Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Г.Вильсон үкіметі (1964-1970)



 Другие рефераты
Ұлыбританияның сыртқы саясаты Ольстер дағдарысы және ұлттық мәселелер Ұлыбританияның Саяси партиялары, кәсіподақтары және басқа қоғамдық ұйымдар Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен Алаш партиясының идеясы

Г.Вильсон үкіметі (1964-1970) консерваторлар бастап кеткен болашақ экономикалық жоспарлауды жасау бағытын жалғастырды. Г.Вильсон әсіресе елдің ғылыми-техникалық мүмкіндіктерінің дамуына үміт артты. Осы мақсатпен 1965 жылы парламент тұңғыш «ұлттық бесжылдық экономикалық жоспарды» қабылдады. Жоспарды орындау үшін Вильсон үкіметтің, бизнестің және кәсіподақтардың әрекет бірлігін қамтамасыз етуге тиіс болды. Үкіметтің «Ниеттер туралы декларация» атты құжаты жалақының өсуі мен бағаның артуын «ақылға сиымды» көлемдерде шектеуді ұсынды. Бұл саясат «бағалар мен табыстар саясаты» деген атақ алды. Алғашында жалақының өсуін «ақылға сыйымды» мөлшерге шектеу ерікті түрде іске асырылса, 1966 жылдан кейін үкімет оны күштеп «қатыруға» кірісті. 1970 жылғы парламент сайлауында консерваторлар жеңіске жетті.

Э.Хиттің экономикалық саясаты (1970-1974) «қалай болғанда да» өндірісті қатаң капиталистік жетілдіру және экономикалық дамуды тездету бағытын іске асырды. Хиттің тұсында Ұлыбритания ЕЭБ-ге мүше болды. Баға мен жалақыны әкімшілік  жолымен реттестіруші аппарат құрылды. «Өнеркәсіптегі қатынастар туралы» кәсіподақтарға қарсы бағытталған заңның консервативтік нұсқасы жарық көрді. Ол кәсіподақ қозғалысы мен ереуілдерге қатаң шектеулер қоюды көздеген болатын. Заң қабылданды, бірақ бүкіл ТБК мен оған кіретін кәсіподақтар оған қарсы көтерілді. Елге жаппай ереуіл қаупі төнді, Хит баспасөз бен тоғышарлардың жұмысшыларды емес, өзін қолдайтынына сеніп, жаңа парламент сайлауын тағайындады. Аздаған ғана дауыспен 1974 жылы 28 ақпандағы сайлауда лейбористер жеңіске жетеді.

Премьер-министр Г.Вильсон (1976 ж. орнына Д.Ж. Каллагэн келді) басқа жоспар мен «бағалар мен табыстар» саясатының жаңа нұсқасын қабылдауға мәжбүр болды. Вильсон-Каллагэн үкіметінің саясатының негізгі желісі «әлеуметтік келісім», яғни кәсіподақтардың атынан ТБК мен үкімет арасындағы келісім жасасу болды. Ол бойынша кәсіподақтар жалақыны арттыру туралы талаптарды қойғызбайды, ал үкімет бағаларды ұстап тұрады және еңбекшілердің мүдделеріне жауап беретін келісілген реформалар жүргізуге тиісті болды. «Шарттың» күші 1978 жылдың күзіне дейін сақталды, 12 миллион мүшесі бар ТБК съезі шартқа қарамастан, нақты жалақының кемуіне байланысты, оны қабылдамай тастады.

скачать работу


 Другие рефераты
Налогообложение: история, принципы, современные системы
Биография Генриха Герца
Тяжелые металлы в почве
Кәсіпорындар өзінің өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыруы


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ