда жиырмасын жайраттым білем. Әттең дүние, әңгімеңізді тегіс ести алмай кеттім… – Елшібекке ќарады. – Ана артымда ќалған жалғызыма айт: әкең бабаларының жолынан тайған жоќ де… – Соны айтты да Науан ұста сылќ етіп ќұлап түсті” делінеді.
Орысшасы [232-б.]: “…но когда Бухар-жырау добрался до него, то увидел, что лицо у кузнеца совсем белое. Кровью было залито все вокруг, а в груди Науана торчал обломок тяжелой джунгарской пики. Непонятно было, как еще стоит он на ногах. Глаза кузнеца смотрели на жырау.
– О мой Науан!..
Бухар-жырау подхватил на руки Науан-батыра, бережно опустил его на камни. Он захотел вытащить вражеское копье из груди, но кузнец отрицательно покачал головой. Губы умирающего что-то щептали. Бухар-жырау наклонился к его лицу.
– Мой жырау… Вы… вы так и не закончили рассказ о моих предках… О Кияке”. Осылай аудармашы “Есенберлин естігенін айтып отырған шығар, мен көріп келген адаммын” дегендей, оның айтќандарының біразын жоќќа шығарып, “олай болған жоќ еді, былай болып еді” дейтін түзетулерін енгізеді. “Түзетудің” оны-мұнысына көнуге де болар еді, батырдың “Ана артымда ќалған жалғызыма айт: әкең бабаларының жолынан тайған жоќ де” деген соңғы сөзі – хан тағына бергісіз ќазаќ рухын ұрпаќтан ұрпаќќа жеткізетін сөз еді, оның аудармаларда берілмейтіні жанға батады. Жоғарыда 11-тұжырымда “Тас қамал” дастаны төңірегенде кездескен «Да беззаветная стойкость таких, как Науан-батыр, помогла отстоять Сауран» деген жолдарда ғана бұл ерліктің ұшқыны қылаң береді. Мұны аудармашы жалпылау сөздермен өз жамауларын жабу үшін компенсация есебінде «керек емес» жерге апарып жабыстырып отыр.
Перовский мен Генс әңгімесінен үзінді келтіреміз, ќазаќшада [507-б.]: «– Ќиянат көріп ќорланған халыќ ќашан да болса тәуекелшіл келеді. Бірі онға татиды. Оның үстіне Кенесары секілді тәжірибелі ќолбасшысы болса… – Генс ойға шомғандай сәл кідірді, – Кенесарының Созаќты алатыны сөзсіз. Бекініс ќабырғасына шығатын жүздеген баспалдаќ істетіпті. Ол баспалдаќпен өрмелейтін батырлар ќазаќ жігіттерінің арасынан ќашанда болса мыңдап табылады.
– Сөз жоќ, батыр халыќ! – деді Перовский, – тек бастары бірікпейді».
Үзіндінің орысшасы [480-б.]: «– Решиться на такой штурм мог лишь отчаянный человек (халыќ демейді – Н.Р.)! Ну, ему не занимать отчаянности. Вы знаете этого разбойника. И насчет его полководческих талантов сомневаться тоже не приходится. Таких бы людей привлечь к России, а не всякую сволочь из горчаковского окружения. К сожалению, нам этого не позволять сделать. Все должно склониться перед единым шпицрутеном – от финских хладных скал до пламенной Колхиды… А Созак он возьмет, не сомневайтесь. По моим данным, он даже сотню лестниц заготовил для штурма, а кому лезть по ним, у него найдется» б

1234
скачать работу

Этнопедагогика - халық педагогикасы туралы ғылым

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ