Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ғалияда оқыған қазақтар

кір жазған шолуда 1915 жылғы жайсыз, көңілсіз уақиғалардың бірі ретінде атап өткенде 16 қаңтарда 38 шәкірт, атап айтқанда Ғабдулжапар Байжұманов, Ғабрахман Мұстафин, Ғұмар Нияз, Нұрахмет Афлигов, Мұхамедрахым Асылбаев, Нұртаза Нұрпейісов, Мәлік Мұстафин, Ғаббас Қанафин, Бимұхамет Майлин, Төлебай Ержанов, Армия Ешкеев, Хажимолла Басимов, Ғайса Тоқтарбеков, Ешмұхамедов, Сейіт Аманжолов, Хамза Ибрагимов, Досмайыл Есентаев, Нұғыман Манаев, Жиенғали Тілепбергенов, Сұлтан Шоқаев, Әлмұхамет Жандыбаев, Ғабдолла Толбаев, Балақожа Сүлейменов, Қаһан Ережепов, Зейнелғабиден Имажанов, Хайролла Ибрагимов, Садық Қасымов, Ахметнәби Ғалиханов, Дәулетқали Есенгелдин, Келді Мұқаметкелдиев, Меңдіғали Сакипов, Ахмет Егізбаев, Бекмұхамет Олжабаев, Досмұхамет Аманқұлов, Сәрсембі Баубаев, Мұхаметкәрім Оралбаев, Дөненхан Ғұмаров, Кәрім Ешмұхаметов: “Біздің ол хатымыз бастауыш мектебімізде ана тілінде оқу оқыту бірінші қадам деп тапқанымыздан жазылған еді. Көп жылдардан бері татар мақбуғатымен халқымыздың бұл дәрежеге келуін естен шығарып, қарсылық жасау емес еді һәм әдебиет айырмашылықтары аз екі халық арасын бүлдіріп, татар әдебиеті мен матбұғатын қазақтарға жек көрсету ниетінен аулақ едік. Ол тіпті қаперімізде болмаған жай!
Рас, татардың белгілі зиялыларының кейбіреуі татар халқын айрықша сүйіп, Россиядағы бүкіл мұсылмандарды жоғарғы бір түрік-татар ұлты етіп жасауды тілейді екен. Пікірлеріне рахмет! Ондай сөздерді ХХ ғасырда туғандарға айту көзсіз. Бұдан бұрынғы заманда татарлана алмаған бір халық бұл ХХ ғасырда татарлана алмас!” деп жауап берулері “Садақтың” алғашқы сандары тұсында бұзылған шырықты онан әрі ушықтыра түспесе, тыныштандыра қойған жоқ. Жалпымедреселік жиналыс шақырылатын болған соң Орынбордан Ахмет Байтұрсынов әдейі келіп, мәселенің мән-жайын түсіндірді. Ғалымжан Ибрагимов, Мәжит Ғафури сынды татар-башқұрт көшбастаушы зиялылармен сөйлесіп, татулық орнатқан-ды. Бұл мәселенің жөнді арна табуына Ғалымжан Ибрагимовтың осы жиналыста жасаған “Тілдері басқа болса да көңілдері бір” деген баяндамасы себепкер болды.

“Қазақты татар әдебиеті билән қанағаттандыру фикирі тек ол халықты вэ тарихи ағымын білмеуден келедүр. Бізге қазақларны” “татар тілі мен әдебиеті” астына кірігу қиялынан гөрі әдеби қазынамызды байыту үшін қазақ халқы әдебиетінен кең рәуіште үйрену тиышлелер”, деген ойын айтып, жалындап келе жатқан өртті басқаны тарихқа белгілі. Ғалымжан Ибрагимовтың бұл баяндамасы “Ақ” (білім) журналының 1916 жылғы 15 санында басылып, кейінгі көп томдықтарында үзбей жариялануда. Қарапайым тілектен басталған ұсыныс екі халықты жарастырар үлкен оймен аяқталуы албырт шәкірттердің алғыр тілектерінің жетелілігін көрсетіп, болашақ қайраткерліктеріне бағдарлама болғанын аңғару қиынға түспесе керек.

“Ғалияда” оқыған қазақ жастарының бір тобы “Садақтың” 1918 жылғы 10 ақпанында шыққан соңғы қоштасу санында журналдың шығаруына ат салысқан өлең-жыр, мақала, ел сөзін жинап тапсырған авторлардың жасырын аттарын ашып берген тізім бар. Олардың біразы жоғарыдағы хаттамада кездеседі. Алайда Зияш Алдабергенов, Салахидден Жүсіпұлы Сарталиев, Мұхамет Сабыр Айтқожин, Мағауия Таңатаров, Хамза Бекмұхаметов, Әбдірашит Әлімбаев, Әбубәкір Қазақов, Бекбау Әлиев, Төлеубай Ақылбеков сынды азаматтар да “Ғалияда” оқыған-ды.

Қазақ зиялылығын көрсету үшін жоғары білім алғандарды анықтап, мәдениетіміздің биік өресін жоғарғыларға білдірмей көп еңбек еткен азамат Ғалым Ахмедов болғанына ешкім дау айта алмас. Медресе “Ғалияны” бітіргендерден 76 кісінің аты-жөнін баспасөзге жариялады. Солардың ішінде Әбушахман Бөкеев, Ғабдрахман Сұлтанов, Сермұхамбет Қыпшақбайұлы, Ахмет Мәметов (Мәншүктің әкесі), Жұмағали Бейсенбаев, Балқожа Сүлейменов, Нұрахмет Ақылбеков, Сәдуақас Жандосұлы, Кенжеғали Ғабдуллин (ақын, ерте қайтыс болған), Бекмұхамет Серкебаев (Ермектің әкесі), Төреахмет Қожымов, Әшкей Жақаев, Айтмағамбет Жұманов, Жармұхамет Тіленшиннің аттары атап көрсетілген.

Сонымен қатар “Қазақ әдебиеті” газетінде “25 ноябрь, жұма күні кешкі сағат 6.30-да М.Әуезов музей-үйінің залында (М.Төлебаев көшесі, 185 үй) қазақ әдебиеті мен өнері халық университетінің кезекті сабағын “Қолжазба журнал “Садақ” (медресе “Ғалиядағы” қазақ шәкірттері, жайынан) деген тақырыпта филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішев өткізеді” деген хабарға қазақтың “ескілігін” білуге құштар біраз зиялылар жиналды. Университеттің мәшинесіз ректоры Рахманқұл Бердібаев, Жамбыл бөлімінің меңгерушісі, жан досым Мырзабек Дүйсенов, ол кезде атақты ақын деп білетін, кейін құдам болған Қазақстанның халық жазушысы Мұзафар Әлімбаев, бірге оқыған парталасым Есенгелді Жақыпов, қазақтың сөз өнерінің маржандарын жинауда ерен еңбек сіңірген Мардан Байділдаев сынды азаматтар музейдің кішкене залын керіп отырғандарымен қоймай, төпелетіп сұрақты жаудырып, медреседе оқыпты деген талай адамдардың атын атады. Мардан марқұм: “Сырдариядан оқуға түскен екеу кім екен?” деп мені тығырыққа бір тіреп алды да, мен оларды білемін, біреуі мына Ауыл шаруашылығы институтындағы профессордың әкесі деп атын атап еді, қазір есіме түсіре алмай отырмын. Есенгелді Семей төңірегінен оқыған адамдардың, өсірген Таһир Жомартбаевтың атын атап еді, “менің көргендерімнің ішінен кездестіре қоймадым” дегеніме дес бермей “анау списогіңе қосып қой” деп бұйырды.

Әлден уақытта орнынан Мұзағаң көтеріліп: “Сен айтқан Әбдірашит Әлімбаев менің әкем Аймағамбет болып жүрмесін. Ол кісі де медреседе оқыған еді”, деп күмілжітті. Әбдірашит деген қысқы каникул кезінде Омбыдан келе жатып бар қаражатын ұрлатып алған соң “Ғалия” шәкірттері жылу жинап берген және “Садаққа” “омбылық” деген жасырын атпен мәтін беріп тұрған шәкірт. “Сіздің әкеңіздің молдалықтан басқа өнері бар ма еді? деп сөзімнің аяғын қалжыңға жықтым. “Жоқ, білемін ғой әкемді”, деген соң: “Құжатыңызбен сендірмесеңіз мына тізімге қоса алмаймын” деп әрең құтылдым.

Сонымен, медреседе оқыған екі жүздей қазақ жастарының елге қайсысының еңбегі сіңгенін айтар болсақ, өзім анық танитындарым бірқыдыру. Олардың ішінде “Ғалияда” жарты жылдай оқыды деп жазылып жүрген, шындығында екі оқу жылын оқыған Бейімбет Майлинге түсіндірме беріп жатуым артық болар. “Шұғаның белгісіндей” классикалық шығарманы жариялаған “Садақ” журналына Бейімбеттің редактор-шығарушы болу эстафетасын жалғастырған Жиенғали Тілепбергеновтің әдебиет тарихына оралуына біраз маңдай тер төккенімді айтып жатпай, 1955 жылдан бері зерттеліп, 1968 жылы шыққан “Ізбасар” жинағын, 1995 жылы Ақтөбе азаматтары шығарған 2 том шығармаларын “Алаш” баспасы 2005 жылы қайтадан толықтыра жариялап жатқанын айтсам да жетер. Жиенғалидың ұлы Нұраш, менің шәкіртім доцент Ниязова осы игі істің соңында жүр.

Медресе шәкірттеріне кездесіп, сәлем бергендерім екі ақсақал. Әбдірахман (Ғабдырахман) Мұстафинге 50-жылдардың ортасында кездескенімде бір баспаның корректоры екен. Медресе бітіргендер өз ойын ашық айтудан қаймығатын тұста қалыптасқан әдеттен озбай, сыр бермей қойған еді.

Екінші шәкірт – Зейнелғабиден Имажанов ағарту саласынан қол үзбей, игілікті еңбек етудің арқасында “Қазақстанның халық мұғалімі” атағына ие болып, Ленин орденімен марапатталған ұлы ұстаз. Оның шәкірттері арасында Иманбай Қарақұлов, Бейсенбай Кенжебаев, Хабибулла Жабасов сынды ғұламалар, Бауыржан Момышұлы сияқты батыр, Үрия Тұрдықұлова, Құрманбек Жандарбеков сынды өнер саңлақтары, Жақыпбек Жанғозин секілді мемлекет қайраткерлері тәрбиеленіп шығып, елге ерен қызмет атқарғанын айтсақ та жеткілікті.

Нұғыман Манаев Қазақстанның оқу-ағарту саласында көп жыл еңбек етіп, оқу комиссарының орынбасары болғаны, Армия Әшкеев пен Әбілғазы Иманбеков атақты да абыройлы мұғалім болғандығы, “Еңбекші қазақ” газетінен басталған қаламгерлігін өмірінің соңында ғұлама молдалыққа айналдырып, ел-жұрттың алғысына бөленген Зияш Алдабергеновті атаса да болады.

Ал Хажым Басимовтың жесірі Меңсұлу апай менің үлкен құдағиым болуы арқасында қолындағы мол құжатын маған аманатқа тапсырған-ды. Хажымның “Садақ” журналындағы “Ырысты” повесі баспаға дайындалу үстінде. Сондай-ақ Салахидден Сарталиевтың “Мақтым” повесі 1984 жылы “Жұлдыз” журналына жариялану арқылы әдебиет тарихы мен ғылыми зерттеулердің ауқымына іліккені де қуаныш.

Бұлардың сыртында медресе “Ғалияны” жақтап, мұражайын жасату жөнінде жар құлағы жастыққа тимей, қазақ шәкірттерінің өлі-тірісін түгелдей іздеп, сол үшін дімкәстігіне қарамай Қазақстанға екі рет арнайы сапармен келіп-кеткен, Мағжанды ақтау туралы Д.Қонаевтың өзіне мәлімдемеге бергісіз ұзақ хат жазған ұлы патриот Сайфи Құдашпен 1957 жылы кездесіп, 90, 100 жылдық мерейтойларына қатысып, хат-хабар алып тұрдым.

Медресе “Ғалияда” оқыған қазақ шәкірттерінің шежіресін тарата берсе, қызықты хикаялар суыртпақталып шыға береді. Жоғарыда аттары аталған ағаларымыздың бүгінгі жетелі ұрпақтары “Садақ” журналының таптырмай жүрген 20 шақты сандарына сұрау салып, тауып, қазақ мәдениетіне үлес қосса ғой шіркін деген тілек те қосарланып жатыр.

“Ғалия” шәкірттерінің өз заманында не тындырғандарын жүйелей сөз етсек, ең алдымен қолжазба “Садақ” журналының 40 шақты санын 1913-1918 жылдары шығару арқылы мәдениетімізге үлкен олжа сыйлағанын айрықша атау қажет.

Біздің кейбіреулеріміз баспадан шыққан кітапты мұра деп есептейді де, қолжазбаға немқұрайды қарайды. Бұл дұрыс емес. Әлем әдебиеті әуелі қолжаз­бадан өсіп-өнген. Мәдениетті елдерде қолжазба институттары ашылып, айрықша құрметтелетінін Армениядағы бір ғана Матенадаранның мысалынан-ақ көруге болады. Оған сенбесеңіздер, оры

123
скачать работу

Ғалияда оқыған қазақтар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ