Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ольстер дағдарысы және ұлттық мәселелер



 Другие рефераты
Ағылшын абсолютизмі Ұлыбританияның сыртқы саясаты Г.Вильсон үкіметі (1964-1970) Ұлыбританияның Саяси партиялары, кәсіподақтары және басқа қоғамдық ұйымдар

Ольстер дағдарысы және ұлттық  мәселелер. 1921 ж. Ирландия Республикасы құрылғаннан кейін Ұлыбритания өзінің құрамында халқының үштен бірі католик дініндегі ирландықтар мен үштен екісін Шотландия мен Уэльстен шыққан протестанттар құрайтын аралдардың алты солтүстік графтығын (Ольстер) алып қалған болатын. Екі діни қауымның арасында қарым-қатынастар әдетті дау-дамайлы болып келетін. 1968 жылы католиктік азшылықтың азаматтық құқықтар үшін қозғалысы басталды. Бұл ереуілді қуып таратудан кейін Ольстерде жаппай тәртіпсіздік басталды. Тәртіп орнату үшін Ұлыбритания Ольстерге әскер енгізді. Ирландияның республикалық армиясы, жасырын экстремистік ұйым, ағылшын солдаттарына қарсы террормен жауап берді. Британ үкіметтерінің келесі үш он жыл ішіндегі жанжалды шешу жөніндегі әрекеттері бүлікшіл графстволарға тыныштық әкелмеді. Католиктер мен протестанттар арасындағы қақтығысулар жалғаса берді. 1998 жылы мамырда Ольстердегі теке тіресті тоқтату және өзін өзі басқару сайлауы органдарын құру туралы келісімге қол жетісті.

60-80 жж. Шотландия мен Уэльсте ұлттық және мәдени автономия үшін қозғалыс жандана түсті. Шотландия мен Уэльстегі 70-жж. өткізілген референдумдар автономиялық басқаруды беру жоспарын қолдамады. Бірақ 1978 жылы «деволюция жоспары» Шотландия мен Уэльс халқының қолдауына ие болды.

          «Маргарет Тэтчер дәуірі». Консервативтік үкіметтер.       1979-1997 жж.

         1979 жылы сайлауда жеңіске жетуден бұрын консервативтік партия дағдарыстан шығудың «Дұрыс жол» атты бағдарламасын жасап, партияның жаңа басшысы етіп Маргарет Тэтчерді сайлады. Консервативтік партияның бағдарламасында дағдарыс және инфляцияға қарсы күрестің неоконсервативтік нұсқасы жасалған болатын. «Жаппай жұмыспен қамтамасыз ету», «әл-ауқатты мемлекет» және бюджет дефициттігі туралы бұрынғы идеялар лақтырылып тасталды. Экономика мен әлеуметтік саладағы жаңа саясат «тэтчеризм» деген атақ алды. Біріншіден, қатаң монетарлық саясат, яғни айналымдағы ақща көлемін шектеу, шығындарды азайту саясаты басталды, бұл инфляцияны азайтты, бірақ жұмыс-сыздықты арттырды.

80-ші жж. монетарлық саясат жүргізу нәтижесінде инфляцияны азайтып, инвестицияларды көбейтуге жағдайлар туды. Нәтижесінде бұрынғы онжылдықтағы тоқыраудың орнына Ұлыбритания өндірісті дамытуда секіріс жасап, еңбек өнімділігі жағынан Еуропалық капиталистік елдердің бәрін басып озады.

Үкімет тиімділігі аз немесе шығынды мемлекеттік секторды жеке меншікке сату жолымен оларды ұстап тұруға жұмсалатын мемлекеттік щығындар ауыртпалығынан құтылды. Жекешелендіру бюджетке 28 млрд. фунт стерлинг түсірді. Миллиондаған адамдар фирмалар мен кәсіпорындардың акционер-леріне айналды. Жекеменшіктік қатынастарды нығайтудағы Тэтчер үкіметінің жүргізген екінші бір шарасы муниципалитеттер мен қалалардың тұрғын-үй қорларын жеке меншікке сату болды. 80 жж. 4,1 млн. отбасы жеңілдіктер бойынша пәтерлер мен үйлер сатып алды. 1990 ж. отбасылардың 65% (20млн.) жекеменшік үйлері боды. Британ қоғамын кейде үштен екісін орта тап құрайтын қоғам деп атайтын болды. Бірақ халықтың үштен бірі- жұмыссыздар, жеке басты аналар, науқастар, білімі төмен, мамандыққа үйретілмеген жастар т.б. мемлекет тарапынан әртүрлі көмектерге мұқтаж болды.

Кәсіподақтармен арақатынас барлық британ үкіметтері үшін күрделі мәселе болып келді. Тэтчер бұл мәселеде консервативтік партияға тән әдеттегі қатаң бағыт ұстанды.

Британ бизнесінің белсенділігінің артуына Ұлыбританияның 1973 жылы Еуропалық экономикалық бірлестікке мүше болуы да белгілі мөлшерде әсер етті.

Консервативтік партия 1983, 1987, 1992 жж. парламент сайлауларында жеңіске жетіп, 16 жылдан аса уақыт мемлекет басқаруды өз қолында ұстады. Бұл Ұлыбритания үшін рекорд болды!

Бірақ М.Тэтчер тұсында жаңа мәселелер бой көтерді, солардың нәтижесінде ол консервативтік партиясының басшысы қызметінен түсті де, партия келесі сайлауда жеңіліс тапты.

1997 жылы мамырдағы парламент сайлауында барлық қарсыластарын артқа тастап, үлкен басымдылықпен Энтони Блэр бастаған лейбористік партия жеңіске жетті.

скачать работу


 Другие рефераты
Правовой нигилизм
Ақ тiлеуi ананың
Анализ рыночных возможностей фирмы
Семиотика поведения человека в экстремальных ситуациях на материале рассказов В.Т. Шаламова


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ