Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ЕЖЕЛГI ИСЛАМ МӘДЕНИЕТIНІҢ ОРТАЛЫҒЫ – ТАРАЗ

еткен табыстардан; монша, Бұрана мешiтi, Бабажа Қатын, Айша-Бибi дүрбелерiн атауға болады (Бернштам, А.Н., Советская Археология, XI, 378-бет). Бұлардың барлығы дерлiктей кiрпiштен жасалған, кұфи хат жазылған. Табылған заттарда Иран жеріндегі Ислам мәдениетiнiң нышандарын байқауға әбден болады.
Тараз өлкесінің гүлденуі Саманилер (819-1005) және Қарахан (942-1211) әулеттерінің билігі тұсында да жалғасады. Қараханилер әуелінде қарлұқ тайпалар одағының құрамында болатын. Олар IX ғасырда күш нығайтып, ықпалды одақ құрады. Қарахан мемлекетiнiң негiзiн қалаған Ислам дiнiн қабылдаған көреген елбасы Сатұқ Боғыра Хан (915-955) болды. Абдұлкәрім есімін қабылдаған ол 942 жылы Баласағұн шаһарын өзiне бағындырып, қағандығын жария етеді. Кесенесі Қашғар қаласынан 100 шақырым қашықтықтағы Артұш елдi мекенiнде орналасқан Абдұлкәрім Сатұқ Боғыра Хан қайтыс болған соң, ел тiзгiнiн баласы Мұса Тоңға Ілік хан алады. Ол 960 жылы Исламиятты Қарахан елiнiң мемлекеттiк дiнi етіп жариялайды. Мұса белгілі ойшыл, ғұлама, сопы Әбіл Хасан Мұхаммед Сұфйанұлы әл-Қаламати тарапынан арнайы ислами тәрбиеден өткізілген-ді. Осының нәтижесінде ол Қарахан патшалығығының билігіне қараған аймақта (бүгінгі оңтүстік аймақтарымыз) Исламияттың таралуына орасан зор еңбек сіңірген. Мәселен, 960 жылы 200 000 шатыр (үй) түркі халқы мұсылман болған-ды. Самани мемлекетінің бағы тайған соң, Һарұн (Хасан) Боғыра хан Ма-уера-ән-Нәһір елдеріне шабуыл жасап, 999 жылы Бұхараны өзіне бағындырады. 1005 жылы Ма-уера-ән-Нәһір аймағы тұтастай Қарахан билiгiне өтедi.
Қарахан мәдениетi қарлұқ мәдениетiнiң жалғасы iспеттi. Қарахандар әулетi X ғасырдың орта шенiнде қалыптасып, XII ғасырдың бас шенiнде ыдыраған мемлекет болды. Олардың шығу тегi туралы жан-жақты пiкiрлер айтылуда. Кейбiр зерттеушiлер оларды ойғырлардан тараған десе, ендi бiреулерi қарлұқтардың жалғасы деп түсiндiредi. Алайда, Қарахан дәулеті алуан текті мемлекет болды. Оның құрамында үйсiн, қаңлы, дұлу, телi, қырғыз, қыпшақ, арғұ, йағма, оғыз, бүкриз, салғыр, бектелi, баяндұз, балт сықылдаған түркi тілді және парсы тiлді халықтар болған. XII ғасырдың бас шенiнде Йелүй Дашы бастаған мұңғұлтектес кидан (қарақытай) әскерлерi Қарахан мемлекетiнiң күншығыс аймақтарын жаулап алды. Осыдан бастап үлкен соққы жеген мемлекет ыдырайды. 1212 жылы қарахандардың ең соңғы ханы қайтыс болады да мемлекет ресми түрде құлайды.
Ислам дiнi мемлекеттiк дiнге айналған Қарахан дәулетінде бұрын-соңды болмаған оң өзгерiстер байқалады. Қазақстанның оңтүстiк аймақтарында айтарлықтай мұралар қалдырған осы дәуiрде егiншiлiк, малшылық күшейiп, қолөнершiлiк және сауда гүлденіп, өркендейді. Халықтың экономикалық хал-ахуалы әжептәуiр көтерiлiп, жайбарақат өмiр орнайды. Бұрынғы шаһарлар көркейіп, көптеген жаңа қалалар бой көтередi. Қалалық мәдениет кең таралып, орнығады. Сол заманның қаламгерлері Тараз қаласын үлкен сауда орталығы, ал Исфижаб (Испижаб, Сайрам) қаласын бүкiл дүние жүзi саудагерлерi үшiн кен бұлағы деп мадақтайды. Тұңғыш Самани патшасы Исмаил Ахмедұлының немере ағасы Нұх Әсетұлы Исфижабты 838 жылы жаулап алған соң осы қаланың халқы түгелдей дерлік Исламды қабылдаған-ды. Сауда-саттықтың орасан дамуының арқасында ақша айналымы қуаттанып, кейбiр қалалардың өзiндік теңгесі пайда болады. Арыс өзенiнiң орта саласынан Тараз, Алмалық, Отырар, Самарқанд, Магия, Бұхара, Хожент, Шаш (Ташкент) және Қашғар сықылды қалалардың теңгелерінің табылуы мұны растайды. Бұл жағдай қалалық өмір салты мен экономикалық сәуиенің қаншалықты дамығанын көрсетсе керек: “Бұдан кейінгі кезеңде Қарахан әулеті билік құрған тұста Қазақстан және Орта Азияда сауданың күшті дамуына байланысты ақша шығару, ақша айналымы да кең етек алды. Әсіресе, мыс, күміс ақшалар көптеп шығарылды. Соның ішінде, Тараз, Исфижаб теңгелері ел экономикасында ерекше міндет атқарды. XII ғасырдың екінші жартысы мен XIII ғасырдың басында Отырарда шыққан Мұхаммед Текешұлының теңгелері Қазақстан жеріндегі сауда-саттықта ерекше міндет атқарды. Мұңғұл жаугершілігінің алғашқы дәуірінде (1220-1250) Қазақ жерінде жалпы сауда қатынасы құлдырап кетті.” (Қазақстан – Ұлттық Энциклопедия, I-том, 227-бет ).
Қарахан мемлекетiнде мұсылманшылықтың мемлекеттiк дәрежеге жетуiнiң арқасында қалалық мәдениет гүлденiп, сәулет өнерiнiң Айша Бибi, Алаша Хан Күмбезi, Әулие Ата Мазары, моншалар және су құбырлары (кәріз) сықылды осы күнiмiзге жеткен үздiк мұралары жасалды. Тараз, Самарқанд, Бұхара және Қашғар шаһарлары асқан дәрежедегi Ислам орталықтарына айналды. Басқа ғылымдарды айтпағанның өзiнде, тарихта алғашқы ретi түрік тiлi ғылыми түрде қолға алынып, зерттеледі. Қашғарлық Махмұд жазған “Түрк Тiлiнiң Сөздiгi” және Баласағұндық Жүсiп Хас Хажиб (1016- ?) жазған “Құтты Бiлiк” (1069-1070) тағы басқа да туындылар дүниеге келдi. Түрiк тiлiнiң аман-есен сақталып, бүгiнгi күнге жетуi осы мұсылман мемлекеттерінің қамқоршылығының арқасында болған, ағайын. Әсіресе, Қашғарлық Махмұдтың еңбегінде Тараз және айналасындағы қалалар мен тұрғындары хақында келелі мәліметтер келтірілген. Демек, Тараз автор өмір сүрген ХІ ғасырда да маңыздылығынан айырылмаған. Қашғаридің аталмыш еңбегінде Исфижаб, Сабран, Фараб, Йәңгикент, Қарнақ, Қарашұқ сияқты көптеген қалаларымыз туралы мәліметтер бар. Автор Ұлық-Талас және мұсылман шекарасындағы Кіші-Талас туралы хабарлайды. Сонымен қатар, Таразға жақын орналасқан Қарғалық және Йағма қалашықтары хақында айта келіп, Тараздан Баласағұнға дейінгі мекендерде мұсылман йағма, тұхси және арғұ түркі тайпаларының тұратынын хабарлайды. Бұларға қоса қыпшақтармен шекаралас Кенжек Сиңгир және Атлұқ қалалары жөнінде айтылады. Мұның барлығы да ХІ ғасырда бұл өлкенің мұсылман түркілердің мекені болғандығын және қалалық өркениетінің дамығандығын білдіреді.
Мұсылмандықты мемлекеттік дін еткен Қарахандықтар әулетінің билігін барша ғалымдар оңды бағалауда, мәселен, “Қазақстан Тарихы” атты кітапта, отандық тарихшыларымыз: “Қарахан әулеті тұсында түрік этносының ой-санасы өседі, мұсылман әдебиеті түрік тілінде шыға бастайды. Бұл салада жұрттың бәрінен бұрын Йұсұф Баласағұнның есімі белгілі болады. Тұтас алғанда Қарахандар дәуірі сапалық жағынан қоғамның барша саласындағы жаңа кезең боп табылады. Тек, мұңғұл жаулаушылығы тұсындағы ауыр күйзеліс қана қоғамның дамуға бет алған табиғи процессін үзіп тастайды” (Қазақстан Тарихы, Алматы, Дәуір, 1993, 72-бет ) деп, әділ бағасын беруде.
Тұран халықтарының VII ғасырда Исламмен танысқаннан кейiн адамзат тарихының ең жарқын өркениетiн қалыптастырғанын мақтанышпен айта аламыз. Ма-уера-ән-Нәһірде уә Түркістанда бой көтерген Тараз, Исфижаб, Отырар (Фараб), Сығанақ, Баласағұн, Алмалық, Йесе, Бұхара, Самарқанд, Мәру (Мары), Хиуа, Тiрмiз, Ташкент, Балх т.т. және Орта Шығыстағы Мекке, Мәдине, Шам, Бағдад, Басра, Кұфа, Қаһира, Ыстамбұл т.т. қалалары күллі адам баласы ғұрұрланатұғын мәдениет, ғылым, өркениет туындыларына толған. Түркiлер Ислам мәдениетi мен ғылымдары негiзiнде қалыптастырған әскери, саяси, ғылыми, хұқұқи жүйелер, әдебиет туындылары түгел дерлiктей Исламияттың iзiн сiңiрген айрықша қазыналарымыз. Қала басқару жүйесi, бiлiм беру (мағариф) низамдары, ғылыми зерттеулер (тахқиқат) және тариқаттары, қазылық билiгi, көркемөнер уә тiл ғылымдары (лұғат), ғарыштану, дәрiгерлiк (тыб) уә химия пәндерi, кәсiби iсмерлер дайындау тәсiлдерi (санағат), әлеуметтiк қайырымдылық қорлары және рабаттар, уақыптар, тәккелер, денсаулықты сақтау (хифз-ұс-сыхха, шифахана) және сауықтыру шаралары, мұсылман (түрiк) моншалары, қолөнер туындылары, ғашықтық сарындары, даналық шиырлары, теңiз зерттеулерi, жағырапиялық ашулар, зергерлiк өнерi т.т. мiне, осылардың көбiсі Тараз сияқты дамыған қалаларда дүниеге келген.
Ислам тарихының алуан түрлiлiгi, орасан зор байлығы уә жан-жақтылығы тiкелей еліміз орналасқан Орталық Азияға қатысты. Орталық Азияда Ислам тарихының ең мәшһүр тұлғалары, Құран мен Хадис ғалымдары өмір сүрді, шаирлар, қаламгерлер, даналар, өнерпаздар керемет туындыларымен ислами мұрағаттарға өз үлесiн қосты. Біздің Тараз сияқты қалаларымыз ғасырлар бойы Ислам мәдениетi мен өркениетiнiң ең беделдi орталықтары болды. Мұсылмандардың ғылымдағы, өнердегі жетістіктері күллі адамзаттың игілігіне ұсынылды.
Осы арада айта кететін маңызды бір жиһәт: кейбіреулер қазақтарды бертінде, тек XIX ғасырда ғана татар молдалары арқылы мұсылман болды дейді. Бұл сандырақ, қитұрқы сөз. Мақсат белгілі; қазақ халқын мұсылмандықтан жеріту, татарларды жағымсыз ғып көрсету арқылы туысқан халықтар арасына жік салу. Жоғарыда, оңтүстік аймақтарымызда мұсылмандықтың қаншалықты ерте таралғаны туралы нақты дәлелдермен айттық. Әбіл Қасым Хаукалұлы (уаф. 889 ж.) “Сұрет-ил Арз” (Жердің суреті) атты еңбегінде Фараб, Кенжиде және Шаш арасында көшіп-қонып жүретін мұсылман түріктер туралы хабарлайды. Әл-Мақдиси (уаф. 997 ж.) болса, Кедер қаласында (Құйрықтөбе) жұма мешіті салынғаны туралы жазады. ХI ғасырдың мәшһүр мемлекет қайраткерi, Селжүк империясының бас уәзірі Низам әл-Мүлiк (1018-1092) Баласағұнның сонау 940 жылы мұсылман қаласы болғанын, сондықтан бұл қаланың имансыздардың қолына түсуiнiң мүмкiн емес екенiн, мұның тек соғыс арқылы ғана бола алатынын айтқан (Бартольд, В.В., Тюрки- Двенадцать лекций, 59-бет). Демек, Жетісудағы Баласағұн қаласы Х ғасырдың бас шенінде-ақ, ең маңызды Ислам орталығының бірі болған. Белгілі дін тарихшысы профессор Хикмет Танйұ “Түріктердің Діни Тарихы” атты еңбегінің 109-бетінде Х ғасырды түркілер жаппай мұсылман болған ғасыр деп танып, былай дейді; “920-21 жылдары қызылбастардың (шиғалар – М.Б.) Хорасан аймағында шиғалықты насихаттағанын байқаймыз. Алайда, түркі халықтары 920-960 жылдары әһли сүннет жолын таңдап, жаппай Исламды қабылдайды. Қарахан Бұғыра хан Хорасандағы қызылбастарға жорыққа аттанып, оларды жеңіліске ұшыратты. Исламият 940-950 жылдары Орал тауы мен Сібір аймақтарында орналасты. Түркі халықтарының тарихындағы осы маңызды уақиғалардан соң, Х ғасырда түркі тайпаларының кем дегенде 80 пайызы мұсылмандықта болды. ХII ға
1234
скачать работу

ЕЖЕЛГI ИСЛАМ МӘДЕНИЕТIНІҢ ОРТАЛЫҒЫ – ТАРАЗ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ