Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ЕЖЕЛГI ИСЛАМ МӘДЕНИЕТIНІҢ ОРТАЛЫҒЫ – ТАРАЗ

сырда Исламият барлық Орталық Азиядағы үстем дінге айналды”. Ғалымның бұл пікірін мархұм академик Фұад Көпрүлү де қуаттайды: “Әр халде, һижри V ғасырда (ХІ ғасыр – М.Б.) түрік әлемінің аумағының басым көпшілігінің толығымен Ислам мәдениетінің тәсірінде болғанын һәм Исламды қабылдағанын көреміз” (Köprülü, Fuad., Türk Edebiyatında İlk Mutasavvuflar, DİB Yayınları, Ankara, 1991, 14-бет). Ал, мархұм Әлкей Марғұлан қазақтардың хандықтан көп ерте уақыттарда мұсылман болғанын дәлелдей келе: “Осыған орай бұрыннан көріп жүрген ғажайып тасты жаңадан тауып, онда қазақ тілімен XIV-XV ғғ. тасқа жазылған ұран сөзін Л. Кузнецовпен бірлесіп көшіріп алады. Таста араб харпымен жазылған сөз мынадай: “Қыпшақ, найман, алшын, арғын, қаракесек, үйсін, табын, Иләһи кәр рә-сиге һамиша хайа рахмет қыл сен алтауын!, екінші түрде айтқанда: “О Ием! Үмітіңе жету үшін осы алтауына рахметіңді бере гөр!”.” (Әлкей Марғұлан, Таңбалы Тас Жазуы, Қазақ Тарихынан, Жалын, Алматы, 1997, 209-бет) деп жазған.
Қазақтар бертінде ғана мұсылман болды деушілер сәл кітап оқып, түсінік алса болғаны, сонда олар Мұхаммед Әбу Насыр әл-Фараби (870-950), Әбу Ибраһим Исхақ әл-Фараби (? – 951), Ғаламаддин әл-Жәуһәри (Отырар, X-XI ғғ.), Ахмед Мансұрұлы әл-Исфижаби (Сайрамдық, уаф. 1087), Әли Мұхаммедұлы әл-Исфижаби (Сайрамдық, X-XI ғғ. ?), Әбу Абдұллаһ әл-Баласағұни әт-Түрки (1040-1112), Ахмед Ибраһимұлы Махмұдұлы әл-Йесеуи (Түркістандық, 1094-1166), Қайыр Хан (Отырар әкімі, 1165-1220), Абдұлғафұр әл-Кердери (Кердері тайпасынан, уаф. 1166), Әбіл Қасым әл-Фараби (Отырарлық, 1130-1210), Ахмед Махмұдұлы Йүгнеки (Түркістан өңірі, XII-XIII ғғ.), Жамал Қарши (1230-1315, Алмалықта туған), Әбіл Фадыл Мұхаммедұлы әл-Қарши (Алмалық, XIII ғ.), Хұсамаддин Хұсайын әс-Сығанақи, Алааддин Байлақ әл-Қыпшақи (XII-XIII ғғ.), Бәйдібек Би (1356-1419), Әбу Жәлел әл-Керейти (XVII-XVIII ғғ.), Сәййід Мирки (Меркелік, XVI ғ.) т.т. қатарлы ірі мұсылман тұлғалардың Қазақстан жерінде мың жылдан астам уақыт өмір сүргенін көрер еді. Осыдан бір-екі жыл бұрын Қонйа қаласындағы (Түркия) белгілі ойшыл Мәулана Жәлаладдин әр-Рұми мұражайын аралағанымда, қолжазба мұсхафтар (Құран нұсқалары) бөлімінде һижри 965 – милади 1557 жылы жерлесіміз Сәййід Мирки (Меркелік) тарапынан жазылған қолжазба Мұсхаф Шәріфті көрген едім. Бізге беймәлім тағы да көптеген жерлестеріміздің мұраларын шетелдерден іздестірген жөн
Қарлұқ, Аббаси, Самани, Қарахан, Селжүк сықылды мұсылман мемлекеттері тура 1250 жыл бойы отанымызда билік жүргізген. Арысын алмай, 751 жылы бүгінгі қазақ жерінде болған Талас ғазауатын бастаушы дата десек, 2001 жылы Қазақстан жеріне Исламияттың нақтылы келгеніне 1250 жыл болған. Бұл жағынан алғанда да Тараздың ислам тарихындағы маңызды орны көрінеді. Тұтастай түркілердің исламға бет бұруы бүгінгі Тараз түбінді болған тарихи уақиғаларға байланысты. Талас соғысынан бұрын да көптеген адамдардың мұсылмандықты қабылдағаны белгілі. Бірақ, тарихи маңыздылығы жағынан, Орталық Азияда Исламияттың түбегейлі орналасуы және қытай шабуылының тоқтатылуы жағынан Талас соғысының біздің жерімізде болғаны өте маңызды уақиға! Сол себепті, Тараздың 2000 жылдығын атау шараларында Талас ғазауаты туралы халықты хабардар етіп, шәһид болған ата-бабаларымызды рахметпен еске алсақ дұрыс болар еді. Бұл, біріншіден, Талас ғазауатында жанын фидә еткен шәһид бабаларымыздың ұмытылмағаны болса, екіншіден рухани вакуумда жүрген кейбір азаматтарымыздың еңсесін көтерерлік, үлгі аларлық уақиға болар еді. Мақсат, кигіз үйдерді тігіп, ысырапшылық жасап, ішімдікке тою емес, Талас шайқасының маңыздылығы мен Исламияттың түркі халықтарының, оның ішінде біздің халқымыздың тағдырындағы маңызды орнын түсіндіруде, кімбіз, қайдан келдік, қайда бара жатырмыз деген сұрақтардың жауабын анықтауда. Бұған қоса айтарымыз, күллі Ислам әлемінің тарихында осыншама маңызды орын алған Тараз шаһарында орта ғасырлық мұсылман архитектурасы үлгісінде бір үлкен мешіт ғимараты мен Ислам ғылымдарын зерттейтін ғылыми орталық салынса, нұс үстіне нұр болар еді.

1234
скачать работу

ЕЖЕЛГI ИСЛАМ МӘДЕНИЕТIНІҢ ОРТАЛЫҒЫ – ТАРАЗ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ