Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Халық педагогикасы – этнопедагогиканың зерттеу объектісі

> Кеңестiк дәуiрдiң 1970—1990 жылдарында ғана халықтық педагогиканың прогрессивтiк мәнiн ғылыми тұрғыда қарастырып зерттеу iсi бiртiндеп қолға алына бастады. Халық педагогикасын кеңестiк дәуiрде ғылыми-теориялық, методологиялық жағынан жан-жақты тұңғыш зерттеушi академик Г.Н.Волков болды. Халық педагогикасын ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттеудiң қажеттiлiгi туралы пiкiрлер (1970—1990ж.ж. арасында) профессорлар: В.Ф.Афанасьев, В.X.Артюнун, А.Ш.Гашимов, И.Я.Ханбиков, К.Пирлиев, А.Ф.Хинтибизде, А.Э.Измайлов т.б. еңбектерiнде де айтылған болатын.
Этнопедагогикалық зерттеулердiң Кеңестiк дәуiрдегi маңызы мен мәнi, қажеттiлiгi мен көкейкестiлiгi жөнiнде және оны ғылыми педагогиканың құрамдас бөлiгi деп қараудың керектiгi туралы педагог-ғалымдар: И.Т.Огородников, В.М.Коротов, А.Г.Гордина, М.Ф.Шебаевалар да кезiнде келелi пiкiрлер айтқан едi. Этнопедагогика ғылымы орыс, батыс елдерiнде XVII-XVIII ғасырлардан бастап қолға алынған болса, қазақ этнопедагогикасының зерттелу жайы, ғылым ретiнде қалыптасу тарихын сөз еткенде оны үш кезеңге бөлiп қарастырамыз.
Бiрiншi - XIX ғасырдың екiншi жартысында өмiр сүрiп, қазақтың ұлттық тәлiмгерлiк ой-пiкiрлерi мен салт-дәстүрлерi жайында тұңғыш зерттеу еңбектерiн жазған Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты демократ ағартушылар мен орыс, батыс саяхатшысы, этнограф ғалымдарының (Э.С.Вульфсон, П.С.Паллас, А.Вамбери, А.Левшин, В.Радлов, А.Янушкевич, Н.Г.Потанин, Н.Л.Зеланд. т.б.) қолжазбалары десек, екiншi - XX ғасырдың алғашқы 20-30-жылдарында бұл iстi ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып сөз еткен Ә.Диваев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, X.Досмұхамедов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, М.Әуезов т.б. болды. Яғни, бұл кезеңдi қазақ этнопедагогикасының ғылым ретiнде туып, қалыптасу кезеңi деп қараймыз. Үшiншi кезең - 35-40 жылдық үзiлiстен кейiн (1970-2000 ж.ж.) қазақ этнопедагогикасының қайта жанданған, даму дәуiрi деп аламыз. Ежелден Қазақстан жерiнiң байлығына қызыға қарап, көз тiккен және мұхитқа шығар қақпа деп есептеген орыс, батыс мемлекеттерi бұдан әлденеше ғасыр бұрын саяхатшы, елшiлер жiберiп, жер-суы мен шаруашылық кәсi бiн, қазба байлығын, салт-дәстүрiн, әдет-ғұрпын зерттеудi көздеген.
Орта Азия мен Қазақстан даласын мекендеген көшпелi тайпалардың өмiрi батыс оқымысты ойшылдарының назарына ерте-ақ iлiнген-дi. ХVII-ХVIII ғ.ғ. қазақ даласына тұңғыш әскери экспедициялар ұйымдастырыла бастады. М.В.Ломоносовтың замандасы географ және этнограф ғалым И.К.Кирилов 1730-35 ж.ж. Башкирия, Қазақстан далаларында саяхатта болып, көшпелi халықтардың шаруашылық тiршiлiгi мен салт-дәстүрiн зерттедi. Қазақстан және Орта Азия елдерiнiң картасын жасады. Ал орыстың саяхатшы офицерлерi әкелi-балалы Рычковтар (П.Н.Рычков, Н.П.Рычков) қазақ ауылының өмiрiнен очерктер жазып, қазақтардың ер жүрек, жауынгер халық екенiн суреттейдi. Олар қазақ әйелдерiнiң еңбек сүйгiш, табиғи қарапайым, жылы жүректi болып келетiнiн айта келiп, қазақтардың арғымақ атты ұрлауды үлкен өнер санайтынын баяндап, мәдениетi жағынан “тағы” деген тұжырым жасайды. Әрине, ол көшпендiлер мәдениетiне бiржақты баға берушi ұлы орысшылдық көзқарастың салдары едi.

Қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде туып, қалыптасып, даму кезеңдері
Қазақ этнопедагогикасы
ның туу кезеңi (ХIХғ. 2-жартысы), оның белсендi қайраткерлерi Қазақ этнопедагогикасының қалыптасу кезеңi (1920-1930жж.) және ол кезеңдегi қайраткерлерi Қазақ этнопедагогикасының даму кезеңi (1970-1995) және оның қайраткерлерi
Ш.Уәлиханов
Ы.Алтынсарин
А.Құнанбаев
2.Орыс,батыс саяхатшы-ғалымдары:
П.С.Паллас
Э.С.Вульфсон
А.Вамбери
А.Левшин
А.Янушкевич
Н.Г.Потанин
Н.Л.Зеланд
В.В.Радлов т.б.
Қазақтың зиялы оқымыс
тылары:
С.Торайғыров
Ә.Диваев
А.Байтұрсынов
Ш.Құдайбердиев
М.Дулатов
М.Жұмабаев
Ж.Аймауытов
Х.Досмұхамедов
Н.Құлжанова
М.Әуезов
С.Сейфуллин М.Ғабдуллин
Б.Момышұлы
Б.Адамбаев
Ш.Ахметов
М.Әлiмбаев
Қ.Жарықбаев
С.Қалиев
Ә.Табылдиев
С.Ұзақбаева
М.Балтабаев
И.Бөлеев
З.Ахметова
М.Құрсабаев
М.Смайылова
М.Оразаев
К.Қожахметова

Батыс ғалымдарының iшiнде бұдан жетi ғасыр бұрын қазақтар туралы ең алғаш қалам тартып, жылы лебiз бiлдiргендердiң бiрi жазушы, әрi саяхатшы Италия ғалымы Марко Поло (1245-1324) болды. Ол өзiнiң “0 разнообразии мира” деген кiтабында дүние жүзiндегi әр түрлi халықтардың тұрмыс-тiршiлiгiн, салт-дәстүрлерiн әңгiмелей келiп, қазақтардың бие сүтiнен қымыз ашытатынын, ұзақ жолға жарақты ат мiнiп, жол азық алмай, ет асып жейтiн шәңкесi мен баспана шатырын алып, “Ер азығы мен бөрi азығы жолда” деген тәуекелмен жүре беретiнiн, атына және өзiне қажеттi азықты жол-жөнекей тауып жейтiнiн, малға ен, таңба салатынын, жоғалса немесе ұрланса, сол белгiлер арқылы тауып алып, ұрлаған адамға жетi қамшыдан үш жұз қамшыға дейiн дүре соғу айыбын кесетiнiн сөз етедi.
Ол “қазақтардың қарулары садақ, семсер және шоқпар, олар садақ тартудың шеберi болғандықтан оны жиiрек қолданады. Өте тамаша және ерлiкпен соғысады. Соғыста ар-намысы күштi. Қашып бара жатып, қуғыншы бас сауғалады деп, жаңсақ ұққан жаудың қатары сирегенде қайтып оралып, жаудың тас-талқанын шығарады” (44, 220), – деп, олардың мергендiгiн, қайтпас жауынгерлiгiн сүйсiне сөз етедi.
Ол өзiнiң Жетiсу бойында болған сапарында көрген қазақтың “қызбөрi” ойынының шығу тарихына ой жiберiп, бұл ойын Қазақстан территориясындағы тайпалардың пайда болған кезiнен, яғни таптық қатынаспен бiрге туғандығы жайлы ескертедi. Ұлт ойындарының шығу тарихын зерттеуге көңiл бөлген ағылшын ғалымы Э.Маккей де осы пiкiрдi тереңдете түсiп, “Түрлi құмалақ ойындары, бестас, асық, садақ ату, қарағие т.б. ұлт ойындары Азия елдерiнде тайпалық одақтардың арасында шамамен 5 мың жыл бұрын ойыналып таралғанға ұқсайды” дейдi. Ол ертедегi Қазақстан жерiн мекендеген көшпелi тайпалардың негiзгi кәсiбi аңшылық болған. Тайпалар аңға шығар алдында дайындық жасап, “қарағие” ойынымен айналысқан. Олар сол арқылы мергендiктi меңгерсе, ал жаумен жекпе-жекте найзаласқанда оңайлықпен берiлмейтiн болған. Сондықтан да Сақтардың өзiнiң жауларына үнемi тойтарыс берiп отырғандығын, қарсы тайпасының Кир (558-529 Ф.д.д) Дарий 1 (5-18 ж.б.д.д.) секiлдi қолбасшылардың басы сақ тайпалары батырларының қанжығасында кеткенiн тарихтан жақсы бiлемiз. Ұлт ойындары қоғамның өзгеруiмен байланысты әлеуметтiк-экономикалық жағдайдың негiзiнде дамып, Қазақстан жерiнде алғашқы қауымдық құрылыста: аң аулау, таяқ жүгiрту, садақ ату, қақпатас, қарагие ойындары пайда болса, бертiнгi дәуiрде қайталау-жаттығу нәтижесiнде бұл ойындар: аң аулау, бүркiт салу, садақ тарту, жамбы ату, қарагие-найза лақтыру, қақпан-тұзақ құру т.б. аттары өзгерiп, мазмұны байи түскен. Ертедегi Қазақстан жерiндегi рулардың қалыптасу кезiндегi этнографиясы, ойын-сауықтары, ән-күй, би, қол өнер мәдениетi жайындағы деректер ХIII-ХVIII ғ.ғ. Орта Азия мен Қазақстан жерiнде болған Европа саяхатшыларының алғашқылары Плано Карпини, Вильгельм Рубрук еңбектерiнде жинақталған. Мәселен XIII ғасырдың бiрiншi жартысында Италия саяхатшысы Плано Карпини Хорезм, Жетiсу, Тарбағатай арқылы Монғолияға барып қайтқан сапарынан жинаған материалдарынан “Монғолия тарихы” атты еңбек жазды. Бұл еңбектi кезiнде шыгыс халықтарының этнографиясын зерттеушi ғалым Шоқан Уәлиханов та өз еңбектерiнде пайдаланды.
Немiс ғалымы Александр Гумбольд 1829 жылы орыс өкiметiнен арнайы рұқсат алып Каспий теңiзiнiң бойына, Орал мен Алтай және Орынбор, Семей, Өскемен қалаларына саяхат жасайды. Ол көшпелi қазақ ауылдарының өмiрiмен танысып, “Центральная Азия исследования о цепях гор и по сравнительной климатологии” атты еңбегiн жазады. Осы еңбегiнде “қазақ ауылына келген беттегi қонаққа көрсетiлетiн сый-құрметiне, олардың ойын-сауықтарына, әсiресе қоян-қолтық күрестерi мен ат жарыстарын қызықтамайтын және осы халықтың ойын-сауықтары жөнiнде жазбаған шетел ғалымдары мен саяхатшылары кемде-кем” дейдi. А.Гумбольд қазақ жерiнде жүрiп, көшпелi халықтың өмiрi жайындағы ойға түйгенiн Канкрин мен Шеллерге жазган хатында: “Мен қазақ аулында болған кезiмдi өмiрiмнiң аса құрметтi кезеңi деп есептеймiн. Мен өмiрiмде осындай қысқа уақыт iшiнде мұндай үлкен тарихтан осыншама мол материал жинап көрген емес едiм. Бiрақ, бұл кең дүниенiң ортасында болгандықтан да солай болуы керек”- дейдi .
Француздың атақты жазушысы А.Дюма “Из Парижа в Астрахань” деген еңбегiнде ұлына жазған хатында “Қымбатты ұлым, сенiң хатың менi Астраханьда қуып жеттi. Менiң саяхаттағы өмiрiмнен мағлұмат алғың келсе, алдымен қолыңа Россияның картасын ал, Астрахань қаласын тап. Бiздер мұнда келгеннен кейiн Каспий теңiзiнiң жағасында аң ауладық, құс салдық. Бұл күндерi мен үлкен тойдың, ойын-сауықтың куәсi болдым. Келген қонаққа сый көрсетумен мұндай ойындар өткiзу әзiрше мен көрген елде, жүрген жерде кездестiрмедiм. Мұндай ойын-сауықтың өтуiне себепшi болғандықтан, маған қаракүлден тiгiлген тон кигiздi” – дейдi. Ал ұлты француз, өзi Ресей Ғылым академиясының мүшесi П.С.Палластың “Ресей империясының түрлi аймақтарына саяхат” (СПб, 1779) атты кiтабында жалпы қазақ тұрмысына көз салып, оның iшiнде бақсы балгерлердi әр жiкке бөле қарастырса, венгер ғалымы А.Вамберидiң “Орта Азия очерктерi” (М., 1868), “Орта Азияға саяхат” (СПб., 1865) деген еңбектерiнде Бұхар хандығындағы қазақтарға байланысты ой қозғайды. “Ел кезген сапарларымда, – деп жазады А.Вамбери, – олардың тұрақ-мекендерiн кездестiрдiм, халқының сан мөлшерi туралы сауалыма үнемi “әуелi даладағы құмды, сонан соң ғана қазақтарды сана” – деп күле жауап бередi. Сол сияқты, олардың шекараларын дәл анықтау да мүмкiн е

1234
скачать работу

Халық педагогикасы – этнопедагогиканың зерттеу объектісі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ