Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Хамза Есенжанов

, көңілге түйгенім – Хамза Есенжановты бүгінгі биігіне алып шыққан қуатты екі күш бар екен. Оның бірі – Алла тағала бер­ген талант, екіншісі тапжылмай отырып жасаған табанды, табысты еңбек. Менің көз алдымнан жазуға тыйым салынған темір тордың ар жағында отырып, умаждалған газеттің шеті мен қолға түскен қағаз қиындыларына болашақ романдардың жеке эпизодтарын жазып, мақталы күртесінің астарын сөгіп, жасырған; елге оралған соң София әпкеміз екеуі сол сиырдың бүйрегіндей бөлек-бөлек қағаздардың орауын жазып, құрастырған; батареясы жылымаған суық пәтерде аяғына пима, үстіне тон киіп отырып жазу жазған; қатты ауырған кезде де қаламы қолынан түспеген қайсар қаламгер Хамза Есенжановтың бейнесі өтіп жатты.

Жалғыз Хамза Есенжанов па осы көрініс, осыншалық жанкешті еңбек күні кешегі Мұхамеджан Қаратаев пен Зейін Шашкинге де тән еді ғой. Өнердегі бақытын өмірінен артық көрген қайран асыл ағаларым-ай, сендер де өттіңдер-ау мынау жалғаннан.

Қаламнан үлкен қару жоқ. Жазушы қаламын қайрайтын оның жан жары емес пе? Қаламның шексіз күші жайлы айтқанда Наполеонның: “Феодализмді өлтірген зеңбірек, адамзат қоғамын қалам өлтіреді” деген сөзі ойға оралады. Ұлы француздың осындай ойын еске ала тұрып мен айтар едім, жазушы қаламының жойымпаздық қана емес, жасампаздық та күші бар деп. Наполеонмен иықтасып ұлы ойшыл Ф.М. Достоевский тұр көз алдымда. “Әлемді құтқаратын сұлулық”, деген ол. Менің Олжас досым: “Біз мәдениетті құтқарсақ, мәдениет бізді құтқарады”, дейді. Философ жазушы мен философ ақынның ойларын қуаттай отырып, мен айтар едім: “Әлемді құтқаратын сөз”, деп. Жеке тұлғаны ғана емес, тұтас мемлекеттерді де түтістіретін де, бітістіретін де сөз. Иә, әлемді билейтін сөз, сөзді билейтін – қалам!

Жүректің оты жеткенше, бұл дүниеден өткенше қолынан қаламы түспеген Хамза Есенжанов бақытты жазушы. Бақытты болатыны өзі өлсе де сөзі өлген жоқ. Гогольдің ойымен айтсақ: “Әдебиет әлемінде өлім болмайды, өлгендер де құдды тірілер секілді біздің іс-әрекетіміз бен қимыл-қарекетімізге бізбен бірге тікелей араласып алға тарта береді”.

Моцарттың қабірінің қайда екені әлі күнге дейін белгісіз. Ал Хамза Есенжановтың мәңгілік мекенін, ескерткіш тақтасы мен бюстін күтіп, оның қасиетті қара шаңырағының отын сөндірмей отырған, артында қалған әдеби мұрасының мұртын бұзбай көздің қарашығындай сақтап жүрген Әлихандай ұлы мен Дина сынды келіні бар. Хамза Есенжанов бұл жағынан да бақытты жазушы.

Әдебиет әлемін бірде ашық, бірде бұлтты, бірде бұлыңғыр зеңгір аспан деп бейнелер болсақ, қаламгерді қанатты құсқа балар ек. Қанаттылардың бәрі қыран емес. Құстың да құсы, оның да ірісі мен ұсағы, әлсізі мен күштісі бар. Әр құс өзі­нің қанатының қуаты жеткен биікке дейін ұшады, әлсіздері шоқыға, мықтылары шыңға барып қонақтайды.

Хамза Есенжановтың тұғыры шоқы емес, шың! Қыран қанат талант сол биіктен төменге көз салып:

О, пенделер, көзіңді ашып қарашы,
Алыс емес,
Тал бесік пен тар бесіктің арасы.
Қас-қағымдай мына қысқа өмірде,
Бір-біріңе ғашық көзбен қарашы, –
деп тұрғандай. Иә, дәл солай болып көрінеді маған ақиық, ақылман ағам!

Авторы: Сәбит ДОСАНОВ, жазушы, халықаралық М.Шолохов атындағы сыйлықтың лауреаты. Алматы.

123
скачать работу

Хамза Есенжанов

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ