Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Этнопедагогика - халық педагогикасы туралы ғылым

олып аударылады. Осы мысалдың өзіне сараптай ќарағанда, аудармашының ќазаќ жігіттерінің арасынан ќашан да мыңдап табылатын батырлардың бірлі-жарымын ғана ќалдырып, халыќтың өжеттігін жасыратынына көз жеткізіп ќана ќоймай, біздің жоғарыда келтірген өзге де тұжырымдарымыздың бірќатарына дәйек табамыз. Территория мәселесіне келгенде ќазаќ үшін жер-су аттарын атамауға тырысатын аудармашы «Все должно склониться перед единым шпицрутеном – от финских хладных скал до пламенной Колхиды…» деген жер мен көкті орысќа алып беретін сөйлемді ойдан ќосады (7-тұжырымға бір дәлел). Ал «Вы знаете этого разбойника» деп, Кенесарыны қалай ќараќшы етіп отырғанын 20-тұжырымда талќылаймыз.

13-тұжырым
“Алтынмен апталып, күміспен ќапталған” қазақ
дәулеті аудармашылардың «кеден бекетінен» оңайлықпен өтпейді

«‡стінде көк ќұрыш шынжыр сауыт, ер-тоќым, жүген-ќұйысќандарын алтынмен аптатќан он шаќты жігіт Орда тұсына кеп түсе ќалды» [88-б.] дегенді «Десяток джигитов ехали с ним» [81-б.] – «He was escorted by a dozen horsemen» [87-б.] деп аударғанда «алтынмен апталып, күміспен ќапталған» ќазаќ дәулеті ќайда ќалды? Жоғарыда 8-тұжырымда ќазаќ ќыз-келіншектерінің сұлулығын суреттеуде де сөзге сараңдыќ бар екенін айтќан болатынбыз. Мына жерде Жәнібектей бір ханның ең сүйіктісі Жаған-бикенің түпнұсќада көлемді суреттелген бейнесі толыќ болмаса да аударылған екен, қараңыз [147-б.]: «Жаған ќара торының сұлуы еді. Сұңғаќ бойлы, оймаќ ауыз, көген көз. Екі бала тапса да ќыпша белі әлі де жіп-жіңішке. Ќаќтаған алтынмен жасалған ауыр шолпысы жерге тартып тұрғандай, білектей етіп өрген ќос бұрымының ұшы шұбатылып кілем үстінде жатыр. Меруертпен шытырмалап, гаућар таспен безеген ќызыл мауыты сәукелесі, аш белін ќынаған алтын оќалы ќызыл барќыт камзолының түсін ашќандай жарасып тұр. Жаған иген басын әлі жоғары көтерген жоќ. Сонау бота көзін жауып тұрған ұзын кірпіктері найзадай Жәнібектің кеудесіне келіп ќадалғандай. Жәнібектің ќырыќтан асќанға дейін сан айќаста мызғымаған тас жүрегі, кенет ќолға түскен торғайдай тыпырши ќалды». Орысшасы [136-б.]: «Стройная, с маленьким пунцовым ртом и огромными черными глазами, Жахан-бике казалась девушкой, хоть было ей уже сорок один. Ресницы ее были опущены, а когда она подняла голову, черные их стрелы вонзились в ханское сердце, как много-много лет тому назад. И каменное сердце Джаныбека забилось, затрепыхалось, как воробей в силках». Бұл жердегі күрмеуі күрделі ќазаќ тілінде бояуы қанық сомдалған сұлу бейненің бұлайша ќысќартылып берілуі аудармашының шамасы жетпегендіктен емес, керісінше, қайта айтуға тұрады, аудармашының шеберлік диапазоны кең. Бұл жердегі ќысќартулардың бәрі тек алтын, меруерт, гаућардан ќұралатын «ќазаќ байлығын» ќысќартудың есебінен болып жатыр.
Астан-кестең «аударманың» ішінде Исан-Бұғының ұстап отырған құм алтыны (қаз.т. [106-б.], ор.т. [100-б.], ағ.т. [108-б.]), Самеке ханның 75 мың жылқысы (қаз.т. [243-б.], ор.т. [233-б.], ағ.т. [250-б.]) сияқты қазақтың жиған-тергені жоғалып кетіп жатады.
«Бұл тойға да қазақтың аға сұлтан, асқан байлары шақырылды» [482-б.] дегенді іздеп, жоқ екен деп ойласақ, бұл аудармашы құрастырған «шытырман оқиғалардың» бір жерінде «... сыновей всех приглашенных биев и султанов» [459-б.] дейтін түрде кездеседі екен де, тек «асқан байлық» кеден бекетінен өтпей қалады екен (ағ.т. [487-б.]). Ал осындағы «сыновей» дегені несі екен? Мұны осы той барысындағы келесі тұжырымды растайтын «қызықтармен» бірге қарастырайық.

14-тұжырым
Дінге ќатысты тұстар дінаралыќ ќатынасты араздатуға бастайды

Ќазаќша 101, 102-беттерде Исан-Бұғының діншіл әкесі Уайс ханның “ұлы Моғолстанның ұл-ќызын өз дініне өткізу маќсатымен шіркеу ұстап, күнәкәр болғаны үшін” Аллатағаланың кәпір пендесін Дәниелді дарға асуға және оның “ғибратты жерімізде тоќсан жыл бойы әзәзілдің ошағы болып келген” шіркеуін ќиратуға жарлыќ бергені айтылады. Біраќ аудармаларда бұл себептер бүркемеленеді. Орысшасын [96, 97-бб.] және ағылшыншасын [104, 105-бб.] түпнұсќамен салыстыра оќыған кез-келген кісіге аударманың өзі діні бөлек адам арќылы жасалғаны байќалады. «Аудармашының» реті келген тұста ќолдан келгенше бұрмалаумен ғана шектелмей, өзге (христиан) дін өкілдерінің зығырданын ќайната түсетін, отќа май ќұя «аударған» жерлерінің де барын көру аса көрегендікті ќажет етпейді, салыстырыңыз:
“Исан-Бұғыға мұның бәрі ойыншыќ болып көрінген. Тек бертін келе, өзі хан тағының ісіне араласа бастағанда ғана Византия епископы Джавани Мариньолли, Флоренциядан Жетісу мен Гоби ќұмы арќылы Ханбалыќќа (ќазіргі Пекин) бара жатып, бұл шіркеуді Алмалыќта 1340 жылы салдырғанын білген. Уайс ханнан бұрынғы Алмалыќтың хандары мен хакімдері, бұзыла бастаған шаћардағы ешкімге керегі жоќ шіркеудің бар-жоғына көңіл бөлмеген. Рим папасының мұсылман жеріне жіберген тыңшы-діни адамдары шіркеудің мұндай жағдайын астыртын пайдаланып жүрген. Талай мұсылмандарды насрани дініне кіргізіп алған. Тек өте діншіл Уайс хан ғана Жағатай тағына отырғаннан кейін бұл шіркеуді мұсылман дініндегі адамдарды аќ жолынан адастырмасын деп, біржолата ќұртуға жарлыќ берген” [102-б.]. Осыны орысшада [97-б.] былайша ќысќарта береді:
“Иса Буга не знал тогда, что эту церковь строили местные жители, часть которых издревле была несторианами. Ханы и хакимы, правившие Алмалыком до Ваис-хана, верны были обычной мусыльманской веротерпимости и не обращали внимания на старую церковь в древней, разрушающейся части города. Но с приходом на ханство Ваиса все изменилось. Фанатичный Ваис-хан решил уничтожить церковь, и сделал он это со всей присущей ему жестокостью”. Ағылшыншасы [105-б.] осындай. Керағар аударманың бәрін ќалай кері ќарай аударғанын, ќысќартќан сөйлемдерінің “бос сөз” емес екеніне зер салыңыз.
Бұл аз болғандай, “Исан-Бұғыға мұның бәрі ойыншыќ болып көрінген» дегенді аудармашылар осы жерде аудармай кетеді де, сол сөйлемнің есесін былай ќайтарады: «Эта смерть нисколько не взволновала тогда Иса Бугу. Как на детскую игру, смотрел он на казнь и даже захлопал в ладоши, когда старец повис в воздухе. Ни жалости, ни страха не ощущал он. Ему понравилась торжественность, с какой говорил мулла, важный и значительный вид всех участников казни». Осылай тыныш тұрған балаға ќол шапалаќтатып, түпнұсќаның еш жерінде жазылмаған нәрселерді ќосып, «импровизация» жасайды. Шіркеуді ќиратќандар аудармада бар дауыстарымен балағаттап, ќала берді ән салып жүріпті, сөйтсек, түпнұсќада олар «тфа, тфа, пәлекет!» деп жүрген екен. Аудармашы сол таң сәрідегі Дәниелдің дарға асылып, шіркеудің ќиратылғанын барынша жауыздыќ етіп, оған басќалардың аяныш сезімін ќамшылап, төзімін сынға салу маќсатында тағы мынадай сөйлемдер ќосады: «Не успело высако поднятся солнце, как от церкви остались лишь груды развалин. Не верилось еще утром здесь стояло красивое белое здание, построенное безвестными мастерами – уйгурами и уйсунями. А напротив все покачивался от ветра труп повешенного старца» (18-тұжырымға да дәйек). Осылай жоќты ойдан ќұрастырып жазғанды ұнататын аудармашы, сол жердегі өзі де бар, маңызы да бар мына сияќты сөйлемдерді аудармайды: «Сүниет дінін берік ұстанған, Арабстаннан, Ираннан келген ќожа, мұфти, ишандардың кеу-кеуімен, кілең ќызба әфенді, мүрит, шейхтер шіркеуді біржола жермен жексен етіп жоќ ќылған».
Әрине, кісі өлтіріп, өзгенің наным-сенімін аяќќа таптаған ханда не мейірім-шапағат болсын. Әрі ќарай одан да ауыр оќиға бар, әлгі дарға асылған шалдың ќызына осы Исан-Бұғы ғашыќ болып ќалғаны үшін Уайс хан «Егер Исан-Бұғы кәпірден ќатын алар болса, түбі насрани дініне бір бүйірінің тартпасын кім біледі?» деп, сорлы ќызды баласының көзінше бауыздап өлтіртеді (оќиғаның жалғасы 19-тұжырым дәлелдемесіне дәйек ретінде ќарастырылады). Шыңғысхан мектебінің үлкен маќсаттары алдында ең асыл деген адам өмірі асќабаќќа тең болыпты (алдаспанның бір тартуынан ќаќ жарылады). Бүгінгінің «хандарында» да бәрі теп-тегіс деу оңай емес. Әлемде шыңғысхандыќ ұстаным әлі де бар. Біздің бұл жерде айтпағымыз тарихтың тереңінде не ќалғаны туралы емес, аудармаға аудармашының пайым-бағамы неге араласуы тиіс екендігі туралы.
Жоғарыда 13-тұжырым соңында сөз болған тойға қайта оралып, аққу-қаздарша сылаңдаған орыс дворяндарының әйелдері мен сыптай боп сәндене киінген орыс офицерлеріне көз тастап тұрып князь Горчаковтың Қоңырқұлжаға айтып тұрған сөзін келтірейік:
«– Әрі кетсе бір жиырма бес жылда қазақтың ұл-қыздары да мыналардай болады, – деген жан-жағындағы әйелдер мен офицерлерін көрсетіп.
Сары далада көшіп жүрген қазақтар жиырма бес жыл ішінде мыналардай болады деген князь сөзіне Қоңырқұлжа таң қалған. Ол ойын жасармай:
– Егер қазақ бұлардай болғысы келмесе не істейсіз? – деп сұраған.
– Онда, – деп Горчаков ойланбастан жауап берген. – Аюға ақыл үйреткен таяқ деген мақалды естігенің бар ма? Жерінен, билігінен айрылған қазақ айтқанға көнбей қайда барады? Күшпен көндіреміз. Арқасына қамшы ойнатып, соқа жегіп, жер жыртуды үйретеміз. Қол-аяған матап шіркеуге кіргізіп, Иисус Христосқа шоқынуға мәжбүр етеміз» [482-б.] делінген.

1234
скачать работу

Этнопедагогика - халық педагогикасы туралы ғылым

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ