Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Халықаралық туризм сыртқы экономикалық қатынастың бір түрі ретінде, оның ерекшеліктері. Халықаралық туристтік нарық



 Другие рефераты
Туризмдегі қауіпсіздіктің теориялық негіздері Халықаралық туристтік нарық Халықаралық туризмнің қазіргі даму тенденциясы Аймақтық ұйымдар

Халықаралық туризм – бұл өте күрделі және сирек кездесетін құбылыс. Бәрімізге белгілі, мемлекттің сыртқы экономикалық байланысы айырбастың әртүрлі нысандары арқылы іске асады: аманат кассасындағы ақша, шетелдік салымдар, халықтардың көшіп-қонуы, мәдениет төңірегіндегі айырбас, сауда қызмет көрсету және тағы басқалар.

Қандай да бір болмасын оның ең күрделі экономикалық іс-әрекеті сыртқы экономкалық айырбас, жеке алғанда нәтижесі валютамен түсетін сыртқы сауда.  Халықаралық сауда сияқты халықаралық туризм экономистерді ішкі туризммен бұрын қызықтыра бастады. Олар, туристтік қозғалыс төлем балансына тауар айырбасы сияқты әсер етеді деген қортындыға келді. Сондықтан да, халықаралық туризмді сыртқы экономикалық байланыстың бір түрі деп білген жөн, яғни ол сыртқы сауданың арнайы бір түрі болады. Халықаралық туризм халықаралық қатынастардың бір түрі ретінде шетел туристеріне кең көлемде мәдени және рухани қажеттіліктерін өтеуге бағытталған туристтік қызметтер көрсетеді.

Халықаралық туризм сыртқы экономикалық байланыстың бір түрі болғанымен, бірқатар өзіндік ерекшеліктері де болады.

Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып, басқа бір шетелдік елге барады. Кеденнен өту үшін туристтік құжаттарды толтырады (паспорт, виза жасау), валюта және медициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі болып саналады және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы.

Дүниежүзілік туристтік ұйым туристтік құжаттарды толтыруды қысқартып, реттеуіне маңыз бере отырып, жаңадан ұсыныстар жасап, оны қабылдады:

-         паспорт формальдылықтары: паспорт қызметін бір орталықтан босату; шетелдік паспорттарды жасаудың жұмыстарын реттеп, мерзімін қысқарту; ақша жинауды реттеу; паспорттың жарамдылық мерзімін 5 жылдан кем етпеу және сапар санын шектемеу; шетелдік паспорттың иесі оны өзінде сақтауы және конфискацияға тыйым салу; паспортты компьютер жүйесі арқылы тексеру үшін ИКАО стандартына бейімдеу;

-         виза формальдылықтары: рұқсатсыз кіру үш айға дейін; визаның мерзімін 12 айға дейін ұзарту және бірнеше сапарларға рұқсат тету мен көліктің кез-келген түрін пайдалануға болатындығы; көрші мемлекеттердің визаны мойындауы; өте сирек жағдайда бақылау бекеттерінде кіруге рұқсат ету; туристердің азаматтығына қарамастан, бірдей консульдық жинақты бекіту;

-         валюта формальдылықтары: кеден декларасында көрсетілген валюта мөлшеріне рұқсат ету; қазіргі валюта аыйрбастау туралы туристтерге толық мәлімет беру; кірудің бақылау – жіберу бекеттерінде толық мәліметтерді іліп қою; барған елінен кетерде қайтадан валюта айырбастау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету; алып келген валюталарын өз еркімен ғана айырбастау;  елден кетерде туристерге өз елінде сапарын жалғастыру үшін керекті мөлшерде ұлттық ақшаларына рұқсат ету

-         кедендік формальдылықтар: кірерде және шығарда туристерге салық салу; туристтік объектілерді жаңарту үшін кейбір салықтар мен ақша жинаудың түрін еңгізу;

-         медициналық формальдылықтар мен туристерге медициналық жәрдем көрсету; ұлттық туристтік әкімшіліктің денсаулық сақтау органдарымен келісіп жұмыс істеуін кеңейту, керек жағдайда туристерге медицинаға байланысты толық мәліметтер беру; туристерге жәрдем көрсету және мемлекетпен медициналық қауіпсіздік туралы жан-жақты келісімдер жасау; туристерге жедел медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру; қатаң түрде ауырып қалған жағдайда немесе қайтыс болғанда консулдық пен туыстарына хабарла, жерлеу немесе алып кету үшін қажетті құжыттарын тез арада дайындау.

Мұндай ұсыныстар, турсристтік формальдылықтарды қысқартудың негізгі қағидалары Будапешт конвенциясынан алынып отыр және ол туризм туралы Гаага декларациясында да қолдау тапты.

Туристтік формальдылықтар мемлекеттік шекараны кесіп өтумен байланысты халықаралық туризмнің ең басты ерекшеліктері болып саналынады. Неғұрлым мемлекеттің ақша жүйесінде айырмашылық және адамдардың қозғалу жолында кедергілер көп болса, соғұрлым халықаралық туризмнің ішкі туризмнен айырмашылығы басымырақ болады.

Әлемдік нарықта сыртқы сауда айырбасына тікелей кірмейтін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатуға немесе сатып алуға болмайды. Бұл жерде тек тауарлар мен қызметтер ғана емес, сонымен қатар табиғи және әлеуметтік-экономикалық туристтік-рекреациялық ресурстар да сатыладыжәне сатылып алынады. Бірақ, дәстүрлі экспорттағыдай, бұл сату мен сатып алу территориядан айырылмайды. Басқа осындай ерекшілігі – тауар мен қызмет өндірісне жұмсалған зат пен еңбек құралған жерінде іске асады. Бұл жерде тауарлардың тұтынушыға жылжуы емес, керісінше тұтынушының тауар – қызмет өндірілетін жерге келу орындалады. Бұл капиталдың айырбас шеңбер уақытын қысқартады және халықаралық туризмде басқа экспорттық сатып алулардан пайдалы ерекшелінетін бірнеше шарттарды құрайды. Біріншіден, сатп алушы (турист) көліктік шығындарды өзіне алады. Екіншіден, шетел туристерінің келген уақытында сувенирлер мен тауарларды сатып алуын сыртқы сауда операцияларының пайдалы түрі ретінде қарастыруға болады. Көптеген елдердегі әртүрлі салалар осы ішкі экспортқа жұмыс жасайды. Мысалы, Жапонияда шетел туристері елде шығарылатын радиотауарлары мен бейне аппаратуралардың, фотоаппараттардың көп бөлігін сатып алады; Швейцарияда – сағаттарды; Францияда – парфюмерия заттарын; Италияда – аяқ-киім мен тері заттарын; Ұлыбританияда – арақ, виски және т.б.

Халықаралық туризмге сыртқы саудада қалыптасқан операциялар түрі тән: экспорт, импорт және реэкспорт. Халықаралық экономикалық қанастың бір түрі ретінде халықаралық туризмнің өзіндік басты ерекшілігі туристтік фирма немесе шетел туристерінен өзі бола латын барлық сыртқы сауда, келісім сияқты қызметтерді иемдену шетел турагенттіктері арықылы жүреді. Осыған байланысты халықаралық туризмде экспортты шетел қонақтарын қабылдау, ал импортты осы мемлекеттің туристерін шетелге жіберу ретінде түсінеді. Халықаралық туризмді реэкспортты түсінуде. Теория бойынша осы категорияға бұл мемлекеттің туристтік ұйымынан үшінші мемлекетке сапар шегу үшін тур сатып алған барлық шетелдік туристтер жатуы керек. Бірақ қазіргі кезде санақ жүйесінің жетілмегендігінен бұл категориялы туристтерді көрсету өте қиын.

Халықаралық туризмнің тағы да бір ерекшілігі – елдің төлем балансына тигізетін әсері. Сондықтан да шетелдік туристтердің келуін «белсенді» туризм деп атайды. Оған қарсы, туристтердің шетелге кетуі ұлттық ақша мөлшерінен азаюына әсерін тигізеді. Бұндай туризмді «белсенді емес» дейді. Туристтердің белсенді және белсенді емес болып бөлінуі туристтік іс-әрекетін қаражат нәтижесімен байланысты, ол халықаралық туризмде ғана болады, ішкі туризмге тарамайды.

Кейбір жағдайларда шетелдік туризмнің дамуы елдің экономикалық эәне әлеуметтік дауын жылдамдатуға да жіберілуі мүмкін.

Шаруашылық жүйесінде туризм еңбектің бөлінетін көрсетеді, мұндайда басты рольді экономикасы жоғары дамыған елдер атқарады. Сыртқы сауданың басым бөлігі өнеркәсібі дамыған елдердің арасындағы тауар алмасуға келетінін білеміз. Әлемдегі негізгі туристтік сапарлардың көбісі өндірісі жоғары дамыған елдер арасында жүреді, өйткені оларда азаматтардың шетелге шығу пайызы жоғары (АҚШ, Франция, Ұлыбритания). Сондай-ақ солар және экономикасы орта деңгейде дамыған елдер (Греция, Португалия, Туркия) және дамушы елдерде (Тунис, Тайланд және т.б.) арасында жүреді және іске асырылады. Осыған байланысты дүниежүзілік туристтік ұйым келесі анықтаманы қабылдады: «туристтерді жеткізуші елдер»  және «туристтерді қабылдаушы елдер».

Экономикалық жағынан белсенді туризм (туристтерді қабылдау) туристтік игіліктерді экспорттау, ал белсенді емес туризм (азаматтар шығу)  — импорттау деуге болады. Белсенді және белсенді емес туризмнің экономикалық әсерін есептеу қиын, өйткені шетел туристерінің жергілікті өндірістің өнімдеріне сұранысы мен көлемі туралы хабарлар жоқ. Бұл сұранысты есепке алу мүмкін емес, оны тек болжауға болады. Статистикалық есептің қиындығы иемдену қабылдаушы мемлекетке жүреді, ал иемдеген тауарлар тұрақты тұру мемлекетінде әкелінеді. Бұл тауарлар шекараны өткенде тізімге алынбайды. Бұл жерде белсенді туризмді «көрінбейтін экспорт», ал белсенді емес туризмді – «көрінбейтін импорт» деуге болады.

скачать работу


 Другие рефераты
Психоанализ
Әлемдік қаржы дағдарысы
Обоняние
КЕҢЕС ҮКІМЕТІНІҢ ОРНАУЫ


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ