Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Христиандық мәдениеттің қайнар бастаулары мен басты кезеңдері



 Другие рефераты
Ислам әлемінің мәдениеті Орта ғасырлық қазақ мәдениеті Орыс мәдениеті — мәдениеттің православилік типі ХVІІІғ. мен ХХғ. аяғындағы қазақ мәдениеті

Дәріс мақсаты; Христиандық мәдениеттің қайнар бастаулары мен басты кезеңдерімен таныстыру.

Тақырыпқа қатысты сұрақтар:

  1. Христиандық мәдениеттің қайнар бастаулары мен басты кезеңдері.
  2. Орта ғасырлардағы жан мен дене мәселесі. Басты ойлау тәсілі. Патристика және схоластика. Романдық және готикалық стильдер.
  3. Қайта жаңғыру мәдениетінің гуманизмі. Ренессанс – жалпы еуропалық мәдени құбылыс.
  4. Реформация. Жаңа замандағы мәдени өзгеріс.
  5. ХІХ-ХХ ғғ. өнер, сәулетшілік, әдебиет салаларындағы басты бағыттар.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);

         Орта ғасырлық мәдениеттің басты ерекшелігі — мәдениеттің діннің ықпалында болуында, яғни христиан діні мен христиан шіркеуінің қоғамда ерекше рөл атқаруында. Рим империясы құлағаннан кейінгі мәдениеттің жаппай құлдырау процесі етек алған алған жағдайда, діни шіркеулер Византия империясы деп аталған Шығыс Рим империясында христиандық шіркеу күшті императорлық христиандық шіркеу күшті императорлық билікке тәуелді болды. Батыста жағдай мүлде басқаша болды, мұнда шіркеу мемлекетке дәл мұндай тәуелділікке ұшыраған жоқ, қайта қоғамда ерекше жағдайға ие болған. Батыс шіркеуі өздерін римдік – католиктік, ал Шығыс шіркеуі – гректік – католиктік, яғни православиелік деп аталады.

Схолостика – (мектептік) — орта ғасырлық «мектептік философия», оның өкілдері — схолостар христиандық дін ілімін рационалды түрде негіздеуге және жүйелеуге ұмтылды. Орта ғасырлар мәдениетінің қайнар бұлағы — романдық бастаудан нәр алатын батыс Рим империясының мәдени дәстүрлері болып саналады.

Орта ғасырлық дәуірінде классикалық кезеңнен басталған еуропалық мәдениеттің қалыптасу процесі одан әрі жалғасты, бірақ оның даму барысында толып жатқан қиындықтар мен кедергілер кездесіп отырды. Тек ХІУ-ХУ ғасырлардың аралығында ғана Батыс еуропа бірнеше апаты аштық жылдарын бастан кешірді. Осындай сындарлы кезеңде де қалалар өркендеп, ауыл шаруашылығы мен сауда, қолөнер ұдайы даму үстінде болды. Рухани өмірдің жандануына, ғылымның, өнердің, философияның жаңа арнамен дамуына қолайлы жағдайлар туды. Бұл әсіресе Италияда көріне бастады. Италия ұлы мәдени төңкеріс – Ренессанс мәдениетінің орталығы болды.

Орта ғасырлық Еропа мәдениетінде шамамен 1000- мен бастап өзіндік ерекшелігі бар көркемдік стиль қалыптаса бастады. Ол – «Роман» стилі болатын. «Роман стилі» деген термин («Роман тілдері» деген терминге ұқсас енгізілген. Готикалық дәуірде сәулетшілік өнер бұрын болып көрмеген дәрежеге көтеріліп, шоқтығы биік өнер саласына айналды, өйткені өзге өнерлердің бәрі де сәулетшілікке табынып, оның талаптарына мүлткісіз бағынады.

Қайта жаңғырту мәдениетінің гуманизмі. Батыс және орталық Еуропа мәдениеті тарихындағы орта ғасырлық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дәуірі екі ұлы мәдени қозғалысты – Қайта жаңғырту дәуірі мен Реформацияны қамтиды. «Ренессанс» деген атпен белгілі болған қайта жаңғырту дәуірі  ақсүйектік сипатта болса, ал Реформация қозғалысы – діни бағыта жүзеге асырылды.

 Еуропа елдерінің мәдени-тарихи дамуындағы кезең — Реформация дәуірі болып саналады. Реформация –ХVІ ғ.

скачать работу


 Другие рефераты
Территориально-административное устройство Казахстана
Интернет-зависимость и ее психологическая характеристика
Бір өзінің айбаты мың кісідей болады…
Некоторые Теоремы Штурма


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ