Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ХVІІІғ. мен ХХғ. аяғындағы қазақ мәдениеті



 Другие рефераты
Христиандық мәдениеттің қайнар бастаулары мен басты кезеңдері Орыс мәдениеті — мәдениеттің православилік типі Мотивацияның іс жүргізу теориялары Ынталандыру процесі

Дәріс мақсаты; ХVІІІғ. мен ХХғ. аяғындағы қазақ  мәдениетін қарастыру.

Тақырыпқа қатысты сұрақтар:

  1. Қазақстанның Ресей империясының құрамына енуі.
  2. Дүниетанымның дағдарысқа ұшырауы. Қазақ ағартушылары.
  3. Зар-заман мәдениеті.
  4. Кеңес дәуіріндегі қазақ мәдениетінің тағдыры.  Тоталитарлық-әкімшілдік жүйе және ұлттық мәдениет.
  5. Қазақстандық ғылым мен мәдениет ордаларының ашылуы.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);

Қазақ  мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалық «көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен басталық.

Ежелгі дәуір мәдениетінің дүниетанымы – миф. Мифологиялық дүниетанымның кіндігі – кеңістік пен уақытты адаммен жақындастыру талпынысы, бағдары.

Мифологиялық уақыттың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ. Оның мифологиялық уақыттың реальды уақытпен жақындығы. Алғашқы білім жеткіліксіздігінен реалды дүниені қиял, ойдан құрастырылған жасанды аналогиялық бейнелер арқылы түсіндіргенімен, ол ақылы шарықтаған Жаңа Заман адамынан табиғатқа жақын тұр. Мифологиялық тұлға реалды уақытты өзінің виртуалды ішкі, тылсмдық уақытымен қабылдайды және ол адамдық дүниемен бірге өтеді.

Қазақ ағартушылары. Зар-заман мәдениеті. Қазақтың мәдениет туралы дәстүрлік түсініктерінде көне негіздерімен қоса мұсылмандық қағидалар қатарлана келеді.

Қазақ хандығының жау қыспағынан әлсіреп, Ресейдің отары бола бастаған кезде заман бейнесі «Жер ұйық» кейпінен «Зар — заманға» айналады. «Зар — заман» түсінігі қазақтың төл мәдениетінде қалыптасқан уақыт туралы әсерлі бейнелердің бірі болды. Бұл бейненің өзіндік ерекшеліктерінің типологиялық мазмұны терең болғандықтан оған арнайы тоқталайық.

Зар-заман деген – ХІХ ғасырда өмір сүрген Шортанбай ақынның заман халін айтқан бір өлеңінің аты. Шортанбайдың өлеңі ілгері, соңғы ірі ақындардың барлық күй, сарының бір араға тұтастырғандай жиынды өлең болғандықтан бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына «зар-заман» ақындары деген ат қойдық деп  М. Әуезов көрсеткен кезең ақындардың өкілдері  Дулат Бабатайұлы (1802-1874 ж), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881ж), Мұрат Мөңкеұлы (1884-1906 ж).

Зар-заман ақындарының көрнекті өкілдерінің бірі – Дулат Бабатайұлы. Ол өз шығармаларында қайырымдылық пен зұлымдылық, ризалық пен сараңдық, білім мен надандық мәселелерін талдап, шығармаларына енгізген.

Дулат ақыннан кейінгі өмір сүрген зар-заман ақындарының ішіндегі ең көрнектілерінің бірі – Шортанбай Қанайұлы. Оның философиялық толғауларының бірі «зар заман» деп аталады. Зар-заман ақындарының өкілдерінің бірі – Мұрат Мөңкеұлы. Ол қазақ жері талқыға түсіп, отаршылдыққа түскен жылдарда халқына ұран тастап, қарсы күреске шақырды.

Қазақстанда өндіргіш күштер мен халық ағарту ісін ұйымдастыру және басқаруда ілгерілеу байқалды. Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Шыңғыс ұлы Уәлиханов (1835-1865 жж.) демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі, педагог-жаңашыл және жазушы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889 жж). Ыбырай дүниетанымын қалыптасуына туған ел халық ауыз әдебиеті, прогрессивті орыс мәдениеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері өз әсерін тигізді.

Қазақ ағартушылығында қазақ халқының бүкіл прогрессивті мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл-демократ, сазгер, Абай Құнанбаев (1845-1904 жж) болды.

Қазақ рухани мәдениетінің сол тұстағы деңгейінде «Алаш» қайраткерлері алдыңғы қатарда тұр. Кейін тотаритарлық жүйе оларға әдейі «контрреволюцияшыл-ұлтшылдар» деп жала жапқан. ХХ ғасырдағы қылмыстардың бірі Кеңес Одағында жасалды. Тоталитарлық жүйе өз халқына қырғын салып (геноцид), оның этномәдени тұтастануына орасан зиян келтірді. Адамзаттың бүкіл тарихында ешбір саяси өзгеріс нақ осындай сүргінге әкелген жоқ. Этнобірігу және мәдени эволюцияны бекерге шығаратын большевиктік идеология мен практика бұрыңғы Ресей империясы топырағында құндылықтарын талан-таражға салды.

Геноцид (грек.genosis -тек, қауым, лат. Caedo — өлтіремін) – нәсілдік немесе этностық басымдылық пен жеккөрушілікті желеу етіп, адамдық бірлестіктерді жою әрекеттері. Этникалық гноцидтің мысалдарына қазіргі заманда да кездесетін әр түрлі «этникалық тазартулар» мен ұлтаралық соғыстар жатады.

Этномәдени экспанция. Патшалық ресей империясы бастаған миграциялық саясатты Кеңес өкіметі де дәйекті жүргізді. Тоталитарлық жүйенің мәдениет саласында жүргізілген саясаты тек «советтік ұлттарды тазалаумен» шектелген жоқ. «жаңа коммунистік мәдениетті қалыптастыру» дегенді басшылыққа алған партократия дүниежүзілік озық мәдениет үлгілеріне тосқауыл жасады.

1991 жылдан бастап Қазақстан — тәуелсіз мемлкет. Ата заң бойынша, ол қазақ халқының өзін-өзі билейтін елі мен басқа этникалық топтарға тең құқықтықты қамтамасыз етеді. Өзіне тән мәдениет пен өркениетті қалыптастыруға мүмкіндік алды.

ХХ ғасырдың бас кезінде өлке халқының негізгі көпшілігі оқи да, жаза да алмады. Сондықтан революциядан соң бірден ересектерді оқыту үшін мектептер мен курстар ашыла бастады. Әулие-Ата қалалық жұмысшы және солдатдепуттары кеңесі 1917 ж. қарашада сауат ашу мектебін ашу туралы мәселе қарап, бұл мақсатқа қажетті ақша қаржысын, бөлу туралы шешім қабылдады. 1918 жылыдың бас кезінде Верныйда, Семейде, Ақмолада және басқа тиісті материалдық жағдайы және мәдени күштері бар жерлерде сауатсыздар үшін мектептер  ашылды.

Қазақстан Ғылым академиясының ашылуы соғыстан кейінгі аса ірі ақиға болды: ол: 1946 ж. 1 маусымда ұйымдасты. ҚазКСР Ғылым академиясының толық мүшелері (академиктер) болып аса көрнекті ғалымдар М.О. Әуезов,  Ә.Б. Бектұров, М.И. Горяев, А.Қ. Жұбанов, Н.Г. Кассин, Н.Т. Сауранбаев, мүше-корреспонденттері болып, Н.О. Базанова, Р.А. Боруков, Ә.Х. Марғұлан, М.Н. Усанович және басқалар сайланды. Тұңғыш президенті болып  Қ.И. Сатпаев сайланды.

 

 

Глоссарийлер  (анықтама, сөздік);

Адам – жер бетіндегі материалдық және рухани мәдениеттің тарихи процесінің, дамуының субьектісі , өмірдің басқа формаларымен генетикалық жағынан байланысты, еңбек құралдарын өндіру қабілеті арқасында олардан бөлніп шыққан, анық сөйлей алатын, санасы бар биологиялық-әлеуметтік тірлік иесі.

Жеке адам — әлеуметтік индивид ретіндегі, адам, қоғам мүшесі.

Игіліктер – адам мен қоғам үшін өздерінің оң немесе терісмаңызын анықтап беретін қоршаған орта обьектілеріне тән әлеуметтік анықтауыштар.

Индивид – (лат. individuum — бөлінбейтін) – Обьектілердің белгілі бір түрінен немесе класынан бөлініп шыққан жалқы, жеке обьект,2) Адам – адамзаттың жалқы өкілі, нақты антропологиялық және әлеуметтік ерекшеліктеріне қарамастан ол жеке кісі. Индивид дегеніміз қоғамдық тіршілік иесі және оның өмірінің көрінісі – қоғамдық өмірдің көрінісі болып табылады.

Табиғат — өзініңбарлық шексіз көп түрлілігімен көрінетін бізді қоршаған дүние.

Футурология – (лат.fururum – болашақ) – адамзаттың болашағы туралы мағлұмат беретін білім саласы.

Әлеуметтік — 1) тұрмыстық әлеуметтік-экономикалық жағдайларының жақындығына орай әлеуметтік топтың, таптың, ұлттың, халықтың мінез-құлқында көрініс беретін сезім, ерік, көңіл-күй, әдет-ғұрыптар, дәстүрлер жиынтығы, қоғамдық сананың бір тармағы. 2) Қоғамдық мінез-құлықтық құбылыстардың шығу, өмір сүру, өзгеру, дамуының жалпы және осыларға тән заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Әлеуметтік революция -  [лат.revisio – бетбұрыс, өзгеріс] – ескіргенді жоятын және жаңа прогрессивті қоғамдық құрылысты нығайтатын қоғамдық өмірдегі түбегейлі төңкеріс; бір қоғамдық экономикалық формациядан басқасына өту тәсілі және құралы.

Әлеуметтік экология- қоғам мен табиғаттың әр түрлі қарым-қатынасын зерттейтін ілім тарауы.

скачать работу


 Другие рефераты
Дидактический материал к урокам природоведения в 1 классе по программе Плешакова
Сделки
Рынки: понятие, типы рыночных структур
Контрольная по педагогике


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ