Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Фактураланбаған жабдықтар есебі



 Другие рефераты
Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысудың есебі Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі

Кейбір жағдайларда келіп түскен материалдық құндылықтардың құжаттары (шот-фактуралары) болмауы мүмкін. Мұндай құндылықтарды фактураланбаған жеткізілім деп атайды. Фактураланбаған жеткізілімдер фактураланған, яғни шот-фактураларымен бірге келген жеткізілімдер тәрізді әрбір жабдықтаушыла бойнша жеке көрсетіледі. Фактураланбаған жабдықтарды жазу үшін үлгілі түрі М-7 «Материалдарды қабылдау туралы актілер» қолданылады, олар шот-фактурамен ресімделмеген материалдармен, сондай-ақ, қабылдау кезінде артық шыққан тауарлық-материалдық құндылықтарға да жазылады. Факторланбаған жабдықтардың шот-фактуралары келген уақытында оларға бұрын жазылған деректер сторна етіліп нөмірі 6-журнал-ордерге шот-фактурадағы мәліметтер жазылады. Төлем жасалған, бірақ айдың аяғына дейін кәсіпорынның қоймаларына түспеген тауарлық-материалдық құндылықтардың шот-фактуралары емесе төлем талап тапсырмалары негізінде 6-журнал-ордерге әдеттегі  тәртіп бойынша жазу жазылады. Айдың аяғында жолдағы материалдық құндылықтардың сомасын журнал-ордердің «Келіп түспеген жабдықтаушы қоймасындағы жүк үшін» деп аталатын арнайы бағанасында көрсетеді. Журнал-ордер бойынша жиынтықтарды шығарғаннан кейін жолдағы тауарлық-материалдық қорлардың құнын материалдық қорлар шоттарына жазады, олар материалдық жауапты адамдар есебіне жатқызылмаса да, жедел ескеріліп отырады. Сөйтіп, жолдағы тауарлық-материалдық қорлар айдың аяғында тиіті шоттарда шартты түрде есептелініп, олардың құндары жабдықтаушылар мен есеп айырысулар тұрғысында дебиторлық қарыз болып табылмайды. Келесі айдың басында жолдағы материалдардың қалдығы сторна етіледі (қызыл жазумен жазылады).

Жабдықтаушылар және қызмет  көрсетушілермен есеп айырысулар есебі жөніндегі журналда ай аяғында «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шот бойынша талданған қалдықтар көрсетіледі. Талдамалық есептің құрылымы жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі қалдықтар туралы мағлұмат алуды қамтамасыз ету үшін және есеп айырысуды жедел бақылау үшін мына топтардан қалыптасады:

  • Құны төленген, бірақ іс жүзінде алынбаған (қабылданбаған) материалдық қорлар, көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыс бойынша есеп айырысудан;
  • Факторланбай қалған жабдықтар бойынша есеп айырысудан;
  • Мерзімінде төленбеген есеп айырысулардан.

Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысулар есебу бойынша мынадай шоттар корреспонденциясы беріледі.

Кәсіпорынның басқа заңды немесе жеке тұлғалардын сатып алынған тауарлық-материалдық қорлар үшін (қосылған құнға салынған салық есебінсіз) акцептелген щот-фактурасынан:

Д-т: «материалдар» немесе «тауарлар» деп аталатын шоттардың тиістісі.

К-т: «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысуы» деп аталатын шот.

Д-т: «Қосылған құнға салынған салық» деп аталатын шоты.

К-т: «жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысуы» деп аталатын шоты түріндегі екі жақты жазу жазылады.

Жабдықтаушылардың шот фактурасының қай шоттан төленгеніне қарай:

Д-т: «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысуы» деп аталатын шоты.

К-т: «Ақшалар» деп аталатын шоты түріндн бухгалтерлік жазу жазылады.

Шот фактура бойынша кәсіпорынның жабдықтаушыларға тауарларды сатып алу барысында төленген қосылған құнға  салынған салықтың сомасы ұйымның тауарларды (қызметтерді) сату барсында есептелінген бюджетке төленетін қосылған құнға салынған салықтың сомасынан шегерілгенде:

Д-т: «Қосылған құнға салынған салық» деп аталатын шот:

К-т: «Орны толтырылатын қосылған құнға салынған салық» деп аталатын шот түріндегі жазуы жазылады.

скачать работу


 Другие рефераты
Роль бессознательного в понятии сознания
Жер экономиканың аграрлық секторында өндірістік негізгі құрал ретінде
Результаты экспериментальной оценки эффективности применения баллиститного ракетного топлива в качестве сенсибилизаторов в эмульсионных ВВ
Современные цивилизации


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ