Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ХІХ ғасырдағы ағартушы ойшылдардың халықтық тәрбие туралы ой-пікірлері



 Другие рефераты
Особенности мышления истероидных акцентуантов Шоқан Уалихановтың ағартушылық идеялары Особенности общения в подростковом коллективе Фараби трактаттарындағы білім, тәрбие және адамгершілік, гуманизм мәселелері

Ш.Уәлихановтың қазақ халқының салт-дәстүрлерi туралы ой-пiкiрлерi (1835-1865).

 

 

1. Шоқанның алғашқы хат тануы.

2. Ш.Уәлихановтың орыс достары.

3. Шоқанның Батыс-Шығыс халық әдебиетін зерттеуі.

 

1.Шоқанның өскен ортасы. Әжесi Айғанымның, әкесi Шыңғыстың маңына аңшы, әңгiмешi, ертекшi, әншi, күйшi, ақын, құсбегi т.б. өнер адамдарының үйiр болуы. Олардың Шоқанның жастайынан қазақ өнерiмен сусындауына ықпал етуi, Ауыл молдасынан оқып хат тануы.

2.Ел билеу тiзгiнiн берiк қолда ұстау мақсатында Шыңғыстың 11 жасар Шоқанды Омбыдағы Кадет корпусiне әскери оқуға беруi. Шоқанның орыс тiлiн тез меңгеруi.

3.Шоқанның Омбыдағы Кадет корпусiнде оқу кезiнде озық ойлы орыс интелигентерiнен бiлiм алуы. Оның ұстаздары И.Вас.Ждан, Пушкин, Николай Федорович Костымцский, Александр Андреевич Сотников, Василий петрович Лобадовсий т.б. болуы: Орыс география қоғамының негiзiн салушы П.П.Семенов – Тяньшанский, географ ғалым Н.Г.Потанин, саяси жер ауып келген орыс зиялылары: Ф.М.Достаевский, С.Ф.Дуров, А.Н. Майковтармен достық қатынаста болуы. Олардың прогрессивутiк идеяларының Шоқанға тигiзген әсерi;

4.Шоқанның Кадет корпусында оқып жүрiп те Батыс-Шығыс халықтарының әдебиетiмен, тарихымен, салт-дәстүрiмен, дiнiмен, тiлiмен терең танысуы.

5.Шығыс халықтарының әдет-ғұрпын, тұрмыс-тiршiлiгiн, тiлi мен дiни наным-сенiмдерiнжетiк бiлген Шоқанды Батыс Сiбiр генерал-губернаторы қырғыз елi мен ұлы жуз қазақтары, Қытайдың Жоңғария даласына саяхатқа жiберуi

1856-57 ж.ж. Шоқанның Қазақ, Қырғыз, Дұнған, Ұйғыр, Қытай халықтарының салт-дәстүрiн, ауыз әдебиет үлгiлерiн, тарихын зерттеп еңбектер жазуы;

6.”Сiбiр қарамағындағы қазақтардың сот реформасы туралы жазба”, “Жоңғария очерктерi”, “Қырғыздың манас жыры туралы”, “Абылай”, “Шаман дiнiнiң қазақтар арасындағы қалдығы” деген еңбектерiнiң мазмұны мен тәлiмдiк мәнi;

7.Шоқанның ел билеу мәселесiн демократиялық жолмен шешпек болуы. Қазақ қыздар тәрбиесi жөнiндегi ой-пiкiрлерi.

Шаман, мұсылман дiндерiнiң шығу тарихы туралы ойлары. Қырғыз халқының Алатауға келiп орналасуы, салт-дәстүрi туралы көзқарасы.

Манас жыры туралы ойлары, онда кездесетiнқазақ батырларының (ЕРсайын, Ер Қосай, Орақ-Мамай) аттары жөнiнде, қазақ-қырғыз салт-дәстүрлерiнiң ұқсастық себептерiтуралы пiкiрлерi, Шаман дiнiнiң шығу тарихы, Шаман дiнiмен байланысты ырымдардың қазақ арасында күнi бүгiнге дейiн сақталуы. (Айға бата жасау, отқа май құю, келiннiң отқа салар апаруы, ауру адамды отпен аластау).

8.Шоқанның қазақ ырымдарын талдауы, (көз тию, садақа беру, әулиелердiң басына түнеу, ақ сарбас айту, хайуанаттарды киелi санау, буаз аңдарды атпау т.б.)

Қорқыт Көрұғлы туралы, Асанқайғы жөнiндегi ой-пiкiрлерi.

9.Шоқанның қазақ салт-дәстүрлер мен дiни наным-сенiмдердi зерттеу еңбектерiнiң құндылығы.

10.Шоқанның 1860-61 ж.ж. Петербургтегi сапары кезiндегi ғылыми қызметiне сипаттама;

11.Шоқан өмiрiнiң соңғы кезеңдерi (Чернияев армиясынан кетiп қалуы, Тезек төренiң ауылына барып, оның қарындасына үйленуi).

12.Шоқан еңбектерiн зерттеушiлер: Ә.Марғұлан, Қ.Хайдарова, Б.Сүлейменов т.б.

13.Шоқанның есiмiн мәңгi есте қалдыру жолында iске асырылған iс-шаралар:

Қазақстан ұлттық ғылым академиясының тарих және археология институтының , Көкшетаудағы университеттiң оның атымен аталуы, Алматы, Көкшетау қалаларында оған ескерткiш орнатылуы, көшелердiң аты берiлуi. Талдықорғанның  Алтын-Емел станциясындағы бейiтiне ескерткiш орнатылуы, Алтын -Емелде, Көкшетауда мұражай ұйымдастырылуы, оның атындағы тарихи ғылыми еңбектерге жыл сайын мемлекеттiк сыйлық тағайындау, орысша-қазақша оның көптомдық еңбектерiн шығару т.б. iстер атқарылды.

 

Ы.Алтынсариннiң тәлiмдiк мұралары (1841-1889).

 

1. Ы.Алтынсариннің тілмаштық кезеңі.

2. Ы.Алтынсариннің орыс достары.

3. Ы.Алтынсариннің қазақ халқының салт-дәстүрін зерттеуі.

 

1.Ыбырайдың атасы Балғожа бидiң тәрбиесiнде болуы, оны Балғожаның өз орнына әкiм етiп тәрбиелеудi көздеуi. Орынбор шекара комиссиясы жанында 1850 жылы ашылған орыс-қазақ мектебiне берiп тiлмаш, писарь етiп шығаруы.

2.Ыбырайдың ауыл-ауылды аралап елден қаржы жинап 1864 ж. Торғайда тұңғыш орыс-қазақ бастауыш мектебiн ашуы. Әсiресе соңғы 10 жылда Торғай облысында мектеп инспеторы болып, оқу-ағарту iсiмен айналысуы. (Торғайда, Ырғызда, Тобылда, Қостанайда, Красноуфимскiде орыс-қазақ мектептерi, Қостанай, Торғай, Ақтөбеде қолөнер училищесiн, қыздар пансионатын ашуы).

3.Ыбырайдың “Мұсылмандық тұтқасы” атты (1884) оқулық жазып, дiндi тәрбиенiң құралы ретiнде пайдалануы, шала молдаларға қарсы күресi.

4.Ыбырайдың проф. Н.И.Ильминскиймен достық қарым-қатынаста болуы, оны өзiнiң ағартушылық iсiн алға апаруға пайдалануы, астыртын миссионерлiк саясатқа қарсы күрес ашуы, отарлау саясатына қарсылық бiлдiруi.

5.Ыбырайдың К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой еңбектерiн басшылыққа ала отырып екi оқулық (Қырғыз хрестоматиясы – 1879, Қазақтарға орыс тiлiн үйретудiң әдiстемесi – 1879) жазуы. Ол оқулықтардың үш түрлi ерекшелiктерi: бiрiншi – халық  ертегi-аңыздарын пайдалануы, екiншi – орыс, батыс жазушыларының дидактикалық сарындағы еңбектерiн аударып енгiзуi, үшiншiден – өзiнiң ақыл-нақылға құрылған қысқаша әңгiмелерiн енгiзуi;

6.Ыбырайдың Ресей географиялық қоғамының Орынбор өлкетану бөлiмшесiнiң тапсыруы бойынша “Орынбор ведмоствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу, ас беру дәстүрлерiнiң очеркi” мен “Орынбор ведмоствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерiнiң очерктерi” (1870) атты еңбектерiн жазып ұсыну:

Онда қазақтың құда түсу, жетi атаға дейiн қыз алыспау рәсiмдерiнiң елдi бiрiктiрудегi прогрессивтiк мәнiн ашып көрсетуiмен бiрге әмеңгерлiк зияндылығын айыптауы;

Молдалардың неке қиюдағы жас қыздарға жасайтын қиянатын, некенiң ерiксiз қиылатыны айыпталады.

Сондай-ақ өлген адамдары жерлеу рәсiмдерiне талдау жасай келiп, молдалардың өлген адамның күнәсiн “сатып алмақ” болып, мал-мүлкiн тонау сияқты жексұрын әрекеттерiн әшкерелейдi.

Жоқтаудың тәлiмдiк мәнiн аша келiп, өлген адамның жетiсiн, қырқын, жылын, асын беру, бейiт тұрғызу салттарын жан-жақты талдап баяндайды.

Өлген адамға асты 63 жасқа (пайғамбар жасына) келген атақты бай, билерге беретiнi, аста көп мал сойып, аста төк жасайтыны, ысырапқорлыққа жол берiлетiнi айтылады. Күрес, ат бәйгесi, т.б. ұлт ойындары ұйымдастырылатыны, аттың бәйгесi мен күрестiң бәйгесiн рулы елдiң талап алып кетiп, балуан мен ат иесiне түк тимейтiнi, мұның бiр жағы мақтаншақтық-даңғойлық екенi айтылады.

7.Ыбырайдың қазақ халқының салт-дәстүрлерiн зертеудегi мақсаты дәстүрлердiң шығу тарихына ғылыми талдау жасай отырып, озығы мен тозығын ажырату, тәлiмдiк мән-мағынасын ашу, озық дәстүрдi тәрбиенiң құралы ету едi. Сонымен бiрге қазақ мәдениетiн орыс достарына бiлдiрудi мақсат еттi. Ол сол кездегi орыс чиновниктерi ойлағандай қазақтардың “ұры”, “тағы, көшпелi, жабайы халық” емес, өзiндiк мәдениетi, өнерi бар халық екенiн бiлдiрудi көздедi.

8.Қазақтың салт-дәстүрлерiн жинап зерттеумен бiрге, әр ауыл, болыс сайын мектеп ашып, мектеп жанынан монша, кiтапхана салып, қайтсем қазақ елiн мәдениеттi елдердiң қатарына жеткiземiн деп арпалысты. Ол өзiнiң орыс досы В.В.Катаринскийге жазған хатында “Қазақ халқы оқу-бiлiмге сусап отырған халық, әттең, бұл iске оқыған адамдардың (орыс чиновниктерiнiң – С.Қ.) жаны ашымайтыны есiңе түскенде, кейде күйiнесiң” кейбiр ақылдысымақтардың “қазақ тентек, қанiшер халық” деулерi мәңгi-бақи тек қағаз бетiндегi мағынасыз сөз болып қала бермек… Қазақтарды оқыту жөнiнде бастықтарымыздың бекiнiстер жанынан мектеп салудан гөрi, үйлерiнiң онсыз да қызыл төбелерiн боятқанды, онсыз да ақ қабырғаны ақтай түскендi тәуiр көредi” деп ел билеушi әкiмдерге ренiш бiлдiредi.

Ыбырайдың Орынбор генерал-губернаторы Проценко тарапынан қуғын көрiп, оның Ыбырай ашқан мектептердi жауып, өзiн инспекторлық қызметтен босатпақ болып, iсiн сотқа беруi, ақыры орыс достары Н.И.Ильминский, В.В.Катаринскийлердiң ара түсуiмен аман қалуы осы кез едi.

9.Қалың елi қазағының қамын ойлап екi бiрдей қара күшпен (бiрiншi - қазақ арасындағы қожа-молдалармен, екiншi орыс миссионерлерiмен) алысып баққан Ыбырай Алтынсарин небәрi 49 жас жасап, 1889 ж. июнь айында жүрек ауруынан қайтыс болады.

10.Ыбырайды мәңгi есте қалдыру мақсатында Қостанайдағы қазақ мектеп-интернатына, Торғайдағы пединститут пен Алматыдағы Қазақ Бiлiм академиясына оның аты берiлдi. Осы мекемелер жанынан Ыбырайға арналған мұражай ұйымдастырылды. Алматы, Торғай, Қостанай қалаларында оның атында мектептер, көшелер бар.

Ыбырай мұраларын зерттеу iсiмен Ә.Сыздықов, Т.Тәжiбаев, Қ.Б.Жарықбаев, Ә.Молдашев, К.Жұмағұлов, С.Қалиев т.б. айналысты.

 

Қазақ этнопедагогикасы жөнiндегi А.Құнанбаевтың (1845-1904) көзқарастары.

 

1. А.Құнанбаев – қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы.

2. Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәні.

3. Абайдың шығыс әдебиет үлгілеріне қатысы.

 

Қазақ жазба әдебиетiнiң негiзiн қалаушы, классигi Абай Құнанбаевтың  ең алғаш нәр алған бастау бұлағы – қазақтың бай ауыз әдебиет үлгiлерi болса, екiншi – Физули, Фердауси, Низами, Науаи, Сағди, Қожа Қафиз сияқты шығыс әдебиетi классиктерi едi. Үшiншщi – бертiн оңы мен солын тани бастағанда, Семейге жер ауып к

12
скачать работу


 Другие рефераты
Социальная политика в сфере занятости населения
Табиғат объектілеріне меншік құқығы және табиғи ресурстарды пайдалану құқығы
Бала, педагог, ата-ана балаларды тәрбиелеудегі бірлікті қамтамасыз ету
Платон - подборка разных материалов


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ