Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Халық педагогикасы – этнопедагогиканың зерттеу объектісі

, келiн түсiру, ұлға еншi беру, өлiктi жөнелту, барымта сияқты әдет-ғұрыптарын да терең сипаттап, сүйсiне сөз етедi. Сонымен бiрге патша шенеунiктерiнiң осы халыққа орынсыз қамшы үйiрiп, балағаттап боқтау, жазықсыз жазалау әдетiне ренiш бiлдiре, кейбiр содыр-сойқан шенеунiктердi әдiлетсiздiгi үшiн қарапайым халықтың “қамшы майор” атағынан айтады. ХIХ ғасырдың екiншi жартысында Қазақстанға жер ауғандардың iшiнде С.Гросс, Б.Заленскийлер де болды. Адвокат С.Гросс та А.Янушкевич сияқты саяси сенiмсiздiгi үшiн Сiбiрге жер аударылып, Семейде сегiз жылдай тұрып “материалы для изучения юридических обычаев киргизов” атты еңбегiн жазған. Ол сол жылдары Семейде құрылған статистикалық комитеттi басқарады, басқа да ғылыми қоғамдардың құрылуына еңбiген сiңiредi. Абаймен достасады. Бiр айта кететiн жай поляк халқының алдынғы қатарлы идеяларды таратушыларының бiрi А.Янушкевич (ХIХ ғасырдың 40 жылдарында) Абайдың әкесi Құнанбаймен кездесiп, ол туралы жақсы лебiз бiлдiрсе, ал Гросс 80 жылдары Абайдың өзiмен пiкiрлеседi. Американ жазушысы Джордж Кеннен де осы Семейде болған кезiнде С.Гросты, оның досы А.Бектi және Абайды кездестiрiп, солардың қазақ халқының тарихын, этнографиясын, географиясын зерттеуде қандай еңбектер жазып, зерттеулер жүргiзгендiгiн өзiнiң “Сибирь и ссылка” атты еңбегiнде ашып жазады.
Қазақ халқының этнографиялық материалдарын жинауда еңбек еткен тек Россия үкiметiнiң Қазақстан жерiне арнайы жiберiлген экспедициялары ғана емес, сонымен қоса көршi отырған екi ел арасында кездесетiн кейбiр қақтығыстарда қазақтардың қолына түскен орыс тұтқындарының да қосқан үлесi баршылық. Осындай тұтқындардың бiрi орыс офицер Ф.С.Ефремов көшпелi халықтың өмiрi жайында көптеген материалдар жинаған. Ол Россияға қайтқан бетiнде тұтқында жүрiп жинаған материалдарынан еңбек жазып, соның “Чем киргизская земля изобильна, каков воздух и жители” атты бiр тарауы қазақ халқының аңшылығы мен ойын-сауықтарының қалай өтетiндiгi, оған өзiнiң бас кейiпкер болып қатысқандығы жайлы баяндайды. Орыс тұтқындарының iшiнде бұдан басқа да кезiнде еңбектерi жарық көрмей, бүгiнде архив қазынасы болып жатқан С.Матвеев, Я.Гаверлевский сияқты зерттеушi ғалымдар да бар. Қазақ халқының этнографиясы жөнiнде еңбек жазғандардың бiрi орыс армиясының капитаны И.Г.Андреев едi. Оның “Описанием средней орды киргиз-кайсаков” атты еңбегi алты тараудан тұрады. Соның “обряды” деп аталатын бесiншi тарауында шiлдехана тойындағы өтiлетiн ойындар мен нәрестенi тәрбиелеп күту мәселесi сөз болады, ал сол тараудың бесiншi бөлiмiнде үйлену тойындағы ойын-сауықтар туралы айтады.
Өткен ғасырдың екiншi жартысында Орынбор, Омбы, Семей қалаларында болып, қазақтар туралы құнды еңбек жазған, дәрiгер, антрополог ғалым Н.Л.Зеланд (1833-1902) болды. Ол 1885 жылы “қазақтар” (44, 234) атты этнографиялық очерк жазып, Омбы қаласында бастырып шығарды. Зеланд адамның табиғи қасиеттерi, оның iшiнде темпераментiн сол халықтың психологиялық ерекшелiгi деп қарайды. Ол көшпелi қазақтарды сангвиник темпераментiне жатқызады. Олардың адамгершiлiк қасиеттерiнiң iшiнен адалдықты, бауырмалдықты, қайғыға ортақтастық пен қонақжайлылықты, салауаттылық пен төзiмдiлiктi т.б. қасиеттерiн ерекше атап көрсетедi. Аталмыш еңбекте қыр қазақтарының дене бiтiмi жайында қызықты деректер бере келе, баланы бесiкке бөлеудiң пайдасын, балаға ат қою, сүндетке отырғызу, қонақжайлылық, салт-дәстүрлерi туралы да сөз қозғайды.
Ғалым қазақ халқына психологиялық мiнездеме бере келiп, “...қазақ – қызу қанды жан. Оның рухына жайсаңдық пен iзгiлiк тән, ол ылғи да жайдары жүредi, жалпы сергек, әрi елiктегiш келедi. Алайда “жүйкесi” көнбiстi, ашушаңдыққа бара бермейдi. Олардың қызу қанды болуының себебi, бәлкiм, көшпендiлердiң өмiр салтынан да болса керек. Қауырт та шапшаң дене қозғалысы, үнемi ат үстiнде жүруi қан айналымы мен зат алмасуына қолайлы болуы тиiс, бұған қосымша дала тұрғындарының дене қызуының жиi алмасуы, олар жұтатын таза ауа да, шөлейтте жол шеккенде сусынды көп iшуi, дiни жоралғыларға байланысты тағамдар таңдауы, асқазан және iшек жолы қызметiн жақсартуға көмектеседi. Бұл айтылғандардың рух күшiн сақтауға маңызды ықпалы зор: ақыр соңында арақпен, апиынмен және темекiмен жүйкесiн жұқартуға әдеттенбеудiң де бiраз пайдасы бар”, – деп қазақтардың әдет-ғұрпы мен тамақтану ерекшелiктерiне ғылыми, медициналық талдау жасалған. Н.Зеланд қазақтардың ойлаудағы алғырлығына да шек келтiрмейдi. “Жалпы, қазақтар математикаға басқалардан гөрi жетiк келедi, олардың аналитикалық ойлау қабiлетi күштi”, – дейдi. Ғалым өз еңбегiнiң қорытындысында қазақ ерлерi мен әйелдерiнiң адамгершiлiк қасиеттерiн сөз ете келiп, “әйелдер иман жүздi, олар ақылдылығымен көзге түседi, бұл қазақ қыздарының тәрбиесiне от басында ерекше көңiл бөлуге байланысты” (44, 235), – деп тұжырымдайды.
Бұратана халықтардың тiлi, дiнi, оқу-ағарту мәселесi жөнiнде келелi пiкiр айтқан публицист-ғалым, белгiлi қоғам қайраткерi Николай Михайлович Ядринцев (1842-1849). Ол Томск гимназиясын бiтiргеннен кейiн Петербург университетiне түседi. Осында оқып жүрiп, Шоқанның досы Г.Н.Потанинмен танысады. 1862 жылы Петербургтегi студенттердiң толқуына қатынасқаны үшiн университеттен шығарылады. 1865 жылы Омбы қаласында саяси насихат жұмысын жүргiзгенi үшiн түрмеге қамалып, 9 жыл айдауда болады. Н.М.Ядринцев Сiбiрдi зерттеу экспедициясына қатысып, Сiбiр халықтарының ауыз әдебиетi мен мәдени-тарихи мұраларын зерттеу iсiмен шұғылданады. Ол аты аңызға айналған қарақорымның қираған жұрты мен Орхон-Енисей таңбалы жазуы атанған көне түркi жазу-ескерткiшiн ашады. Н.М.Ядринцев өзiнiң “Ұлт аймақтарының алғашқы жарық жұлдыздары және мешеу халықтардың ағарту iсi” деген еңбегiнде Ш.Уәлиханов, Д.Банзаров сияқты қазақ, бурят халықтарынан шыққан оқымыстыларды дәрiптеп, осы ұлттардың келешекте көркеюi үшiн оқу-ағарту iсiне ерекше мән беру керектiгiн айта келiп, бұратана халықтарды күштеп орыстандыруды “тағылықтың бiр түрi” – деп айыптайды. Н.Ядринцев “кез келген ұлт өзiнiң ұлтын, тiлiн, дiни нанымын сақтауға тым бейiм... Бұратана халықтың шынайы бiлiм алуы оның өз халқымен байланысынан қол үздiрмеуге тиiс” (44, 243-244), – дептi.
Белгiлi этнограф, фольклорист, өлкетанушы Григорий Николаевич Потанин (1835-1920) көп жылдар бойында Орталық Азия мен қазақстанды зерттеу экспедицияларына қатынасады, Қытай мен Орталық Монғолияның Тибет аймағын зерттеп, көптеген этнографиялық еңбектер жазды. Ол 1870-1918 жылдары Көкшетау, Құсмұрын, Семей, Қарқаралы, Кереку өлкелерiнде болып, қазақтың фольклорлық шығармаларын жинастырды, салт-дәстүрлерiн зерттеп, “Қазақтың соңғы ханзадасының киiз үйiнде” (1870), “Шығыстың таң жұлдыздары Ш.Уәлиханов пен Доржи Банзаров” (1890) атты еңбектерiнде “Аз халықтардың” еркiн мәдени даму қажеттiгi туралы ойды ұдайы уағыздай отырып, қазақ мектептерiнде татарлардың дiни оқуды уағыздануына қарсылық бiлдiредi. Дiни оқудың орнына дүнияуи ғылымдарды үйретудi құптайды. “Қазақтар етi тiрi, денi салауатты, өмiрге iңкәр халық. Олар өмiрде мереке, той-думандарды ұнатады. Өлгендердi еске алу бұл халықта ойындармен, ат бәйгесiмен, өлең-жырмен, жарыстармен, ән айтумен, ұлан-асыр салтанатпен ұласады. ...қазақтардың поэзиясы мен музыкасы тығыз байланысты. Олар өлең айтумен қатар композитор. Ол шығармасына әуендi де, ырғақты да өзi шығарады. Поэзия мен музыка – қолы бос жүретiн еркектердiң қолында, бейнелеу өнерi, негiзiнде, ою-өрнек болуы себептi, онымен әйелдер шұғылданады.

Профессор Серғазы Қалиев

1234
скачать работу

Халық педагогикасы – этнопедагогиканың зерттеу объектісі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ