Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ЕЖЕЛГI ИСЛАМ МӘДЕНИЕТIНІҢ ОРТАЛЫҒЫ – ТАРАЗ

түркі халықтарының тағдырын анықтаған өте маңызды уақиға болды. Қытай қолына қосылып мұсылмандар және мұсылман жағындағы түрік-соғдылармен соғысқан қарлұқтар кенет қытайларға қарсы мұсылмандар жағында орын алып, ауыр соққы бередi, сүйтiп, мұсылмандар түбегейлi жеңiске жетедi. Қытайлар мен олардың сыбайластары үлкен шығынға ұшырайды да талқан-талқан болып, керi шегiнуге мәжбүр болады.
751 жылы болған Талас соғысын Ислам тарихының, оның iшiнде түркi тарихының ең маңызды сәттерiнiң бiрi деп айтуға болады. Қытайлар мен мұсылман арабтар арасында болған жалғыз соғыс осы. Бірақ, соғыстың нәтижелері мен ұзақ мерзімді тәсірлері талқыланғанда, осы уақиғаның күллі адамзат үшін қаншалықты маңызды болғаны аңғарылады. Талас жеңісі арқылы қытайдың Орта Азияға қарай кеңею (экспансионизм) саясаты мен әрекетi тоқтатылды, Орта Азиядағы мұсылман билiгiнiң түпкiлiктi екенi белгіленеді. Бұл соғысты қытай жағы жеңгенде Таң империясының шекаралары Орта Шығыс пен Еуропаға дейін баруы әбден мүмкін еді.
Талас ғазауатынан кейiн Орталық Азия халықтары лек-лек болып мұсылмандықты қабылдайды. Олар өздерiн қытай шапқыншылығынан қорғаған мұсылмандарды жақсы көредi, елдер арасында махаббат, достық пайда болады. Мұсылмандар мен басқа дін өкілдерінің арасында оң өзгерістер, жылы мұғамалалар хасіл болады. Алайда, қытайлық авторлар, Талас ғазауатын Орта Азиядан күдер үзген соғыс деп бағалайды. Өйткенi, олар жеңiп алғанда, Орта Азияның қытай билігіне қосылары анық еді. Мұның табиғи нәтижесі түрiк-соғдылар жаппай бұддашылықты қабылдауға мәжбүр болар еді. Демек, Талас ғазауаты тек саяси-әскери тағдырды емес, Орталық Азияның діни тағдырын да шешкен бек маңызды уақиға.
Талас ғазауатының басты нәтижелерін қорыта айтар болсақ:
1-) Қытай империяларының экспансионистік жоспарлары тоқтатылды: “Талас маңындағы жеңіліс қытайлықтарға жақсы сабақ болады, сол себепті олар батысты жаулап алу деген ойдан бас тартады” (Қазақтар, Қазақстан Даму Институты, I-том, 48-бет). “Алайда, жеңіліс қытайлықтарды қорқытып тастағаны соншалық, олар батысты басып алмақ ойларынан түңіле бас тартты. Империя күйреу қарсаңында тұрды” (Гумилев, Л.Н., Көне түріктер, 371-бет). Қазақстан тарихшылары Талас жеңісі туралы: “Атлах түбіндегі соғыстың Жетісу мен Мауера-ән-Нәһір халықтары тағдыр-талайында үлкен тарихи мәні болады. Таң әскері енді Жетісу шебін ғана емес, ойғырлар мен тибеттердің қысымымен Шығыс Түркістанды да тастап кетуге мәжбүр болады” (Қазақстан Тарихы, Дәуір, 1993, 62-бет) деп, хақ бағасын берген.
2-) Қытайдың Орта Азияға мәдени, саяси тәсірі тоқтатылды. Түркілер қытай қаупінен құтылып, Орта Азия халықтарының өзара және Ислам әлемімен бірігу процесстері күшейді.
3-) Мұсылман арабтар мен түргеш-соғдылар арасында жарты ғасырға созылған қақтығыстар аяқталды. Мұсылмандарға болысқан Қарлұқтардың саяси-әскери беделі артып, бүгінгі қазақ жерінде 766 жылы Қарлұқ мемлекеті бой көтерді.
4-) Жергілікті халықтардың Исламиятқа көзқарасы түбегейлі өзгерді. Көптеген мемлекет қайраткерлері мен оқымыстылар, өнерпаздар мен саудагерлер мұсылмандықты қабылдады.
5-) Бұрын жекелеген адамдар Исламиятты қабылдап жүрген болса, енді топтық қабылдаулар пайда болды.
6-) Түркілердің халифалықтағы абырой-атағы артып, олар Аббаси әулетінің басты қарулы күшіне айналды.
7-) Түркілердің саяси-әскери билігінің күшейгені соншалық, халифалықтың ең маңызды мәселелерін олар шешетін болды. 8-) Алғашқы мұсылман-түркі дәулеттері бой көтерді. Түркілер тек Орта Азияда емес, сонау Солтүстік Африка мен Үндістан құрлықтарында да алып мемлекеттер құрды.
9-) Азия құрлығында бұддашылдықтың батысқа қарай жайылуы тоқтап, тек Шын-Машын елдерінің дәстүрлі діні болып қалды. Бұддизм қытай империяларының батысқа қарай кеңею саясатында маңызды стратегиялық қайла болды. Үндістанға діни сапарға жіберілген көптеген саяхаткер-раһибтер (монахтар) өз еліне аса құнды мағлұматтар жазылған деректермен қайтушы еді. Талас соғысы (751 ж.) қарсаңында қытайлардың Жетісу өңіріне дейін келуінде, осы бұддист раһибтердің үлкен үлесі болған-ды. Олар түрік қағандықтарының осал жақтарын мен ішкі билік таластардың маңызды сәттерін қытай императорына дер кезінде білдіруші еді. Әсілі, Шын патшалықтарының бұддизмді тарату және территорияны өсіру, ал Бизантияның (395-1453) христиандықты жаю және отарлау мақсатымен “интрига” ұйымдастыру жағымен атағы бекерге шықпаған тәрізді. Сондықтан, Талас жеңісі тек қытайлардың батысқа кеңею жоспарын құрытып қойған жоқ, сонымен қатар бұддизмнің Орта Азия мен Иранға кіруіне де тосқауыл болды.
10-) Қолға түскен тұтқындар арқылы сол кезде тек қытайлардың ілімінде болған қағаз жасау өнері мұсылмандарға мәлім болды. Самарқанд пен басқа қалаларда қағаз өндіретін кәсіпорындар ашылды. Қағаздың мол өндірілуі мұсылман ғұламалардың көбірек ғылыми еңбектер жазуына мүмкіншілік берді. Ислам елдерінде біртуар ғалымдар дүниеге келді, олардың туындылары жазбаша түрде біздерге жетті. Шығыс пен батыс мәдениеттері бірінші рет тікелей қарым-қатынас орнатты. Қағаз жасау өнерін батысқа мұсылмандар үйретті. Қағаз өндірісі және қағаздың жазу материалы ретінде пайдалануы Англияда тек 1309 жылы басталған. Яғни, Талас жеңісінен тура 558 жылдан кейін! Батыс елдері мұсылмандардың ғылыми еңбектерін жаппай латын, грек тілдеріне аудартқызып, білім, тәрбие алды. Ғасырлардан кейін Еуропада “қайта жаңғыру” дәуірі басталды.
11-) Талас жеңісінен кейін Исламият Қазақстан жерінде түпкілікті орнықты. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймақтарында қалалар, керуенсарайлар, шифаханалар, мешіттер, медреселер, уақыптар бой көтерді. Көшпелі түркі тайпаларына дін насихаттаушы ғұламалар жіберілді. Дін насихаттауда түрік тілінің өзіне тән формалары (жырлар, қисса-дастандар т.т.) мол пайдаланылды.
775-875 жылдары қарлұқ қағандығы хақ дiн Исламды қабылдап, ел арасында мұсылманшылық сенiм кең тарайды. Қалаларда мешiттер салынып медреселер ашылды. Мисалға, аталмыш дәуірге жататын Ақыртас керуенсарайын (VIII ғ.) айтуға болады. Тараз қаласынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан ғимарат 751 жылы болған Талас ғазауатынан кейін қарлұқтардың басым көпшілігі мен басмыл, шығыл тайпалары Исламиятты қабылдаған тұста салынған. Археологтардың болжауынша осы керуенсарайды алғашқы мұсылман түркілер салған. Көне дәуір тарихшылары Ибн Хұрдадбих (820-886) пен Ибн Құдамның еңбектерінде “қасрибас” деп аталған ғимарат осы болуы мүмкін. Сөйтiп, осы өңірде алғаш рет оқу-бiлiм ордалары бой көтереді.
Қарлұқ мемлекетi 766-940 жылдары өмiр сүрiп, X ғасырдың бiрiншi ширегiнен бастап йағма уә шығыл тайпаларының жиілеп кеткен одақтық шабуылдарынан күш-қуаты әлсiрейдi. 940 жылы Баласағұн қаласы одақтық кшүтердiң қолына түсiп, қарлұқ қағандығы құлайды да билiк Қарахан әулетiне өтеді. Қарлұқтардың басым көпшiлiгi көшпелi болғанымен отырқшылары да бар-тұғын. Тараз қаласы қарлұқ дәуiрiндегi Ислам мәдениетiнiң ең көрікті орталығы болды. Табылған заттарда адам және хайуан сұлбаларының азайып, гүл-шешектердiң көбеюi мұсылмандықтың бұл өңірде кең тарағандығының белгiсi. Түрiк және қарлұқ дәуiрінде Шу алқабының маңызы арта түскені белгілі. Шу өңiрiнiң белгiлi қалалары Асбара, Құлан және Мирки (Мерке) болатұғын. Осы аймақтың байырғы тұрғындары соғды тiлiнде сөйлейтұғын соғдақ халқы едi. Соғдылардың түрiктер мен түргештерге ықпалы әр уақытта күшті болған. Мұның белгiсi – түрiк қағандары Бизантияға жiберген елшiлердi соғдылардан таңдаған. Түргеш қағандары өз теңгелерін соғды әлiппесiмен басып шығарған. Соғдылар қай жағынан қарағанда да көшпелi түркiлердiң отырықшы өмiрге аууына басшылық еткен.
Сарық деген жерде табылған алғашқы мұсылман-түркi мазарлары хақ дiн Исламның саты-саты таралғанының ең айқын айғағы. Мұнда мұсылман өлiктер әшекей бұйымдарымен бiрге көмiлген (Бернштам, А.Н., Уйгурская эпиграфика Семиречья, 27-бет). Исламнан бұрынғы өлікпен бірге жеке заттарын көрге салу салты байқалады. Қарахан мемлекетi ресми түрде Ислам дiнiн қабылдағанымен, халықтарда осы сықылды бұрынғы әдеттер алғашқы дәуірде сақталған. Бүгінгі Тоқмақ ауданы тұсындағы Бұрана ескерткіші алғашқы дәуір мұсылман архитектурасының керемет туындысы. Бұрана сөзi мұнара сөзiнiң өзгерген формасы болуы керек. Бұранада көптеген Ислам мұраларын кездестiруге болады. Қала Қарахан кезеңiнiкi деп болжануда.
Қарлұқтардың Исламиятты алғаш қабылдаған түркі халықтарынан екені даусыз. Тіпті, олардың сонау Аббаси биулеушісі әл-Мәһди (775-785) кезінде жаппай мұсылман болғаны туралы тұжырымдар бар (Қазақстан Тарихы, Дәуір, 1994, 92-бет). Әсіресе, Талас жеңісінен кейін он мыңдаған түркілер мұсылмандықты қабылдаған. Қазақстанның оңтүстік аймақтарын билеген қарлұқтар сондықтан мұсылманшылықты жақыннан тануға мүмкіндік тапқан. Әсілі, осы қарлұқтар Талас соғысында қытай жағын тастап, мұсылман жағына қуат берген еді. Сондықтан, олардың Исламиятқа деген жылы сезімдері, оңды көзқарастары соғыс кезінде-ақ белгілі болған еді. Мәселен, Исфижаб (Сайрам) билеушісі Білге Күл Қадыр (840 ж.) хан мен Тараз билеушісі Оғұлшақ Қадыр хан (893 ж.) сондай мұсылман басшылардан еді. Қарлұқ билігіндегі Тараз, Құлан, Мерке, Атлах, Тұзын, Бәлиғ, Барысхан, Сыйкөл, Талғар, Тонг қатарлы қалаларда бірте-бірте мұсылманшылық тарап, мешіттер мен медреселер, рабаттар мен моншалар салынып, мұсылман қоғамдары қалыптасқан еді.
Хұдұд-әл Ғалам (ғаламның шекаралары) атты кiтапта мұсылман саудагерлердiң Орта Азиядағы ең үлкен орталығының бiрi болған Тараз қаласының тұрғындарының басым көпшiлiгі мұсылмандар екені жазылған (Хұдұд әл-Ғалам, 119-бет). Дегенмен, қалада басқа діндерді ұстанушылар да бар едi. Тараз “саудагерлердiң қаласы” және “қарлұқ қақпасы” деп те аталатұғын. Қалада Самани (819-1005) әулетiнiң де мәдени мұралары байқалады. Мәселен, 893 жылы Тараз қаласында үлкен жұма мешітінің салынғаны тарихи деректемелерде келтірілген. Осы кезеңнен күнiмiзге ж
1234
скачать работу

ЕЖЕЛГI ИСЛАМ МӘДЕНИЕТIНІҢ ОРТАЛЫҒЫ – ТАРАЗ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ