Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

II дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастағы Таяу және Орта Шығыс

раильдің 1967 жылы Египет, Сирия және Иорданияға қарсы жүргізген агрессиясы Ливанда да қарсылықты толқынын тудырды. Израильдің батыс державаларының қолдауына сүйеніп отырғанын білген Ливан оның территориясы арқалы өтетін «Ирак петролум» және АРАМКО компанияларының мұнай құбырларын жауып тастады. 7- маусымда Бейруттегі американ елшілігінің құрлысының алдында қарсылық демонстрациясы болды. Сол күні Ливан, АҚШ және Англия мен дипломатиялық қатынасы үзіліп, алтыншы американ флотына Бейрут портына енуге тыйым салды. Израиль агрессиясы елдің ішкі экономикасына әсер етті. «Интра» коммерциялық банкі банкрот болып, салық, заттар бағасы, жұмысшылар наразылығы өсті.

Израиль агрессиясынан кейін Ливанның өз күштері елдің қорғанысының әлсіз екенін айтып, елді «Таяу Шығыстағы Щвейцарияға» айналдыруға шақырды. Бейтараптық бойынша Ливан Араб мемлекетінің лигасымен жасалған барлық келіссөз, міндеттерден арылуы тиіс болды. Алайда 1967 жылы тамызда Ливан өз өкілдерін Араб елдерінің Изральге қарсы шараларды қарастырған Хартум конференциясына жіберді. Ливан Египет пен Иорданияның 1967 жылы қарашада қауіпсіздік одағын құру шешімін қолдады. Ливан территориясы жүздеген мың палестиналықтардың танысы болды. Палестиналық партизандар мен үкімет арасында да қақтығыстар болды.

70 жылдан бастап Израильдің Ливанға агрессиясының өскені байқалады. 1970 жылы мамырда елге 12, 25 танкі, артиллериясын қолданып шабуыл жасады. Иордания. 1958 жылы қарашада елден ағылшын әскерлері әкетілгеннен кейін, АҚШ пен Англия елде үстемдігін сақтау үшін экономикалық қарым — қатынасқа көшті. Екеуінің арасында күрес болып түрды. Сол кездегі үкімет басшыларының өкілдері: Хазза аль- Маджали, Бахджат ат — Тальхуни, бұрын Иракта елші қызметін атқарған Васфи Телль. Хазза аль- Маджали кезінде оның төрағалығымен ішкі қауіпсіздік Кеңесі құрылды. 1958 жылдың шілдесінен бастап ел азаматтары төл құжаттарын ауыстырды. 1960 жылы Конституцияға өзгерістер енгізілді. Ел Конституциясы монархия құрылысын сақтап қалды.

1960 жылы тамызда Хазза аль-Малжали өлтіріліп, билікке Бахджат ат-Тальхуни келді. Алайда, Иорданияның ішкі және сыртқы саяси курсы 1962 жылға дейін аса өзгерістерге үшыраған жоқ. Негізгі өзгерістер Васфи Телльдің келуінен басталды. Оған дейін КСРО-ң қатынасы онша емес болып, 1957-1959 жылдары коммунисттік партияға енгені үшін сотталған еді. Васфи Телль билік басына келгеннен соң КСРО мен дипломатиялық қатынастар орнатуды алға қойып, түрмедегі тұтқындарға амнистия жариялап, саяси эмигранттарға отанына оралуға рұқсат берді.

1963 жылы 20 тамызда КСРО мен Иордания арасында шарт жасасып, БҰҰ-да кейбір Араб мемлекетін бірге ұйымға енбеу, афро-азиаттық ынтымақтастықты дамыту жағында болды.

Алайда, 1966 жылы сыртқы саяси бағыт Батыс елдеріне қарай бұрылды. Капиталистік державалар жоспар бойынша Таяу Шығыстың барлык реакциялық режимдерін біріктіретін «Ислам пактісін» құру көзделді. «Ислам пактісі» арабтардың ұлттық бостандық үшін қозғалысын алдына алып прогрессивті үкіметтерге,   әсіресе

Еипет пен Сирияға соққы беру керек болатын «Ислам пактісінің» мақсаты анықталысымен-ак, Иордания бұл жобаны  қолдады. Батыс     державаларымен     қатынасын жандандырды. Коммунистерге     қарсы     репрессия     күшейді.     Абақтылар     мен лагерьлерге сотсыз жүздеген ер — азаматтар қамалды.

1967 жылы 5 маусымда Иордания Израиль агрессиясына тап болды. Шабуыл едің өндіргіш күштеріне гүл техникасына үлкен зиян әкелді. Соғыс тоқталғанымен Израиль басшылары Иорданияға 1950-жылы бірі тиесілі Иордан өзенінің батыс бөлігін басып алды. Дәл осы территорияны басып алу Израиль үкіметі үшін саяси фактормен қоса экономикалық факторды көздегенін айқындайды. Иордания үшін Батыс жағалауда жалпы ұлттық өнімнің 38 пайыз өндірілді. Батыс аудандарда көкөністердің 65 пайызы, жемістердің 80 пайызы,  оливкидің 30 пайызы,  дәнді дақылдардың 30 пайызы өндірілді. Онда елдегі өнеркәсіптің жартысы (3700 өндіріс орны) шоғырланды. 14 мыңға жуық адам жұмыс істеді. Израиль шабуылынан кейін ондаған мың адамдар бұл территориядан кетіп, елдің шығысына қоныстануға мәжбүр болды.

Аталған     онжылдықта    елдің     сыртқы     саясаты     биік     құсап тербелді.   Бірде  Батыс  елдермен  байланысын  дамытса,  бірде КСРО-мен ымыраға келіп отырды.

1970-1971 жылдары дәл Ливандағыдай Иордания әскері мен қосылып келген палестиналықтар арасында қарулы қақтығыстар болды. Бұл қақтығыс арабтардың ортақ майданын, бірлігін бұзып, Таяу Шығыстан империалистік ізденістермен күресу, Израиль агрессиясын жою туралы мақсаттарынан тайдырып отырды.

1971 жылы екінші жартысында Палестинаның қарсыласу қозғалысының отрядтары Иордания территориясын тастауға мәжбүр болды.

 

Иран мемлекетінің халықаралық қатынастағы саясаты 

Дамушы мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, соның ішінде Иранда, XX ғасырдың 50-60 жылдары ғылыми-техникалық революция Иранның өзге елдермен экономикалық,   ғылыми-техникалық         байланыстарының ұлғаюына әкелді. Сыртқы саясаты мен экономикасы арасындағы тығыз тәуелділік Иранның 60-70 жылдардағы саясатының басымдылығы болды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қатынасы негізінен капиталистік елдермен болды. Ол елге АҚШ, Англия, ГФР, Жапония, Франция, Италия монополиясының еніп, саяси-әскери тәуелділігін үлғайтты. КСРО-мен қатынасы керісінше нашар күйде болды. Коммунистерге қарсы көтерілістер болып, соған енген адамдар репрессияға ұшырап отырды.

«Қырғи-қабақ» соғыс болғандықтан және Иран сыртқа мұнай экспорттайтын ел болғандықтан Батыс елдері және АҚШ-қа КСРО-мен Иранның ымыраға келуі тиімсіз еді.

1959 жылы Иран КСРО-мен шабуыл жасамау туралы жасалған келіссөзден бас тартып, екі жақты иран-американ келіссөзіне қол қойды. 1960-1961 жылдары КСРО-мен Иран арасында шиеленіскен жағдай сақталып қалды. XX ғасырдың 60-жылдарында елде қаржы-валюта дағдарысы болып, АҚШ және өзге Батыс елдері Иранға беретін қарыз, субсидияларды азайтты. АҚШ-тың осындай саясатына наразылығын Иран шахы «Нью-Йорк Таймс» газетінің корреспондентіне берген сұхбатында білдіреді. Ол егер Батыс өзінің мүдделерін жүзеге асырғысы келсе, Иранға деген американдық көмекті аямау керек деп, Иранның мәнді стратегиялық орында тұрғанын айтады.

1962 жылдан бастап Иран үкіметі жүргізген әлеуметтік-экономикалық қүрулар, аграрлы реформа мәнді қаржыны талап етті. Бұл Батыстан тағы да қаржылай көмек сұрауға итермеледі. Осындай жағдайда иран саясаткерлері «ақ революцияны» жүзеге асыруда, өздерінің сыртқы саясаттағы үстанымдарын қайта қарау, өздерінің сыртқы саясаттағы ұстанымдарын қайта қарастырды. XX ғасырдың 60-70 жылдары Иран сыртқы саясатының ерекшелігі екі жақты бағытта қатынас жасау, яғни капиталистік және социалистік мемлекеттермен де, КСРО-мен жағдайды жақсартудан бастады.

1962           жылы қыркүйекте Кеңес Одағы мен Иран үкіметтері арасында         нотамен         алмасу         болды.         Иран  өзінің территориясында шетелдік ракета базаларын тұрғыздырмауға міндеттенді.    Бейбітшілік   актісі   КСРО-мен   Иран   арасындағы қатынасты      нығайтты.      Бұл      шаралар      Таяу      және  Орта

Шығыстағы  бебітшілік  пен  ынтымақтастыққа  аз  да  болса  өз әсерін тигізгені рас.

1963        жылы күзде Л. И. Брежнев Иранда, 1965 жылы шілдеде Иран   шахы   Мохаммед   Рез   Пехлеви   КСРО-да  ресми   сапарда болды.  Сауда қатынастарын жақсарту мәселесі қаралды.   1963 жылы   Тегеранда   сауда   сауда   шарты   жасалып,    1967   жылы   екі   ел арасындағы  тауар  айналымы 4,5  млрд.  риалға жетті.   1966  жылы өндіріс орындарын салуға байланысты кеңес-иран келісіміне қол қойылды. 1960-жылдың ортасында Иран Еуропаның социалистік мемлекеттерімен саяси, экономикалық, техникалық қарым-қатынасын кеңейтті.

1966 жылы Иран мен Чехословакия арасында Тебризде ірі машина жасау зауытын салуға байланысты келіссөздер болды. 1969 жылы келіссөздер бойынша Чехословакия құрал-жабдықтар, материалдар сатып алу үшін 200 млн. доллар қаржы беріп, ал Иран ауылшаруашылық өнімдерін экспорттайтын болды.

1965 жылы Румыния социалистік мемлекетімен 10 жылдық экономикалық, техникалық келісім жасалды. Румыния геобарлау аппараттарын, кемелерді берсе, Иран 100 млн. доллар көлемінде мұнай беруге тиіс болды. Румынияның Иранға 100миллион доллар сомасында несие беруге байланысты. 1969 жылы 4-қыркүйекте келісім болды.

1972     жылы     Болгарияның     Ирандық     мұнайды     сатып алуына байланысты  шарт жасалды.   1970-жылдардың басында Иран ГДР, ВДР, КХДР, МХР және ҚХР-мен қатынас орнатты.

Батыс елдерімен халықаралық қатынасын сипаттаса

123
скачать работу

II дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастағы Таяу және Орта Шығыс

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ