Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Халық педагогикасы – этнопедагогиканың зерттеу объектісі

мес. Бiздiң бiлетiнiмiз – олар Сiбiр, Қытай, Түркiстан және Каспий теңiзi аралығындағы ұлан-ғайыр сар даланы мекендейдi. Бiздiң аса бiр таң қалғанымыз – олардың музыка мен поэзияға ерекше бейiмдiлiгi, екiншi жағынан байқағанымыз – текшiлдiгi. Екi қазақ жолықса, мiндеттi түрде алғашқы сұрауы: “Жетi атаң кiм?” – деп келедi, тiптi сегiз жасар бала болса да, жауапқа мүдiрмейдi, олай болмаған күнде жетесiздiгiн көрсетедi” (44, 224), – дейдi. Немiс саяхатшысы Иван Шильтберген өзiнiң “Ұлы Татария туралы” деген мақалсында Сiбiр даласын жайлаған: татар, башқұрт, қазақ, қалмақтардың тiршiлiгiн сөз ете келе, қазақтардың киiз үйде жерге отырып тамақ iшетiн, көшiп-қонуға, ыстық-суыққа көнбiстiгiн, хан сайлау, оған арғымақ ат, алтын қылыш сыйлау рәсiмдерiн баяндайды. “Қазақтардың (қырғыздардың) ұлы татария даласында бүкiл түз халықтарының iшiндегi ең ержүрек ел екенiн айрықша айту қажет” (44, 220), – дейдi. Француз ғалымы Элизе Рекло (1830-1905) “Арал – Каспий көлбеуiн мекендеушi халықтар” (1880) атты еңбегiнде қазақтар туралы жоғарыда айтылған пiкiрлердi қуаттай отырып, ол: “...бүкiл Ресейдiң көлемiндей жердi, Едiл жағалауынан Алатауға дейiн, Амударияның аяғынан Ертiске дейiнгi өңiрдi алып жатқан екi миллиондай адамы бар (халық саны ол кезде 4 миллионнан астам болатын. – С.Қ.) қазақ ұлты Азияның көшпелi нәсiлiнiң iшiндегi ең өсiп-өнген ел, бiрақ бөлшектенуi де шексiз: қазақтар өздерiн қанша жел ұшырса да мұрты сынбайтын теңiз құмына теңейдi. Бұл халықтың өкiлдерiн тiптi Тибет пен Үндiстан шекараларынан да кездестiруге болады. Бұлардың тiлiнде мұсылман дiнi арқылы енген аздаған араб, парсы сөздерi мен моңғол тiлiнiң аз-маз әсерiнiң барлығы байқалғаны болмаса, бөгде әсерге ұшырамаған, ең таза тiлдi түркi халқына жатқызуға болады” (44, 223), – дейдi. Белгiлi шығыстанушы ғалым Г.Клапорт 1825 жылы желтоқсанда Париждегi “Азия журналы” бетiнде француз тiлiнде жарық көрген “қазақ тiлi жайлы” деген мақаласында қазақтарды моңғол тегiне жатқызуға байланысты жаңсақ пiкiрге ғылыми тойтарыс беру мақсатын көздесе, Р.Карутцтың “Маңғышлақ түркiмендерi мен қазақтардың арасында” атты кiтабы сол кездегi қазақ тұрмысын бiршама байыпты қарастырған.
Ал Э.С.Вульфсон деген дат ғалымы өзiнiң “Қазақтар” атты очеркiнде (М., 1901) қазақтың қыз қуу, ат жарыс, жаяу жарыс т.б. ұлт ойындарын сипаттай келiп, “тап қазақтардай бүкiл өмiрде әндi қастерлеп өтетiн халықты табудың өзi неғайбыл...” деп, олардың өнердi қастерлеуiн кең сахарада көшiп-қонып еркiн жүруiмен байланыстырады. Қазақтың балаларды кiшкентайынан инабаттылыққа, iзеттiлiкке тәрбиелейтiнiне сүйсiнген ғалым, қазақ өз баласына “Егер қарттарды сыйласаң, құдай сенi сыйлайды” деген нақылды титтейтiнен миына құйып өсiредi. Егер үйге ақсақал кiрiп келсе, барлық жас түрегелiп, бас иедi және әзiл-қалжың кiлт тыйылады” – деп жазады. Ғалым “осы халықта қарттар – үлкен ұстаз” (44, 225), – деп, дұрыс қорытынды жасайды.
Осы пiкiр ХIХ ғасырдың екiншi жартысында қазақ даласында болып, салт-дәстүрi мен әдет-ғұрпын терең зерттеп, өзiнiң “Из Сибири” атты еңбегiн жазған немiс оқымыстысы, академик В.В.Радловтың (1837-1918) еңбегiнен де байқалады: “... менiң, – деп жазды ол, – қазақтар арасында ұзақ уақыт тұрып, олардың салт-дәстүрлерiмен танысқанымда көзiм жеткен ақиқат, бұлардың өзiндiк ерекше мәдениетi бар халық екендiгi. Бiздiң отандастарымыз ойлағандай, олар тiптi де тағы, “ауыздықсыз”, “басбұзар”, “қарақшы”, тұқымын құртуға тұрарлық халық емес. Олардың мiнез-құлқына отырықшы халықтарға қараған көзқарастан басқа көзқараспен қарау керек... Олардың өмiрге көзқарасы, салт-дәстүрлерi, әдет-ғұрпы, бiр сөзбен айтқанда, бар өмiрi мен еңбегi малмен тiкелей байланысты болғандықтан, жыл бойы көшiп-қонуға негiзделген...” (44, 237), – деп, қазақ мәдениетiне аса жоғары баға берген болатын. Қазақтар жөнiнде Ресейде алғаш монографиялық еңбек жазған адам Алексей Ираклиевич Левшин (1792-1879) болды. Оның “Қырғыз-қайсақ ордалары мен даласының сипаттамасы” (1832) атты еңбегiнiң бiрiншi бөлiмiнде Қазақстанның географиялық жағдайына сипаттама берiлсе, екiншi бөлiмi қазақтардың тарихына, ал үшiншi бөлiмi этнографиясына арналған.
А.Левшин – “Қазақ” деген атқа тұңғыш рет ғылыми тұрғыдан анықтама беруге тырысқан ғалым. (Осы еңбекке дейiн Ресейдiң баспасөз беттерiнде, сондай-ақ ресми құжаттарда қазақтарды “киргиз-қайсақ” деп келген. – С.Қ.) Ол қазақ халқының Ресейге бодан болуынан бастап ХIХ ғасырға дейiнгi Орынбор әкiмшiлiгi және орыс өкiметiмен арадағы сауда, ресми және саяси қарым-қатынастарынан көптеген мағлұмат бередi. А.И.Левшин қазақтардың табиғат қаталдығына төзiмдiлiгiн, күнкөрiс кәсiбiн төрт түлiк малмен байланыстыра былайша сөз етедi: “...табиғатпен етене өмiр сүрген, қарапайым тамақ iшiп, жайбарақаттықта, таза ауамен тыныстаған қырғыздардың денсаулығы мықты, көп жасайтын, күштi де қуатты, аштыққа, ыстық-суыққа шыдамды келедi. Күннiң ыстығы қаперлерiне де кiрмейдi. Айналасын көргiштiгi таңдануға тұрарлық. Тегiс жерде тұрып кiшкентай заттарды он не одан да көп шақырымнан көре бiледi. Көздерi аса өткiр келедi. Еуропалықтар заттарды бұлдыр көрiп әзер байқайтын жерден, олар заттың сұлбасы мен түсiн (әсiресе, малдың түсiн) жақсы ажырата бiледi. Бала күнiнен ат құлағында ойнау қазақтың тұңғыш гимнастикалық жаттығуындай, былайша айтқанда, олар ат үстiне туып, ең асау аттың өзiн батыл да шебер ауыздықтайды. Әйелдерi бұл жағынан еркектерден кейде асып та кетедi, ...ауылға сырттан қонақ келсе, бәрi жиналып соны тыңдайды, берген тамағына ешкiм әңгiмеден басқа ақы сұрамайды. Қырғыздар үшiн меймандостық қастерлi заң” (44, 230), – деп, қазақтың қонақжайлық салт-дәстүрiн мадақтаса, олардың психологиялық ерекшелiгiне орай: “...қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға, ақсақалдарға құрмет көрсету олардың ең жақсы қасиетi, халықтың даңқын шығарған ұлдарына батыр деп ат берiп, өлсе де ұмытпай үлгi тұтады. қырғыздар туған жерiн, атамекенiн қатты қастерлейдi. Кiр жуып, кiндiк кескен жерiн тастап, ешкiм ешқайда кетпейдi”, – деп, елiн, жерiн сүюшiлiк олар үшiн ұлттық сезiмнiң ең қасиеттi белгiсi екенiн айтып, биiк адамгершiлiк қасиеттерiн ерекше атап өтедi. А.И.Левшин қазақ әйелдерiнiң инабатты, шаруақор, iске шебер, ерiне адал болатынын да дұрыс көрсеткен. “қырғыз әйелдерi, – деп жазды Левшин, – түйе жетектеп келе жатып та жасы үлкен ерлерге iзеттiлiк көрсетудi ұмытпайды. Олар ерлерден гөрi бейнетқор, малға қарайды, киiм тiгедi, ерi үшiн бәрiн жасап, оны кетерде атына мiнгiзiп, аттандырып салады. Қазақта балаға әкеден гөрi ана көп қарайды, қыздарын үй-iшiндегi өнердiң бәрiне үйретедi” (44, 231), – дейдi. Осы еңбектiң ХII тарауында қазақтың балаға ат қою, сүндетке отырғызу, үйлену, өлген адамды жерлеу мен еске алу (жетiсiн, қырқын, жылын беру) сияқты салт-дәстүрлерiн жан-жақты сөз еткен. А.И.Левшиннiң бұдан басқа “Орал қазақтарының тарихы және статистикалық сипаттамасы” (1823), “Кiшi жүз ханымен (Шерғазымен. – С.Қ.) кездесу” (1820), “Татарлардың ежелгi қаласы Сарайшық туралы хабар” (1824), “қазақ халқының аты-жөнi және нағыз немесе жабайы қырғыздардан айырмашылықтары туралы” (1826) деген еңбектерiнде де қазақ халқының ұлттық ерекшелiктерiн шынайы да, әдiл бағалаушылығы байқалады.
Өткен ғасырдың бiрiншi жартысында саяси көзқарасы үшiн қазақ даласына жер аударылған бiр топ орыс зиялылары Батыс Сiбiр өлкесiнде айдауда болып, өздерiнiң тағдырлас бауырлары – қазақ еңбекшiлерiнiң өмiрiнен еңбек жазған. Солардың бiрi декабристер қозғалысының Польшадағы көрнектi қайраткерi, ақын Адам Мицкевичтiң досы, Вильно университетiнiң түлегi Адольф Янушкевич (1803-1857) едi. Оның нағашысы Польшаның бостандығы мен тәуелсiздiгi үшiн шайқасқан атақты Костюшко болатын. А.Янушкевич университетте оқып жүрiп, Костюшко басқарған студенттердiң жасырын саяси ұйымына қатынасып, патша самодержавиясына қарсы үгiт жұргiзiп, 1832 жылғы бiр шайқаста жараланып, қолға түседi, 1832 жылы 4 наурызда А.Янушкевичтi дворян атағынан айырып, өлiм жазасына кеседi. Бiрақ кейiннен кешiрiм жасалып, Сiбiрге 25 жылға жер аударады. Ол 1832-1849 жылдары Тобыл, Есiл бойларында, Омбыда айдауда жүрiп, қазақтардың өмiрi туралы естелiк еңбектер жазды. 1846 жылы А.Янушкевич Семей, Аякөз, Лепсi, Жетiсу өлкелерiнде мал, адам санағын өткiзуге Омбыдан арнайы шыққан генерал Вишневский басқарған экспедиция құрамында болып, қазақтардың ауылдарын аралап, көрген-бiлгенiнен “қазақ даласынан жазған хаттар” атты естелiк құрастырады. Мұнысы 1861 жылы Парижде поляк тiлiнде басылып шығады. А.Янушкевич осы еңбегiнде Ресей империясы шенеунiктерi арасында қазақтар жөнiнде сол кезде қалыптасқан “тағы көшпелiлер” дейтiн терiс көзқарасты әшкерелеп, дала тұрғындарының өзiндiк мәдениетi, салт-дәстүрi бар, шешендiк, ақындық өнерге келгенде “ақыл-ой тапқырлығы” жағынан Еуропаның ең мәдениеттi деген елдерiнен кем түспейтiндiгiн нақтылы деректер келтiре отырып баяндайды... Бұл жөнiнде ғалым: “...мереке кезiнде мен ең алғаш рет өлеңшiлердi тыңдауға мүмкiндiк алдым. Бұлар қазақтың трубадурлары, даланың бардтары – ұлы ақындары. Қазақтардың өлең шығаруы мен орындау дарыны осы халықтың ақыл-ой қабiлетiн тамаша айқындайды. “Бұдан бiрнеше күн бұрын өзара жауласқан екi партияның арасындағы қақтығыстың куәсi болған едiм. Сонда Демосфон мен Цицерон туралы ғұмыры естiмеген шешендердiң сөз сайысына таң қалып қол соққанмын. Ал бүгiн оқи да, жаза да бiлмейтiн ақындар менiң алдымда өнерлерiн жайып салады. Олардың жыры жаныма жылы тиiп, жүрегiмнiң қылын қозғады. Сонымен өзiмдi тәнтi еттi” (44, 232), – дейдi. А.Янушкевич қазақтың ас пен тойын, ат баптауын, қымыз ашытуын, ақындар айтысын
1234
скачать работу

Халық педагогикасы – этнопедагогиканың зерттеу объектісі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ